Просмотр содержимого документа
«Тілдер к?ніне арнал?ан интеллектуалды? ойын »
М.Қ.Теміржанова.,З.Б.Қаппасова
Ақсу қаласының №4 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
Тілдер күніне арналған интеллектуалдық ойын
Мақсаты:Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы
достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар,оқушылар тілдер мерекесіне қош келдіңіздер!
Біздің елімізде 130- дан астам ұлт өкілдері тұрады.Қазақстан экономикасы мықты, тәуелсіз,егеменді ел.Қазақстан әр тілде сөйлейтін халықтардың басын
біріктіріп отырған мемлекет.Қазақстан біздің достық үйіміз,ал №4 орта
мектеп білім үйіміз.
Енді «Ойлы болсаң , озып көр» сайысын бастайық. Бұл ойын 4 кезеңнен тұрады.
Алдымен сіздердің жауаптарыңызды сараптау үшін әділқазылармен таныстырайық:
1. Абилова А.Н.- оқу ісінің орынбасары.
2.Жұматаева Е.К.- қазақ тілі мұғалімі.
3.Бастемова А.Қ.- әдістеме бірлестігі бастығы.
Топтар өздерін таныстырады: І топ «Шырақ», ІІ топ «Тапқырлар».
Бірінші кезең «Сөз тапқанға».Қазір сендер әріптер аласыңдар.Әр топқа сұрақ қойылады.Сұрақтың жауабы қолдарыңдағы әріптен басталуы керек.Жауап шапшаң болуы тиіс.
І топ сұрақтары. Ө,Қ,Т.
1. Бүгін қандай күн?
2.Сен қайда тұрасың?
3.Жазда қайда болдың?
4.Нені жақсы көресің?
5.Сыныбыңда қанша оқушы бар?
6.Қай пән ұнайды?
7.Досың көп пе?
8.Сенің сүйікті ақының?
9.Немен саяхат жасайсың?
ІІ топ сұрақтары. Ә,Ғ,С.
1.Сенің калаң қандай?
2.Кім болғың келеді?
3.Нені ұнатасың?
4.Қандай құсты білесің?
5.Қандай фильм көрдің?
6.Жақсы көретін күнің?
7.Күз мезгілі ұнай ма?
8.Сенің сүйіп оқитын жазушың?
9.Саған қандай тағам ұнайды?
Екінші кезең «Білімпаздар» сөзі беріледі.Бұл сөзден 1минутта бірнеше сөз құрау.
Үшінші кезең «Сен білесің бе?»Интербелсенді тақтада сандар жазылған торкөздердің астында сұрақтар жасырылған.Әр жауап 5 балмен есептеледі.
1. Қазақ тілтану ғылымының атасы кім?
2. «і» қандай дыбыс?
3.«Ұлан-байтақ» сөзінің синонимін тап.
1.Ғ.Айдаров қанша ғылыми еңбектер жазған?
2. «Отан» сөзінің синонимін тап.
3. «Ө»қандай дыбыс?
Төртінші кезең «Кім жылдам?» Әр топ басшысы берілген сөздерді қимылмен көрсету керек , ал жанкүйерлер бұл сөздерді дұрыс табуы тиіс.
І топқа берілген сөздер: жұлдыз, қайық, аю,ұшақ, айна, қоңырау, мысық,
доп, сызғыш,гүл.
ІІ топқа берілген сөздер: кітап, жаңбыр,себет, үзіліс, қоян, сурет,пойыз,
сабақ, маймыл,қолшатыр.
Сөз кезегі қазылар алқасына беріледі.
М
Мақсаты: балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру,білімді, жан-жақты болуға үйрету,бірнеше тіл білуге,үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру,ой-өрісін,ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу,балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивтік тақта.
Сайыстың жоспары:
І бөлім:Жедел жауап.
ІІ бөлім:Тіл-өнер.
ІІІ бөлім:Бәрін білгім келеді.
ІV бөлім:Қызықты ұйқастар.
V бөлім: Өлең-сөздің патшасы.
Кіріспе сөз.
Тіл-адамзат баласына тән ғажайып құбылыс.Адамзат қоғамының аясында халық,ұлт және оның тілі жүздеген,мыңдаған жылдар бойы қалыптасады.Әр ел өз тілі арқылы әлемді. дүниені. өмірдің құнды тағылымдарын таниды да,келешек ұрпақтарына жеткізеді.Тіл -халық тарихы, тіл-ұлттық қазына,тіл-біздің намысымыз,арымыз,байлығымыз,барымыз.
-Қайырлы күн құрметті көрермендер,қонақтар,сайыскерлер!Бүгінгі біздің «Жүзден-жүйрік,мыңнан-тұлпар»атты сайысымыз гуманитарлық пәндер апталығы аясында өткізіліп отыр.Сайысымызға екі топ оқушы қатысып отыр.
Ұраны:«Пайда ойлама ар ойла, Талап қыл артық білуге».
-Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!-демекші,әділқазыларды таныстырып өтейік
1.ӘБЖ -Бастемова А.Қ.
2. қазақ тілі мұғалімі :Альмағамбетова Г.С.
3.қазақ тілі мұғалімі:Нұрұмова Б.Б.
-Ал,қанеки, келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Біліміңізді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.-дей келе қатысушыларға сәт сапар тілеймін.
«Білім деген- биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген-ақылшың
Қиындықтан өткізер»,-деп сайысымыздың бірінші бөлімін бастаймыз.
І бөлім. «Жедел жауап».
Шарты: бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақтан қойылады.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.Оқушы жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншының жауап беруге мүмкіндігі болады.
Ітоп:
1.ҚР-астанасы қай қала?
2.Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым?
3.Кеңес Одағында алғаш ғарышқа ұшқан кім?
4.Қазақтың атақты күрес шебері.
5.1маусым қандай мереке?
6.Отан соғысына қатысқан батыр қыздар кімдер?
7.Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма
8. 2012жылы Лондонда өткен олимпиаданың ауыр атлетикадан женімпазы
9.ҚР-ның Әнұранының авторлары кімдер?
10.Абайдың шын аты кім?
ІІ топ:
1.ҚР-ның рәміздерін ата
2.Қазақ халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады?
3.Қазір қай жыл?
4.Қазақстанда алғаш ғарышқа ұшқан кім?
5.Қазақтың үш биін ата.
6.ҚР-ның Тәуелсіздік күні.
7.Қазақстанның атақты суретшісі кім?«
8.6 шілде қандай мереке?
9.2012 жылы Лондон олимпиадасының жеңіл атлетикадан жеңімпазы.
10.Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан ұлы ағартушы кім?
20. 0-ден бастап 9-ға дейінгі сандардың қосындысы нешеге тең.(45)
30.Түлкі әрбір 6 секундта 4 рет секіреді.Ол10 рет секіру үшін қанша секунд кетеді?(15 секунд)
40.Әлияның жасы қазір10-да. Оның шешесі Динаның жасы Әлиядан 4 есе үлкен.Әлияның жасы қазіргіден екі есе үлкен болған кезде,Динаның жасы қаншаға толады?(50 жасқа)
География
10.Қазақстанда неше облыс орталығы бар?(14)
20.Жердің нақты үлгісі.(Глобус)
30.Көкжиектің неше тұсы бар?(төртеу)
40.Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі.(Карта)
ІV бөлім Қызықты ұйқастар.
Әр топтың мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.
Ітоп:
1.Жизнь-өмір, уголь-….(көмір).
2.Число-сан, кровь- ...(қан).
3.Молоко-сут, жди- ... (күт).
4.Человек –адам, шаг- ...(қадам).
5.Таможня- кеден, пол-...(еден).
ІІ топ:
1.Возьми- ал, мед-…(бал).
2.Рыба- балық, народ-…(халық).
3.Дверь- есік, колыбель-…(бесік).
4.Город- қала ,ребенок- …(бала).
5.Игра-ойын, шея-…(мойын).
V. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы.
Әр топтың жетекшілері шығып белгілі бір тақырыпта қазақша өлеңдер оқиды.Олар өлеңді мәнерлеп оқып беруі тиіс.Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады.
Қорытынды.
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шындарына.
Бүгінігі сайысымыз аяқталды,
Сөз кезегі әділқазы алқасына.
Бүгінгі сайысымызды қорытындылап,жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік.(Жеңімпаздарды марапаттау)
Құрметті ұстаздар,оқушылар! Осымен сайысымыз аяқталды.Жарыс болған соң,жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді.Жарыста жеңілсек те,өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.