kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты тақырып аясында өткен қазақ тілі мен әдебиеті апталығының салтанатты жабылу сценарийі

Нажмите, чтобы узнать подробности

ҚР Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің "Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар" және Мәңгілік Ел идеясын насихаттау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жабылу салтанаты»

«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты тақырып аясында өткен қазақ тілі мен әдебиеті     апталығының салтанатты жабылу   сценарийі

І жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар!

 

ІІ жүргізуші: Армысыздар, қымбатты оқушылар!

І жүргізуші:  «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты тақырып аясында өткен қазақ тілінде оқитын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті     апталығы да өз мәресіне жетті

ІІ жүргізуші: Апталық мақсаты Елбасының «Рухани жаңғыру. Мәңгілік Ел» идеясын насихаттау болатын. Бүгінгі апталықтың жабылу салтанаты осы мақсатты барынша ашу және ізгілендіруге арналады.

І жүргізуші: Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,

                       Қазақстан - бұл азат ел, танысыңдар.

                       Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,

                       Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.

             Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Биылғы жылдың еншісінде де өз атаулы дүниесі бар. «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» деп Елбасымыздың өзі атап кеткендей, біздер-қазақстандықтар, біздер, ХХІ ғасырдың ұрпақтары, қаймағы бұзылмаған қазақ елінің, қаймана замандардан келе жатқан рухани мұрасы мен болмысын көзіміздің қарашығындай сақтап, кейінгі толқынға аманат етуді борышымыз деп санайық.
                       
ІІ жүргізуші:  Қазақ тілі – өміріңде, өлеңде,
                          Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге.
                          Қазақ тілі болашаққа жетелеп,
                          Ұрпақтарды танытады әлемге,- дегендей, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтерер сендерсіңдер, құрметті достарым! Осыған орай «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығының салтанатты жабылуына хош келдіңіздер! Бүгінгі салтанатты рәсім шымылдығын «Аққу» би тобы ашады. Топтың орындауында
«Қазақ биі»




2-жүргізуші:

Күй: «Балбырауын» орындайтындар 8 А сынып оқушылары Ашимов Санжар мен Жексенов Дәулет


1-жүргізуші: Өте керемет. Осындай әдемі күйден кейін әдемі әннің әуенімен сусындап отырмаймыз ба?


2-жүргізуші:

Ия, Қазағымның ән-жырына не жетсін, Жүректерді одан әрі тербетсін дей келе сіздердің алдарыңызға _ «Туған жердей болмас» әнімен

6 «А» сынып оқушысы Бектасова Дильназды қошеметпен ортаға шақырамыз.



1 -жүргізуші:

Туған тіліміздің, Отанымыздың қадір-қасиеті туралы біздің сөзімізді жалғастыруға ортаға 6 А сынып оқушыларын шақырамын.


Өлең оқу

(Оқушылар өлеңдерді оқиды)

1-оқушы:

.Туған елім – тірлігімнің айғағы,   Тілім барда айтылар сыр ойдағы.  

 Өссе тілім , мен де бірге өсемін,    

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!

2-оқушы:

Өсірген ой білімді, 

Сүйем туған тілімді.     

Мақсат етем әр сөздің     

Мәнін терең білуді.

3.-оқушы:

Ана тілім – ұраным,                     

 Ана тілім – құралым,    

Ана тілім болмаса,   

Мықты болмас тұрағым.

4-оқушы:

Ақыл - ойын дананың              

  Ана тілден аламын.  

Ана тілі ардақты 

 Ақ сүтіндей ананың.



5.-оқушы:

Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,  

Бірақ оған адам аз бас иетін.  

 Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,  

Кейбіреулер түсінбес қасиетін.


6-оқушы:

Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып ,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық!

Өсер балаң , байтақ далаң тұрғанда.

Хормен: Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.




7.-оқушы:

Талайлы тағдыр, тәнтімін саған,

Осындай Отан сыйладың маған.

Осында туып, осында өскен

Әулие әжем, баһадүр бабам.

Жәннаттан артық ғажабым менің –

Мәңгілік мақтан Қазағым – Елім.



2-жүргізуші:

Күй: Попури

Орындайтындар отбасылық трио


1-жүргізуші:

Әнсіз мына өмірдің несі көктем,

Ән десе қазағымның есі кеткен дегендей, қазақ халқы ән десе ішкен асын жерге қоятын халық. Сондықтан тағы да шырқалатын әсем әннің куәсі бола отырайық!

Ән: « Қазақтың қара баласы» әнімен 6 «А» сынып оқушысы Мусулманбек Алтынай


2-жүргізуші:

Салтанатты рәсімді бимен ашып, бимен жабу бүгінгі шараның ғана емес, жалпы рухани жаңғыру салтанатын асырмаса кемітпейді.

Қазақ биі «Белес». Орындайтындар «Аққу» би тобы.


І жүргізуші: Осымен қазақ тілі мен әдебиеті апталығының салтанатты жабылу рәсімі  аяқталды. Аман-саулықта жүздесейік! /Бірге хормен/




























Ақмола облысы

Көкшетау қаласы

«№12 орта мектебі» КММ













«Рухани жаңғыру-рухани мұрадан басталады»

/қазақ тілі мен әдебиеті қазақ сыныптарында апталығының салтанатты жабылу сценарийі/














Дайындаған: қазақ тілі пәні мұғалімі-

Абдрахманова Қ.К.











2017-2018 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Абдрахманова Қайыркүл Кенжеғалиевна

Дата: 07.02.2018

Номер свидетельства: 455513


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства