Просмотр содержимого документа
«Сурет салу. «К?белек». »
Тақырыбы: Ермексазбен сурет салу. «Көбелек».
Мақсаты: Оқушылардың бейнелеу құралдарының мүмкіндігі жөніндегі білімін кеңейту, шығармашылыққа сүйіспеншіліктерін арттыру,жаңа «Пластилинография» техникасымен таныстыру.
Білімділігі: пропорцияны, негізгі, қосымша түстерді қабылдауға және көрсетуге үйрету, композицияның сюжеттік ортасын ерекшелеуге , белгілі бір колорит шығаруға үйрету;
Дамытушылығы: ермексазбен жұмыс жасау дағдысын, шығармышылық ойын,
эстетикалық талғамдылыққа, өз бетімен түстерді үйлестіре білу дағдысын дамыту;
Тәрбиелігі: ұқыпты, таза жұмыс істеп, еңбек нәтижесіне жетуге талпындыру,
эстетикалық тәрбие беру.
Сабақ түрі: сәндік-қолданбалы өнер сабағы.
Қажетті құрал-жабдықтар: оқушы үшін: картон, контур суреті, ермексаз, қол сұртетін майлық, стекерлер.
1.Ұйымдастыру сәті. Шығармашылық атмосфераны қалыптастыру үшін оқушылардыңермексаздан жасалған түрлі тақырыптағы шығармашылық жұмыстарынан және көбелек фотолары мен суреттерінен көрме ұйымдастырылды.
2.Кіріспе сөз: Мұғалім жұмбақ жасырады.
- Балалар біз бүгін көбелек туралы әңгіме жүргіземіз. Көбелек – жәндіктердің көне түрі.Оның қазба қалдықтары юр дәуірінен бастап белгілі. Қазір ол жәндіктер ішіндегі түрімен бай топтарының бірі. Көбелектер Антарктидадан басқа барлық континенттерде өмір сүреді.Олар бұрыннан адам назарын өздеріне аударған.Оларды күмәнсіз ең әдемі жәндіктер деп санауға болады.Ежелгі римдіктер көбелектер өсімдіктерден жұлынған гүлден шыққан деп санаған.
- Қазір жер бетінде 140 мыңнан аса көбелек түрі белгілі екен, соның ішінде танымал- күндізгі көбелектер. Бәріміз экранға назар аударайық.(Слайдтан көбелектерді көрсету).
- Көбелектің әрқайсысы ұзындығымен, қанатының пішінімен, ашық түсімен және қанатындағы әдемі өрнектерімен ерекшеленеді.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- Сіздер бүгін көбелек саламыз деп ойлаған шығарсыздар.Дұрыс. Бірақ біз суретті кәдімгі әдіспен салмаймыз.Бүгін мен сіздерді сурет салудың жаңа техникасымен таныстырамын. Ал ол - пластилинография деп аталады.
Пластилинография – бұл техниканың принципі қағазға, картон қағазға немесе басқа негізге ермексаздан жапсырма сурет шығару, нәтижесінде суреттер шығынқы және жартылай көлемді болады.
-Ермексазбен сурет салу үшін сендерге мына құралдар қажет болады: картон қағаз,контур сурет, ермексаз, қолға арналған майлық, стекерлер.
4.Сарамандық жұмыс: (Басқа оқушылардың бұрын жасаған жұмыстарын демонстрациялау).Оқушылар мұғалім үйлестірген ұнаған көбелек суретін таңдап, көшірме қағазбен картон қағазға көшіреді.
Ермексазбен жұмыс істеу барысындағы ұсынба: Ермексазды негізге жоғарыдан бастап жапсырған дұрыс, себебі қалған жапсырылған жері алақанға тимеу керек.
Кемшілік тұстарын абайлап стекермен кесіп алып, сол жерге түзету еңгізуге болады.
5.Сабақты қорытындылау. - Бүгінгі сабақтан не білдіңіз?
- Қандай техникамен таныстыңыз?
-Ермексазбен жұмыс істеудің қандай тәсілін үйрендіңіз? (Класта көрме ұйымдастыру).