Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«"?аза?ты? келіндері-ай ж?не ?ыздары-ай" »
Тақырыбы : «Қазақтың келіндері – ай және қыздары-ай» атты сайыс
Мақсаты: Жанұядағы ата-ене, келін, қайын сіңілі, қайын арасындағы қарым - қатынасты нығайту.Ұлттық салт дәстүрімізге байланысты келіннің орнының ерекше екендігін,от -басының ұйытқысы екендігін ұғындыру. Келінге немесе болашақ анаға сыйластықты ояту, ананың өмірге деген маңыздылығын ұғындыру.
Жүргізуші:Қош келдіңіздер ұстаздар! Бәріміз асыға күткен Наурыз тойы келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсау – лықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!-деп Бақтылы апайға сөз кезегін берейік.
Жүргізуші:
Наурыз тойы - мерекесі ұлтымның
Берекесі ырысы мен құтымның
Тәуелсіздік думанымен бір келген
Ұлы күні,Ұлыс күні халқымның
Наурыз-салт,Наурыз-дәстүр,Наурыз дінің
Жыл басы ,Ұлыс күні, жаңа жылдың
Көктем көк көл-көсір боп жердің жүзі
Көк басар туған жердің бар адырын
Армысың, жиылған жұрт , асыл халқым
Сақтаған ғасыр бойы дәстүр – салтын
Ынтымағын елдігін биік ұстап
Шығарған талай жерде қазақ атын
Құрметті ұстаздар сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бір қолымен бесікті бір қолымен әлемді тербеткен қасиет бойынан табылған келіндер қазақтың әдет – ғұрпы мен салт – дәстүрі , ұлттық тағам түрлерін әзірлеу , көркемсөз оқу, іскерлік пен қолөнер шеберліктерін қаншалықты меңгергендерін көру үшін «қазақтың келіндері-ай және қыздары – ай » атты сайысымызды тамашалаңыздар!
Сайыс, сайыс көңіл шіркін тасысын
Сайыс сайын жанкүйірлер қол ұрсын
Өнерлерін аямайтын біздерден
Сайыскерлер ортамызға кеп енсін-деп отырып бүгінгі сайысқа қатысушы жас келіндерімізді қол соғып құрметтеп ортаға шақырамыз