1 | Ұйымдастыру Тренинг: -сәлемдесу -топтастыру; | Жағымды ахуал «Комплимент» ойыны Коучингке қатысушылар қол ұстасып, шеңбер болып тұрады. Содан кейін көршісіне қарап, жағымды, мақтау сөздер айтады. Көршісі ризашылығын білдіріп, өзінің мақтауын келесі көршісіне айтады. Ойын осылайша шеңбер бойынша жалғаса береді. Топ ережесін құру Топ болу үшін не қажет? Топқа бөлу Әннің (халық әндері: «Сәулем ай», «Гүлдерайым», «Көзіңнің мөлдірін-ай») сөздері жазылған қиықшаларды қатысушыларға таратып береді. | Ойын түрінде Топқа бөлу, Әннің сөздері жазылған қиықшалар арқылы 3 топқа бөлініп отырады | 5 мин 3 мин | Көңілденіп, сергіп, демалады, қызығушылығы артады Қатысушылар бір бірімен жақынырақ танысады Топ ережесін шығарады |
2 | Негізгі бөлім -Коучинг туралы түсінік беру - ой салу сұрағы - топтық жұмыс түрлері туралы мағлұмат беру Ой түрткі Тапсырма: -жаңа ұғымға түсінік беру -ресурстар енгізу Тапсырма Сергіту Қорытынды: Коучинг әдісін пайдалану тиімділігін бағалау Рефлексия Қорытынды ой | Коучингінің мақсат –міндетін айқындау. Сіздер өзгере алсыздар ма? Өзгеріске қалай қарайсыздар? Қай жағынан өзгерер едіңіз? Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту қажет? Презентация көрсету арқылы топтық жұмыс түрлері туралы ақпараттар беру І топ: Түрлі түсті кеспе қағаздар беріледі Мақсаты: Үйлестіріп бір нәрсе жасап шығару. Қалай жасағандарын түсіндіріп беру. Оған ат беру. Болашақта оны қайда пайдалануға болатындығын түсіндіру ІІ топ: Параққа белсенді сынып пен белсенді емес сыныптың айырмашылықтарын теріп жазады. Өз қорытындыларын айтады. ІІІтоп: Рөлдік ойын. Егер мектептен газет шығатын болса, ол қандай болуы керек? Газет атын қалай қояр едіңіздер? «Редактор, мұғалім және оқушы» тақырыбында сценарий құрастыру және рөлге түсу. Сергіту жаттығулары Ой салу,ойлантуға арналған түрткі сұрақ: Топтық кері байланыс сұрақтары: 1. Жұмыс барысында топтағы қарым - қатынас тапсырманың орындалуына қалай әсер етті? - жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыруға көмектесті - жұмыстың жақсы жүруіне кедергі болды - біздің қарым - қатынасымыз тапсырманы нақты орындауға мүмкіндік бермеді, топтағы қарым - қатынасымыз тапсырма орындаған сайын нашарлап кетті. 2. Топтағы қарым - қатынас әсіресе қай дәрежеде көбірек іске асты? - ақпарат алмасуда - өзара қарым-қатынаста - өзара түсіністікте - осы дәрежелердің бәрінде іске асты. 3. Топ мүшелері тапсырма орындау барысында қандай деңгейдегі коммуникативтік қиындықтарды сезінді? - ақпараттың аздығы, жетіспеушілігі - коммуникативтік құралдың тапшылығы (сөз байлығының төмен болуы, ойды дұрыс жеткізе алмау) - тілдік, сөйлесу қарым - қатынасындағы қиыншылық 4. Жұмыс барысында қарым - қатынас жасаудың қай стилі басым болды? - бір адамға бағытталған стиль - тапсырманы орындауға бағытталған стиль 5. Тапсырма орындау барысында топта ауызбіршілік сақталды ма? - топта ауызбіршілік пен серіктестік қарым - қатынас сақталды - топтағы бірлік, ауызбіршіліктің бұзылғаны байқалды. 6. топтағы сол жағдайдың болуына кім немесе не әсер етті? - топтағы бір адамның өзін көшбасшылыққа итермелеуі - топ мүшелерінің көбісінің ортақ қарым - қатынас орнатқысы келмеуі, немқұрайлылығы - бірігіп істеуге берілген тапсырманы түсінбеу. - берілген тапсырманың қызықсыз, қиын болуы «Дейін - кейін» стратегиясы. Қатысушылардың тақырып бойынша білім деңгейін формативті бағалау мақсатында, тақырып бойынша не білетінін жазуды сұрайды Қатысушылар А4 форматты қағаздың «дейін» бағанына формативті бағалау туралы не білетінін жазады «Данышпан мен адам» Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» - деп сұрайды. Ол өзі ішінен «Егер тірі десе - мыжып жіберемін, ал егер өлі десе - онда қоя беремін.» деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып «бәрі сенің қолыңда» депті. Аңызда айтылғандай баланың (оқушының ) өзін табысты, алғыр сезінуінің бәрі біздің қолымызда екен. | Әңгімелесу, сұрақ-жауап АКТ пайдалану Сұрақ-жауап,пікілесу, топтық талқылау Бірлесе орындаған жұмыстарымен таныстырады. Жоба қорғау (Жоба жасауға флипчарт ұсынылады.) Акт,слайд, гипермәтін Логикалық ойлауға негізделген өздік жұмыс | 3 мин 3 мин 5 мин 3 мин 5 мин 5 мин 5мин | Коучингінің мақсат –міндеттерімен танысады. Мұғалімдер өздерінің ойларын ортаға салады. Білім беру үдерісіндегі өздерінің іс-әрекеттеріне өзгеріс енгізуге талпынады. Оң көзқарастар қалыптасады. Презентацияны қарайды, Коучингіге қатысушылар әр топ бойынша өзара пікірлеседі, өз ойларын ұсынады. Көңілдері көтеріліп, бойлары ширығады Өз ойларын толықтырады Тақырыпқа сай жаңа ой ұсына біледі Топтар өзара 2 жұлдыз 1 ұсыныс арқылы Өзіне баға береді, топқа баға береді Коучинг сабағы туралы рефлексия жасайды. |