?аза? тілі мен ?дебиеті п?ні м??алімі, 10«а»сынып жетекшісі
Умутбаева Асыл Булаткановна
Сыныптан тыс іс-шара
Т?рбие са?аты
Та?ырыбы: «?лихан Б?кейхан- ??лама ?алым»
Ма?саты- Алаш арыстарыны? бірі ?лихан Б?кейхан туралы о?ушылар?а ?осымша ма?л?мат беріп, о?ушыларды? бойына адамгершілік, патриотты? сезім ?ялату, ?лихан Б?кейхан бейнесін ашу.
Жоспар:
1.?.Б?кейхан ?мірі мен шы?армашылы?ы туралы баяндама
?лихан Н?рм?хамбет?лы Б?кейхан- адамзат баласыны? тарихында сирек кездесетін т?л?а. ?лихан- т?ртк?л д?ниені д?р сілкіндіріп ?ткен Шы??ыс ханны? 23-ші ?рпа?ы-Т?ре т??ымынан бола т?ра, ?асым хан, Абылай хан, Б?кей хан, Кенесары сынды халы? а? киізге к?теріп, хан та?ына отыр?ан емес- оны? заманы ?тіп кетті. ?аза? хал?ыны? тарихында Шы??ыс ханны? кейінгі ?рпа?тары ?арама-?айшы- екі?шты р?л ат?арды: бір жа?ынан, ал?аш?ы кезе?де олар к?шпелі ру-тайпаларды? бірігіп, жа?а ж?не ?уатты ?аза? мемлекетіні? ??рылуына ?йыт?ы болса, екінші жа?ынан- оларды? билік ?шін ішкі к?рес-тартысы салдарынан «?аза?»этнонимді ??ра?анымен де, бірегей халы?, ?лт болып толы? пісіп-жетілмеген халы?ты? Орта, ?лы, Кіші ж?здер ретінде «?штік ода??а»б?лініп бытырауына т?рткі болып, а?ыр со?ында біріні? со?ынан бірін орыс империясыны? отарлы?ына душар етті. Міне,со??ы жайтты тере? зерттеп білген ?лихан: «Тірі болсам, хан баласында ?аза?ты? ха?ысы бар еді, ?аза??а ?ызмет ?ылмай ?оймаймын!»-деп ертеден-а? хал?ы алдында серт беріп, сол сертіне а?ыр?ы демі біткенше адал болып ?тті. Біра? ?зіні? шы??ан тегін ма?тан т?тты, шы??ан тегіні? абырой-намысын к?зіні? ?арашы?ындай ?ор?ады ж?не ата?ты хан-с?лтандарды? тікелей ?рпа?ы екенін сезініп, хал?ына кіршіксіз де шексіз ?ызмет етуді, Алашына ?ам?ор болуды ?зіні? ?тпес-?телмес борышы, ер-азаматты? парызы санады.
№1кезе?: ?лихан Б?кейхан ?мірі мен шы?армашылы?ы
Музыкалы? номер: «Елге с?лем »?ні орындалады.
1-о?ушы. ?лихан Б?кейхан ?мірі мен шы?армашылы?ы туралы баяндама о?иды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?лихан Б?кейхан-??лама ?алым»
«Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі»КММ
ШҚО, Күршім ауданы, Күршім ауылы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 10«а»сынып жетекшісі
Умутбаева Асыл Булаткановна
Сыныптан тыс іс-шара
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Әлихан Бөкейхан- ғұлама ғалым»
Мақсаты- Алаш арыстарының бірі Әлихан Бөкейхан туралы оқушыларға қосымша мағлұмат беріп, оқушылардың бойына адамгершілік, патриоттық сезім ұялату, Әлихан Бөкейхан бейнесін ашу.
Жоспар:
1.Ә.Бөкейхан өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама
2.Ә.Бөкейхан туралы замандастар пікірі
3.Ә.Бөкейхан- ғұлама ғалым
4.Ә.Бөкейхан- өз елінің патриоты
Сабақ барысы:
Сабақ эпиграфы:
Кейінгілер ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп алғыс алармыз ба?Жоқ, далаға лағып, жөнсіз кетіп қарғыс-лағынет аламыз ба? Кеудесінде көзі бар адам көп ойланарлық жұмыс.
Түрік баласы(Әлихан)
1.Мұғалім сөзі.
Әлихан Нұрмұхамбетұлы Бөкейхан- адамзат баласының тарихында сирек кездесетін тұлға. Әлихан- төрткүл дүниені дүр сілкіндіріп өткен Шыңғыс ханның 23-ші ұрпағы-Төре тұқымынан бола тұра, Қасым хан, Абылай хан, Бөкей хан, Кенесары сынды халық ақ киізге көтеріп, хан тағына отырған емес- оның заманы өтіп кетті. Қазақ халқының тарихында Шыңғыс ханның кейінгі ұрпақтары қарама-қайшы- екіұшты рөл атқарды: бір жағынан, алғашқы кезеңде олар көшпелі ру-тайпалардың бірігіп, жаңа және қуатты қазақ мемлекетінің құрылуына ұйытқы болса, екінші жағынан- олардың билік үшін ішкі күрес-тартысы салдарынан «қазақ»этнонимді құрағанымен де, бірегей халық, ұлт болып толық пісіп-жетілмеген халықтың Орта, Ұлы, Кіші жүздер ретінде «үштік одаққа»бөлініп бытырауына түрткі болып, ақыр соңында бірінің соңынан бірін орыс империясының отарлығына душар етті. Міне,соңғы жайтты терең зерттеп білген Әлихан: «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!»-деп ертеден-ақ халқы алдында серт беріп, сол сертіне ақырғы демі біткенше адал болып өтті. Бірақ өзінің шыққан тегін мақтан тұтты, шыққан тегінің абырой-намысын көзінің қарашығындай қорғады және атақты хан-сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де шексіз қызмет етуді, Алашына қамқор болуды өзінің өтпес-өтелмес борышы, ер-азаматтық парызы санады.
№1кезең: Әлихан Бөкейхан өмірі мен шығармашылығы
Музыкалық номер: «Елге сәлем »әні орындалады.
1-оқушы. Әлихан Бөкейхан өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама оқиды.
№2 кезең: Әлихан Бөкейхан туралы пікірлер:
1-оқушы:
Әлкей Марғұлан:
«Адайлар Бөкейхановтың залқының алдындағы орны толмас қызметін тани біледі екен. Сондықтан оның аса жоғары дәрежеде құрмет теді. Өздеріңіз білетін шығарсыз, қазақ тек ең құрметті қонағына өте сирек құлын сойып қарсы алады. Әрине, бұл өмірде өте сирек болатын жағдай»
2-оқушы:
Көкбай Жанатайұлы:
Қарағым, жалғызымның қазақтағы,
Ұл тумақ сендей болып аз-ақ-тағы.
Өгіз өліп, болмаса арба сынып,
Өмірің өткен жансың азаптағы,
Бал тамған, ханзадам-ай, қаламыңнан,
Тәңірім айырмасын талабыңнан!
3-оқушы:
Мағжан Жұмабаев бір эпиграммасында Әлиханды «заманынан ерте туған ел ағасы»деген ойын:
«Ойы жетім, бойы жетім,
Уа,Әли!
Ел ағасы, Қыр баласы,
Уа, пәлі!»- деп астарлап білдіреді.
4-оқушы:
Атақты ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров «Алаштың Әлиханын» шаттана жырлайды:
«Ас-Салаумағалейкум, данышпаным,
Қамын жеп мұсылманның алысқанымӘ
Көп айдың көрмегелі жүзі болды,
Жүрмісің есен-аман, арыстаным!...
Заманда басқан аяқ кейін кеткен,
Жасымай Алашына қызмет еткен;
Болса да қалың тұман, қараңғы түн,
Туатын бақ жұлдызына көзі жеткен;
Түймеге жарқылдаған алданбаған,
Басқадай бір басы үшін жалданбаған,
«Қайкенде Алаш көркейер»-деген ойдан,
Басқа ойды өмірінде малданбаған...»
5-оқушы:
Азаттық жолында қиян-кескі күресінде өзінің жақын үзеңгілесі әрі адал досы Ахмет Байтұрсынұлы былай жырлаған:
«Қырағы, қия жазбас сұңқарым-ай,
Қажымас қашық жолға тұлпарым-ай!
Үйілген өлексені өрге сүйреп,
Шығармақ қыр басына іңкәрім-ай!»
Музыкалық номер: «Балбырауын»күйі орындалады.
№3 кезең:Әлихан Бөкейхан-ғұлама ғалым
Әлиханның қазақ еліне істеген тарихи қызметі: әдеби тіл тууына себеп болды, өзіне ерген топты діни фанатизмге қарсы тәрбиеледі. Бұдан барып татардан іргесін аулақ салған қазақ ұлты туды (Қ.Кемеңгерұлы, 1924 жыл.Мәскеу)
А.Н.Бөкейханов- қазіргі Қазақстанның халық тұрмысын зерттеген санаулы ғана ғалымның қатарына жатады. (С.П.Швецов, 1928 жыл, Ленинград)
Маңғыстауға шыққан және бір экспедиция- өлкенің экономикасын зерттейтін еді.Оның басшығы біздің аса құрметті қандасымыз, беделді ғалым, экономист, Ленинград университетінің профессоры ӘлиханБөкейханов болатын.(Әлкей Марғұлан)
Мұғалім сөзі:
Әлихан Бөкейханов- көшпелі өркениеттің ұлттық салт-дәстүр мен мәдениеттің негізін сақтай отырып, алдына батыс өркениетінің үлгісі бойынша қазақ қоғамын түбегейлі қайта құрып дамыту, жетілдіру арқылы отарлық бұғауынан азат ету мақсатын қойған реформашыл тобын баулып өсірді әрі оның бүкіл халық мойындаған рухани жетекшісі болды. Ғылыми дәрежесі, ресми ғылыми атағы болмаса да, қазақтың білгір де тәжірибелі «өлкетанушы ғалымы»деген мәртебелі атағы бар Әлихан Бөкейхан Кеңес үкіметі тұсында КСРО Ғылым академиясына Қазақстан бойынша ғылыми сарапшы ретінде жұмысқа тартылып, Қазақстанға жіберілген ең бірінші антропологиялық экспедицияның жұмысына белсенді атсалысты.патша заманында да, Кеңес өкіметі дәуірінде де Қазақ өлкесі және қазақ өнері мен мәдениеті туралы талай құнды ғылыми-танымдық еңбекке кеңесші болды.
Ойын: «Сандар сөйлейді»
1894-1908жж
Жауап: Ресейдің Императорлық Қоғамы Батыс Сібір бөлімінің толық мүшесі әрі Басқару Комитетінің мүшесі
1908-1917жж
Жауап:Ф.А.Брокгауз бен И.А.Ефронның құрастырған энциклопедиясының редакция алқасының мүшесі, осы ұжым әзірлеп жарыққа шығарған 22 томдық «Жаңа энциклопедия сөздігінің»тұрақты авторының бірі.
1908-1910жж
Жауап: «Сибирские вопросы»ғылыми-публицистикалық журналының авторы
1922-1927жж
Жауап: Мәскеудегі КСРо халықтарының Орталық Баспасы Қазақ редакциясының әдеби қызметкері
1926ж
Жауап: КСРО Ғылым академиясының одақтас және автономиялы республикаларды зерттеу жөніндегі арнайы Комитетіне Қазақстан бойынша тұрақты сарапшы.
1913-1917жж
Жауап: Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатұлы сынды көрнекті екі үзеңгілесімен «Қазақ»атаулы газетті дүниеге келтіріп, 5 жыл бойы үзбей жарыққа шығарып тұрған.
Музыкалық номер. Күй «Адай»
Қорытынды кезең. Мұғалім сөзі:
Ә.Н.Бөкейханның қазіргі қазақ әдебиеті тарихында қалдырған бірден-бір өшпес ізі- ұлы, кемеңгер ақын, ағартушы Абай туралы жазып қалдырған еңбегі. Ұлт әдебиетінің өз алдына жеке бір саласы-әдеби сынның іргесін қалап кеткен еңбегі және қазақ ауыз әдебиетінің теңдессіз үлгілерін жинақтап, өңдеп бастырған және зерттеуге қосқан үлесі де зор. Ауыз әдебиетінің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қара қыпшақ Қобыланды батыр», «Ер Тарғын» сынды үздік үлгілерін өңдеп, бастырған, өз замандастары Абай, Шәкәрім, Міржақып, Жүсіпбек сынды ақын-жазушылардың шығармаларына әділ де өткір сын жазып, насихаттаған.
Әлкей Нұрмұхамедұлы Бөкейхан-қазақтың 20-сыншы ғасыр басында ілгерішіл ұлт зиялыларының лидері болды. Ол қазақтың өлкетану ғылымының негізін қалаушы, қазақ халқының төл тарихы, әдебиеті, фольклоры, этнографиясы, Қазақ өлкесінінң экономикасы мен халық шаруашылығы бойынша жүздеген ғылыми ізденіс пен зерттеудің авторы есебінде, ғұлама ғалым, дарынды публицист ретінде кең танылды және өмірінің соңғы сәтіне дейін ғалым болып қалды.
«Мен Кеңес өкіметін жақтырмадым, бірақ мойындадым!».Бұл –«халық жауы» деген нақақтан-нақақ айыппен өлім жазасына кесілген адамның ақтық сөзі болатын. Кеңес өкіметі алдында ол өзін айыптымын деп мойындамады да, өзін ешбір жазықсыз ату жазасына кескен заңсыз биліктен кешірім өтініп жалынып-жалбарынбады да. Ол тұлғаның аты ғана- қалың бұқара халқын рухтандыратын, оның атұарып кеткен ісі, оның артта қалдырған орасан мол мұрасы бой көтеріп келе жатқан жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін оятар еді, ал ұлт тәуелсіздігі мен мемлекеттігі жолында қиян-кескі күреске толы өмір тәжірибесі- келешек ұрпаққа үлгі-өнеге.