Жан?яда?ы ?ке мен бала арасында?ы ?арым - ?атынасты ны?айту, ?лтты? салт - д?ст?рімізге байланысты ?ке орыныны? ерекше кенін ??ындыру, ?кеге деген бала махаббатын ояту.
Т?рі: сайыс
?атысушылар: 7 «?» сынып о?ушыларыны? ?келері мен балалары
К?рнекілік: «?кем – ас?ар тауым» атты слайдтар, «Мені? отбасым» сурет к?рмесі, карточкілер т. б.
?олданылады маркер, плакаттар, т?рлі т?сті ?а?аз фигуралар, сауалнама пара?ы, ма?алдар, жаднама, ?айшы, желім т. б.
Жоспары:
1. «?кешім – тірегім, балам-м?рагерім» слайд т?рінде (баласы отбасын таныстырады, ?кесіні? ерекшеліктеріне то?талады, ?кесі баласы туралы м?лімет береді.)
2. «?тымды жауап» ситуациялы? жа?дайлар шешу
3. «?нерліге ?ріс ке?» сайыс?а ?атысушы ?келер ?з ?нерлерін к?рсетеді (?ле? айту, билеу, ?олдан жаса?ан б?йымы болса соны таныстыру, ?ле? о?у, шы?ар?ан ?ле?дері болса о?у, баласыны? ?нерін к?рсетуіне немесе баласы екеуі бірлесіп ?нер к?рсетуіне болады)
4. «Жал?асын тап.» ма?ал м?телдер айту (?келер бала туралы, балалары ?ке туралы ма?алдар айту жарысы)
5. «??пия хат» (конверт ішінен бір с?з алады, сол с?зді? ма?ынасын ашып т?сіндіру керек. Мысалы : адамгершілік, сыйласты?, сенім т.б.)
6. Тренинг «Мені? балам»
7. Рефлексия. Іс шара?а ба?а беру. ?тілуін сараптау, ?з ойын білдіру. Ата –ана тарапынан ?сыныс білдіру. (арнайы паракша таратылады, ойлары?ызды со?ан жазасыздар)
Cайыс?а ?атысушылар :
Марат М?дина, Султанбеков Марат а?ай
?ділбеков Рауан, Д?йсенов Жарм?хан ?ділбек?лы
?абден Аружан, ?бдібаев Рамазан ?абден?лы
?ас?ырбаев Рамзат, Н?раханов М?хтар ?ас?ырбай?лы
Сма??л Темірлан, Жарма?анбетов Сентай Сма??л?лы
Б?гінгі іс шарамызды? ?діл ба?асын беретін ?діл ?азылар ал?асымен таныс болайы? :
С?лтыбай С?уле Сертай?ызы – директорды? т?рбие ж?мысы ж?ніндегі орынбасары
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Мен ж?не мені? ?кем" отбасылы? сайысы »
«Мен және менің әкем» сайыс
Мақсаты:
Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту, ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орынының ерекше кенін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту.
Түрі: сайыс
Қатысушылар: 7 «Ә» сынып оқушыларының әкелері мен балалары
Көрнекілік: «Әкем – асқар тауым» атты слайдтар , «Менің отбасым» сурет көрмесі, карточкілер т. б.
Қолданылады маркер, плакаттар, түрлі түсті қағаз фигуралар, сауалнама парағы, мақалдар, жаднама, қайшы, желім т. б.
Жоспары:
1. «Әкешім – тірегім, балам-мұрагерім» слайд түрінде (баласы отбасын таныстырады, әкесінің ерекшеліктеріне тоқталады, әкесі баласы туралы мәлімет береді.)
2. «Ұтымды жауап» ситуациялық жағдайлар шешу
3. «Өнерліге өріс кең» сайысқа қатысушы әкелер өз өнерлерін көрсетеді (өлең айту, билеу, қолдан жасаған бұйымы болса соны таныстыру, өлең оқу, шығарған өлеңдері болса оқу, баласының өнерін көрсетуіне немесе баласы екеуі бірлесіп өнер көрсетуіне болады)
4. «Жалғасын тап...» мақал мәтелдер айту (әкелер бала туралы, балалары әке туралы мақалдар айту жарысы)
5. «Құпия хат» (конверт ішінен бір сөз алады, сол сөздің мағынасын ашып түсіндіру керек. Мысалы : адамгершілік, сыйластық, сенім т.б.)
6. Тренинг «Менің балам»
7. Рефлексия. Іс шараға баға беру. Өтілуін сараптау, өз ойын білдіру. Ата –ана тарапынан ұсыныс білдіру. (арнайы паракша таратылады, ойларыңызды соған жазасыздар)
Cайысқа қатысушылар :
Марат Мәдина, Султанбеков Марат ағай
Әділбеков Рауан, Дүйсенов Жармұхан Әділбекұлы
Қабден Аружан , Әбдібаев Рамазан Қабденұлы
Қасқырбаев Рамзат, Нұраханов Мұхтар Қасқырбайұлы
Смағұл Темірлан, Жармағанбетов Сентай Смағұлұлы
Бүгінгі іс шарамыздың әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныс болайық :
Сұлтыбай Сәуле Сертайқызы – директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Кіріспе сөз
Армысыздар, құрметті әкелер!
Әке – асқар тау,
Ана – қайнар бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ – деген мақал өмір шындығы екені анық. Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшырататын әке де қыран болуы керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр бір отбасында ата - ананың орыны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке - отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі, ана - отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы. Ата - анаға баладан жақсы ешкім жоқ. «Бала - адамның бауыр еті» деген нақыл сөз бар. Сондықтан қай ата - ана болмасын баласының білімді, мәдениетті тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Ұлтымызда «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оған шимай қалай салынса, бала тәрбиесі де солай сияқты» деген Ж. Ж. Руссо.
Әр отбасындағы әкенің рөлі ерекше. Әке — отбасының асыраушысы, отбасы мүшесінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. "Әке — асқар тау", "Әке — бәйтерек" деген мақалдар әкенің беделін көрсетеді. "Әке балаға сыншы" дейді халқымыз. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен ақылдасады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуында, қоғамдағы өз орнын дұрыс таба білуінде әкенің атқаратын еңбегі ерекше. "Бір бала бар әкеге жете туар, бір бала бар атадан өте туар, бір бала бар атадан кері туар" деген халқымызда дана сөз бар.
1-кезең. «Әкешім –тірегім, балам-мұрагерім» Олай болса, мен кезекті сайысқа қатысушы әкелер мен балаларға беремін. Өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер. (баласы отбасын таныстырады, әкесінің ерекшеліктеріне тоқталады, әкесі баласы туралы мәлімет береді.)
2-кезең. «Ұтымды жауап» ситуациялық жағдайлар шешу. «Өнерлі өрге жүзер» сайысқа қатысушы әкелер өз өнерлерін көрсетеді (өлең айту, билеу, қолдан жасаған бұйымы болса соны таныстыру, өлең оқу, шығарған өлеңдері болса оқу, баласының өнерін көрсетуіне немесе баласы екеуі бірлесіп өнер көрсетуіне болады)
Мадина: Балаңыз 13 жастағы жасөспірім. Ол қазір өтпелі кезеңді бастан өткізуде. Жазды күні Сіз оған ұялы телефон және компьютер сатып алып бердіңіз. Енді ол оны айналшақтап, қолынан тастамайды. Тамақтанса да, теледидар алдында да, тіпті сабаққа дайындалып отырған кезде де үнемі алаңдап отырады. Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?
Рауан : «Баланың балалығын тыйдым дегенше, ер жеткендегі даналығын тыйдым деңіз» депті бір кемеңгер. Бұған пікіріңіз қандай?
Аружан : Балаңыз жақсы оқиды. Тәртіпті, сыпайы болып өсіп келеді. Жаңа үй сатып алуыңызға байланысты оны басқа мектепке ауыстырдыңыз. Сабаққа белсенділігі төмендеген сияқты. Мінезіне де өзгерістер енгендей. Бұрынғыдай емес, ашуланшақ. Бірнеше рет себебін сұрағаныңызбен еш нәрсе айта қоймады. Енді не істейсіз?
Рамзат : «Әйеліңе балаң жоқ жерде ақыл айт, балаңа адам жоқ жерде ақыл айт» дейді. Сіз ақылды қалай айтасыз?
Темірлан : Кейбір ата - аналардың баласының әрбір істеген іс - әрекетіңе көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың?»- деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс – әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
3-кезең «Өнерлі өрге жүзер» сайысқа қатысушы әкелер өз өнерлерін көрсетеді (өлең айту, билеу, қолдан жасаған бұйымы болса соны таныстыру, өлең оқу, шығарған өлеңдері болса оқу, баласының өнерін көрсетуіне немесе баласы екеуі бірлесіп өнер көрсетуіне болады)
4-кезең «Жалғасын тап...» мақал мәтелдер айту (әкелер бала туралы, балалары әке туралы мақалдар айту жарысы)
Мадина : 1. Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.
2.Ананың сүті – бал, баланың тілі - бал.
Рауан :
1. Балаңды бес жасқа дейін хандай көтер,
Он бес жасқа дейін құлдай жұмса,
Он бестен ары онымен досыңдай ақылдас.
2..Ұлға отыз үйден тыю,
Қызға қырық үйден тыю.
Аружан :
1) Әкені көріп ұл өсер,
Шешені көріп қыз өсер.
2) Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.
Рамзат :
Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны алады.
Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ.
Темірлан :
Қарға баласын «аппағым» дейді,
Кірпі баласын «жұмсағым» дейді. 2. Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – он пішер.
5-кезен. Тренинг «Менің балам»
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты - жөні
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4. Балаңыздың парталас көршісі кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
8 Балаңыз 1 - сыныпқа қай жылы барды?
9. Балаңызға еркелетіп қандай сөз айтасыз?
10. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?
11. Әкеңнің туған күні
12. Әкеңнің жақсы көретін тағамы
13. Әкеңнің жақсы көргенде ең көп айтатын сөзі
14. Әкеңнің әкесінің аты кім ?
15. Әкеңнің руы кім ?
6-кезең. «Құпия хат» (конверт ішінен бір сөз алады, сол сөздің мағынасын ашып түсіндіру керек. Мысалы : адамгершілік, сыйластық, сенім т.б.)
Рефлексия. Іс шараға баға беру. Өтілуін сараптау, өз ойын білдіру. Ата –ана тарапынан ұсыныс білдіру. (арнайы паракша таратылады, ойларыңызды соған жазасыздар)
Мұғалім: “Ертеде бір адам ғұламаға келіп:
- Баланы неше жастан бастап тәрбиелеген дұрыс? – деп сұрапты.
Ғұлама:
- Балаңыз қаншада? – деп өзіне сұрақ қояды.
- Бес – ақ ай толды, – дейді анау. Сонда ғұлама басын шайқап:
- Бес айға кешіккен екенсіз, – деген екен “. Халық арасына кең тарылған бұл аңыздың айтпағы баршаға түсінікті. Яғни, баланы туған сәтінен бастап тәрбиелеу керек.
Демек, бала тәрбиесінің негізін құятын ең алдымен – ата – ана.
Қорытынды, марапаттау.
«Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі» дей отырып, баласын оқытып, күнін көре алатындай мамандық иесі етіп қалдыру, балаларды жақсы көріп, оларға көңіл бөлу, үйленер жасқа келгенде баласын үйлендіру, баласына ат қою, баласын сау етіп өсіру – бұлар әкенің басты міндеттерінің бірі.
Марапаттау
Әкенің ақылы керек екен,
Таптырмас ой-сана береді екен.
Алтыннан жасалған үш әріпке,
Өмірде еш нәрсе теңелмеген.
Тәрбие сағатымызға келіп, ой бөлісіп, өнерлеріңізді көрсетіп, ұтымды жауап айтып, балаға беріп жатқан тәрбиелеріңізбен бөліскендеріңіз үшін көп көп рахмет! Келесі кездескенше сау – саламатта болыңыздар.