kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тілі бас?а - тілегі бір, ж?зі бас?а - ж?регі бір" (мектепішілік ?зге ?лтты ?стаздар арасында?ы сайыс)

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Тілі  бас?а - тілегі  бір,  ж?зі  бас?а -  ж?регі  бір"

(мектепішілік ?зге ?лтты ?стаздар арасында?ы сайыс)

Ма?саты: 
?з ана тілімізді? к?ркемдігін сезініп,  ?адір-?асиетін біліп, , с?з ??діретін т?сініп, оны? адам ?міріндегі ма?ызын ??ыну.  Тіл тазалы?ын са?тау, м?дениетті с?йлеу, мемлекеттік тіл м?ртебесін к?теруге ат салысу?а ша?ыру. 
 ?рбір ?аза?станды? ?шін Отан?а деген с?йіспеншілік пен патриотты? сезімін ояту, ?лттар арасында?ы ынтыма?ты ны?айту. 

 

1-ж?ргізуші -  Сатенова М.Г. 

2-ж?ргізуші –  Слямбекова А.Д.


Барысы:
1- ж?гізуші:

?н?раным к?кейде жатталады, 
Сонымен бейбіт к?нім басталады. 
Ш?мші атамны? шы?ар?ан ас?а? ?ні, 
?ркімні? ж?регінде са?талады 
?аза?стан Республикасыны? ?н?раны орындалады. 

-?айырлы к?н! ??рметті ?стаздар! Б?гінгі "Тілі бас?а-тілегі бір, ж?зі бас?а- ж?регі бір"  атты мектепішілік мерекемізді ашы? деп жариялаймыз!
Б?л мерекелік іс-шара мектебімізді? барша ?стаздары ?шін ма?ызы мен м?ні бар айтулы мейрам. 


2- ж?ргізуші: ?аза?стан Республикасыны? Президенті Н.?.Назарбаев  ?аза?стан халы?тары ассамблеясында с?йлеген с?зінде «Сан ?асырлардан бері ?аза?ты? ке? даласына к?птеген ?лттар мен ?лыстарды? ?рпа?тары келіп орны?ып, бір-бірімен тамыр, дос болып, тату-т?тті ?мір с?ріп келе жатыр. Дархан к??ілді, ке? пейілді ?аза? хал?ы олар?а ??ша?ын ашты. Ата-бабамызды? осы ?лгісі, ?зге халы?тарды? баласын дініне, тіліне,т?ріне, ?лтына ?арамай бауыр?а бас?ан т?зімшіл, толерантты? мінез-??л?ы бізге м?ра болып ?алды. Б?л – бізді? тарихи ?асиетіміз, ?сіп ?ркендеуімізді? басты негізі. Осы бірлік пен досты?ты тере?дете білуді? ар?асында біз к?п ?иыншылы?тарды же?е білдік» деген болатын.


1- ж?ргізуші:

Елді б?гін ?арасам, 
Айналам ба?ыт ке? жатыр. 
Бірімен – бірі туыс?ан 
?ол ?стас?ан ел жатыр 
?ыр?ыз, ?аза?, ?збектер 
Армян, Татар, ?й?ырлар. 
Орыс пенен Украин 
Терезесі те? жатыр, 
Алатау Кавказ ?ласып 
Баурайы б?йрат ке? жатыр. 
Ба?ытты? ?ні ас?а?тап 
??ла??а даусы кеп жатыр – деп ?ле? жолдарында айтыл?андай ?аза?стан барлы? мемлекеттермен тату - т?тті, досты? ?арым - ?атынаста. 

     

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тілі бас?а - тілегі бір, ж?зі бас?а - ж?регі бір" (мектепішілік ?зге ?лтты ?стаздар арасында?ы сайыс) »


"Тілі басқа - тілегі бір, жүзі басқа - жүрегі бір"

(мектепішілік өзге ұлтты ұстаздар арасындағы сайыс)

Мақсаты: 
Өз ана тіліміздің көркемдігін сезініп, қадір-қасиетін біліп, , сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғыну.  Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру. 
Әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту, ұлттар арасындағы ынтымақты нығайту. 


1-жүргізуші - Сатенова М.Г.

2-жүргізуші – Слямбекова А.Д.


Барысы:
1- жүгізуші:

Әнұраным көкейде жатталады, 
Сонымен бейбіт күнім басталады. 
Шәмші атамның шығарған асқақ әні, 
Әркімнің жүрегінде сақталады 
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады. 

-Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар! Бүгінгі "Тілі басқа-тілегі бір, жүзі басқа- жүрегі бір" атты мектепішілік мерекемізді ашық деп жариялаймыз!
Бұл мерекелік іс-шара мектебіміздің барша ұстаздары үшін маңызы мен мәні бар айтулы мейрам. 


2- жүргізуші: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халықтары ассамблеясында сөйлеген сөзінде «Сан ғасырлардан бері қазақтың кең даласына көптеген ұлттар мен ұлыстардың ұрпақтары келіп орнығып, бір-бірімен тамыр, дос болып, тату-тәтті өмір сүріп келе жатыр. Дархан көңілді, кең пейілді қазақ халқы оларға құшағын ашты. Ата-бабамыздың осы үлгісі, өзге халықтардың баласын дініне, тіліне,түріне, ұлтына қарамай бауырға басқан төзімшіл, толеранттық мінез-құлқы бізге мұра болып қалды. Бұл – біздің тарихи қасиетіміз, өсіп өркендеуіміздің басты негізі. Осы бірлік пен достықты тереңдете білудің арқасында біз көп қиыншылықтарды жеңе білдік» деген болатын.


1- жүргізуші:

Елді бүгін қарасам, 
Айналам бақыт кең жатыр. 
Бірімен – бірі туысқан 
Қол ұстасқан ел жатыр 
Қырғыз, Қазақ, Өзбектер 
Армян, Татар, Ұйғырлар. 
Орыс пенен Украин 
Терезесі тең жатыр, 
Алатау Кавказ ұласып 
Баурайы бұйрат кең жатыр. 
Бақыттың әні асқақтап 
Құлаққа даусы кеп жатыр – деп өлең жолдарында айтылғандай Қазақстан барлық мемлекеттермен тату - тәтті, достық қарым - қатынаста. 

Ән шашу Ячминев Андрей « Қазақ тілім»




2- жүргізуші:
«Тілі басқа-тілегі бір, жүзі басқа-жүрегі бір» атты сайысымызды бастаймыз! 
Құттықтау сөз мектебіміздің директоры Н.В.Тегайға беріледі

Ендеше бүгінгі сайыскерлерімізді ортаға шақырайық:

1.Бастауыш сынып мұғалімі – Кашникова Елена Васильевна

2.Физика пәнінің мұғалімі – Ковалькова Ульяна Анатольевна

3.Бастауыш сынып мұғалімі – Ячминева Оксана Александровна

4.Математика пәнінің мұғалімі – Обмолоткова Елена Михайловна

5. Бастауыш сынып мұғалімі – Нагорная Елена Александровна

1- жүргізуші:– Бүгінгі сайысымыз негізінен 3 кезеңнен тұрады: 


1- кезең: Таңыстыру (әр қатысушы өз қалауы бойынша презентация дайындайды.)
2- кезең: Өнер сайысы  (мәнерлеп оқу немесе ән айту)
3- кезең: :"Кім көп біледі" сұрақ-жауап сайысы
4-кезең: Ұлттық тағам түрлерімен таныстыру.


2- жүргізуші: Біздің сайыскерлерімізге әділ бағаларын беруші әділқазылар алқасымен таныс болайық:
1. _____________ 
2. _____________ 

3._____________

1- жүргізуші:

І- кезең «Таныстыру» кезеңін бастаймыз,қатысушыларға сәттілік тілейміз.



Би «Қазақ биі»


2- жүргізуші:

Ұлы Достық! 
Жазира – өлке, гүл маусым, 
Жасыл әлем, саған мәңгі нұр жаусын! 
Қарсы алдыңнан тарқамасын тыңдаушың 
Мың құбылтқан 
Бұлбұл болсын жырлаушың! 
ІІ- кезең «Өнер сайысы» деп аталады. Мұнда ұстаздар өз өнерлерін мәнерлеп оқу немесе ән айту арқылы көрсетуі керек. 

1- жүргізуші:

Ынтымағы барша ұлттың 
Нұрын шашқан күн бүгін. 
Бірлігі мен ынтымағы халықтың, 
Көгімізде жарқырайды жарық күн. 

ІІІ-кезең : "Кім көп біледі" сұрақ-жауап сайысы.Бұл кезеңде сайыскерлер өз білімдерін тексереді. (сұрақтар интербелсенді тақтада, ұяшықтарда жасырулы болады)

1-Қазақтың белгілі әншілері (бейнесурет арқылы табу)

10 ұяшығында – Роза Рымбаева

20 ұяшығында – Бибігүл Төлегеновна

30 ұяшығында – Ермек Серкебаев

40 ұяшығында – Күләш Байсейітова

50 ұяшығында- Роза Бағланова

2- Қазақтың белгілі ақындары

10 ұяшығында – Абай Құнанбаев

20 ұяшығында – Олжас Сүлейменов

30 ұяшығында – Шәкәрім Құдайбердіұлы

40 ұяшығында – Мұхтар Шаханов

50 ұяшығында- Ілияс Жансүгіров

3- Қазақ фильмдері (үзінді арқылы табу)

10 ұяшығында – «Менің атым – Қожа»

20 ұяшығында – «Біздің сүйікті дәрігер»

30 ұяшығында – «Алдар көсе»

40 ұяшығында – «Абай»

50 ұяшығында- «Қыз Жібек»

4- Спорт жан серігің ( қазақтың белгілі спортшыларын бейнесурет арқылы табу)

10 ұяшығында – Бекзат Саттарханов

20 ұяшығында – Серік Сәпиев

30 ұяшығында – Дәулет Тұрлыханов

40 ұяшығында – Серік Қонақбаев

50 ұяшығында- Жақсылық Үшкемпіров



Ән шашу Ячминева Ирина «Көбелек»


2- жүргізуші: Қазақстанның ортақ жерінде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлт өкілдері, өздерінің және қазақ халқының ана тілін, мәдениетін, ұлттық салт- дәстүрлерін мәңгі жадында сақтап келер ұрпаққа мұра етеді.

ІV- кезең: Ұлттық тағам түрлерімен таныстыру

1- жүргізуші:

Бір шаңырақ астында 
Достық болған тірегі 
Үлкен-кіші, жастың да 
Бар мақсаты, тілегі- демекші осымен сайысымыз аяқталды.

 

Әділқазылар шешімі

Ән шашу

2 - жүргізуші:

Қазақ жері достықтың гүлстаны 
Дархан өлкем - мерейлі ырыс - бағы 
Күрестерде, еңбекте, мерекеде 
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады 

«Тіл - достықтың құралы» дегендей, туған жер,туған тіл адамға қандай ыстық, кандай қымбат.Әр ұлттар достығы мен тіліміз жасай берсін! Осымен"Тілі басқа-тілегі бір, жүзі басқа- жүрегі бір" атты мектепішілік мерекеміз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар! 

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Сатенова Майра Гусмановна

Дата: 15.02.2015

Номер свидетельства: 173607


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства