Просмотр содержимого документа
«?лем мойында?ан ?лы т?л?а. Т?рбие са?аты»
Ашық тәрбие сағаты « Әлем мойындаған ұлы тұлға» Мақсаты: 1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған ,қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; 2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын ,халқын сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; 3.Оқушы жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,құрметтеу. Көрнекілігі:слайдтар көрсету,үнтаспа, шарлар,суреттер,буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент»
Құрметті ұстаздар, оқушылар ! Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған « Әлем мойындаған ұлы тұлға» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім дер еңіреп, «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырлап өтті. Мың өліп,мың тірілген қазақ халқы аса шытырман талас-тартыспен тәуелсіздікке жетті. Тәуелсіздікпен бірге егемен Қазақстанның жаңа тарихының да жаңа беттері ашылды.
Әр сөздің астарына осы арада
Ағайын ой жіберіп жіті қара
Тәуелсіз Қазақстан тарихында
Тұлғасы Елбасының жеке дара-деп ақын жырлағандай Елбасы десек тәуелсіздік, тәуелсіздік десе Елбасы ойға оралып, нұрлы бейбіт, бақытты күндеріміз сәулесін шашады. Олай болса «1-желтоқсан –тұңғыш Президенті күні» баршаңызға құтты болсын. Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да. Барлығы, елбасымыздың саясатының арқасында.
ІШықты тарап ой-данадан, Бері қарап жұлдыз беті. Өзі қалап сайлап алған, Елімнің бар Президенті-деп «Ой жүйрік» телебағдарламасының желісімен«Әлем мойындаған ұлы тұлға» тақырыбында сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайысқа қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық.Қарсы алыңыздар.
4.Ой толғаныс. Көрсетілген сурет бойынша 2 топта кім екенін табу керек. ( Ш.Әбеновтың суретін көрсету)Оқушылар елбасына арналған ақындардың өлең шумақтарын оқиды.
Қорытынды. Слайд көрсету.
Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.
Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында Биіктей бер, Нұр аға, Қыран қанат талмасын. Қадірлемей тұра ма, Халық сіздей тұлғасын.- деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет. Жеңген топқа сыйлықтар беріледі.