kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мені? М??а?алиым" ашы? т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:М??а?али Ма?атаевты? ?мір жолымен, шы?армашылы?ымен о?ушыларды таныстыру.  Отанды, ту?ан жерді с?юге т?рбиелеу, а?ын жырларынан ?лгі алу. 

О?ушыны? с?йлеу м?дениетін дамыту, эстетикалы? тал?амы бар сауатты о?ушы ?алыптастыру.

Т?рі:  ?деби- сазды кеш

К?рнекілігі:  А?ынны? портреті, шы?армалары, а?ын туралы естеліктер

Ж?ру барысы:   Сахна ?ара??ылан?ан. Сахнада май шамдар жанып т?рады. М??а?али Ма?атаев кейпінде о?ушы Жолдасов Батырхан столда ?н жазып отырады.  Сахна сыртынан а?ынны? таспа?а басыл?ан ?ндері ж?ріп т?рады. Сахна?а жары? беріліп, екі ж?ргізуші шы?ады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мені? М??а?алиым" ашы? т?рбие са?аты »

Тақырыбы: Менің Мұқағалиым

Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру. Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу.

Оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту, эстетикалық талғамы бар сауатты оқушы қалыптастыру.



Түрі: Әдеби- сазды кеш

Көрнекілігі: Ақынның портреті, шығармалары, ақын туралы естеліктер

Жүру барысы: Сахна қараңқыланған. Сахнада май шамдар жанып тұрады. Мұқағали Мақатаев кейпінде оқушы Жолдасов Батырхан столда ән жазып отырады. Сахна сыртынан ақынның таспаға басылған әндері жүріп тұрады.

Сахнаға жарық беріліп, екі жүргізуші шығады.



1-жүргізуші. Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған « Менің Мұқағалиым» атты әдеби- сазды кешімізге қош келдіңіздер!



2-жүргізуші. Жыл сайын туған күні бүкіл қазақстанның түпкір- түпкірінде тойланып келе жатқан ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 9- ақпан туылған күні болатын. Тірі болса, биыл 84 жасқа толар еді.

« Арыз жазып кетейін» өлеңі оқылады.

Оқитын: Жолдасов Батырхан.



1-жүргізуші.

Сырым да осы,

Жырым да осы,

Алдыңда.

Байқашы бір

Бықсыдым ба, жандым ба

Махаңдар жоқ,

Махаңдардың сарқыты,

Мұқағали Мақатаев бар мұнда,- деп бір күндік сәуледей ағып өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы – Мұқағали Мақатаев өмірді, туған елді шын сүйген. Өмір жайлы толғағанда көз алдынан кетпейтін – соғыс жылдарындағы ел тағдыры.

2- жүргізуші. Иә, бұған дәлел ақынның өмір жайлы өлеңінде:

Өмір жайлы сұрай берме сен менен,

Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем.

Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар,

Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген.

Жесір келін бір нәресте көрмеген,

Жетім шалды бала орнына тербеген,- деп суреттеледі.





1-жүргізуші. Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9-ақпанда Алматы Облысының Нарынқол ауданында, Қарасаз аулында дүниеге келген. Әкесі Сүлеймен 1941 жылы майданға аттанып, содан оралмайды.

2- жүргізуші. Осы кезде ақын «Әке» деген өлеңді өмірге әкеледі.

«Әке» өлеңі оқылады.

Оқитын: Жұмағалиева А.



1-жүргізуші. Әкесі соғыста қайтыс болғасын, шешесі Нағиманның үйінің жоқтығын, оған қамқорлық жасап үй беру жөнінде Мәскеуге дейін хат жазған. Әйтеуір үй алып беруге тырысады.



2-жүргізуші. Бір түні ақын түс көреді. Түсінде анасы басында ақ жаулығы бар Абай атамыздың қасынан қуана басып келе жатады. Оянып кетсе, түсі екен. Содан анам бақытты болады екен деп «Шеше, сен бақыттысың» деген өлең жолдарын өмірге әкеледі.

« Шеше, сен бақыттысың» өлеңі оқылады.

Оқитын: Жолдасов Б.



1-жүргізуші. Ақынның сырлы өлеңдері қашан да ақиқаттың туын көтеріп, әділет пен адалдықты тең ұстаған.

2-жүргізуші. Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір сырлы, мұңлы поэзия.

«Поэзия» өлеңі оқылады.

Оқитын: Қанатова Г.

«Фаризаға» өлеңі оқылады.

Оқитындар: Пангерей Е. Сансызбаев Т. Дүйсекенов Ө. Кисимов Ә.

1-жүргізуші. Бұл өмірден сұрамаймын ештеңе,

Сұрамаймын алтын менен көп жақұт.

Бір өзіме жетеді маған берсе де,

Халық, Отан, Тіл дейтұғын үш бақыт, -деп ақын өз елінің өшпес рухын

жырларына арқау ете білген.

« Үш бақытым» өлеңі.

Оқитын: Мұрагелді Ж.

2-жүргізуші. Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып, көкте қалықтайды. Ақынның сөздеріне жазылған әндер бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен орын алып келеді.

1-жүргізуші. Ендеше бейнетаспаға назар аударайық !

( «Көнеміз де» өлеңі бейнетаспадан көрсетіледі.)

2-жүргізуші. –Құс боп ұшып жоғалсам не етер едің.?

1-жүргізуші. – Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.

2-жүргізуші. – Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?

1-жүргізуші. – Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.

2-жүргізуші. - Бұлдырасам сағымдай не етер едің?

1-жүргізуші. – Жел боп қуып ақыры жетер едім.

2-жүргізуші. – Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

1-жүргізуші. – Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін.

Ән: « Сенің көзің»

Орындайтын: Тілекқабылов Ө.

2-жүргізуші. Мұқағали ақын өлеңдері шын сағыныштан, шын қуаныштан туған өлеңдер.

1-жүргізуші. Иә, ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеген.

« Көріктісің»

Орындайтын: Жалғас Е.

2-жүргізуші. Махаббат па, әлде басқа сезім бе?

Сезінбедім сол бір сәтте өзім де.

Қысқа өмірдің қызғылықты сәтінің,

Негативі әлі менің көзімде.

«Бақытыңды жырлайды»

Орындайтын: Дадашев Р.

1-жүргізуші. Ақын өлеңдерінің тағы бір тақырыбы- әдемі арулар, асыл аналар. Аруларды ардақтап, аналарды құрметтеуге шақырады.

« Арулар»

Орындайтын: Серікова С.

2-жүргізуші. Ақын өлеңдерінде туған жер, туған өлке табиғаты ерекше бағаланады деп толықтай айтуға болады. Оған ақынның мына өлеңі дәлел бола алады.

« Саржайлау»

Орындайтын: Рахметуллин Д.

( Бишілер тобы би билей береді.)

1-жүргізуші. Ақын туралы өз замандастары не дейді екен? Ендеше, экранға назар аударайық!

( Экраннан көрсетіледі.)

  1. « Өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Олай болса, Мұқағали Мақатаев та көз жұмған жоқ. Әне, ол мұзбалақ қыранша дүр сілкініп, бүкіл залды бір өзі толтырып, жазық маңдайы жарқырап, жарқылдап жыр оқып тұр!»

Әбділда Тәжібаев.

  1. « Мұқағалидай ақыны бар халық- бақытты халық.»

Фариза Оңғарсынова.

3. ... Арамыздан тым ерте кеткен ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың алғашқы қадамында- ақ оның аяқ алысынан айрықша талант иесі екенін аңғаруға болатын еді. Аңғармаппыз...

Мұқаметжан Қаратаев.

4.М. Мақатаев –адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның... өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған.

Әбіш Кекілбаев.

2-жүргізуші. Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып аяғын коп шалдырған.

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған!

1-жүргізуші. Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай өлеңдері де, өзі де ешқашан өлмек емес.

2-жүргізуші. –Иә, ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені. Ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлеңқұмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек. Осымен поэзия кешіміз аяқталды. Зер сала тыңдағандарыңызға көп-көп -рахмет!

Ән: «Есіңе мені алғайсың»

Орындайтын: Қанатова Г.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Мені? М??а?алиым" ашы? т?рбие са?аты

Автор: Бисен?алиева Арай Хисмет?ызы

Дата: 25.05.2015

Номер свидетельства: 214921


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства