kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мен ж?не с?йікті анам" (сайыс)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ана-барлы? ?мірді? бастауы. Ол адамды ?мірге ?келеді, оны т?рбиелейді, ?сіреді. адам бойында?ы барлы? асыл ?асиет к?нні? н?рынан, ананы? а? с?тінен дариды. Ана - ?лы адам, ана - ??діретті жан, ендеше б?гінгі мерекелері?із ??тты болсын. ?лемдегі е? асыл жан ол - ана десек, ж?регімізде с?йікті жан?а деген махаббат сезімі оянады. Ана б?л аяулы да мейірімді жан. Бала тілі шы??аннан -а? бірінші с?зі ана деп айтады. ?мірді? есігін аш?аннан со? осы ?мірдегі ?зі?ні? жан ана?ды к?ресі?. ?йел бір ?олымен бесік тербетсе, екінші ?олымен ?лемді тербетеді деген екен бір ??лама

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мен ж?не с?йікті анам" (сайыс) »

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Басшилі ауылы, Ы.Мұхамеджанов атындағы негізгі мектептің мұғалімі Кайрмагамбетова Гульхан Габидоллаевна.

Сабақтың тақырыбы: «Мен және сүйікті анам»

Сабақтың мақсаты: балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп сыйлауға тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Көрнекілігі: Ана туралы нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, суреттер.

Сабақтың барысы:

Мұғалім сөзі: Ана – барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана – ұлы адам, ана – құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Бала тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзі ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші! Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі – ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандай да болмасын құрметке лайық.

Құрметті қонақтар, ата – аналар, ұстаздар! Бүгінгі бастауыш сынып ата – аналарының қатысуымен болатын «Мен және сүйікті анам» атты сайысты бастауға рұқсат етіңіздер! Осы аналарымыздың қадамы құтты болсын! Мәртебесі биік болсын, мәре төрінен көріне берулеріне тілектестік білдіре отырып, ортаға шақырайық!

Жүргізуші: - Бүгінгі сайысқа қатысушы аналарымыз бен балаларымызды қошеметтеп таныстырып шығайық.

1-ші анамыз. Тажимова Динара

2-ші анамыз. Бекбенбетова Жанар апай

3-ші анамыз. Құлбатырова Әсел апай

4-ші анамыз. Назарова Шамшырақ апай.



Жүргізуші:

Өнерпаздар өнерін салыстырып,

Бәйге үшін терлетер шабыстырып.

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейік қазыларды таныстырып.

Сайысымызға әділ төрелік ететін әділ қазы алқаларымен таныс болыңыздар.

Жүргізуші:

Аналар бар өнерін салары анық,

Өнегелі тәлімді алған қанып.

Ал ендеше таныстырып өтейін мен,

Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.

Сайыс бағдарламасы жеті бөлімнен тұрады.

1 бөлім. «Тегін білмеген тектілік» Таныстыру

2 бөлім. «Таза міінсіз асыл тас, су түбінде жатады» сұрақ – жауап сайысы

3 бөлім. «Дәм думан» тағамдар сайысы (үй тапсырмасы)

4 бөлім. Өнер сайысы

5 бөлім. Он саусағың майсып, шебер болар ма екенсің?

(аналар носки жамайды, ер балдар картоп ашиды)

6 бөлім. Тосын сый.(көктем бейнесін дайындау)

7 бөлім. Ойын (Балаларын табу)

Жүргізуші:

Келе жатқан мәңгілік дара салтын,

Мақтанышым, елдігім, парасатым.

Сенсің тілім, теңі жоқ тіршілігі,

Өміріме оң беріп жарасатын дегендей бірінші сайысымыз «Тегін білмеген тектілік» анасы мен баласы өздерін таныстырып өтсе.

Әділқазылар мүшелерінен таныстыруға берген бағаларын сұрасақ.







Жүргізуші:

Өзінің алғырлығын ұғындырып,

Көрсетер көппіз деген мығымқылық.

Келесі бұл сайыстың жоспарында,

Түседі бәсекеге білімділік – деп сайысымыздың екінші бөлімі «сұрақ - жауап».

Жасыл конверт

1.Нағашы кімнің туысы? (ананың ағасы)

2.Балаңыздың сүйікті тағамы?

3.Үш биді ата? (Төле би, Әйтеке би, Қазбек би)

4.Қасиетті сан? (жеті)

5.Жылқы малын жасына қарай қалай атайды? (құлын,жабағы,құнан,дөнен,бесті,ат)

Қызыл конверт

1.Балаға кім сыншы? (ата)

2.Адамға ең жақын жан? (ана)

3.Бөле деген кім? (бір үйдің қыздарының балалары)

4.Бес парызды ата? (намаз оқу,ораза тұту,қайыр садақа беру,қажылыққа бару,Құдайдың бірлігімен Мұхамбет пайғамбардың қасиетін мойындау)

5.Қай құс өз атын қайталайды? (көкек)

Сары конверт

1.Жеті ата? (бала,әке,ата,арғы ата,баба,түп ата,тек ата)

2.Отбасы мүшелеріне не керек? (татулық)

3.Атаңа сен кім боласың? (немере)

4.Бес қатер деген не? (от,жау,борыш,ауру,сөз)

5.Ана туралы қандай өлеңдерді білесің?

Көк конверт

1.Түйе атасы? (ойсыл қара)

2.Балаңызды еркелететін 10 сөзді атаңыз?

3.Бес қаруды ата? (садақ,мылтық,найза,қылыш,айбалта)

4.Жеті қазынаға не жатады? (Ер жігіт,сұлу әйел,берен мылтық,құмай тазы,жүйрік ат,қыран бүркіт,ақыл білім)

5.Нағашыларыңа сен кім боласың? (жиен)

Әділқазылар мүшелерінен сұрақ – жауап сайысының бағасын тыңдасақ.

Сайысымыздың үшінші бөлімі «Дәм думан» тағамдар сайысы. Қалай дайындалғанын түсіндіріп кету.

Әділқазылар мүшелерінен «Дәм думан» сайысының бағасын тыңдасақ.

Жүргізуші:

Сайсымыздың 4 бөлімі «Өнер» сайысы.

Қайсы күйші, қайсы биші.

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Талаптарын табайық демекші, сайысымыздың келесі бөлімінде өнер сайысы: аналарымыз балаларымен бірігіп өнер көрсетпекші, соны тамашалайық.

Әділ қазылардан «Өнер» сайысының бағасын атап керсе.

Жүргізуші: Сайысымыздың келесі 5-бөлімі «Он саусағың майысып, шебер болар ма екенсің?» (аналарымыз носки жамайды, балаларымыз картоп ашиды).

Ендеше, аналарымыз болғанша оқушылардың әніне кезек берейік.

Дүниенің жарық күні анамыз,

Дана болсақ анаменен данамыз.

Тыңдаңыздар көңіл қойып ағайын,

Анаға арнап тағы бір ән саламыз.

Ән: «Ана туралы жыр» орындайтын: Альбина мен Бағдат.

Сайыскерлердің бағасын сұрау.

6 бөлім. «Тосын сый» деп аталады. (алдарыңдағы қағаздан көктем бейнесін бейнелеу).

Би:

Әділ қазы алқаларынан баға сұрау.

7 бөлім. «Аялы алақан» ойыны.

Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу.

Оқушылардың тақпақтары: Мерей, Бағдат, Жангүл, Аида.

Марапаттау.

Бал анам, асыл анам, таңым анам!!!

Мен сеннен қуат алам, жалын да алам.

Күн болып, көңілімді күйге бөлеп,

Арнадың өміріңнің бәрін маған.

Аналарды құрметтейміз, елейміз,

Аспандағы ай мен күнге теңейміз.

О, аналар, сіздерді үлгі тұтып,

Бақыт пенен денсаулықты тілейміз.







Ы.Мұхамеджанов атындағы негізгі мектеп











«Мен және сүйікті анам»












Сайыс









Өткізген: Қайрмағамбетова Г.Ғ





2013-2014 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Мен ж?не с?йікті анам" (сайыс)

Автор: Кайрмагамбетова Гульхан Габидоллаевна

Дата: 27.03.2015

Номер свидетельства: 192208


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства