П?наралы? байланыс: ??рылыс материалдары мен жабды?тары, математика,
Барысы
І. ?йымдастыру кезе?і
ІІ. Кіріспе б?лім
ІІІ. Негізгі б?лім
Бастау
?ткел
Белес
Асу
Шы?
К?рермендер к?десі
ІV. ?орытынды б?лім
І. Армысыздар ??рметті к?рермендер, аяулы ?стаздар, білім ?у?ан студенттер. Б?гінгі Сызу п?ні бойынша ?ткелі отыр?ан Интеллектуалды? сайыс?а ?ош келді?іздер!
О?ытушы: ?ымбатты о?ушылар, ?азіргі ?ылым мен техниканы? ?ар?ындап дамы?ан ж?не оларды? ?ндірістік к?шке айнал?ан д?уірі. К?нделікті ?мірде ?ылым жа?алы?тарын, ?олданбайтын, техниканы пайдаланбайтын адам жо?. Президентіміз Н?рс?лат ?біш?лы Назарбаев ?аза?стан хал?ына жолда?ан со??ы жолдауында, жастар ?ылым?а к??іл б?лі?дер, техникалы? маманды?тар?а, ж?мысшы маманды??а бейм болы?дар ?азіргі заманда барлы? ауыр ж?мыстар ж?мысшы мамандарды? к?шімен ат?арылады деген еді. Осы орайда айтатын бір н?рсе техникалы? маманды?тар жетілсе сызуды? да р?лі арта бермек. Себебі «Сызу – техника тілі» деп бекер айтылма?ан.
Осы орайда сызбаны? дамуынан сыр шертетін баяндама?а кезек берейік. (1 о?ушы баяндама о?иды).
О?ытушы: Сіздер де болаша? ??рылыс инженерлерісіздер, болаша?та ?аламызды? архитектурасы мен ??рылысыны? дамуына ?лес ?осатын техник мамандар боласыздар. Сонды?тан осы жолда Сызу п?нінен ал?ан білімдері?із к?п септіін тигізсін деп тілеймін.
Осы тілекпен біз б?гінгі сайысымызды бастай?. Сайыс?а ?атысатын топтарды орта?а ша?ырамыз!
1ші топ –
2-ші топ –
3-ші топ –
(ойыншылар орындарына жай?асады)
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сызу п?нінен интеллектуалды? сайыс»
ШҮКІМАНОВА АРАЙ БЕРІКҚЫЗЫ туған жылы: 11.19.1984ж.
СЫЗУ ПӘНІ ОҚЫТУШЫСЫ
Сызу пәнінен интеллектуалдық сайыс
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сызу курсы бойынша алған білімдерін тексеру, пысықтау, жинактау, қорытындылау
Дамытушылық: Оқушылардың кеңістікте елестету қабілеттерін, логикалық ойлау, мәнерлеп сөйлеу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын ашық айтуға, ұқыптылыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, мультимедиялық слайдтар, қара жәшік, жасырылған зат.
Пәнаралық байланыс: құрылыс материалдары мен жабдықтары, математика,
Барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Кіріспе бөлім
ІІІ. Негізгі бөлім
Бастау
Өткел
Белес
Асу
Шың
Көрермендер кәдесі
ІV. Қорытынды бөлім
І. Армысыздар құрметті көрермендер, аяулы ұстаздар, білім қуған студенттер. Бүгінгі Сызу пәні бойынша өткелі отырған Интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер!
Оқытушы: Қымбатты оқушылар, қазіргі ғылым мен техниканың қарқындап дамыған және олардың өндірістік күшке айналған дәуірі. Күнделікті өмірде ғылым жаңалықтарын, қолданбайтын, техниканы пайдаланбайтын адам жоқ. Президентіміз Нұрсұлат Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған соңғы жолдауында, жастар ғылымға көңіл бөліңдер, техникалық мамандықтарға, жұмысшы мамандыққа бейм болыңдар қазіргі заманда барлық ауыр жұмыстар жұмысшы мамандардың күшімен атқарылады деген еді. Осы орайда айтатын бір нәрсе техникалық мамандықтар жетілсе сызудың да рөлі арта бермек. Себебі «Сызу – техника тілі» деп бекер айтылмаған.
Осы орайда сызбаның дамуынан сыр шертетін баяндамаға кезек берейік. (1 оқушы баяндама оқиды).
Оқытушы: Сіздер де болашақ құрылыс инженерлерісіздер, болашақта қаламыздың архитектурасы мен құрылысының дамуына үлес қосатын техник мамандар боласыздар. Сондықтан осы жолда Сызу пәнінен алған білімдеріңіз көп септіін тигізсін деп тілеймін.
Осы тілекпен біз бүгінгі сайысымызды бастайқ. Сайысқа қатысатын топтарды ортаға шақырамыз!
1ші топ –
2-ші топ –
3-ші топ –
(ойыншылар орындарына жайғасады)
Сайыс жоспарымен таныс болыңыздар.
Бастау – таныстыру
Өткел – қара жәшікте жасырылған затты табу
Белес – Ұпайлар астарында жасырылған сұрақтарға жауап беріп тиесілі ұпайды иелену
Асу – сызбаны аяқтау
Көрермендер кәдесі
Шың – берілген математикалық амалдарды орындау арқылы жасырылған затты табу
Қорытынды
І. Бастау – әр топ өз тобын таныстырады. Қоыйлаын талаптар – топтың аты, ұраны, эмблемасы болу керек. (5 баллдық жүйемен бағаланады)
2. Өткел – Ортаға қара жәшік әкелінеді. Оқылған сұрақты мұқият тыңдап, қара жәшікте жасырылған затты табу керек.
Сұрақ: Бұл заттың атауы Шығыста пайда болған және ол «қара стержень» деген мағына берген. Ертеде күміс, алтын, қалайы, қорғасын тектес үшкірленген таяқшаларды пайдаланған. ХІV ғасырда пайда болған бұл зат алғашқыда қорғасыннан жасалды, оның сырты жарыққа шағылысқандықтан оны «қара-ала» түсті деп те атаған. 200 жылдан кейін химиктердің атсалысуымен таза кристалды көмірден дайындалған. Осы «қара стаержень» қазіргі уақытта кең қолданыстағы заттардың бірі. Бұл не?
Жауап: қарындаш
Қарындаш туралы қызықты мәліметтер.
1783ж чех ғалымы Ирже Гартлут графит стерженьді ағашпен каптауды ұсынды. 1842ж Ресейде алғаш қарындаш фабрикасы пайда болды. ХІХғ ІІ-жартысында автоматты қарындаштар, ал ХХғ басында кнопкалы механикалық қарындаштар қолданысқа енді. Қазір бүкіл әлемде күнделікті 14млрд. Дана қарындаш шығарылады екен. Ең ұзын қарындаш 2001жылы мамырда Ұлыбританияның «Cumberland Pencil» компаниясында жасалды. Оның ұзындығы 7,91м.
Сонымен қатар, қарындаштар коллекционерлерді де бей-жай қалдырмаған, әлемдегі ең ірі қарындаш коллекциясы болгар коллекционері Василь Дяновтың еншісінде. Оның жинағында әлемнің 40 елінен жиналған 28000 қарындаш бар. Ең көнесі 1878жылы Францияда шыққан «Клеопатра» маркілі карындаш.
Қарындаш тар әртүрлі болады пайдалану аясы да әр түрлі. Түрлі түсті, графитті, маркілеуші, столярлық, суретке арналған, гримге арналған, косметикалық қарындаштар.
ІІІ. Белес – Экранда тақырыптар бойынша ұпайлардың астарында жасырылған сұрақтарға жауап беріп тиесілі ұпайды иелену керек. (әр бір сұраққа жауап беру үшін ойлануға 30мин уақыт беріледі).
Экрандағы кесте
Сызба геометриясы
10
20
30
Проекциялық сызба
10
20
30
Құрылыс сызбасы
10
20
30
Сұрақтары:
І.Сызба геометриясы
10-ұп: Берілген сызбада қандай сызба сызықтарының түрлері кездеседі
20-ұп: Сызбада қолданылатын өлшемдерге сипаттама беріңіз
Жауап: өлшемнің екі түрі болады, сызықтық және бұрыштық. Сызықтық
өлшемдер мм-мен, ал бұрыштық өлшемдер градуспен өлшенеді.
30-ұп: Сызбадағы тетікбөлшектің контурында қандай түйіндесулер кездеседі?
20-ұп: Егер түзу ешбір проекция жазықтығына параллель де, перпендикуляр да орналаспаса проекция жазықтықтарына қатысты оры қандай түзу деп атайды?
Жауап: жалпы жағдайдағы түзу
30-ұп: суретте көрсетілген түзу қандай түзу деп аталады?
Құрылыс сызбасы
10-ұп: Берілген суреттегі ғимараттың сәулеттік-құрылыс элементтерін атап көрсетіңіз.
20-ұп: Ғимарат жоспарына сипаттама беріңіз.
Жауап: жоспар – ғимаратты еденнен 1м биіктікіте орналасқан горизонталь жазықтықпен қиғанда пайда болатын кескін. Мұнда ғимараттың есік терезе ойықтары, санитарлы-техникалық құрылғылар, басқа да ғимарат элементтері кескінделеді.
30-ұп: Балкон, лоджия, эркер деген не, айырмашылықтары қандай?
Жауап: балкон- салмақ көтермейтін, плита түрінде еден мен қоршаудан
тұратын бір жағы қабырғаға дәнекерлеу арқылы болат анкермен бекітілетін
ғимарат бөлігі
Лоджия – ғимараттың габариттік қабырғасына кіріп, қасбеті ашық үш жағы
қоршаудан тұратын ғимарат бөлігі
Эркер – бөлменің сыртқа шығып тұратын, салмағы іргетасқа түсетін, бірнеше
терезеден жарық беретін ғимарат бөлігі
ІV. Асу - топтарға тапсырма жасырылған қалташалар ұсынылады. Тапсырма таңдап алу кезегі ұпайы аз командаға тиесілі (тапсырманы орындауға 2минут беріледі, 5-баллдық ұпаймен бағаланады).
Тапсырма: тетікбөлшектің екі көрінісі берілген соған қарап, қажетті тілікті орындау
V. Көрермендер кәдесі (топтар тапсырма орындап жатқанда көрермендермен ойын ойнатылады)
Жұмбақтар жасыру
Қысқа таяқ діңі бар
Шиырлаған ізінде
Сайрап жатқан тілі бар
(қалам)
Көкқұтанша ақ айдында
Бір аяқпен тұрады
Тұмсығымен ол мұнда
Шыр айналып шығады.
(циркуль)
Жұқа тақтай бөлшегі
Ұзындықтың өлшемі
(сызғыш)
Бір жорға бар шабысты
Ақ аңызға жабысты
Жорғаласа талпынып
Келтірер көп табысты
(қарындаш)
Бір нәрсе білмегенді білдіреді,
Өзіңді тұрсаң қарап күлдіреді
Жалғанда әңгшімесі сондай қызық,
Жаныңды тыңдай берсең кргізеді.
(кітап)
(асу кезеңінің тапсырмасын тексеріп бағалау)
VІ. Шың – математикалық ойын, Берілген амалдарды орындау арқылы өлшемі көрсетілген (жасырылған) затты табу
9х5*9х9+9*8х5+5 – Бұрыштық сызғыш 45х90х45
3х99*20х10+10 – А4 формат өлшемі 210х297
6х5*810:9 - Бұрыштық 30х30х60
5+9х20*10+9х5 Негізгі жазу (бұрыштық штамп)
VІІ. Қорытынды
Ал енді бүгінгі қөнерлері мен білімдерін ортаға салған топтардың қорытынды бағаларын жариялауға және марапаттау үшін әділқазыларға сөз берейк.
(белсене қатысқан оқушылар мен орын алған топтарға мадақтамалар тапсырылады)
Бүгінгі іс-шараға қатысқан барлық оқушылар мен көрермендерге көп рахмет. Білімдеріңізді шыңдап, әрқашан алдыңғы қатардан көрінетін білімді де білікті азаматтар болыңдар. Назарларыңызға рахмет, сау болыңыздар!