kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сегіз ?ырлы, бір сырлы талант (?уант?ан Вановты? шы?армашылы?ына арнал?ан ?деби сазды кеш)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Піржан ?лия Нажим?ызы,

№5 жалпы орта білім беретін мектепті?

 ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ні м??алімі

Ма??ыстау облысы, М?найлы ауданы

 

 

Сегіз ?ырлы, бір сырлы талант

(?уант?ан Вановты? шы?армашылы?ына арнал?ан ?деби сазды кеш)

 

?лкен зал. Интерактивті та?тада ?уант?ан Вановты? суреті к?рсетілген. Залды? бір жа?ында ?алым-?стазды? шы?армашылы?ына арнал?ан к?рме.

 

Ж?ргізуші: Армысыздар, ?адірлі ?стаздар, ?нерге, білімге жаны ??мар ш?кірттер! Б?гін мектебімізді? ??тты ордасында тамаша бір кездесуді? ку?сі бол?алы отырмыз.

?рісім мені? ?релі сонау сам?ау к?к,

?рмелеп келем т??ырым таудай бол?ай деп.

Арманмен алыс ас?ар?а барсам алдымнан

А?алар шы?ар ??з кеуде ?ырандардай боп...

А?алар ж?р-ау ойларымен от елеп,

Ізгілікпенен ілгері бізді жетелеп.

Д?ниеге мынау ба?ыт боп келсем егер мен,

Солар?а ?арай жол тартар едім т?телеп.

Ас?ар?а барса?, ?ырандай ?арсы аларлы?,

Ба?ыт бола алса?, т?телеп жол саларлы? арда?ты ?лкендерімізді? бірі де бірегейі – «Ма??ыстау м??алімі» газетіні? бас редакторы, жо?ары санатты методист-м??алім, егемен ?аза?станда?ы негізгі мектепті? математикадан т???ыш т?л о?улы?ыны? авторы, а?ын, сазгер – ?уант?ан Ванов Рза?лы б?гін бізде ?она?та.

Б?гінгі кешімізді ашу ?шін с?з – мектебімізді? директоры И.Я.Кумбаев?а беріледі.

 

Ж?ргізуші: ?лкендер ?атар ж?ргенмен, кішілер о?ып білгенмен, ?уант?ан атамызды? ?мір жолдарынан ?ыс?аша деректер алуды ?сынамыз.

(?уант?ан Рза?лыны? ?мірбаянынан ?ыс?аша бейнеролик к?рсетіледі).

Ж?ргізуші: ??рметті ш?кірттер! Б?л кешті? ма?саты – осы киелі топыра?тан жетілген ?нерлі ?стазды? талантын паш етіп, жас ?рпа?ты ?нер, ?ылым б?ла?ынан сусындатып, шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту болып отыр. Есімін а?парат беттерінен о?ып, ?ндерін ты?дап ж?рсе?дер, енді б?гін талантты жерлесімізбен бетпе-бет кездесуді? с?ті т?сті. Б?л, ?рине, б?ріміз ?шін ?лкен ?уаныш.

 

Ж?ргізуші: ?уант?ан а?а, ?мір жолы?ыз?а к?з салса?, талай асуды ба?ындырыпсыз. ?сіресе, математика саласында елеулі е?бектер ат?арды?ыз. Б?л маманды?ты та?дауы?ыз?а не себеп болды?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сегіз ?ырлы, бір сырлы талант (?уант?ан Вановты? шы?армашылы?ына арнал?ан ?деби сазды кеш) »

Піржан Әлия Нажимқызы,

№5 жалпы орта білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы



Сегіз қырлы, бір сырлы талант

(Қуантқан Вановтың шығармашылығына арналған әдеби сазды кеш)


Үлкен зал. Интерактивті тақтада Қуантқан Вановтың суреті көрсетілген. Залдың бір жағында ғалым-ұстаздың шығармашылығына арналған көрме.


Жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар, өнерге, білімге жаны құмар шәкірттер! Бүгін мектебіміздің құтты ордасында тамаша бір кездесудің куәсі болғалы отырмыз.

Өрісім менің өрелі сонау самғау көк,

Өрмелеп келем тұғырым таудай болғай деп.

Арманмен алыс асқарға барсам алдымнан

Ағалар шығар құз кеуде қырандардай боп...

Ағалар жүр-ау ойларымен от елеп,

Ізгілікпенен ілгері бізді жетелеп.

Дүниеге мынау бақыт боп келсем егер мен,

Соларға қарай жол тартар едім төтелеп.

Асқарға барсақ, қырандай қарсы аларлық,

Бақыт бола алсақ, төтелеп жол саларлық ардақты үлкендеріміздің бірі де бірегейі – «Маңғыстау мұғалімі» газетінің бас редакторы, жоғары санатты методист-мұғалім, егемен Қазақстандағы негізгі мектептің математикадан тұңғыш төл оқулығының авторы, ақын, сазгер – Қуантқан Ванов Рзаұлы бүгін бізде қонақта.

Бүгінгі кешімізді ашу үшін сөз – мектебіміздің директоры И.Я.Кумбаевқа беріледі.


Жүргізуші: Үлкендер қатар жүргенмен, кішілер оқып білгенмен, Қуантқан атамыздың өмір жолдарынан қысқаша деректер алуды ұсынамыз.

(Қуантқан Рзаұлының өмірбаянынан қысқаша бейнеролик көрсетіледі).

Жүргізуші: Құрметті шәкірттер! Бұл кештің мақсаты – осы киелі топырақтан жетілген өнерлі ұстаздың талантын паш етіп, жас ұрпақты өнер, ғылым бұлағынан сусындатып, шығармашылық қабілеттерін дамыту болып отыр. Есімін ақпарат беттерінен оқып, әндерін тыңдап жүрсеңдер, енді бүгін талантты жерлесімізбен бетпе-бет кездесудің сәті түсті. Бұл, әрине, бәріміз үшін үлкен қуаныш.


Жүргізуші: Қуантқан аға, өмір жолыңызға көз салсақ, талай асуды бағындырыпсыз. Әсіресе, математика саласында елеулі еңбектер атқардыңыз. Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?

Жүргізуші:

Маңғыстаудың топырағы өнерге бай,

Самғады осы жерден қыран талай.

Кеудеге шуақ берген құтты өңір

Тұра алам ән арнамай саған қалай?

Ән «Ауылым, киелі мекенім». Сөзі мен әні – Қуантқан Вановтікі. Орындайтын: 7 «б» сынып оқушылары – Даулетмұратова Алтынай, Тұрмағанбет Жұлдыз.

Жүргізуші: Қуантқан Ванов – математиканы оқытуда озық идеяларды дамыту және тарату ісіне елеулі үлес қосқан әдіскер. Ұстаз шығармашылығы жөнінде мектебіміздің математика мұғалімі Хадиша Адилханованың «Ғалым-математик» тақырыбындағы баяндамасын тыңдайық.

(Баяндама оқылады).

Жүргізуші: Қуантқан аға, өнертапқыштық бағыттағы «Жыл қайырғыш» құралыңызда кез келген жыл атауының қандай жылға сәйкестігін есептеу арқылы оңай жаттап алудың қызықты тәсілін көрсетіпсіз. Бұл жобаңыз біздің балаларды қатты қызықтырды. Көпшілікке мұны есептеудің тәсілін бір көрсетіп қойсаңыз.

(Интерактивті тақтада автордың «Жыл қайырғыш» құралы көрсетіледі).


Жүргізуші: Шәкірттер, кеш барысында көңілдеріңізде жүрген сауалдарыңызды қоя берулеріңізге болады.


Жүргізуші: Қарапайым еңбек адамы болса да, табиғи қабілеттілік қашан да өз дегенін істетеді. Жеті нотаның сыры мен тілін ұқпаса да, қазақы мінезбен келген әнді «көңілім» парағына жазып алып отыруға бейімделген сазгердің еңбегі жанды. «Ұлы той», «Бабаңның шаңырағын аласартпа» атты әндері республикалық пәндер олимпиадасында, патриоттық әндер байқауында шырқалса, кейбір мектептер «Білім қайнары», «Дарын мектебінің әнұраны» әндерін өздерінің әнұраны етіп алған.


Сансызбай Ермахан мен Нұрклышева Мөлдірдің орындауында – «Білім қайнары» әні. Әні мен сөзін жазған – Қуантқан Ванов.


Жүргізуші: Қуантқан аға, өнерді байлық санап, ән жинадыңыз. Әнді қай тақырыпта жазғанды ұнатасыз? Әнін шығарарда сөзіне көңіл бөлесіз бе?

– Ғылым мен өнер саласын қоса қамтып жүру – екінің бірінің қолынан келе бермейді. Осы жолыңызда қиыншылықтар кездесті ме? Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

– Залда отырған көрермендердің көпшілігі – мектеп түлектері. Үлкен өмірге жолдама алғалы отырған оқушылардың көкейіндегі сұрақты қойғым келіп отыр. Адам болашақ мамандығын таңдаған кезде нені басшылыққа алу қажет?


Жүргізуші: Биылғы жылы «Маңғыстаунама» байқауында ҚР Халық ағарту ісінің үздігі, математик, өнертапқыш, білім саласына 40 жыл еңбек сіңірген, бүгін біз өзіміз кездесіп, куә болып отырған ардақты ұстаз Қуантқан Ырзаұлының 60 жасқа толуы ауқымды шара ретінде аталып өтті. Байқауда облыс ұстаздары өлкемізде өзіндік қолтаңбасы бар, күнделікті тірліктен Отан алдындағы парызын жоғары қойған Қуантқан ағаның еңбек жолын зерделеді. Осы байқауда мектебімізден өнерлі оқушылардан құралған «Жалаукөк» тобы қатысып, 1-орынды жеңіп алған еді. Қазір сол байқаудың жеңімпаздарын сахнаға қошеметпен шақырамыз.

(«Жалаукөк» тобы өнерлерін көрсетеді).


Жүргізуші: Сіз тіл білімі саласына да көп көңіл бөліп жүрсіз. Латын әліпбиіне көшкенде болатын тіл дыбыстарының заңдылықтарын зерделеген екенсіз. Сіздің ойыңызша, бас әріпті қолданудың қажеті жоқ депсіз. Бірақ бас әріпті пайдаланбасақ, сөйлемнің басталғанын немесе сөздің жалқы есім екендігін қалай білдіреміз? Жаңа сөйлемнің немесе жалқы есімнің алдына бір таңбаны ерекшелеп көрсету арқылы шешуге болатынын бізге тереңірек түсіндіре кетсеңіз.


– Қуантқан аға, қазақтың төл дыбысына жататын «һ» қатаң дауыссыздар қатарына жатқызылып келген еді. Сіз бір әңгімеңізде оны ұяң дауыссыздар тобына қосқан пікір айттыңыз. Неліктен?


Жүргізуші: Сегіз қырлы, бір сырлы талант иесінің, Қуантқан Вановтың, «Жануарлардың жыл басына таласы» атты драмалық шығармасы бар. Қазір сол көріністі тамашалаңыздар.

Жүргізуші: «Жас ұландар жыры» орындалады. Сөзі де, әні де Қуантқан Ырзаұлынікі.


Жүргізуші: Математика саласында мектепте 30 жыл мұғалім болған Қуантқан аға қазір «Маңғыстау мұғалімі» газетінде, «Маңғыстау әдіскері» журналында бас редактордың қызметін атқарады. Қуантқан аға, баспасөз қызметіне ауысып кетуіңізге не себепші болды?

– Болашақта «Жас математик» деген атпен газет шығаруды ойластырдыңыз ба?

– Отбасыңыз туралы айтып берсеңіз. Сіздің бойыңыздағы шығармашылық қасиет ұл-қыздарыңыздың қайсысына дарыған?


Жүргізуші: «Атадан – ұлағат, анадан – өнеге» деген сөз бар емес пе? Жасым келді деп, жастыққа жантайып жатып алмай, жігіттерге бергісіз жігермен өнер саласына елеулі еңбектер қосты. «Ән лебіз» ән кітабы – ағамыздың адал еңбегін айна қатесіз көрсетті.

Кешіміздің қонағына қолқа салғымыз келіп отыр. Қуантқан аға, қазақта қонақ кәде деген болады. Бүгінгі кешімізге ән-шашуыңызды ала келген боларсыз.

(Қ.Вановтың өз орындауындағы әні тыңдалады).


Жүргізуші: Біз өнер адамдарының өмірі мен өнегесін жас ұрпаққа үлгі етеміз. Жақсының өмірі де, өнегесі де жұғысты болсын.

Ән «Құтты болсын мерейтой!» Әні мен сөзін жазған – Қуантқан Ванов. Орындаушы: 7 «б» сынып оқушысы – Ербосын Аружан.


Жүргізуші:

Жылдар бойы келтірмей атыңа сын,

Еңбек еттің қалтқысыз халқыңа шын.

Бар тілегі, әз аға, үстіңізде

Ел алғысын арнайды атыңа шын!


Шынар болып, шың болып даламызда,

Жайнап тұрған гүл болып қаламызда.

Үміт болып, үлгі боп, үлкен болып,

Аман-есен жүріңіз арамызда.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Сегіз ?ырлы, бір сырлы талант (?уант?ан Вановты? шы?армашылы?ына арнал?ан ?деби сазды кеш)

Автор: Піржан Алия Нажим?ызы

Дата: 13.02.2015

Номер свидетельства: 172390


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства