kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Индер ауданыны? т?л перзенті, зейнеткер ?стаз ?ани ?абдуллинаны? «Отан?а же?іспен орал?андар» атты кітабыны? т?сау кесеріне арнал?ан кешті? сценарийі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Біз жар?ын болаша?пен ас?а? м?мкіндіктер д?уірінде ?мір с?рудеміз  Мемлекет басшысыны? бастамасымен ?сыныл?ан ?лт жоспары барша азаматтар?а арнал?ан заманауй мемлекетті? берік іргесі болатын  ?аза?стан дамуыны? д?ниетанымды? негізіні? стратегиялы? келешегін ?алыптастыратын жобалар. ?аза?стан хал?ы Ассамблеясы Елбасы Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаевты? бейбітшілікпен келісім ?лгісіні? жар?ын к?рінісіне айнал?ан

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Индер ауданыны? т?л перзенті, зейнеткер ?стаз ?ани ?абдуллинаны? «Отан?а же?іспен орал?андар» атты кітабыны? т?сау кесеріне арнал?ан кешті? сценарийі »

Индер ауданының төл перзенті, зейнеткер ұстаз Ғани Ғабдуллинаның «Отанға жеңіспен оралғандар» атты кітабының тұсау кесеріне арналған кештің сценарийі

Сценарийді дайындап, жүргізген; Орталық кітапхананың әдіскері Азанова Гульзина Тыныштыққызы

Өтетін орны: Аудандық өнер мектебі

Уақыты: 2015 жыл 21 қаңтар


Жүргізуші: Құрметті аудан тұрғындары, қадірлі қонақтар!

Өз топырағымыздың төл перзенті, Еңбек ардагері, әкеден балаға жалғасқан ұстаздық мамандықтың алтын діңгегін үзбей, Егеменді еліміздің ертеңі-білікті де білімді ізбасарлар тәрбиелеп шығаруды азаматтық борышым деп түсінген аяулы ұстаз-Ғабдуллина Ғайни Ғабдоллақызының шығармашылығына арналған кешке хош келдіңіздер!

Қазақтың дархан даласындай пейілі кең, атқарған ісі мен өнеге жолы кейінгі буынға үлкен сабақ, өмір мектебіндей болған, елдің дамуына алаңдаушылық танытып, ізгілікті істердің бастауында жүретін Ғайни апамыз, мінекей ортамызда отыр.Отбасында аяулы ана, ұрпақ үшін қадірлі ұстаз, қамқор да ақылшы ел анасы, Индер ауданының «Құрметті азаматы» Ғайни Ғабдоллақызының шығармашылығына арналған бейнебаянды тамашалаңыздар.

Өмірбаяны оқылып жатқанда, слаид көрсетіледі.

Ғайни Ғабдоллақызы-Атырау облысы,Индер ауданында 1932 жылы дүниеге келген.1950 жылы Елтай орта мектебін,1954 жылы Орал педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, ұзақ жылдар аудан мектептерінде мұғалім болды.Ардагер ұстаз еңбек демалысына шықса да,аудандық атқару комитетінің тапсырмасы бойынша «Кітап қоғамында», Қазақ тілі қоғамында жұмыс істеді. Ұстаздық еткен жылдар да абыройсыз болған жоқ. Ең бастысы, Ғайни апай тәрбиелеген шәкірттер Қазақстанның түкпір-түкпірінде ел дамуына еселі үлес қосуда. Ұстаз отбасында балаларымен бақытты болса, ел арасында шәкірттерімен мақтана алады.Еткен еңбегі еленіп, «Аға мұғалім», Ұлы Отан соғысы тұсындағы «Балалар еңбегінің тылдағы еңбеккері», «Ұлы Отан соғысының 60-65 жылдығына арналған мерекелік медальдармен, « Еңбек ардагері», «Индер ауданының 80 жылдық» төсбелгісімен т.б.құрмет грамоталарымен марапатталған. «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» дегендей Ғайни апамыз отбасы-ошақ қасында отырып қалмай, ел дамуынан қалыс қалмай, араласып, Елбасымыздың жолдауын халыққа түсіндіру жолында еңбек етуде. Жасы биыл 83-ке келседе әдебиетіміздің қорына аналық жүрегімен, елге деген махаббатымен жазылған еңбектерін қосып еселеуде. 2010 жылы «Отқа оранған балалық» атты, 2011 жылы «Егеменді еліміздің елеулі ұстаздары», 2012 жылы «Өзіңді жүрміз сағынып» атты кітаптарын жарыққа шығарды. Бүгін міне, Ұлы Отан соғысын бала кезден естіп өскен ана «Ұлы жеңістің 70 жылдығына» арнап «Отанға жеңіспен оралғандар» атты кітабын оқырманға ұсынып отыр. Бұл кітаптың басты идеясы- Ұлы Отан соғысындағы фашистік Германияны тізе бүктірген Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ұлығылау, ұрпаққа үлгі ету. Қанша уақыт өтсе де халық зердесінде мәңгі сақталған соғыс ойранына шарпылмаған отбасы некен-саяқ. Ана перзентінен, ару асыл жарынан, бала аяулы әкесінен мәңгілікке айрылып, қара жамылып қалған, сол кездегі қасіретті қаралы жылдардың жаңғырығы әлі күнге жүректерді сыздататынын оқырманға түсінікті тілмен, нақты дәлелдермен келтірген. Бұл қайғылы шежіре халықтың зердесінде қанмен жазылып, жадында берік сақталуда. Автор бұл кітабын жазу арқылы уақыт алға жылжыған сайын ерліктің шоқтығы биіктеп, қадір- қасиеті мен бағасы артып, тағылым тәрбиесі мен мән-мағынасы мейлінше тереңдеп, даралана түскенін, бүгінгі ұрпақ қана емес,болашақ ұрпақта осы естелік кітапты қолға алып, бабалар аруағына сыйынып, олардың өмір жолын, ерлігін, адалдығы мен әділдігін ғибрат тұтатынын қалайды.Бүгінгі тұсауы кесілгелі отырған кітаптың авторы, осы кітаптың ізімен, Социалистік Еңбек Ері Сақан Дәулетқалиевтің ағасы Ұлы Отан соғысынан оралмаған Қабшеш Дәулетқалиев туралы жазылған «Жат жерде қалған жауынгер» атты кітабын аяқтау үстінде.

Бүгінде, Ғайни апай балаларынан бақыт тапқан ана. Отағасы Жұмағалиев Жолғали өмірден ерте өтсе де, дүние есігін ашқан 2-ұл мен 2-қыздың өмір жүгін арқалаған апамыз балаларын оқытып, тоқытып, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай жеткізді. Балаларының бірі-Тамбов қаласындағы химия-машина құрастыру университетінің құрлысшы мамандығы бойынша бітірсе, қалған 3-еуі аналарының жолын қуып ұстаздық мамандықты меңгерді.Апамыз бүгінгі күні сол балалардан 13-немере 13-шөбере көріп, қызығына кенеліп отырған ардақты Ана.

Ендеше, бүгінгі кештің иесі Ғайни апамызды сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Ғайни апа хош келдіңіз! Бүгінгі кеш өзіңіздің шығармашылығыңызға арналады. Бұл шара Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған шаралардың бірі ретінде жоспарға еніп, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен өтуде. Сонымен қатар, бүгінгі шараға Аудан әкімдігінен Әлифолла Хабиболлаұлы және ауданның бөлім, мекеме басшылары, ауданның кітап сүйер оқырмандары, мектеп мұғалімдері, оқушылар және мәдениет қызметкерлері қатынасып отыр.

Бүгінгі кеш құрметіне арналған сазды сәлемімізді қабыл алыңыздар!


Сіздердің алдарыңызда Ауданымыздың дәстүрлі әншісі, облыстық, аймақтық байқаулардың жүлдегері Еркін Аубакиров. Ф.Оңғарсынованың сөзіне жазылған С.Ғалымның әні «Өзіңмен кездескенде»

Жүргізуші: Құрметті шараға қатынасушы қонақтар! Кітабымыздың «тұсау кесер» рәсімін жасау үшін Аудан әкімінің орынбасары Әлифолла Хабиболлаұлын және ортаға шақырамыз.

Бүгінгі шараның алғашқы сөзі аудан әкімінің орынбасары Балахметов Әлифолла Хабиболлаұлына беріледі.

Жүргізуші:Ұстаз- тағылым мен ізгілік ұстасы.

Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – ол ұстаз. 
Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірде өзі де , өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. 
Ұстаз берген тәлім-тәрбие, оның бойындағы имандылық, ыждағаттылық, ынта-зейін, руханият, жаңашылдық, ізгілік, бұның барлығы да біздің Ғайни апамыздың бойынан табылатын қасиеттер. Ендеше келесі сөз кезегін ұстаздар қауымы атынан Аудандық білім бөлімінің басшысы Шакимов Берік Жеңісұлына береміз.

Келесі сазды сәлемімізді қабыл алыңыздар « Ана» әнімен ортада әнші қыздарыңыз Сағындық Айданақ. Қарсы алыңыздар!

Жүргізуші:Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің кәусар бұлағы, махаббаттың шуақты күні –Асыл ана, Ұлағатты ұстаз, бүгінгі аяулы әже Ғайни апамыз бүгін біздің ортамызда.Құрметті Ғайни апа! Сіз өз ұрпағыңыздың ғана емес, сізден дәріс алған сансыз шәкірттеріңіздің де Анасысыз! Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – ұрпақ тәрбиесіне сіңірген сіздің еңбегіңіз ұшан теңіз. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар шәкірт жүрегіне гүл еккен, бала жанының бағбаны Сізден тәлім –тәрбие алған шәкірттеріңіз бүгінде бірі- ақын, бірі-ғалым, бірі-тарихшы.Атап айтсақ Есенжол Домбаев-жазушы, сатирик, бірнеше кітаптардың авторы,Жанаев Тәжібай-жазушы,Балғарина Бақыт-Егемен Қазақстан газетінің тілшісі,Ибраим Жакиев- ақын, Мәжит Мұхтаров- ақын, өлкетанушы,Салманов Сүйеген- мұнайшы, Лениндік сыйлықтың лауреаты. Осындай шәкірттер тәрбиелеген ұстаздарымызға басымызды ие отырып, келесі сөз кезегін

3. Ғайни апамыздың шәкірті, Аудандық мұражайдың ғылыми қызметкері, ақын Самиғолла Ғалымға береміз.

Жүргізуші: Ендігі кезекте апамыздың бір топ өлеңдерін оқу үшін, аудандық шығармашылық орталығы мен аудандық өнер мектебінің «ақындар үйірмесінің» шәкірттерін ортаға шақырайық.

4- бала өлең оқиды

Жырдан шашу шашқан жас оқырмандарымызға қол соғып қоялық





Жүргізуші: Ұлылық атаулыны жүрегіне жиған Ғайни апамыз мұрағат деректеріне, ауыз-әңгімелерге сүйене отырып жазған бұл кітабына Москва, Ленинград , Сталинград шайқасына қатынасқан қазақстандықтар туралы және Есбол ауданынан майданға аттанып, одан аман келген жауынгерлер мен тыл еңбеккерлері арқау болған. Сонымен бірге бұл кітапқа Баян Жанұзақованың, Ахмет Бердешовтың, Ардагер-журналист Жұмаш Нақпаевтың, Мәлік Исабековтың,С.Халықовтың, Мұқанәлі Қарашиннің, Гүлфия Көшбаеваның естеліктерімен, очерктері топтастырылған. Кітап желісі бойынша соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді.Қазақстандық 36- жеке атқыштар бригадасы 30- дан астам ұлттан құрылды.Армия қатарына 1 млн 196164 қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды. Бұлардың арасында біздің жерлестерімізде бар еді. Майдандағы ерен еңбегі үшін көптеген жерлестеріміз бірнеше жауынгерлік орден, медальдарын кеуделеріне тақты. Жерлестеріміз Н.Ғабдиев,І.Көпбаев,Қ.Есбосынов, Қ.Қашқынов, Т.П.Зубакин, Б.Қабиев.Ү.Тасқарин,Ғ.Шәріпов тағы басқалар есімдері ұрпақтар жадында мәңгі сақталады. Ал бүгінгі ортамыздағы Қ.Дүйсенғалиев,Қ.Мурзин,Р.Шахметов,Б.Баетов,Ә.Жалбыров,Ж.Жанғалиев, Т.Бекенов, т.б. соғыс ардагеріне құрметіміз шексіз.

2.Олай болса келесі сөз кезегін Отан қорғау ісінде және бейбіт еңбектегі ел ісін ұлығылап, болашақ ұрпақтың санасына сіңіру жолында талмай еңбек етіп жүрген қаламгер, Аудандық «Дендер» газетінің тілшісі Халықов Сүйеуге береміз.

Жүргізуші: Ел анасы –туған жер, Ер анасы-туған ел. Сол туған елінің ең жарқын да бақытты болашағы үшін ниеттес те тілеулес болып жүрген апамызды бүгінгі шығармашылық кешімен құттықтау үшін сөз кезегін Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тілепқалиева Жеміс Базарғалиқызына береміз.





Жүргізуші:Киелі Дендер топырағы талантты тұлғалардан кенде болмаған. Солардың бірі әрі бірегейі жерлесіміз,Қазақтың тұңғыш бард ақыны, Жазушылар одағының мүшесі, Журналистер одағының мүшесі Табылды Досымовта осы Ғайни апамыздан оқып, дәріс алған. Апамыздың бұл кешінде шәкірті Табылды Досымовтың бір әнін айтпай кетуге болмас.Ендеше, сіздердің алдарыңызда Аққала орта мектебінің 11-сынып оқушысы Айсабек Төлегенді Т.Досымовтың « Мен қазақпын » әнімен сахнаға шақырамыз.

Жүргізуші: Алам деп биіктерді, асқарларды,

Үйрендім мен өмірден жасқанбауды

Ар- намыс қос қанатым талмай самғап,

Жүрегім- аңсаған құс аспандауды,- деген өлең шумақтары бүгінгі кеш иесі үшін арнап жазылғандай. Туған жеріне шынайы сүйіспеншілікпен қызмет етіп жүрген апамызға шығармашылығыңыз шыңдала берсін дей келе сөз тізгінін Ғайни апамызға береміз.

Ғайни апа сөйлейді

Жүргізуші: «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» демекші, Ғабдуллина Ғайни Ғабдоллақызының еңбектері еш уақытта мәнін жоймайды, еліміз үшін, туған халқымен бірге мәңгі жасай береді. Сондықтанда біз жерлестері сізбен мақтана да марқая да аламыз. Құрметті қонақтар! Бүгінгі өнер иесі Ғайни апамыздың тағы бір жарқын туындысының «тұсау кесер» кеші осымен аяқталды. Хош сау болыңыздар!
















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Азанова Гульзина Тынышты??ызы

Дата: 04.05.2015

Номер свидетельства: 208052


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства