Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс ж?мыс Алтын ?а?па»
ШығысҚазақстаноблысы Семей қаласы
"№ 27 жалпы орта білімберетінмектебі" КММ-нің
қазақтілі мен әдебиетіпәнініңмұғалімі
ШинжинаЛяйляТурсынгалиевна
Қазақтіліапталығынабайланыстыөткізілгенсыныптантысжұмыс «Алтын қақпа» зияткерлікойыны Ойынныңмақсаты:
Білімділік:оқушылардың пән бойынша алған білімдерін еске түсіріп, тиянақтау; Дамытушылық:оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.Сөздік қорларын байыту; Тәрбиелілік: оқушыларды Отансүйгіштікке, бір-бірін сыйлауға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, алтын, күміс, тас қақпалар, сұрақтар, алтын сандықша. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті.
Ойынның барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Сәлеметсіздер ме, бүгінгі «Алтын қақпа» интеллектуалдық ойынына қатысушы оқушылар мен қадірлі қонақтар! Біз бүгін «Қазақ тілі» апталығы аясында 6 «В»сыныбы оқушыларымен сайыс өткізбекпіз. Елбасының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген сөзін басшылыққа ала отырып, бірінші топты «Болашақ», екінші топты «Зерделілер» деп атадық. Ал енді ойынға қатысушылармен таныс болайық ( қатысушыларды таныстыру).
ІІ. Ойынның шарты: - Енді сіздерді ойынның шартымен таныстыра кетейін. Балалар, біздің мақсатымыз Қазақстан, туған жер, мемлекеттік тіліміз туралы білетінімізді ортаға салу. Ал бұл ойынның мақсаты – Отанымыздың жүрегі, бас қаласы – Астанадай алыс жердегі «Алтын қақпаға» жету. Ондағы алтын сандықта «Білім» деген қазына бар. Сол «Білім» қазынасын алу үшін түрлі тапсырмалар орындаймыз.
Ойын төрт кезеңнен тұрады. І кезең «Тас қақпа»,
ІІкезең «Темір қақпа»,ІІІ кезең - «Күміс қақпа», IV кезең -шешуші кезең- «Алтын қақпа»деп аталады. Жеребе тарту арқылы ойынды қай топтың бастайтын анықтаймыз. Әр кезеңнің өзтапсырмалары бар. Сұрақтарға толық жауап берілген жағдайда қақпа ашылады. Алтын сандықтың сұрағына жауап берген топ жеңіске жетеді. - Ойынның шарты түсінікті ме? Түсінікті болса, ойынымызды бастайық. І кезең - «Тас қақпа».«Менің елім –Қазақстан» Оны ашу үшін мынадай сұрақтарға жауап берейік: 1. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды? (1991 ж) 2. Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады және оларды қашан қабылдадық? (Ту, Елтаңба, Әнұран. 1992 жылы 4 маусымда қабылданды) 3. Қазақстанның ұлттық валютасы қашан айналымға енді? (15 қараша 1993ж) 4. Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков) 5. Елтаңбаның авторы кімдер? (Шота-Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков) 6. Қазақ халқының үш биін атаңыздар. (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би) 7.«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» жаңа Заңы қашан қабылданды? (1997 жыл 7 шілде) 8. ҚазақстанРеспубликасыныңМемлекеттікӘнұраныныңавторларыкімдер? (Музыкасынжазған:ШәмшіҚалдаяқов. Сөзінжазғандар: ЖұмекенНәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев) 9.Ел астанасы қай жылы Ақмола қаласына көшірілді?(1997)
10. Жаңа елорданың атауы қай жылы Астана болып өзгертілді?(1998) ІІ кезең - «Темір қақпа».«Кім жылдам» Бұл қақпаны ашу үшін мақал-мәтелдерді толықтырып айту керек. 1. Отан - ... (оттан) да ыстық. 2. Туған жерге ... (туың) тік. 3. ... (Аққу) көлін аңсайды, ... (Ер жігіт) туған жерін аңсайды. 4. Туған жердің ... (күні) де ыстық, ... (түні) де ыстық. 5. Отан ... (отбасынан) басталады. 6. Ел іші алтын ... (бесік). 7. ...(Дос) сыртыңнан мақтар,
Көпебайдың Көпені, Көп ішеді кофені. Көп ішеді кофені, Көпебайдың Көпені.
Үш кіші ішік піштім, Бес кіші ішік піштім. Неше кіші ішік піштім?
Үміт түбіт түтті, Түбітті түтіп бітті
Қыста құлағым үсіп кетті, Үсіп, ісіп кетті.
Көже пісті Көжені неше кісі ішті? Нешекесеішті?
Есетатаметасатар, Етасатса, бес асатар.
ІІІ кезең – «Алтын қақпа». «Кім көп біледі?» -Балалар, міне, Астана қаласында орнатылған Тәуелсіздік нышаны - «Мәңгілік ел» қақпасына да келіп жеттік. Біздің үшінші кезеңіміз «Алтын қақпа» деп аталады. Бұл қақпаның жүгі ауыр, себебі алда – «Білім» қазынасы.
Жұмбақтарды шешу:
1.Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(мектеп)
2.Ақыл-ойдың шырағы,
Зәулім көктей шынары.
Биігіне бойлаған,
Қанбайды адам құмары.
(білім)
3.Білімнің жол басшысы,
Шәкірттің қолбсшысы.
(мұғалім)
4.Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі.
(денсаулық)
5.Өшірді, сүртті Өзгені құртты Өзін де құртты
(өшіргіш) 6.Он екі парақ- Он екі ақ қанат, Жауабы әсем-ақ, Сызылған тақталап.
(дәптер)
7.Қабат-қабат қаптама. Ақылың болса аттама.
(кітап).
8.Жоқ өзінде бас та, Қас та, мойын да, Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(сызғыш)
-Міне, мақсатымыз «Білім» қазынасына жету болса, Алтын сандықтағы қазынаға да жеттік. Ал, енді «Алтын сандықты» ашайық.
Онда мынадай тапсырмалар бар: 1.Септіктердің сұрақтарын атаңыз.
2.Тәуелдік жалғау нені білдіреді?(Бір заттың екінші бір затқа тәуелді, мншікті екенін білдіреді).
3.Дыбыс үндестігі дегеніміз не?(Көршілес дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етуі немесе дауысты дыбыстың дауыссыз дыбысқа әсер етуі)
4.Буын түрлерін айтыңыз.
5.Мағынасына қарай сын есім нешеге бөлінеді? (екіге-сапалық, қатыстық)
7.Дыбыс үндестігі нешеге бөлінеді? Қандай?(екіге бөлінеді:ілгерінді, кейінгі ықпал)
8.Етістіктің неше шағы бар?Қандай?(3 шағы бар:осы, келер, өткен шақ)
9.Бата деген не?(игі тілек, алғыс)
10.Достың жақсы қасиетін ата.(жаны таза, адал, қол ұшын беруге дайын, мейірімді) Ойынды қорытындылау: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанды 2030 жылы барысқа апаратын – бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар»деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. Бүгінгі зияткерлік сайысқа қатысқан топтарды марапаттасақ. (Жеңген топты марапаттау). Оқушыларға жақсы тілек тілей отырып, ойынды аяқтау.