kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Литературный вечер «Мен білетін - Ыбырай»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ыбырай Алтынсаринның өмір-тарихымен тереңдете танысу, шығармаларынан үлгі-өнеге, өсиет алу. Ы. Алтынсарин туралы түсініктерін толықтыру, өлеңдерімен танысу, әңгімелерін талдау. Ұлы тұлға жайлы ой өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Ы. Алтынсарин туралы насихаттау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Литературный вечер «Мен білетін - Ыбырай»»

Тақырыбы: «Мен білетін - Ыбырай»  әдеби кеш.
Мақсаты: Ыбырай Алтынсаринның өмір-тарихымен тереңдете танысу, шығармаларынан үлгі-өнеге, өсиет алу. Ы. Алтынсарин туралы түсініктерін толықтыру, өлеңдерімен танысу, әңгімелерін талдау. Ұлы тұлға жайлы ой өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Ы. Алтынсарин туралы насихаттау.

Көрнекілігі: бейне баян, слайд, суреттер, безендіру.

Түрі: әдеби-кеш.

 
Өту барысы: 
«Кел, балалар, оқылық!» өлеңімен басталады. ( 11 сынып оқушылары оқиды) 
І жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар! Бүгінгі сыныптан тыс әдеби кешімізді қазақ балалар әдебиетінің атасы, ағартушы-ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына арнаймыз. 
ІІ жүргізуші: Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 2 қарашада қазіргі Қостанай облысы, Затобол ауданында дүниеге келген. 3-4 жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожа бидің қолында өсіп, тәрбиеленеді. 
І жүргізуші: Заман талабын жақсы түсінген Балғожа би табысқа жетудің бір жолы – оқу деп білді. Сөйтіп, немересі – кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылған орыс-қазақ мектебіне оқуға береді. 
«Балғожа бидің немересіне  жазған хаты» өлеңін Мұханғали Дильназ оқиды.
ІІ жүргізуші: Мектепті 1857 жылы «үздік» деген бағамен бітіріп шығып, 1859 жылдың тамызына дейін өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарады. 
І жүргізуші: Өз бетімен көп ізденіп, білім қорын молайта келе, Ыбырай туған халқына пайдалы болуды мақсат етеді. Оның ынтасы ағартушылыққа ауады. 1860 жылы Жайықтың шығысындағы қазақтар үшін бастауыш мектеп ашылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болып келеді. 


Интерактивті тақтадан «Ыбырай Алтынсариннің бейнебаяны» көрсетіледі.

ІІ жүргізуші: Ыбырай Алтынсарин ер балалармен қатар қазақ қыздарын да білімге тарту, оларға түрлі кәсіптік мамандық беру жөніндегі жұмыстарды алғаш ұйымдастырушы болғанын білеміз. Ер балалардың өзін оқытуға қырын қараған қытымыр заманда оның қыз балаларды оқыту, оларға арнап мектеп, интернаттар ашу қажеттігі туралы мәселе көтеріп, бұл ойын айтыса – тартыса жүріп дәлелдеуі, біртіндеп іске асыруы шын мәніндегі азаматтық ерліктің, гуманизмнің үлгісі болды.Ыбырай Алтынсариннің айрықша атап айтар тарихи еңбегінің бірі – оның қазақ балалар әдебиетінің негізін қалауы.


ІІ жүргізуші: Ыбырай мектепте қазақ балаларына білім мен тәрбие берудің басты құралы – оқулық деп санайды. Ол балаларға ана тілін аса ұқыптылықпен үйретеді, шағын көркем шығармалары арқылы оларды жақсы мінез-құлыққа баулуды көздейді. 
Слайд-шоу. «Мен білетін -Ыбырай» 

І жүргізуші: Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерінде үгіт, өсиет түрінде береді. Сондай әңгімелерінің бірі – «Әке мен бала» әңгімесі, «Бір уыс мақта» әңгімесі, «Екі дос» әңгімесі 


Көрініс. «Әке мен бала».

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп баласына айтты:

-Балам, анау тағаны , ала салшы, - деді. Бала әкесіне: -Сынып қалған ескі тағаны алып не керек,- деді.

Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен , соған жеткен соң әкесі бұрылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Онан соң біраз жер өткен соң шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп алып жеп, баласыына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң , әкесінің қолынан бір шие түсіп кетті. Артынан келе жатқан бала тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып аузына салды. Аздан соң тағы бір шие, онан соң тағы бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп , жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап , баласына шиені орамалымен беріп тұрып:

  • Көрдің бе ,балам, мана тағаны жамансынып жерден бір иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алынған шиені жерге түскенін аламын деп, он рет иілдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң , көп жұмысқа тап боласың: азға қанағат ете білмесең , көптен құр қаласың- деді.

Көрініс:

«Бір уыс мақта»

Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасына отырып, ақыл айтты:

- Балам, дүниедегі жаратылған жәндік-жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды,- деп. Сол сөзді айтып отырғанда, қыз бала киімін жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады:

- Әже, осы қиқымның ешнәрсеге керегі бола қалмас,- деп.

Шешесі:

- Балам, сол да жерде қалмайды,- деді.

Осылайша сөйлесіп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтеріп ұшырды, мұны бір торғай көріп қуып барып, мақтаны тұмсығына тістеп қана алып, ұшып кетті. Қыз әжесінен:

- Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны неғылады? - деп сұрады.

Әжесі айтты:

- Көрдің бе, балам, күн айналмай манағы айтқан сөздің келгенін. Ол кішкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етеді,- деді.

Көрініс

« Жаман жолдас»

Екі дос кісі жолдастасып келе жатып, бір аюға ұшырапты. Бұл екі кісінің біреуі әлсіз, ауру екен, екіншісі мықты, жас жігіт, аюды көрген соң бұл жігіт, ауру жолдасын тастап, өзі бір үлкен ағаштың басына шығып кетті дейді. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кісі болды да жатты: есітуі бар еді, аю өлген кісіге тимейді деп. Аю бұл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетті. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, аурудан сұрапты:

- Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кетті?

Досы:

- Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма деді,- дейді.

ІІ жүргізуші: Ыбырай Алтынсарин өз шығармашылығы арқылы туған халқын білім алып, өнер үйренуге шақырды, жастарды ізгілік пен жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиеледі. 
«Өнер-білім бар жұрттар» өлеңі оқылады.11 сынып оқушысы Алтайұлы Нұрсұлтан 


І жүргізуші: Қазақтың тұңғыш педагогі, ақын-жазушысы, балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин қайтыс болғаннан кейін Н.И.Ильминский «Ыбырай Алтынсарин туралы есте қалғандардан» деген атпен арнаулы кітап бастырып шығады. Қазақ әдебиетінде педагог-жазушының көркем бейнесі жасалды. 
1-оқушы: ( Шынар) «ХІХ ғасырда қазақ даласынан шығып, орыс, Еуропа мәдениетіне қолы жеткен оқымысты, халық ағартушысы дәрежесіне көтерілген әрі педагог, әрі ақын-жазушы Ыбырай Алтынсариннің өз халқының келешегі үшін істеген еңбегі зор» - Қ.Жұмалиев. 
2-оқушы: ( Абылайхан) Н.И.Ильминский өз естелігінде: «Мен Ыбырай Алтынсаринмен отыз жылға жуық таныс едім. Мен оған шын ықыласыммен берілдім, әсіресе, оның орыс біліміне ерекше құмарлықпен ұмтылып, ол білімнің қазақтар үшін де керек екенін ешқашан есінен шығармайтындығын айрықша бағалайтын едім», – деп жазды. 
ІІ жүргізуші: Ыбырай Алтынсарин қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол қараңғы көшпелі өз халқының ішіне европалық цивилизацияның жарық сәулесін таратқан. Бұл Ыбырай Алтынсарин еңбектеріне берілген зор баға күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.

Көрініс: «Таза бұлақ» 11 сынып оқушылары.

Жүргізуші: «Ұстаздардың ұстазы» деген құрметті атаққа ие болған ұлы тұлға Ыбырай атамыз «Халқыма пайда тигізсем» деп өзіне қойған талабы- бүгінгі күні жастар тәрбиесінің негізгі ұстанымдарының бірі болса, ертеңіміздің жарқын болары сөзсіз.

Жүргізуші: «Мен жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін» деген ұстаз Ыбырай Алтынсариннің ойы «мұғалім» ұғымының мәнін толық ашады.Яғни , жақсы оқытушы ғана заман талабына сай жастарға білім мен тәрбие бере алады. «Мектеп- қазақтарға білім берудің басты тұтқасы. Үміт мектепте» деп педагог Ыбырай Алтынсарин айтқандай , мектеп-болашақтың бастауы, мемлекетіміздің іргетасы.

Ғафу Қайырбековтың «Дала қоңырауы» поэмасынан үзінді. 8 сынып оқушылары Айсұлу, Әсел оқиды.

 І жүргізуші: Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай – жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында сақтауда. Мұның өзі заңды да. Өйткені, әрбір ұлы адам адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес идеяларды көтереді. Мәдениетіміздің тарихында Ыбырай Алтынсарин дәл осындай үркердей санаулы саңлақтардың бірі. Ыбырай Алтынсариннің сол қоғамдық өмірдегі беделін, оның қандай мақсаттағы мәдениет қайраткері ретінде замандастарына танылғанын аңғартып отырмыз.
І жүргізуші: Ұлылар ұлағаты өркениеттің өр тауларына жетелейді. Ыбырайдай асыл бабаның таза, мөлдір, кәусар бұлағынан нәрлене білейік, рухани әлдене білейік ағайын.  Әдеби кешіміздің соңында «Ұстазым» әнімен аяқтасақ деп отырмыз.

«Ұстазым» әні орындалады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Литературный вечер «Мен білетін - Ыбырай»

Автор: Танырбергенова Разия Бейсембековна

Дата: 18.01.2017

Номер свидетельства: 380980


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства