kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тіл білгірлері" интеллектуальный конкурс

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Тіл білгірлері»

зияткерлік сайысы

Сабақ мақсаты: оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне, тіліне және мемлекеттік тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, нақыл сөздер, әуендер т.б.

1-жүргізуші: - Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар!

2-жүргізуші: - Сәлеметсіңдер ме, сайысқа қатысушылар!

1-жүргізуші: - «Тіл білгірлері» атты  зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:- Биыл Отанымыз- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне- 25 жыл

                          толғалы тұр. Сіздерге жұмыстарыңызға табыс, дендеріңізге саулық,

                          береке-бірлік пен байлық тілей отырып, келе жатқан Тәуелсіздік

                          мерекесімен құттықтаймыз 

1-жүргізуші: - Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. 25 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өтіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. 
2-жүргізуші: Иә, барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің мәні де,маңызы да айрықша Өйткені біз тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгелдеп, тілімізді, дінімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді  жандандырдық.

1-жүргізуші: Есіл бойында көрікті де сұлу, жас Астана қаласы бой көтерді

2-жүргізуші:Еліміз ТМД, БҰҰ мүшелік етті.

1-жүргізуші: Білім, ғылым, медицина салалары және де саяси және мәдени құндылықтарымыз да күннен күнге жанданып, қарыштап дамуда.

2-жүргізуші: Сонымен қатар 2017 жылы Астана қаласында болатын EXPO көрмесін де мақтанышпен айта аламыз.

1-жүргізуші: Атыңнан айналайын егемен ел,

                       Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,

                       Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!

                       Ғасырдың тойы болшы келе берер.

2-жүргізуші:Қазақстан- туған Отан, алтын бақ,

                       Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап

                       Қазақстан- көпті көрген қария

                       Қазақстан- мейірімді ана,  жер қымбат.

1-жүргізуші:- Олай болса, бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші:- Сайыс 4 бөлімнен тұрады.

                     1.Таныстыру

                     2. «Кім жүйрік?»

                     3. «Білімді мыңды жығар»

                     4. «Ас-адамның арқауы»

1-жүргізуші:Ал, енді сайысымызға әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Филиппова Елена Васильевна
  2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ӘБ жетекшісі- Досжанова С.С.
  3. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі- Важницына Алеся Сергеевна

 

2-жүргізуші: - сайысқа қатысушыларымызбен танысайық:

1. Борисов Михаил- 11м2 (орыс)

2. Вальшин Иниль -11м1  (ұйғыр)

3. Кучеренко Виктория – 11м1 (украин)

4. Кожевников Герман – 10м1 (неміс)

5. Мадиев Алишер – 10м2  (қазақ)

6. Куницына Ольга -10м2  (кәріс)

1-жүргізуші: - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының ерекше құнды арнасы- «Мәңгілік Ел» идеясы. Бұл ретте Елбасының «Мәңгілік Ел- Мәңгілік Тіл» идеясын көтеруі –қазақ тілінің маңыздылығын, басымдығын көрсетеді.

2-жүргізуші: -  Атады әлі тағы да бір таң күліп,

                      Жүректерде арман отын жандырып

                      Қазақстан- біздің туған ұлы Отан,

                      Жайнай бер сен,  жайнай бер мәңгілік! –демекші,  Мәңгілік еліміздің жастары өздерін таныстырсын.

(Кезекпен аты-жөндерін айтып, сайысқа қатысушыларды ортаға шақыру)

1-жүргізуші:-Қазақстан- көпұлтты мемлекет. Әр ұлттың өз тілі бар, өз тілінде сөйлейді десек те Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттік тілді білуі керек. Қазіргі таңда біздің елімізде басқа ұлт өкілдері де қазақ тілін меңгеріп, биік шыңдардан көрініп, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруде Бүгінгі біздің жастарымыздың да мемлекеттік тіл-қазақ тіліне деген ынта, қызығушылықтары жоғары.

Ендеше сайысымыздың екінші кезеңі «Кім жүйрік» деп аталады.

2-жүргізуші: шарты: өздеріңіз таңдаған тақырыпқа байланысты 1 минуттың ішінде мәтін құрастыруларыңыз керек. Дайындыққа 2 минут беріледі.

(Оқушыларға конверттер ұсынылады, өздері таңдап алған тақырыпқа мәтін құрастырады. 2 минут өткен соң кезекпен оқиды)

1-жүргізуші:- Әділ-қазылар алқасы екі кезеңнің қорытындысын шығарғанша «Айна» тобының  «Сағым дала» биін қарсы алыңыздар!

( биден кейін әділ-қазылар екі кезеңнің қорытындысын айтады)

2-жүргізуші: Қазақстан –сан ғасырлық тарихы бар,

                        Қазақстан-бұл азат ел танысыңдар.

                        Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,

                        Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.

1-жүргізуші: Қазақ елі-қашаннан да жыр елі

                        Тарихында тұлғалар көп киелі

                        Қазақстан аясында бұрыннан

                        Талай халық өмір сүріп келеді-

2-жүргізуші:- дей келе, сайысымыздың  «Білімді-мыңды жығар» атты 3-кезеңіне көшейік.

1-жүргізуші: Бұл кезеңнің тапсырмалары мына тақырыптарды қамтиды. (тақырыптарды атап кету) Берілген тақырыптардан ұпай сандары жазылған ұяшықтарды таңдауларыңыз керек.

 2-жүргізуші:- Әрбір қатысушыға 3 ұяшықтан таңдау құқығы беріледі. Олай болса, бастайық!

1-жүргізуші:-Бүгінде ел ішінде

                        Дәстүрді жалғастырған

                        Татулық белгісі ме?

                        Жағалай малдас құрған

2-жүргізуші: Ей, менің асқар тауым!

                       Қазақы дастарқаным

                       Өзіңсің бақ-берекем

                       Ақ қайнар бастауларым демекші, сайысымыздың келесі кезең  «Ас-адамның арқауы». Бұл кезеңде оқушылар өздерінің дайындап келген ұлттық тағамдарын қорғайды.

(Кезекпен сахнаға шақыру)

1-жүргізуші:- Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Әділ-қазылар алқасы сайсымызды қорытындылап, жеңімпаздарды анықтағанша  Добробабина Валерияның  «Жаса, Қазақстаным» әнін қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: - «Тіл білгірлері» атты сайысымыздың қатысушыларына әділ бағасын беруші әділ-қазылар алқасын сөз береміз.

(оқушыларға мақтау қағаздарын береді.)

1-жүргізуші:- Құрметті сайысқа қатысушылар, біз сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймыз.
2-жүргізуші:- Әрқашан да  Тәуелсіз- Мәңгілік қазақ елінің туын желбіретіп, мемлекеттік тіліміз-қазақ тілінің мерейін үстем етіп жүре беріңіздер!

1-жүргізуші:- Осымен Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығына арналған зияткерлік сайысызымыз аяқталды.

2-жүргізуші:- Келесі кездескенше, аман-сау болыңыздар!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тіл білгірлері" интеллектуальный конкурс»



«Тіл білгірлері»

зияткерлік сайысы

Сабақ мақсаты: оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне, тіліне және мемлекеттік тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, нақыл сөздер, әуендер т.б.



1-жүргізуші: - Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар!

2-жүргізуші: - Сәлеметсіңдер ме, сайысқа қатысушылар!

1-жүргізуші: - «Тіл білгірлері» атты зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:- Биыл Отанымыз- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне- 25 жыл

толғалы тұр. Сіздерге жұмыстарыңызға табыс, дендеріңізге саулық,

береке-бірлік пен байлық тілей отырып, келе жатқан Тәуелсіздік

мерекесімен құттықтаймыз

1-жүргізуші: - Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. 25 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өтіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. 
2-жүргізуші: Иә, барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің мәні де,маңызы да айрықша Өйткені біз тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгелдеп, тілімізді, дінімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.

1-жүргізуші: Есіл бойында көрікті де сұлу, жас Астана қаласы бой көтерді

2-жүргізуші:Еліміз ТМД, БҰҰ мүшелік етті.

1-жүргізуші: Білім, ғылым, медицина салалары және де саяси және мәдени құндылықтарымыз да күннен күнге жанданып, қарыштап дамуда.

2-жүргізуші: Сонымен қатар 2017 жылы Астана қаласында болатын EXPO көрмесін де мақтанышпен айта аламыз.

1-жүргізуші: Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,

Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

2-жүргізуші:Қазақстан- туған Отан, алтын бақ,

Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап

Қазақстан- көпті көрген қария

Қазақстан- мейірімді ана,  жер қымбат.

1-жүргізуші:- Олай болса, бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші:- Сайыс 4 бөлімнен тұрады.

1.Таныстыру

2. «Кім жүйрік?»

3. «Білімді мыңды жығар»

4. «Ас-адамның арқауы»

1-жүргізуші:Ал, енді сайысымызға әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Филиппова Елена Васильевна

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ӘБ жетекшісі- Досжанова С.С.

  3. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі- Важницына Алеся Сергеевна



2-жүргізуші: - сайысқа қатысушыларымызбен танысайық:

1. Борисов Михаил- 11м2 (орыс)

2. Вальшин Иниль -11м1 (ұйғыр)

3. Кучеренко Виктория – 11м1 (украин)

4. Кожевников Герман – 10м1 (неміс)

5. Мадиев Алишер – 10м2 (қазақ)

6. Куницына Ольга -10м2 (кәріс)



1-жүргізуші: - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының ерекше құнды арнасы- «Мәңгілік Ел» идеясы. Бұл ретте Елбасының «Мәңгілік Ел- Мәңгілік Тіл» идеясын көтеруі –қазақ тілінің маңыздылығын , басымдығын көрсетеді.



2-жүргізуші: - Атады әлі тағы да бір таң күліп,

Жүректерде арман отын жандырып

Қазақстан- біздің туған ұлы Отан,

Жайнай бер сен,  жайнай бер мәңгілік! –демекші , Мәңгілік еліміздің жастары өздерін таныстырсын.

(Кезекпен аты-жөндерін айтып, сайысқа қатысушыларды ортаға шақыру)



1-жүргізуші:-Қазақстан- көпұлтты мемлекет. Әр ұлттың өз тілі бар, өз тілінде сөйлейді десек те Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттік тілді білуі керек. Қазіргі таңда біздің елімізде басқа ұлт өкілдері де қазақ тілін меңгеріп, биік шыңдардан көрініп, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруде Бүгінгі біздің жастарымыздың да мемлекеттік тіл-қазақ тіліне деген ынта, қызығушылықтары жоғары.

Ендеше сайысымыздың екінші кезеңі «Кім жүйрік» деп аталады.

2-жүргізуші: шарты: өздеріңіз таңдаған тақырыпқа байланысты 1 минуттың ішінде мәтін құрастыруларыңыз керек. Дайындыққа 2 минут беріледі.

(Оқушыларға конверттер ұсынылады, өздері таңдап алған тақырыпқа мәтін құрастырады. 2 минут өткен соң кезекпен оқиды)

1-жүргізуші:- Әділ-қазылар алқасы екі кезеңнің қорытындысын шығарғанша «Айна» тобының «Сағым дала» биін қарсы алыңыздар!

( биден кейін әділ-қазылар екі кезеңнің қорытындысын айтады)

2-жүргізуші: Қазақстан –сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан-бұл азат ел танысыңдар.

Көк байрағы , елтаңба, әнұраны,

Қазақ елі егеменді , сан ұлты бар.

1-жүргізуші: Қазақ елі-қашаннан да жыр елі

Тарихында тұлғалар көп киелі

Қазақстан аясында бұрыннан

Талай халық өмір сүріп келеді-

2-жүргізуші:- дей келе, сайысымыздың «Білімді-мыңды жығар» атты 3-кезеңіне көшейік.

1-жүргізуші: Бұл кезеңнің тапсырмалары мына тақырыптарды қамтиды. (тақырыптарды атап кету) Берілген тақырыптардан ұпай сандары жазылған ұяшықтарды таңдауларыңыз керек.

2-жүргізуші:- Әрбір қатысушыға 3 ұяшықтан таңдау құқығы беріледі. Олай болса, бастайық!

1-жүргізуші:-Бүгінде ел ішінде

Дәстүрді жалғастырған

Татулық белгісі ме?

Жағалай малдас құрған

2-жүргізуші: Ей, менің асқар тауым!

Қазақы дастарқаным

Өзіңсің бақ-берекем

Ақ қайнар бастауларым демекші, сайысымыздың келесі кезең «Ас-адамның арқауы». Бұл кезеңде оқушылар өздерінің дайындап келген ұлттық тағамдарын қорғайды.

(Кезекпен сахнаға шақыру)



1-жүргізуші:- Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Әділ-қазылар алқасы сайсымызды қорытындылап, жеңімпаздарды анықтағанша Добробабина Валерияның «Жаса, Қазақстаным» әнін қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: - «Тіл білгірлері» атты сайысымыздың қатысушыларына әділ бағасын беруші әділ-қазылар алқасын сөз береміз.

(оқушыларға мақтау қағаздарын береді.)

1-жүргізуші:- Құрметті сайысқа қатысушылар, біз сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймыз.
2-жүргізуші:- Әрқашан да Тәуелсіз- Мәңгілік қазақ елінің туын желбіретіп, мемлекеттік тіліміз-қазақ тілінің мерейін үстем етіп жүре беріңіздер!

1-жүргізуші:- Осымен Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығына арналған зияткерлік сайысызымыз аяқталды.

2-жүргізуші:- Келесі кездескенше, аман-сау болыңыздар!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Тіл білгірлері" интеллектуальный конкурс

Автор: Нурадинова Люда Молдабековна

Дата: 29.01.2017

Номер свидетельства: 385137

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) ""К?ктем Аруы 2014" сайысы "
    ["seo_title"] => string(24) "koktiem-aruy-2014-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "153506"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421033580"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства