Задача стояла в том как дети освойли государственный язык и воспитание духовно богатой нравственно ориентированной личности, человек, воспринимающего родной язык как основное средство общения, средство получения знаний.
Ожидаемые результаты: понимание казахского языка как одной из основных национально - культурных ценностей казахского народа.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«КГКП "Рудненский музыкальный колледж"»
« Тіл- халықтың жаны»
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: интелектуалды ойын – сайыс.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, ұпай беретін таяқшалар.
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің мерекесіне жиналған қауым. Халықаралық туған тіл күні мерекесіне орай өткізгелі отырған «Тіл-халықтың жаны» атты мемлекеттік тілді меңгеру білімдеріне арналған мерекелік сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.
Әр халықтың өз ана тілі болады. Анамызды қалай сүйсек, ана тілімізді де солай сүюіміз керек. Біздің Республикамыздың тілі қай тіл? Әрбір ұлттың жас ұрпағы ана тілін терең оқып, жете білуге, өз елін, туған жерін сүюге тиісті.
Сабақ С. Мәуленовтың өлеңімен ашылады:
«Сол тілменен махаббатқа тіл қақтым,
Сол тілменен талай гүлді жырлаттым.
Сол тілменен сәбилерді сөйлеттім,
Талайлардың көз жастарын құрғаттым.
Сол тілменен аспан көрдім, жер көрдім.
Сол тілменен көгершінге жем бердім.
Сол тілменен дүниеден кетемін,
Сол тілменен дүниеге мен келдім.»
А) Бұл өлеңде қандай тіл туралы айтылған?
Ә) Сенің ана тілін қай тіл?
Б) Ана тілін біз кімнен үйренеміз?
Сайыстың жоспарымен таныстыру: 1. кезең. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы. Мәнерлеп оқу сайысы. 2. кезең. викториналық сұрақтар. 3. кезең. «Тіл өнер». Мақал-мәтел-сөз атасы (мақалдар сайысы)
4. кезең.Қызықты ұйқастар. 5 кезең. Сайысымыздың бесінші кезеңінде сайысқа қатысушылар «Менің туған тілім» тақырыбында эссе жазады.
1.кезең.Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы. Әр топтың жетекшілері шығып қазақша өлеңдер оқиды.Олар өлеңді мәнерлеп оқып беруі тиіс. Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады.
Қадыр Мырза Әлі. Ана тілің – арың бұл,
Ұяттың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тілінді құрметте! ...
С. Торайғыров. Сүйемін туған тілімді
Анам тілін
Бесікте жатқанымда-ақ
Берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін. ...
2 кезең (1 топ) Менің елім –Қазақстан.
Қазақстан Тәуелсіздікті қай жылы алды? (16 желтоқсан 1991 жыл)
Когда РК приобрела статус независимого государства?
ҚР-астанасы қай қала? (Астана)
Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым? (Президент-Елбасы)
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қашан енгізілді? (1993ж)
Келін, күйеу бала, жезде деп кімдерді атайды? (Келін – сноха, күйеу бала – зять, (муж дочери или сестры), жезде – зять для младших сестер и братьев жены).
Кого называють келін, күйеу бала, жезде?
Қазақ халқы жеті ата сөз тіркесінде нені түсінеді? (родословная, восходящая до седьмого колена. Каждый человек должен знать свою родословную).
Что понимают казахи под словосочетанием жеті ата?
Как строиться геналогическое дерево? (Ата-бала-немере-шөбере-шөпшек-немене туажат).
Какая особенность существует в казахской семье по сохранению қара шаңырақ? (Обычно в родительском доме – қара шаңырақ остается кенже ұл (младший сын), который должен заботится о родителях, семейном очаге).
5. Құрмалас сөйлем дегеніміз не? (Құрмалас сөйлем екі не одан да көп жай сөйлемдерден құралады). 6. Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар? (6 – ыңғайластық, қарсылықты, себеп-салдар, талғаулықты, түсіндірмелі, кезектес).
На сколько видов делиться сложносочиненое предложение? 7. Салалас құрмалас сөйлемнің қай түрі? Балалар ертеңгі тамақтарын ішіп болды да, далаға қарай жүгірді. (ыңғайластық салалас).
8. Сөздердің дұрыс жазылуы ережелерінің жиынтығы қалай аталады? (орфография).
9. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер (антоним).
10. Көп тіл білетін адам? (Полиглот).
(2 топ) Қазақ әдебиеті пәні бойынша: 1.Махамбет Өтемісұлы неше ағайынды? ( 10)
2. « Кел, балалар, оқылық! » өлеңінің авторы кім? (Ы.Алтынсарин)
3. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим) 4. Атақты қазақ ақыны , «Ленинградтық өренім» авторы кім? (Ж Жабаев) Известныи казахскии поэт, автор стихотварения ''Ленинградцыдети мои'' 5. Қазақтың баба-ягасы? (Жалмауыз кемпір). Казахская баба-яга? 6. Екі адам арасындағы сөз жарысы? ( Айтыс). Состязание акынов? 7. Абай Құнанбаевтың анасы? ( Ұлжан ). Мать Абая Кунанбаева? 8. Ержүрек, батыл адам ( Батыр ). Храбры , мужественный человек , герой?
9. Ең алғаш қазақ мектебін кім ашты? (Ы. Алтынсарин).
Кто открыл первую казахскую школу?
10.Қазақ (қырғыз) хрестоматиясын кім жазды? (Ы. Алтынсарин).
3 кезең «Тіл өнер».
- Тіл туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер? - Назовите пословицы и поговорки, в которых речь идёт о языке.
Төменгі мақалдарды орыс тіліне аудару.
- Язык острее бритвы. – Тіл пышақтан (қылыштан)өткір.
- Язык до Киева доведёт – Тіл арқылы Меккеге де жетерсің.
- Язык без костей, что хочет, то и лопочет. – Тіл сүйектен өтеді.
- Язык мой - враг мой – Менің тілім – дұшпаным менің.
- Языком не спеши – спеши делом – Тілмен көрсетпе – іспен көрсет.
- Слушай больше, а говори меньше – Көп тында, аз сөйле.
І топ: Жасырылған мақалдардың жалғасын табуға тиісті. 1.Ең тәтті де тіл,...(ең ащы да тіл). 2.Оқу-білім бұлағы, ...(білім-өмір шырағы). 3.Жүз сом ақшаң болғанша, ...(жүз досың болсын). 4.Білім таппай мақтанба, ...(өнер таппай баптанба). 5.Тіл- қылыштан ...(да өткір). 6.Отан ...(оттан да ыстық).
ІІ топ: 1.Шебердің қолы -ортақ, ...(шешеннің тілі- ортақ). 2.Отансыз адам-...(ормансыз бұлбұл). 3.Ер жігіт елі үшін туады, ...( елі үшін өледі). 4.Мектеп-кеме, ...(білім- теңіз). 5.Жақсы жолдас- жанға серік, ...(жаман жолдас-малға серік). 6.Өнер алды- ...(қызыл тіл).
4 кезеңҚызықты ұйқастар. Әр топтың мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады. Ітоп: 1.Жизнь-өмір, уголь-….(көмір). 2.Число-сан, кровь- ...(қан). 3.Молоко-сут, жди- ... (күт). 4.Человек –адам, шаг- ...(қадам). 5.Таможня- кеден, пол-...(еден). ІІ топ: 1.Возьми- ал, мед-…(бал). 2.Рыба- балық, народ-…(халық). 3.Дверь- есік, колыбель-…(бесік). 4.Город- қала ,ребенок- …(бала). 5.Игра-ойын, шея-…(мойын).
5 кезең. Сайысымыздың бесінші кезеңінде сайысқа қатысушылар «Менің туған тілім» тақырыбында эссе жазады.
Қорытынды. Білімнің мініп алып тұлпарына, Қиналмай шықты білім шындарына. Бойларыңда от бар екен байқадым, Жүректерде шоқ бар екен байқадым. Әрқашанда осы өнерді сөндірмей, Біліміңмен шарықтай бер әрдайым. Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. ....