22 наурыз к?ніне арнал?ан «Наурыз тойы д?ст?рлі» атты ерте?гілігі
1 Ж?ргізуші:
Жа??ырар д?ст?р салтымны?
К?зелсін б?ла? жыл?асы
?астерлі мені? хал?ымны?
Мереке – Наурыз жыл басы
2 Ж?ргізуші:
?ымбатты ата- аналар, балалар, ?она?тар, ??рметті мені? ?ріптестерім, к?птен к?ткен Наурыз жа?а жылымызды алып ортамыз?а ?айта оралды. Наурыз – м?сылман ?ауымны? ?лтты? мейрамы. Наурыз – жыл басы. Наурыз – ?лысты? ?лы к?ні. Б?л к?ні ата – аналарымыз бен ?желеріміз ?й – ?йді аралап, наурыз к?жеден д?м татады, баталарын береді.
1 Ж?ргізуші:
?лыс к?ні ?азан толса,
Ол жылы а? мол болар.
?лы кісіден бата алса
Сонда ол жылы жол болар - демекші осы жерде отыр?ан ---- бата алайы?.
2 Ж?ргізуші:
Бастаса – елді? к?семі
С?йлесе – с?зді? шешені
А?ылы ас?ан абыздай
Бар т?йінді шешеді – дей отырып мерекелік ??тты?тау с?з беріледі.
Алдар к?се:
Аманбысы? армысы? хал?ым мені?
А?тар?ан ке? даламны? алтын кенін
Мереке басы болсын берекені?
Арда?та Наурыз тойы салты?ды елім
2 Ж?ргізуші:
Баба хал?ымызды? салтында кез – келген той – томала?ты? ойын – к?лкісіз думаны ?тпесі белгілі. Ал сол ойын к?лкіні? к?ркі мен с?ні бол?ан Алдарк?седе ортамыз?а келіп ?алыпты. Хош келіпсіз Алдарк?се!
Алдар к?се
Сендерде Наурыз тойы ?тіп жатыр дегенді естіп алыстан шаршап келдім. Балалар сендерді? ?нерлері?ді тамашалап біраз дем алайын.
2 Ж?ргізуші:
?ане, балалар Алдар к?семізге арнап біз та?па?тарымызды айтайы?шы.
?ыз: ж?мба?ымды д?рыс шешті?із. Енді ?оржыны?ызды ?зі?ізге ?айтарайын.
Алдар: Ау, ?оржынымды алдым ау ?йтеуір. Ал,енді ??рметті ата-аналар, сіздермен бірге, бір ойын ойнаса? ?айтеді. Ойынны? аты «Алма теру» деп аталады. ?азір сіздерді? к?здері?ізді байлаймыз, сіздер ?з балалары?ызды? ?стіндегі алмаларды терулері?із керек.
Бай: Жарайсы?дар, енді бір ?н ты?даса? ?айтеді.
?н. Наурыз
Алдар: Мені? ?оржынымда ойындар да бар. Ал барлы?ымыз бірге «?ателеспей ?айтала» ойынын ойнайы?. Ойынны? шарты: Мен ?ш ?ыс?а с?йлем айтамын. Соны ?ателеспей ?айталаулары?ыз керек.
?ыз: Осымен б?л ?ызы?ты т?мамдаса?
Б?л жайды айтамыз ба, жаман болса?
?йрендік, білмегенді осы жолы
Та?ы да ?йренеміз аман болса?!
Алдар: Той?а ?лассын тойы?ыз деп айтамыз
Той тар?арда енді біз нені айтамыз
Нені білдік, б?л тойда, нені к?рдік
Той иесі енді біз соны айтамыз - дей отырып ендігі с?зді ата-аналар?а берейік
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Наурыз тойы - д?ст?рлі »
22 наурыз күніне арналған «Наурыз тойы дәстүрлі» атты ертеңгілігі
1 Жүргізуші:
Жаңғырар дәстүр салтымның
Көзелсін бұлақ жылғасы
Қастерлі менің халқымның
Мереке – Наурыз жыл басы
2 Жүргізуші:
Қымбатты ата- аналар, балалар, қонақтар, құрметті менің әріптестерім, көптен күткен Наурыз жаңа жылымызды алып ортамызға қайта оралды. Наурыз – мұсылман қауымның ұлттық мейрамы. Наурыз – жыл басы. Наурыз – ұлыстың ұлы күні. Бұл күні ата – аналарымыз бен әжелеріміз үй – үйді аралап, наурыз көжеден дәм татады, баталарын береді.
1 Жүргізуші:
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса
Сонда ол жылы жол болар - демекші осы жерде отырған ---------------------- бата алайық.
2 Жүргізуші:
Бастаса – елдің көсемі
Сөйлесе – сөздің шешені
Ақылы асқан абыздай
Бар түйінді шешеді – дей отырып мерекелік құттықтау сөз беріледі.
Алдар көсе:
Аманбысың армысың халқым менің
Ақтарған кең даламның алтын кенін
Мереке басы болсын берекенің
Ардақта Наурыз тойы салтыңды елім
2 Жүргізуші:
Баба халқымыздың салтында кез – келген той – томалақтың ойын – күлкісіз думаны өтпесі белгілі. Ал сол ойын күлкінің көркі мен сәні болған Алдаркөседе ортамызға келіп қалыпты. Хош келіпсіз Алдаркөсе!
Алдар көсе
Сендерде Наурыз тойы өтіп жатыр дегенді естіп алыстан шаршап келдім. Балалар сендердің өнерлеріңді тамашалап біраз дем алайын.
2 Жүргізуші:
Қане , балалар Алдар көсемізге арнап біз тақпақтарымызды айтайықшы.
Оқушы Ұлыс күні кәрі жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен
Оқушы Наурыз тойы – елдің тойы.
Көктем тойы – төлдің тойы.
Әжеме еріп Алматыны
Араладым күні бойы.
Оқушы Арпа бидай бастаған,
Жеті дәмнен аспаған.
Наурыз көже ежелден
Бұл тойдағы бас тағам.
Оқушы Наурыз тойым!
Құтты болсын халайық!
Қане достар шырқап әнге салайық.
Оқушы Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын!.
Алдар көсе: Ой,жарайсыңдар, балалар! Байқаймын барлықтарың да өнерлі екенсіңдер. Сендер мерекені өздерің тойлай тұрыңдар. Мен қазір Шығайбайдың Наурызға қалай дайындалып жатқанын көріп қайтайын.
Наурыз келді алақай
Көрініс
Шығайбай қазы тіліп, бәйбіше нан илеп, қызы тырнаның жүнін жұлып отырады.
Алдар көсе: Кеш жарық! (деп кіреді. Осы кезде Шығайбай қамшы, бәйбіше ұршық, қызы тігіліп жатқан көйлекті қолдарына алып отыра қалады)
Бай: Қайдан жүрсің? Қайда барасың? Не естіген білгенің бар?
Алдар: Көрген білгенім көп. Жолда келе жатып үлкен сары жылан көрдім. Жуандығы тап өзіңнің астыңдағы қазыдай.
Артық кем қып асырмай
Шын айтқанда жасырмай
Таспен ұрып жібердім
Былш ете түсті иленіп
Бәйбіше астындағы нанындай
Өтірік болса сақалым жұлынсын
Қыз астындағы тырнадай
Асыңды асшы ұрламай
Бай: Шоқ түссін тіліңе
Бәйбіше: Тілің кесілсін
Қыз: Ішің толсын (осы кезде қыз шығып кетеді Алдардың қоржынын көрсетпей алып кетеді)
Бай: қазаныңды аса бер бәйбіше
Бәйбіше: (Тұрып қазанға тамақ салады)
Піс қазаным бес ай.
Алдар: Отырайын он ай.
Бай: (кемпірге сыбырлап) Әй кемпір, мен малға барып келейін, қонаққа көрсетпей нан беріп жіберші. (Бәйбіше пісіп тұрған нанды оттан ала байдың қойнына тығып жібереді.Алдар жүгіріп шығады.)
Алдар: Е, байеке, енді жолығамыз ба, жоқ па? Қазақ дәстүрімен достарша көрісіп айрылысайық.( деп байды құшақтайды)
Бай: Ау жарайды енді. (Алдар одан да қатты құшақтайды) Күйіп барамын, күйіп барамын. Мә, осы нанды сен-ақ алшы.(деп Алдарға бере салады)
Алдар: Е, байеке осы наурыз күні тарылмай-ақ қойсаңшы. Оданда мына балалармен бірге мейрамды тойлайық.
Ән. Наурыз біздің жаңа жыл
Бай: Ау, балалар мен сендердің араларыңда тақпақ айтатындар да бар деп естідім. Қане, Арайлым, Маржан, Ирина маған тақпақтарыңды айтып жіберіңдерші.
Оқушы Осыншама жақсылық,
Алып келген наурызым.
Төрлет, бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің.
Оқушы Наурыз тойы – ұлы күн,
Шырқап әнге салыңдар,
Ертең еңбек майданы,
Жастарымыз жалындар.
оқушы О жарандар! Жарандар!
Бәрің бері қараңдар!
Наурыз тойы басталды
Текке қарап тұрмаңдар.
Бәйбіше: Байеке –ау, мен де биші қыздар бар деп естіп едім. Солардың өнерін тамашаласақ қайтеді.
Алдар: Әрине тамашалайық.
Би
Бәйбіше: Балалардың өнерін тамашаладық, Алдар көсе сіздің қоржыныңызда ойын болса бір ойын ойнатсаңызшы.
Алдар: Әрине, әрине. Менің қоржынымда сиқырлы сұрақтарда, ойындар да бар. Айтпақшы менің қоржыным осы қайда кеткен?
Қыз: Қоржыныңызды мен жасырып қойдым. Сіз елді жиі алдайсыз, менде сізді алдайын дегенім ғой. Менің жұмбағымды шешсеңіз қоржыныңызды өзіңізге қайтарамын.
Қыз: жұмбағымды дұрыс шештіңіз. Енді қоржыныңызды өзіңізге қайтарайын.
Алдар: Ау, қоржынымды алдым ау әйтеуір. Ал,енді құрметті ата-аналар , сіздермен бірге, бір ойын ойнасақ қайтеді. Ойынның аты «Алма теру» деп аталады. Қазір сіздердің көздеріңізді байлаймыз, сіздер өз балаларыңыздың үстіндегі алмаларды терулеріңіз керек.
Бай: Жарайсыңдар, енді бір ән тыңдасақ қайтеді.
Ән. Наурыз
Алдар: Менің қоржынымда ойындар да бар. Ал барлығымыз бірге «Қателеспей қайтала» ойынын ойнайық. Ойынның шарты: Мен үш қысқа сөйлем айтамын. Соны қателеспей қайталауларыңыз керек.
Қыз: Осымен бұл қызықты тәмамдасақ
Бұл жайды айтамыз ба, жаман болсақ
Үйрендік, білмегенді осы жолы
Тағы да үйренеміз аман болсақ!
Алдар: Тойға ұлассын тойыңыз деп айтамыз
Той тарқарда енді біз нені айтамыз
Нені білдік, бұл тойда, нені көрдік
Той иесі енді біз соны айтамыз - дей отырып ендігі сөзді ата-аналарға берейік