Уақыты | Коучтың іс-әрекеті | Мұғалімдердің іс-әрекеті |
І Мұғалім-дерге психологиялық ахуал туғызу (5 мин) | Психологиялық ахуалды орнату үшін «Екі шеңбер" ойыны. Қатысушылар екі шеңбер жасап, "кіші" шеңбердегілер" "үлкен" шеңбердегілермен қарама-қарсы тұрады, тілек айтады, сосын екі шеңбер екі бағытта қозғалады. Әрқайсысы алдынан келген адамға "Сен сондай ...сың" деп мақтау айтады | Сессияға қатысушы мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар шеңбер жасап тұрады, бір-біріне жақсы лебіздер айтады . |
Топқа бөліну 2мин | Қатынасушыларға мерекелерімен құттықтап открыткалар таратылады. Сол открыткалардын бедеріне қарай топқа бөлінеді. | Сурет бойынша топтарға бөлініп отырады,топқа ат қойып қорғайды, Бірлесе отырып, топ ережесін құрады және өздерінің топ ережесімен таныстырады. Топтың әрбір мүшесі өз ойларын ортаға салып. Бір шешімге келіп топ басшыны сайлайды. Бір- бірін бағалайды. |
ІІ тапсырма 10 мин | "Мұғалімнің өмірінен" Слайд арқылы бейне жазба. | Әрбір қатысушылар. бейнежазбаны көреді, ой бөліседі. |
ІІІ тапсырма 4. Сөзбастау: (1 минут) | "Ғалым да, шахтер де бас иетін, Ұстазым бар сенің қасиетің..." – Амангалиева Д. | |
ІҮ тапсырма (15 мин) | Ән байқауы | Топтар ән ырғағына қосылып, ән шырқайды. 1. Ұстазым 2. Ана туралы жыр 3. Әкеме |
Ү. "Ыстық орындық". | Орындықтағы адам өзі құрмет тұтатын, соған қарап ой түзейтін ұстазы туралы айтады. | Орындықтағы адам өзі құрмет тұтатын, соған қарап ой түзейтін ұстазы туралы өз ойларын айтады |
VІІ. Постер қорғау | . "Сен болашақ ұстазысың". | "Сен болашақ ұстазысың" тақырынына постер қорғайды |
VІ Сергіту 5 мин | Мұғалім жаңашыл, жан-жақты болу керек. Флешмоб | Флешмоб |
Қорытынды (8 мин) | "Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" тақырыбында эссе жазу. | Эссе жазады |
VІІІ Рефлексия (5 мин) | Басында берген открыткаларға құттықтау жазып, бір-біріне сағат бағытымен сыйлау керек. Коучтарға бүгінгі сабақтың өзіне қалай әсер еткені, нені үйренді, неге көңілі толмады,соны стикерге жазуы керек. | Басында берген открыткаларға құттықтау жазып, бір-біріне сағат бағытымен сыйлайды. Коучтарға бүгінгі сабақтың өзіне қалай әсер еткені, нені үйренді, неге көңілі толмады,соны стикерге жазады |
ІХ Бағалау (3 мин ) | Топтар бір – бірін смайлинг арқылы бағалап отырады, белсенділік танытқан топты мадақтау | Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын смайлик арқылы бейнелейді. |
"Атамекен орта мектебі" мемелекеттік мекемесінің 1 санатты мұғалімі - Амангалиева Дамели Есенкуловна