?ткізу орны: Ны?ыман Алшынов атында?ы Жалаулы орта мектебі
?ткізу уа?ыты: са?ат 10.00-де
Музыка ойнап т?рады.
Фанфар.
Ж?ргізуші: Армысыздар а?айын,
?ош келіпсіз барша?ыз.
??тты болсын ?уаныш,
??тты болсын мейрамы?. ?айырлы к?н, ?адірменді ?стаздар, ?она?тар, ш?кірттер, мектеп табалдыры?ын атта?алы т?р?ан жас б?лдіршіндер. Биыл?ы жылы Астана ?аласыны? 10 жылды?ы, облысымызды? 70 жылды?ын атап ?тудеміз. Бой?а ?уат, ой?а ты? серпін беретін жаз?ы демалыс та ая?талып, бір- бірлері?ізбен ысты? ы?ыласпен ?уана ?ауышатын та?ы бір тамаша с?т келіп жетті.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?атты " Сын?ырла ал?аш?ы ?о?ырау"»
Алғашқы қоңырау мерекесі.
Өткізу күні: 2015 жылғы 1 қыркүйек
Өткізу орны: Нығыман Алшынов атындағы Жалаулы орта мектебі
Өткізу уақыты: сағат 10.00-де
Музыка ойнап тұрады.
Фанфар.
Жүргізуші: Армысыздар ағайын,
Қош келіпсіз баршаңыз.
Құтты болсын қуаныш,
Құтты болсын мейрамың. Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар, қонақтар, шәкірттер, мектеп табалдырығын аттағалы тұрған жас бүлдіршіндер. Биылғы жылы Астана қаласының 10 жылдығы, облысымыздың 70 жылдығын атап өтудеміз. Бойға қуат, ойға тың серпін беретін жазғы демалыс та аяқталып, бір- бірлеріңізбен ыстық ықыласпен қуана қауышатын тағы бір тамаша сәт келіп жетті.
Ол алғашқы қоңырау мерекесі.
Бұл күн әр баланың көкірегіне нұр құйылған әр үстаздың жүрегі тебіреніп, көңілі шарықтаған, әр ата-ананың мерейі өсе түскен нағыз қуанышты күн.
Өмірдің бейбіт бағы гүл.
Асудан асып асқарлы,
Мінеки достар тағы бір,
Жаңа оқу жылы басталды.
Назар аударыңыз! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы енгізілсін!»
Жүргізуші: Алғашқы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
/Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады/
Бүгін салатанатты жиынға келген қоңақтармен таныстырып өтейін:
1 Мектеп директоры -Какимова Гулдана Ертаевна
2. Жалулы ауылдық округінің әкімі-Мететов Азама Жақсылықұлы
Жүргізуші: Қуаныш бүгін, мереке
Шуағын шашып тұр әлем,
Мектепке келген алғашқы
Шәкіртім саған мың сәлем!
Сөз мектеп директоры, Какимова Гулдана Ертаевна беріледі.
Жүргізуші: Бақ тілекке арналар ақын үні
Балалардың естілсін ақылды үні
Құтты болсын болашақ баспалдағы.
Құтты болсын басталған оқу жылы.
Жүргізуші:Балалар! Мектепте сендерді асыға күтетін, білімге шақыратын достарың бар. Ол-қоңырау.
Сылдырла , сылдырла тағы да,
Аңсаймын үніңді сағына,
Қоңырау әсем саз әдемі, әдемі.
Мектептің сүйікті әуені.
Қоңырау соғу рәсімі 11 сынып оқушысы Темірболат Темірхан және 1 сынып есігің алғашқы рет ашқалы тұрған түлегі Кекина Жанна береміз.
Жүргізуші: Енді сөз кезегін мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндерге береміз./ 1 сынып оқушылар тақпақтарын оқиды/
Жүргізуші: Ашты алдынан барша білім есігің
Құлпыр қызым, енселі боп өс ұлым,
Сен еліннің көтермесең еңсесін,
Саған ешкім жасамайды кешірім,
Білім нәрін әліппеден баста да.
Қаламыңды қайтып қолдан тастама.
Жақсылыққа жаның құмар болсын тек.
Жаңалықты енді өзің аш балам.
Құттықтау сөз ата-аналар атынан беріледі.
Жүргізуші: Қымбатты ұстаздар,қоңақтар, ата-аналар,оқушылар»Баршаңызды бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. «Ел болам десең бесігіңді түзе» деп Мұхтар Әуезов ағамыз айтқандай болашақ тағдыры бүгінгі бізге байланысты. Тәуелсіз еліміздің жаңа ғасырдағы иесі- бүгінгі бүлдіршіндер біздің ерекше қамқорымызды күтеді. Мерейлі мереке күні бәріңізге мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, әр күндеріңізге сәттілік пен жақсылық, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілеймін.
Осымен»Сылдырла әсем саз қоңырау»атты салтанатты жиынымыз жабық деп жариялаймыз.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады
Назар аударыңыз! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы шығарылсын!»
Мектеп табалдырығын аттағалы тұрған жас бүлдіршіндерді мектепке шақырамыз. Қалған сынып оқушылары үшін, Қазақ хандығына 550- жыл байланысты тақырыбында сынып сағатары өтіліп, ертеңгі күннің сабақ кестесі беріледі.