kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыныптан тыс жұмыс "Физикте, информатикте менмін"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жүргізуші

                                                Мінеки  залда тыныштық,

                                                Естілмейді дыбыс түк.

                                                Мұны біз де қостайық,

                                                Кешіккендерді тоспайық

                                                Ғылымдардың ғылымы,

                                                Физикамыз жайында

                                                 Кешімізді бастайық.

                                          Қайырлы күн құрметті көрермен!

                                          Сөз бастайын термелейтін өлеңмен.

                                          Тәрбиелі,білімді боп әрқашан

                                           Өс, өркенде, қанат жайып кемелден.

   Жүргізуші : Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қадірлі көрермендер!

Баршаңыз да  «Физикте, информатикте менмін.» атты ойын-сауық кешіне қош келдіңіздер!

      Біз бүгінгі кешімізді 7-10-ші сыныптардың арасында сайыс түрінде жүргіземіз. Бұл ойынға әрбір сыныптан 1-2 оқушылардан құрылған  топтар қатысады. Ендеше, ортаға ойыншыларымызды шақырамыз. Ал, қазір ойын шартымен таныстырып өтейік. Жалпы ойынымыз 9 кезеңнен тұрады.

  1. Сәлемдесу.
  2. Шамаға немесе құбылысқа сипаттама.
  3. Формула сыры.
  4. Қонақтарға жұмбақ.
  5. Физика заңдарын білесіз бе?
  6. Сиқырлы пернелер.
  7. Кім жылдам?
  8. Шешендік (топ басшысы) сайысы.

Жүргізуші:

Армысыздар, қымбатты төрешілдер.

Сайысын әрбір топтың көрерсіздер

Таразының екі басын тең қойып,

Сіздер де әділ баға берерсіздер-

дей келіп сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен танысамыз.

{Алдымен жарысқа төрелік ететін әділ қазылар алқасы сайланады.  }

1-кезең. Сәлемдесу

Жүргізуші:

Кезек келіп, өжеттеніп, сөз аппын.

Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн!

Тегіміз бір-батырақ та,бай да емес,

Емеспіз бе, азаматы қазақтың!-демекші

Мұнда әрбір топ өздерін таныстырып, әділ қазыларға өздерінің эмблемаларын ұсынады. Ал енді сөз кезегін ойыншыларымызға берейік.

2-кезең. Шамаға немесе құбылысқа сипаттама.

Әрбір топқа сұрақтар кезек-кезек беріледі. Топ өз сұрағына  жауап бере алмаса,  сұраққа  қарсыластары  жауап бере алады.                               

  1. Ақпаратты енгізу құрылғысы? 
  2. Радионы ойлап тапқан ғалымды ата.  
  3. Ақпаратты өңдеу құрылғысы? 
  4. Вирустың кері әсерін жоятын бағдарлама? 
  5.  Ақпараттың өлшем бірлігі. 
  6.  Деректерді сақтауға арналған құрылғы. 
  7. Дыбыс жазу құрылғысы. 
  8.  Ақпаратты қағаз бетіне шығару құрылғысы. 
  9.          Физика не туралы ғылым? 
  10.          Заттың ең кішкентай бөлігі? 
  11.          Заттың үш күйін ата. 
  12.          1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? 
  13.          Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы қалай деп аталады. 
  14.          Су мен күнбағыс майы неге араласпайды? 
  15.          Бірлік ауданға түсірілетін күш.
  16.          Табиғат туралы ғылым. 
  17.          Ұзындықтың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не? 
  18.          Геоцентрлік жүйе бойынша әлемнің центрінде не тұрады? 
  19.          Астероидтар қатарына жатқызылған планета.          

2-топқа:

1. Ток күшінің өлшем бірлігі? 

2. Жылу берілуі кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы

3. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы 

4. Бір температурада қайнаған су мен шикі судың қайсысы тез қайнайды? 

5. Су неше градуста қайнайды? 

6. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? 

7. Молекулалардың ретсіз қозғалысы 

8. Дененің температурасы артқан сайын, оның ішкі энергиясы 

9. Жылу берілудің түрлерін ата 

10.         Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесі 

11. Компьютердің ең негізгі құрылғылары? 

              12. Ақпаратты кері кодтау қалай аталады? 

              13. Егер бұл пернені бір рет басса бас әріптер енгізіледі ?

              14.Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы?

              15. Бірінші электронды есептеуіш машина қашан жасалды? 

              16. Процессорды басқа құрылғылармен жалғастыратын кабель?

              17. Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу?

              18. Жыпылықтап тұратын тік сызықша ? 

              19. Адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын

                       физикалық процесс?

20.Windows-тің негізгі экраны? 

3-кезең. Формула сыры.

Сайысымыздың бұл сатысында берілген физикалық шаманың белгілетін әріпін және өлшем бірлігін атауыңыз керек. Шаманы атағаннан кейін бірінші болып  толық жауап берген топқа 20 және сұрақтың бір бөліміне жауап берген топқа 10 ұпай беріледі 10.

Шама Белгіленуі Бірлігі

Күш F Н, Ньютон

Жол S м

Жылдамдық υ м/с

 жиілік Гц

Жұмыс A Дж

Период T С

Уақыт t с

Толқын ұзындығы М

Үдеу a м/с2

Катушка индуктивтілігі L Гн

Кернеу U В

Конденсатор сыйымдылығы C Ф

Кедергі R Ом

қысым р Па

Қуат N(P) Вт

тығыздық ρ кг/м3

Жиілік Гц

энергия Е Дж

4-кезең

І-жүргізуші

Ал, құрметті қонақтар енді сіздің білімдеріңізді сынап көрейік.

1-жұмбақ.

Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың.   (Жол)

2- жұмбақ.

Көп болса, асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың?  (Уақыт)

3- жұмбақ.

Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?   (Жылдамдық)

4- жұмбақ.

Жылдамдықты өзгертеді,

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді.   (Үдеу)

5- жұмбақ.

Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді.     (Күш)

6- жұмбақ.

Барлық денелерге тән,

Онсыз болмайды сән.

Әр затта болады әр түрлі,

Өлшеуге болады дәл.        (Масса)

5-кезең. Физика заңдарын білесіңдер ме?

Механика: Бүкіләлемдік тартылыс заңы.

«екі дене бір-біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады»

F=G*m1*m2/R2

Молекулярлық физика: Кулон заңы

«Қозғалмайтын екі нүктелік заряд вакуумде зарядтардың көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың арақашықтықтарының кавдраттарына кері пропорционал күшпен әрекеттеседі.»

F=k*q1*q2/r2

Оптика: жарықтың  шағылу заңы.

«шағылу бұрышы түсу бұрышына тең болады»

Электродинамика: Ом заңы.

«Тізбектің бөлігіндегі ток күші – осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал»

I=U/R

Термодинамика: Термодинамиканың 1, 2 заңдары.

«Жүйеге берілген жылу Q оның ішкі энергиясының ∆U өзгерісіне және жүйенің сыртқы денелерге қарсы істейтін A жұмысына жұмсалады» Q=∆U+A

Статика: Импульстің сақталу заңы.

«Тұйық жүйедегі өзара әрекеттесетін денелер импульстерінің қосындысы өзгермейді (сақталады)» p1+p2=p2+p1

6-кезең. Сиқырлы пернелер.  

Оқушылар клавиатураның моделін жинайды.  (Уақытқа)

7-кезең. Кім жылдам?

Физика және информатика пәндерінен есептер шығару

  1. Топқа:

Физика: №1

Кернеуі 120 В электр шамында 0,5 минут ішінде 900 Дж энергия шығындалған. Шамдағы ток күші неге тең?

Информатика:№2

а) 101+011 =

ә) 0110+0110 =

б) 10111+10110 =

2-топқа:

Физика:№1

Мұнай мен су қоспасының кедергісі 1200 Ом. Сорғыту қондырғысы 3 с жұмыс жасағанда, ондағы 5,5 А токтың атқаратын жұмысын анықтаңдар.

Информатика:№2

11010-01101=      

1101-0110

1101— 111=

8-кезең. Шешендік. (Капитандар сайысы).

Екі топқа жазуы бар екі қағаз беріледі. Ұпайы көбірек жинаған топ бірінші болып кағазды таңдайды (қағаздар жазылған беттерімен төмен қаратылған). Қағаздарда физика және информатика сөздері жазылған.

Жүргізуші: Ал енді топ басшылары сөз сендерге. Сіздер әр қайсысыңа дайындыққа  3 мин уақыт беріледі. Сонан соң сендер алдымызға шығып, қазіргі күнде физика не информатиканың қоғамда және өз өмірлеріңде алатын орны туралы және осы ғылымдардың адамзатқа тигізген пайдасы мен келтірген зиянын жайлы сөз айтасыңдар.

пайдасы

зияны

Физика

Ғарышқа ұшу

информатика

интернет

IV. Қорытынды.

ІІ-жүргізуші: сонымен біздің екі қызықты ғылым туралы кешіміз аяқталды. Әділ қазылар алқасына сөз беріп, ойынымыздың жеңімпазы атанған топпен танысайық.

Қонақтардың ішінен белсене қатысқандарды атау. Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Сонымен бүгінгі сайыс кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс жұмыс "Физикте, информатикте менмін"»

Оқушылардың физикадан және информатикадан білім деңгейін арттырудың басты мақсаты─оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Алған білімдерін пысықтау, пәнге деген қызығушылықтарын тудырудың бірнеше тәсілі бар. Оларға кештер, эстафеталар, үйірме жұмыстарын жүргізу, олимпиадалар өткізу және тағы басқалары жатады.

Ойын түрінде қызғылықты өтетін жарыс оқушылардан мектеп оқулықтарынан тыс қосымша әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуді талап етеді. Жарысқа бір немесе бірнеше сынып оқушылары қатыса алады. Біздің ойынымыздың өткізілуінің мақсаты- оқушылардың білімі мен жан-жақты ойлау қабілеті мен ой-ұшқырлығын сынау болады. Сыныптан тыс жұмыс жүргізудің бір түрі танымдық ойын кештерін өткізу. Төменде осындай бір ойын кешінің жоспарын ұсынамыз. Ойын “Физикте, информатикте менмін... ” деп аталады.


Жүргізуші

Мінеки залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қостайық,

Кешіккендерді тоспайық

Ғылымдардың ғылымы,

Физикамыз жайында

Кешімізді бастайық.


Қайырлы күн құрметті көрермен!

Сөз бастайын термелейтін өлеңмен.

Тәрбиелі,білімді боп әрқашан

Өс, өркенде, қанат жайып кемелден.


Жүргізуші : Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қадірлі көрермендер!

Баршаңыз да «Физикте, информатикте менмін...» атты ойын-сауық кешіне қош келдіңіздер!

Біз бүгінгі кешімізді 7-10-ші сыныптардың арасында сайыс түрінде жүргіземіз. Бұл ойынға әрбір сыныптан 1-2 оқушылардан құрылған топтар қатысады. Ендеше, ортаға ойыншыларымызды шақырамыз. Ал, қазір ойын шартымен таныстырып өтейік. Жалпы ойынымыз 9 кезеңнен тұрады.


  1. Сәлемдесу.

  2. Шамаға немесе құбылысқа сипаттама.

  3. Формула сыры.

  4. Қонақтарға жұмбақ.

  5. Физика заңдарын білесіз бе?

  6. Сиқырлы пернелер.

  7. Кім жылдам?

  8. Шешендік (топ басшысы) сайысы .


Жүргізуші:

Армысыздар, қымбатты төрешілдер.

Сайысын әрбір топтың көрерсіздер

Таразының екі басын тең қойып,

Сіздер де әділ баға берерсіздер-


дей келіп сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен танысамыз.

{Алдымен жарысқа төрелік ететін әділ қазылар алқасы сайланады. }

Ең жоғарғы бал - 10 балл

1-кезең. Сәлемдесу

Жүргізуші:

Кезек келіп, өжеттеніп, сөз аппын.

Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн!

Тегіміз бір-батырақ та,бай да емес,

Емеспіз бе, азаматы қазақтың!-демекші


Мұнда әрбір топ өздерін таныстырып, әділ қазыларға өздерінің эмблемаларын ұсынады.. Ал енді сөз кезегін ойыншыларымызға берейік.


2-кезең. Шамаға немесе құбылысқа сипаттама.

Әрбір топқа сұрақтар кезек-кезек беріледі. Топ өз сұрағына жауап бере алмаса, сұраққа қарсыластары жауап бере алады.

  1. Ақпаратты енгізу құрылғысы? (пернетақта)

  2. Тербелістердің уақыт бойынша кеңістікте таралуы қалай аталады? (толқын)

  3. Радионы ойлап тапқан ғалымды ата. (Попов)

  4. Ақпаратты өңдеу құрылғысы? (сканер)

  5. Вирустың кері әсерін жоятын бағдарлама? (антивирус)

  6. Ақпараттың өлшем бірлігі. (байт)

  7. Деректерді сақтауға арналған құрылғы. (дискжетек)

  8. Дыбыс жазу құрылғысы. (колонка)

  9. Ақпаратты қағаз бетіне шығару құрылғысы. (принтер)

  10. Физика не туралы ғылым? (табиғат)

  11. Заттың ең кішкентай бөлігі? (атом)

  12. Заттың үш күйін ата. (қатты, сұйық газ)

  13. 1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? (адам ғарышқа ұшты)

  14. Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы қалай деп аталады. (диффузия)

  15. Су мен күнбағыс майы неге араласпайды? (тығыздықтары әртүрлі)

  16. Бірлік ауданға түсірілетін күш. (қысым)

  17. Табиғат туралы ғылым. физика)

  18. Ұзындықтың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не? (метр)

  19. Геоцентрлік жүйе бойынша әлемнің центрінде не тұрады? (жер)

  20. Астероидтар қатарына жатқызылған планета. (Плутон)

2-топқа:

1. Ток күшінің өлшем бірлігі? (Ампер)

2. Жылу берілуі кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы

(жылу мөлшері)

3. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы (ток)

4. Бір температурада қайнаған су мен шикі судың қайсысы тез қайнайды? (шикі су)

5. Су неше градуста қайнайды? (100)

6. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)

7. Молекулалардың ретсіз қозғалысы (жылулық қозғалыс)

8. Дененің температурасы артқан сайын, оның ішкі энергиясы (артады)

9. Жылу берілудің түрлерін ата (жылуөткізгіштік, сәулелену, конвекция)

10. Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесі (балқу)

11. Компьютердің ең негізгі құрылғылары? (жүйелік блок, пернетақта, монитор)

12. Ақпаратты кері кодтау қалай аталады? (декодтау)

13. Егер бұл пернені бір рет басса бас әріптер енгізіледі ?(Caps Lock)

14.Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы?(принтер)

15. Бірінші электронды есептеуіш машина қашан жасалды? (1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде)

16. Процессорды басқа құрылғылармен жалғастыратын кабель?(шина)

17. Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу?(кодтау)

18. Жыпылықтап тұратын тік сызықша ? (меңзер)

19. Адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын

физикалық процесс?(сигнал)

20.Windows-тің негізгі экраны? (жұмыс үстелі)


3-кезең. Формула сыры.

Сайысымыздың бұл сатысында берілген физикалық шаманың белгілетін әріпін және өлшем бірлігін атауыңыз керек. Шаманы атағаннан кейін бірінші болып толық жауап берген топқа 20 және сұрақтың бір бөліміне жауап берген топқа 10 ұпай беріледі 10.


Шама

Белгіленуі

Бірлігі

Шама

Белгіленуі

Бірлігі

Күш

F

Н, Ньютон

Жол

S

м

Жылдамдық

υ

м/с

жиілік

Гц

Жұмыс

A

Дж

Период

T

С

Уақыт

t

с

Толқын ұзындығы

М

Үдеу

a

м/с2

Катушка индуктивтілігі

L

Гн

Кернеу

U

В

Конденсатор сыйымдылығы

C

Ф

Кедергі

R

Ом

қысым

р

Па

Қуат

N(P)

Вт

тығыздық

ρ

кг/м3

Жиілік

Гц

энергия

Е

Дж


4-кезең

І-жүргізуші

Ал, құрметті қонақтар енді сіздің білімдеріңізді сынап көрейік.


1-жұмбақ.

Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың. (Жол)


2- жұмбақ.

Көп болса, асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың? (Уақыт)


3- жұмбақ.

Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)


4- жұмбақ.

Жылдамдықты өзгертеді,

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)


5- жұмбақ.

Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді. (Күш)



6- жұмбақ.

Барлық денелерге тән,

Онсыз болмайды сән.

Әр затта болады әр түрлі,

Өлшеуге болады дәл. (Масса)


5-кезең. Физика заңдарын білесіңдер ме?

Механика: Бүкіләлемдік тартылыс заңы.

«екі дене бір-біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады»

F=G*m1*m2/R2

Молекулярлық физика: Кулон заңы

«Қозғалмайтын екі нүктелік заряд вакуумде зарядтардың көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың арақашықтықтарының кавдраттарына кері пропорционал күшпен әрекеттеседі.»

F=k*q1*q2/r2


Оптика: жарықтың шағылу заңы.

«шағылу бұрышы түсу бұрышына тең болады»

Электродинамика: Ом заңы.

«Тізбектің бөлігіндегі ток күші – осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал»

I=U/R

Термодинамика: Термодинамиканың 1, 2 заңдары.

«Жүйеге берілген жылу Q оның ішкі энергиясының ∆U өзгерісіне және жүйенің сыртқы денелерге қарсы істейтін A жұмысына жұмсалады» Q=∆U+A

Статика: Импульстің сақталу заңы.

«Тұйық жүйедегі өзара әрекеттесетін денелер импульстерінің қосындысы өзгермейді (сақталады)» p1+p2=p2+p1


6-кезең. Сиқырлы пернелер.

Оқушылар клавиатураның моделін жинайды. (Уақытқа)


7-кезең. Кім жылдам?

Физика және информатика пәндерінен есептер шығару

  1. Топқа:

Физика: №1

Кернеуі 120 В электр шамында 0,5 минут ішінде 900 Дж энергия шығындалған. Шамдағы ток күші неге тең?

Информатика:№2

а) 101+011 =1000

ә) 0110+0110 =1100

б) 10111+10110 =101101

2-топқа:

Физика:№1

Мұнай мен су қоспасының кедергісі 1200 Ом. Сорғыту қондырғысы 3 с жұмыс жасағанда, ондағы 5,5 А токтың атқаратын жұмысын анықтаңдар.

Информатика:№2

11010-01101= 10111      

1101-0110=1011

1101— 111=1010


8-кезең. Шешендік. (Капитандар сайысы).

Екі топқа жазуы бар екі қағаз беріледі. Ұпайы көбірек жинаған топ бірінші болып кағазды таңдайды (қағаздар жазылған беттерімен төмен қаратылған). Қағаздарда физика және информатика сөздері жазылған.

Жүргізуші: Ал енді топ басшылары сөз сендерге. Сіздер әр қайсысыңа дайындыққа 3 мин уақыт беріледі. Сонан соң сендер алдымызға шығып, қазіргі күнде физика не информатиканың қоғамда және өз өмірлеріңде алатын орны туралы және осы ғылымдардың адамзатқа тигізген пайдасы мен келтірген зиянын жайлы сөз айтасыңдар.


пайдасы

зияны

Физика

Ғарышқа ұшу


информатика

интернет




IV. Қорытынды.

ІІ-жүргізуші: сонымен біздің екі қызықты ғылым туралы кешіміз аяқталды. Әділ қазылар алқасына сөз беріп, ойынымыздың жеңімпазы атанған топпен танысайық.

Қонақтардың ішінен белсене қатысқандарды атау. Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Сонымен бүгінгі сайыс кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар.







































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Сыныптан тыс жұмыс "Физикте, информатикте менмін"

Автор: Жакупова Асель Ораловна

Дата: 30.01.2017

Номер свидетельства: 385369


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства