Қазір еліміздегі барлық саладағы жұмыс істейтін халық толығымен ақпараттық технологияларды игеруде. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру кезеңі бастау алған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына сәйкес «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда мемлекетімізде ақпарат дамыған ғасырдың көшін бастап тұрған көршілес елдермен тереземіз тең болуы үшін іске асырылып жатқан жұмыстар ауыз толтырып айтарлықтай. Әсіресе білім салаларында осы бағдарламаны жүзеге асыру және тиімді қолдану бүгінгі таңдағы өзекті мәселе болып табылады.