Просмотр содержимого документа
«Мастер класс Назгул апай»
Дарынды оқушылардың
шығармашылық“ЕЛСАНА”
жұрналы
“Елсана”жұрналының
редакторы Нурушева
Назгүл Нугмажанқызы
Редакция алқасы:
1.Мұратбек Назия 7-сынып
2.Бидайбаева Арайлым 7-сынып
3.Хамза Мейрбек 6-сынып
4.Бекболат Аида 6-сынып
5.Ізбасар Балнұр 6-сынып
6.Орынбекова Нұрбала 6-сынып
Күз
Күз. Сары күз. Алтын бақ,
Жаурағандай жапырақтар қалтылдап.
Күз айтады, күз жырлайды – сары мұң,
Сағынышты ұққың келсе, ал, тыңдап.
Күз. Сары күз. Сағым мұң,
Жылы жақты, жылы жазды сағындым.
Табиғаттың жаздан қалған сарқыты
Сияқтанып тұрсаң-дағы бағындым.
Бекболат Аида
Табиғат
Табиғат – сен не деген кереметсің?!
Әсем де, әдемі де сен екенсің.
Жайнашы, нұр шаша бер, құлпыра бер,
Ұлан асыр байтағым, кең екенсің.
Уа, дариға, кең дала, ашық аспан,
Гүлге толған қырлар бар, шаттық дастан.
Әрдайым біз тек саған қамқоршымыз,
Асыл деген тастан ғой, ақыл жастан!
Мұратбек Назия
Әкеме
Шарасызбын, қайтейін, шарасызбын,
Ажалдың қылғанына амалсызбын.
Жан даусымды естіші, Алла деймін,
Мен адаммын, сондықтан сабырсызбын.
Еңбек етіп, тер төгіп еді сонша,
Қызық пенен қуанышты күндер қайда?
Мейірімге бөленіп қартайғанда
Ортамызда жүрсін деп ем, амал қанша?!
Хамза Мейірбек
Ұстаз
Ұстаз, ұстаз–қасиетті бұл ұғым,
Әрқашанда биік сенің тұғырың.
Мақтан етіп өмір бойы өзіңді,
Жүретін бір қыздарың мен ұлың тұр,
Ұстаз–ана! Қасиетті бұл ұғым.
Ұстаз, ұстаз–ұлы есім,
Оны біз де, оны өзің де білесің.
Тәрбиелеп ұшырасың ұядан
Бізге беріп болашақтың үлесін!
Бидайбаева Арайлым
Көктем
Көктем келді күлімдеп,
Міне саған гүлім деп.
Жылғалардан сел ағып,
Жүр балалар қуанып.
Ізбасар Балнұр
Табиғат
Табиғат біздің анамыз. Біз табиғатқа өзіміміздің мейірімімізді, көмегімізді беруіміз керек.
Табиғат–тәрбиеші. Адам одан сүйіспеншілікті, қайырымдылықты, сұлулықты үйренеді. Қай заманда болмасын ақын-жазушылар табиғаттың сұлулығын өз шығармаларына арқау еткен. Ақылды, дана Абай да жылдың төрт мезгіліне өлең шумақтарын арнап, табиғатқа түрлі теңеулер жасаған. Табиғатты қорғайық, аялайық.