kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қош келдің, Жаңа жыл

Нажмите, чтобы узнать подробности

2018 жыл Ит жылына арналған сценарийі 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қош келдің, Жаңа жыл»

 





















 

Мектеп оқушыларына арналған жаңа жылдық бағдарлама.

Жаңа жылдық әуен ойнап тұрады.

Екі жүргізуші ортаға шығады.

І жүргізуші: Ассалаумағалайкум! Құрметті қонақтар!

ІІ жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар!

І жүргізуші:

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Жылқы жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

 

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

ІІ жүргізуші:

Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүреміз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік!

(І жүргізушіге) Білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.

І жүргізуші: Дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар  атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!

ІІ жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жылы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

І жүргізуші: Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектеп директоры ... береміз.

ІІ жүргізуші: 

Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

І жүргізуші:  Өзінің құттықтау әнімен ортаға әншілеріңіз (ұл, қыз) келіп тұр екен, қарсы алыңыздар!

Музыка қосылады. Бірақ әнші әнді айтпайды.

Әнші: О, ағайын! Мен ән сала алмаймын. Орталарыңда не Аяз ата, не Ақша қар жоқ. Қалай болғаны? Жаңа жыл деген өзіндік ерекшелігімен болу керек қой. Аяз ата мен Ақша қар келмей, мен ән айта алмаймын.

ІІ жүргізуші: Ойбуууу, ұят болды ғой! Біз шынымен осы Жаңа жылдың иесін ұмытып кетіппіз ғой. Достар, ендеше бәріміз бір ауыздан Аяз ата мен Ақша қарды шақырып алайық. Қалай қарайсыздар?!

І жүргізуші: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды - деп, Абай атамыз жырға қосқандай, ұзақ күттірмей, барлық балалардың қуанышы Аяз атаны ортаға шақырайық.

Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

ІІ жүргізуші: Біз бәлкім шын көңілмен шақырмай жатқан болармыз! Кәне, достар, не тұрыс, шын ниетпен, бар күшімізбен Аяз атаны шақырайық! Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

І - Жүргізуші: Балалар, Жаңа жыл келіп жетті бірақ мерекеміз әлі көңілсіз. Себебі, залымызда Ақшақар жоқ. Кәне, бәріміз Ақшақа мен Аяз атаны шақырайық. Ақшақар қайдасың?

Балалар Ақшақарды шақырады.

Музыка ойнайды. Ақшақардың орнына Мыстан Кемпір келеді.

Мыстан кемпір: Неге сонша айғайлайсыңдар? – (шыршаға қарап) – Мынау не сорайып тұрған? (Шыршаны бұтақтарынан ұстайды). Ой-ей-ей! Дәл мендей ұрысқақ, ашушаң екен! (Назарын балаларға аударады). О! Сендер мұнда не істеп отырсыңдар? Мен сендерді шақырған жоқпын ғой? Шақырған жоқпын! Сәлем деп айтпадым ба? Айтпадым! Ал сендер ше! Айтқан жоқсыңдар! Қандай, тамаша! Сендер дәл мен сияқты тәрбиесіз екенсіңдер! Менің алтындарым! Менің жақсыларым! Мына инеге толы жасыл сорайғанның жанына неге топталып алдыңдар?

Жүргізуші: Мыстан кемпір сен алдымен балалармен, олардың ата-аналарымен амандасып ал! (балаларды, ата-аналарды көрсетеді).

Мыстан кемпір: Ешкімді көріп тұрған жоқпын!

ІІ - Жүргізуші: Сен неге сондай әдепсізсің!

Мыстан кемпір: Сәлеметсіздер ме, бұзық ұлдар мен жылауық қыздар! Не мынау жапырағы жоқ ағаштың жанында отырсыңдар? Мен сияқты жақсы адамға өтуге жол бермейсіңдер!

(Балалардың жанынан өтіп, олардың аяқтарын басқысы келеді).

І - Жүргізуші: Біз мұнда ең жақсы, ең көңілді Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға жиналдық!

Мыстан кемпір: (қуанып) Мереке! Жаңа жыл! (таң қалып) Әнмен қарсыласыңдар ма?

ІІ - Жүргізуші: Әнмен қарсы аламыз!

Мыстан кемпір: Бимен?

ІІ- Жүргізуші: Бимен де!

Мыстан кемпір: Сыйлықпен? А-а-а, Жаңа жыл, сонда сыйлық алғыларың келеді екен ғой! Аяз Атаны тосып отырсыңдар! (тоқтайды). Бекер тосасыңдар! Сендер жыл сайын мендей жақсы, мейірімді Мыстан кемпірді Жаңа жыл шыршасынан не істейсіңдер (қуып жібересіңдер ме)?... Дұрыс қуып жібересіңдер! Маған сыйлықты (бермейсіңдер ме)? ... Дұрыс бермейсіңдер! Сендердің бұл қылықтарыңа әрі қарай шыдайды дейсіңдер ме? Жооооқ! Қазір бәрін сиқырлап тастаймын у – ух (басын қасып, ойланады). Шыдай алмай тұрмын, қалай сиқарлағанымды көрсеткім келеді. Кімді шақырсаңдар да, кімге шағымдансаңдар да өздерің біліңдер! Мен бәрі бір сиқарлауды тоқтатпаймын!

ІІ - Жүргізуші: Солай де? Өте қызық .....

Мыстан кемпір: Ал, мен сиқырлауды бастаймын!

Шыршаның шамдарын жинайын,

Ойыншықтарын сындырайын.

Шырша шамын жанғызбай,

Сыйлықтарын ұрлайын!

(Музыка әуенімен Мыстан кемпір залдан шығып кетеді)

І – жүргізуші: Балалар енді не істейміз? Бізге кім көмек береді? Кімді көмекке шақырамыз?

ІІ – Жүргізуші: Меніңше бізге Аяз ата көмектесе алатын сияқты. Сендер қалай ойлайсыңдар??

І – жүргізуші: Олай болса барлығымыз Аяз ата мен Ақша қарды шақырайық!! Қанекей бәріміз бірге!!!

Аяз ата Ақшақар, Аяз ата Ақшақар, Аяз Ата Ақшақар

Аяз ата келеді. Қасында Ақша қары бар. Таяғын тарсылдата кіріп келеді.

Аяз ата: 

Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,

Жауғанын қапалақтап көріп қардың,

Асыға ұшып келдім құрдай жорып,

Ал, достар алдарыңа келіп қалдым.

Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуіміз сонау солтүстүтіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.

Ақша қар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық. Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр.

І жүргізуші: Аяз ата, ортамызға қош келдіңіз. Сіз де, Ақша қар. Бізде бір қиындық туып тұр!!

Аяз ата: Не боп қалды!

ІІ – жүргізуші: Мыстан кемпір келіп шыршаның ойыншықтарын аламын, шамын жаққызбаймын барлығын сиқырлап тастаймын деп барлығымыздың көңіл – күйімізді бұзды. Сіздер келмесе ән салмаймын деп, әншіміз ренжіп отыр.

І – жүргізуші: Соған сіз бен Ақшақардың көмегі керек болып тұр!

Сол кезде залға мыстан кемпір кіріп келеді..

Мыстан кемпір: Сиқырлаймын барлығын, Шамдарыңды жаққызбай, Тыныштықты ұрлаймын (Деп Шыршаның ойыншықтарын ала бастайды)

Аяз ата: ӘЙ Мыстан кемпір мұнда нестеп жүрсің??

Барлығының тыныштығын ұрлап, көңіл – күйлерін түсіргенше кел менің балақайларымның өнерін тамашалайық! Егер көңілің толмаса сиқырлауыңа рұқсат беремін!!

Ал балалар бәріміз бірге шырша шамын жағайық!

Мыстан кемпір: Жарайды, бірақ мен сенімдімін бұл балалардың ешқандай өнері жоқ!!

ІІ – жүргізуші: Балалар қазір әншіміздің өнерін тамашалап, барлығымыз өз өнерімізді ортаға салып мыстан кемпірдің сиқырынан сақтанайық!

Әнші бала ән айттады!!

Ән салынады. Ән айтылып болған соң Аяз ата әншіге сыйлығын береді.

ІІ жүргізуші:  Аяз ата, көрдіңіз бе, біздің жастар өнерлі. Сіз келеді деп күтіп отырғандары қаншама?! Солардың да өнерін тамашаласақ.

ІІ жүргізуші: Ендеше ортаға мектеп алды даярлық «А» тобының бүлдіршіндерін ортаға шақырайық!

Аяз ата: Тамаша! Керемет балақайлар!!

Ақша қар, сыйлықтар қайда, кәне, берші. Мен мына жастардың жарқын жүздеріне, тамаша өнеріне тамсанып отырмын.

Сыйлықтар беріледі.

І – жүргізуші: Жарайсыңдар балақайлар!!

Ал енді балақайлар бәріміз бірге Аяз атамен «Сиқырлы таяқша» ойнасақ. «А», «Ә» тобынынан 4 оқушыдан ортаға шықса.. (Шыршаны айналып қойылған орындықтарға оқушылар отырады, Аяз ата музыка ырғағымен айналып жүріп, музыка тоқтағанда таяғын бір оқушының алдына қояды сол оқушы өз өнерін көрсетеді)

Аяз ата: Бәрекелді өте керемет! Бул балақайлар мен ойлағаннанда көремет екен! Шеттерінен өнерлі бүлдіршіндер екен!!

І жүргізуші:  

Аяз атамыз бүгін сыйлыққа тола келген екен. Өнерлі жастарымыз да бір риза болып қайтатын болды. Келесі мектеп алды даярлық «Ә» тобының балақайларын ортаға шақырайық!

Ақша қар: Қандай керемет! Кіп- кішкентай өнерлі бүлдіршіндер!

Мыстан кемпір: Менде таңғалып тұрмын! Бұл бір күтпеген тосын сый болды! Мен бұл бүлдіршіндерді еріншек, жалқау балаларма десем, барлығы шеттерінен өнерлі екен!!

Ал балалар мен бәріңіздің өнерлерініңзге тәнті болдым! Мен сендермен бірге бір би билегім келіп тұр!

Ал балақайлар енді мен кетейін басқа ауылдарғада барайын! Қош сау болыңдар! (Мыстан кемпір залдан балалармен бір би билеп шығып кетеді)



Аяз ата: Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!

Жаңа жыл - жаң бағыт,

Әкелсін далама құт.

Өнерлілерің көп болсын,

Елде уайым жоқ болсын.

Тілектерің ақ болсын,

Бастарыңа бақ қонсын.

Келер жылы келермін,

Өнер тағы көрермін.

Сыйлық әкеп сендерге,

Көптен-көптен берермін.

Жақсылыққа толыңдар,

Тек биікке қоныңдар.

Келесі жылы көргенше,

Амандықта болыңдар!

І жүргізуші: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.

ІІ жүргізуші: Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.

Аяз ата қызын ертіп шығып кетеді.

І жүргізуші: Құрметті достар!

ІІ жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар!

І жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, тұлпардай жүйрік болайық!

ІІ жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар! 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қош келдің, Жаңа жыл

Автор: Карипбек Айбегім Дулатқызы

Дата: 16.02.2018

Номер свидетельства: 457831

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""?ош келді? жа?а жыл!" "
    ["seo_title"] => string(27) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl-9"
    ["file_id"] => string(6) "246209"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446310294"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) ""Қош келдің, Жаңа жыл!""
    ["seo_title"] => string(28) "k_osh_kieldin_zhan_a_zhyl_12"
    ["file_id"] => string(6) "448069"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1515170379"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "« Қош келдің Жаңа жыл!»"
    ["seo_title"] => string(24) "kosh_keldin_zhana_zhyl_3"
    ["file_id"] => string(6) "498077"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1549037543"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Жа?а жыл жарыл?асын""
    ["seo_title"] => string(20) "zhanazhylzharylkasyn"
    ["file_id"] => string(6) "275308"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452537938"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Жаңа жылдық ертеңгілік «Келді міне, Жаңа жыл!»"
    ["seo_title"] => string(46) "zhana_zhyldyk_ertengilik_keldi_mine_zhana_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "493003"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1545888027"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства