kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Мемлекеттік тіл-орта? ?азына» атты ?деби-танымды? кеш

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: жас ?рпа?ты? ана тіліне деген ынтасын жандандырып,тілді ??рметтеу,?зін ??рметтеу,тіл-бізді? ерте?іміз,?міріміз екенін т?сіндіру,т?рбиелеу.

I ж?ргізуші: ??рметті о?ушылар,?стаздар мен ?она?тар! Б?гінгі «Мемлекеттік тіл-орта? ?азына» атты ?деби-танымды? кешімізге ?ош келді?іздер!22 ?ырк?йек-?Р халы?тарыны? тілдер мерекесі.Е? алдымен,б?л барша елге жалпы халы?ты? мереке,барлы? ?лт ?кілдеріне к?рсетілген ??рмет.?аза?станда 130-?а жуы? ?лт ?кілдері т?рады,?рбір ?лтты? е? ?лкен е? негізгі анасы ту?ан тілі болып саналады.Тіл-?лтты? белгі,халы?ты? м?ра,д?ниетаным ??ралы.Халы?ты? тарихта ?алуы тіліне байланысты.Тіл-халы?ты? жаны,с?ні,т?тастай кескін келбеті,болмысы.Адамды? м?рат?а жеткізетін ана тілі мен ата д?ст?рі.Бізді? осындай халы?ты? ?асиетті м?рамыз-ана тіліміз. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Мемлекеттік тіл-орта? ?азына» атты ?деби-танымды? кеш»

«Мемлекеттік тіл-ортақ қазына» атты әдеби-танымдық кеш

Мақсаты: жас ұрпақтың ана тіліне деген ынтасын жандандырып,тілді құрметтеу,өзін құрметтеу,тіл-біздің ертеңіміз,өміріміз екенін түсіндіру,тәрбиелеу.

I жүргізуші: Құрметті оқушылар,ұстаздар мен қонақтар! Бүгінгі «Мемлекеттік тіл-ортақ қазына» атты әдеби-танымдық кешімізге қош келдіңіздер!22 қыркүйек-ҚР халықтарының тілдер мерекесі.Ең алдымен,бұл барша елге жалпы халықтық мереке,барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.Қазақстанда 130-ға жуық ұлт өкілдері тұрады,әрбір ұлттың ең үлкен ең негізгі анасы туған тілі болып саналады.Тіл-ұлттық белгі,халықтық мұра,дүниетаным құралы.Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты.Тіл-халықтың жаны,сәні,тұтастай кескін келбеті,болмысы.Адамдық мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі.Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз-ана тіліміз.

II жүргізуші:Қазақ тілі-дүние жүзіндегі ең бай,беделді де, бейнелі тілдердің бірі.Өткірдің жүзі, Кестенің бізі,Өрнегін сендей сала алмас,-деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз.Ана тілі халық өсіп,өркендесе дамиды да, халық жоғалса құриды.

Оқушыларға кезек:

1-оқушы:Тілім менің тірегім,дінім менің,

Тілсіз қандай болады күнім менің!

Өз халқына жетеді өз мәнінде

Өз тілімде оқылса жырым менің.

2-оқушы:Тілім менің-қуатым,күшім менің,

Күшім кетсе не болар ісім менің !

Тілсіз өмір бар десе түсінбедім,

Тілімменен тірлікті мүсіндедім.

3-оқушы:Тілім менің-асылым,арым менің,

Арым кетсе не пайда барым менің!

Бас кескендер тілімді кесе алмаған,

Тілден бұрын кетеді жаңым,демім.

4-оқушы: Тілім менің-қазынам,қасиетім,

Қасиетім бар әлем бас иетін.

Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ,

Бола көрме,ана тілі,қасіретім.

5-оқушы:Тілі өлсе болмайды тірі халық,

Бірі өліп тұра алмас,бірі қалып!

Басқа емес өз Ана тілінде тек

Тіршілігін білдірер ұлы халық.

6-оқушы:Тілім менің-ғасырлардан аманат,

Аманатқа адал болсын қағанат,

Ар-намысқа келтірмейік жаманат,

Қазақ болып туылдық па,

Ендеше

Өз тіліңді өзгелерге бағалат.

7-оқушы:Туған тілім-бабам тілім,өз тілім!

Туған тілім-анам тілім,өз тілім!

Туған тілім-далам тілім,өз тілім!

Туған тілім-адам тілім,өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

8-оқушы:Қуан,бабам! Қуанышты күн бүгін!

Деген едің «тіл бар жерде өмір бар!»

Халық жауы атандың-ау сол үшін

Ғұмырынды құрбан етіп жолында.

Қуан,балам!Туған тілдің киесі

Жебеп сені болғаныңа иесі.

Тек мұнымен бітпейтінін ұғып өс

Дүниеде тіршіліктің кермесі.

Қуан,анам!Ұзағынан сүйініп,

Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп.

Ақ сүтіңмен бойға біткен тілімді

Пір тұтамын мен алдыңда иіліп.

Бастаушы: Енді әзіл көрініске кезек береміз «Сырласу».

(әке) Нурлан:

-Сабақ қалай балам?

(ұл) Али:

-Жаман емес, әке.

(әке) Нурлан:

-Жаман болмаса, жақсы екен. Қандай сонда бағаң?

(ұл) Али:

-Бағанын несін сұрайсыз? Мысалы кеше диктанттан үштік баға алғам, бірақ арық арықтау.

(әке)Нурлан:

-Қайтесің шырағым, арықтау болса да баға ғой. Ол ештеңе емес-ау!..

(ұл) Али:

-Осы менің жазуыма ұстазым риза болмай-ақ қойды. «Талапқа сай жазды» деп өзгелерді мақтайды. Ал мен дегенде жыны бар. Сызықтан асып кеттің дей ме, тасымалды аттап кеттің дей ме, әйтеуір ескерпесі көп -ақ. Шынында, менің шақшадай басыма, сол ережелердің сиюы қиын-ақ! Әке, осы сіз оқығанда сөйлемдердің мүшесі болды ма?

(әке) Нурлан:

-Білмеймін, қарағым, есімде жоқ.

(ұл) Али:

-Ал бізге мұғалім сөйлемнің бақандай бес мүшесі болады дейді. Әжеме айтсам «сөйлемей отыр, сөйлемде мүше болатын ба еді, мүше адамда ғана болады»,-дейді. Ол рас па, әке?

(әке) Нурлан:

-Рас болғанда қандай, адамда 7 мүше болады ғой.

(ұл) Али:

-Иә, әжем де солай дейді. «Мұғалім айтып басыңды катыра берсе, 7 мүшенң сау болсың, үйде отыра бер» дейді. Сонда інімді тыңдаймын ба, әлде әжемді ме, әлде мұғалімді ме?

/иығын көтеріп, шығып кетеді/

Iжүргізуші: Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі.Қазақ тілі-қазақ халқы үшін әдебиет,мәдениет,ғылым мен білім,оқу-ағарту тілі.

II жүргізуші :Қазақ тілі өте бай,көркем тілдердің бірі.Қазіргі қазақ тілі-кез келген әдебиетті басқа тілден еркін аудара алатын,түрлі стильдерде сөйлеп,жазуға мүмкіндігі мол,кемелденген тіл.

Iжүргізуші:бүгінгі күні тілін ардақ тұтып өз Отанын жанындай сүйетін әрбір азаматтың жүрегінде шуақ құятын мерейлі сәт.Авар ақыны Расул Гамзатовтың «Менің ана тілім ертең жоғалар болса,мен бүгін өлуге дайынмын»деген сөзі біздің әрқайсымыздың айтатын сөзіміз болу керек.Себебі ,тіл халықпен бірге жасайды,ол-мәңгілік өмір сүруі керек.

II жүргізуші :Ал нағыз тілді білемін деген адам М.Әуезовтың «Абай жолы»романын оқуы керек.Себебі,онда халқымыздың салт-дәстүрі,тілі,әні бар.Ақын Қадыр Мырза-Әлінің сөзімен айтсақ: «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте»Бүгінгі күннің шындығы да,үлгі-өнегесі де осында.

Танымдық ойын:

1.Мақал-сөздің көркі атты сайыс.Мұнда басталған мақалды жалғастырамыз.

1.Тіл тәтті..................бауыр қатты

2.Тіл тас жарады,.....................тас жармаса бас жарады

3.Өнер алды.........қызыл тіл

4.Ана сүті бой өсіреді..................ана тілі ой өсіреді

5.Жеті жұрттың тілін біл.................жеті түрлі ілім біл

6.Ақыл көркі көңіл.....................тіл көркі сөз

2.Сұрақтарға жауап бөлімі

1.Тіл туралы заң қашан қабылданды? 1997жылы 11шілде

2.Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?түркі тілдер

3.Қазақ әліппесінде неше әріп бар? 42 әріп

4.Сүйемін туған тілді-анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім деген өлең жолдарын кім жазған?С.Торайғыров

5.Абайды әлемге танытқан роман эпопеяны ата?М.Әуезов « Абай жолы»

6.Қазақтың бес арысы кім? Шәкәрім,Ахмет,Мағжан,Міржақып,Жүсіпбек.

Iжүргізуші:Сонымен,балалар тіл-халықтың байлығы,қазынасы.Тілді таза ұстап,қастерлеп,құрметтеуіміз керек.Мемлекеттік тілді жоғары дәрежеде меңгерейік.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Мемлекеттік тіл-орта? ?азына» атты ?деби-танымды? кеш

Автор: Нурова Айгул Лесовна

Дата: 28.03.2016

Номер свидетельства: 311008


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства