Ойын?а 5-сыныптардан ??рал?ан екі топ ?атысады. ?атысушыларды? жалпы саны - 10. Ойын 7 кезе?нен т?рады. Топтар ?р кезе?ні? ?ортындысы бойынша ?пай жинайды. Бесінші айналымнан кейін барынша к?п ?пай жина?ан топ же?імпаз атанады.
К?рнекілігі: экран, сахна, тапсырмалар
Т?рі: сайыс
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Тап?ыр достар" , 5- сынып, ?аза? тілі»
Тақырыбы: «Тапқыр достар» танымдық ойыны
Мақсаты:
Оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру. Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, дүниетану және ойлау қабілетін ұштау. Сонымен қатар, ұлтымыздың тарихын, салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын насихаттау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу.Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту.
Мазмұны:
Ойынға 5-сыныптардан құралған екі топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны - 10. Ойын 7 кезеңнен тұрады. Топтар әр кезеңнің қортындысы бойынша ұпай жинайды. Бесінші айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады. Көрнекілігі: экран, сахна, тапсырмалар Түрі: сайыс Барысы: Мұғалім: Армысыздар, бүгінгі сайысымызға жиналған білімге жаны құмар достар. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі аясында өтіп жатқан «Тапқыр достар» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер!
Тауды биік деме сен, Талаптансаң шығарсың. Жауды мықты деме сен, Білімді болсаң жығарсың - дей келе «Тапқыр достар» ойынын бастайық. Ендеше, сайыскерлерді қошеметпен ортаға шақырайық.
Шақырып жарыстарға сан салалы,
«Алғырлар» топ жарғалы жар салады.
Ту етіп достық пенен татулықты,
«Тапқырлар» командасын қарсы алады.
« Алғырлар» тобы
«Тапқырлар» тобы
Көрермен жиналған бұл тамашаға Құр қарап жай отыру жараса ма? Туыс, досқа сыныптас, танысқа емес Соқ қолыңды білімді жас талантқа
Ендеше, ойыншылар өздерін таныстырып өтсін. І таныстыру І топ «Алғырлар» тобы Ұраны: « Қандай сынақ болса-дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске»
ІІ топ -«Тапқырлар» тобы Ұраны: «БІЛЕКТІ БІРДІ ЖЫҒАДЫ,
БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАДЫ»
ІІ. «ОЙЛАН, ТАП» КЕЗЕҢІНДЕ ӘР ТОПҚА 10 СҰРАҚ ОҚЫЛАДЫ «ИӘ», НЕ «ЖОҚ» ДЕП ЖАУАП БЕРУ КЕРЕК,»әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
І топ «Алғырлар» тобына тапсырма.
Сөйлем бас әріппен басталады
“О”-дауысты дыбыс
Дәрігер мектепте жұмыс істейді
Дәрумен өте пайдалы
“Түйе сүтінен қымыз жасайды
Жемістерде дәрумен өте көп
Ілік септік сұрақтары:кім?не?
Оқушы мектепте оқиды
Бесінші күн- жұма
Заттың атын білдіретін сөзді зат есім дейді.
ІІ топ- «Тапқырлар » тобына тапсырма
Жер- су аттары бас әріппен жазылады
Партада отырады
“Ы”-дауыссыз дыбыс
Атау септік сұрақтары: кімнің?ненің?
Дәруменнің пайдасы жоқ
Жылқы сүтінен шұбат жасайды.
Жемістерді жуып жеу керек.
Сүт өнімдерінде кальций өте көп
Заттың сынын, түр-түсін білдіретін сөзді сын есім дейді.
Мектепте мұғалім жоқ
ІІІ. «Әліппе» кезеңі «Кітапханашы» сөзінің құрамындағы әріптерді пайдаланып жаңа сөздер ойлап табу. Әр сөзге бір ұпайдан беріледі. Екі топта да кездескен сөздер сызылып тасталады.
ІҮ. «Дәрумендердің пайдасы қандай?» тақырыпта екі топ постер құрастырып, оны әр топ қорғайды.
Ү. «Мың бір мақал» сайысында екі топ кезек –кезек мақал –мәтелдерді айту арқылы сайысқа түседі.
ҮІ. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған»
Өздерінің авторлық шығармасын немесе сүйіп оқитын қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын жатқа оқу.
ҮІІ. «Ыстық орындық» топтың белсенді тұлғасы «ыстық орындыққа» отырады. Ал қарсы топ сұрақтар қояды. Орындықта отырған оқушы мүдірмей жауап бергенге дейін сұрақ жалғаса береді.
7 КЕЗЕҢДІ ӨТІП БОЛҒАННАН КЕЙІН ҚОРЫТЫНДЫ ШЫҒАРЫП, ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ ҮШІН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНА СӨЗ БЕРІЛЕДІ.
Жеңімпаз топ дипломмен марапатталады. , келесі топ мақтау қағаздарымен марапатталды. Сайысқа қатысқан барлық оқушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Жүргізуші: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Хизат Ақмарал
Новоишим -2015
Сыныптан тыс шараның өзіндік талдауы.
Тақырыбы: «Зерде»
Жанры: танымдық
4 «В», 4 «Г» сыныптары арасындағы сайыс
Жүргізуші: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Хизат Ақмарал
Мақсаты:
Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру. Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, дүниетану және ойлау қабілетін ұштау. Сонымен қатар, ұлтымыздың тарихын, салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын насихаттау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу.Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту.
Мазмұны:
Бағдарламаға 4 оқушыдан құралған екі топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны - 8. Ойын 5 кезеңнен тұрады. Топтар әр кезеңнің қортындысы бойынша ұпай жинайды. Бесінші айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
. Көрнекілігі: экран, сахна, тапсырмалар, қағаз, оқушылардың өзіндік төсбелгілері, топтық нышан-көк, қызыл лента, музыкалық әрлеу, слайд-шоу тапсырма
Сайыс Қазақстан халықтары Тілдер мерекесі, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алғанының 25 жылдық мерейтойы, мектептегі Тілдер апталығы аясына арналып өткізілді.
Барлық кезеңдесайыскерлер белсенділік танытып, тапсырмаларды орындап шықты. Әділқазылар алқасы өз кезегінде сайыскерлердің жауаптарын бағалап, жеңімпазды анықтады.
Сайысқа 4 «г» сыныбынан 4 оқушы «Алтын ұя» тобын құрады, 4 «В» сыныбынан 4 оқушы «Айгөлек» тобын құрды. Екі топ та өз білімдерін аяп қалмады. Нәтижесінде 4 «г» сыныбынан келген «Алтын ұя» тобы жеңіске жетті. Жеңімпаз топ дипломмен, келесі топ мақтак қағаздарымен марапатталды. Сайысқа қатысқан барлық оқушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды
І айналымның атауы – «Білгенге маржан». Топтарға оқу бағдарламасының аясында әзірленген 6 сұрақ қойылады. Топ әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады.
ІІ айналымның атауы – «Әліппе». Екінші кезеңде топтарға қазақ әліппесінен кез-келген бір әріп беріледі. Топтар 1 минут уақыттың ішінде сол әріптен басталатын сөздерді планшетке жазуы тиіс. Адам аттары мен жер-су, қала атаулары есепке алынбайды. Нәтижесінде, барынша көп сөз жазған топ жеңіске жетіп, осы кезеңде 5 ұпай алады. Жеңілген топ ұпай алмайды.
ІІІ айналымның атауы – «Құрастырма сурет». Бұл айналымда топтарда суреттің бір бөлігі көрсетіледі. Топтар сол суретте жасырылған затты табуы керек. Қай топ бірінші тапса, сол топ кезеңнің жеңімпазы атанып, 4 ұпай алады. Жеңілген топ ұпай алмайды.
IV айналымның атауы – «Математик» деп аталады. Топтар кезекпен 1 минутқа созылатын математикалық ойын ойнайды. Топтың мақсаты –1 минуттың ішінде математикалық амалдарды барынша дұрыс шешу. Барынша көп математикалық есеп шешкен топ кезеңде жеңіске жетіп, 5 ұпай иеленеді. Жеңілген топ ұпай алмайды.
V айналымның атауы – «Сөзжұмбақ». Бұл кезеңде жүргізуші бір жұмбақ оқиды. Оның шешуі сиқырлы кітапта жасырылған. Топтар жұмбаққа дұрыс жауап беруі тиіс. Қай топ бірінші дұрыс жауап береді, сол топ 5 ұпай иеленеді. Жеңілген топ ұпай алмайды.
Бесінші кезеңнен кейін ойынның жалпы есебі анықталып, бағдарламаның жеңімпазы анықталады. Жүргізуші топтарды марапаттап, жеңімпаз топтың көшбасшысына арнайы Кубокты табыстайды.