kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ертегімде сан ?илы, ?ызы?-?ызы? сырлар бар ...»

Нажмите, чтобы узнать подробности

ииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииии

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ертегімде сан ?илы, ?ызы?-?ызы? сырлар бар ...»»


Жоспар:

І. Сағаттың дыбысы (жаңа-жылдың келе жатқанын білдіретін әуен).

ІІ. Қатысушыларды залға шақыру, қонақтармен амандасу.

ІІІ. 1-хоровод.

Монтаж.

«Ертегілер» әні.

Ертегі көруге шақыру туралы сөз.

IV. Ертегінің басталуы.

V. Ертегінің : 1. Шиеленісу шағы - а) ханшайымның бұйрығын хабарлау

ә) кемпірдің Настяны бәйшешек әкелуге жіберуі

б) Настяның жабырқаулы көңілін көтеру үшін оқушылардың әні (2- хоровод)

в) Настяның шыршаның жанып, жол көрсетуін өтіну сөзі (шырша жанады)

2. Шарықтау сәті - а) Настяның 12 аймен кездесуі

ә) балалардың Настяға көмектесуі үшін айлардың шарттарын орындауы

(Ән, би, ойындар,3-хоровод)

б) Настяның қиындықтан шығуына көмектесуге Аяз ата мен Ақшақардың келуі,4-хоровод

в) ескі жыл мен жаңа жылдың кездесуі, алмасуы

г) көктемнің басталуы, 5-хоровод


3. Қорытынды кезеңі - а) Настяның патшалыққа бәйшешектерді тапсырып, бір сандық сыйлықтарға айырбастауы (балаларға сыйлықтар табысталады)

б) ертегінің сәтті аяқталуына орай карнавалға қатысушылардың бірігіп флэш-моб билеуі















Сағаттың дыбысы (жаңа-жылдың келе жатқанын білдіретін әуен).

1-жүргізуші:

-Армысыздар ардақты ағайын. Ұлағатты ұстаздар!

2-жүргізуші:

-Бармысыздар,замандас, бауырлар,шабытты шәкірттер!

1-жүргізүші:

-Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың,

Көргендер де көрмегенде арманда

Жаңа-жылың құтты болсын ағайын.

2-жүргізуші:

-Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып ,арайың,

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген

Жаңа-жылың құтты болсын ағайын.

1-жүргізуші:

-Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа-жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен,әсем ән,сәнді бимен өткізуге атсалысамыз деген үмітіміз бар.

2-жүргізуші:

-Олай болса,көңіліміздің керегесін кеңейтіп ,баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

1-хоровод «Шыршаға бардық»

Монтаж.

«Ертегілер» әні - ОрындайтынБалғабаева Айым.

Ертегіші:

Ертегі көруге шақыру туралы сөз:

Келіңдер жас ұландар,

Ертегімді тыңдаңдар,

Ертегімде сан қилы

Қызық-қызық сырлар бар.

Айлар келіп бір шешімге,

Достаспақшы ниетпен,

Жиналыпты келісімге

Соныменен,балалар,

Жаңа-жылға арналған,

Ертегіні көріңдер

Шын бағасын беріңдер.

Интерактивті тақтадан ертегінің басталуынан үзінді көрсетіледі

Ханшайым: мереке қарсаңында бәйшешек көргім келеді! Басқа сыйлықтың керегі жоқ маған! Бәйшешек керек, бәйшешек!

Қызметші: ұлы мәртебелім, қазір қыстың қақ ортасы, бұл уақытта ешқашан бәйшешек болмайды да , болуы да мүмкін емес!

Ханшайым: ештеңе де естігім келмейді! Менің бұйрығымды тыңдаңдар: кім жаңа жыл қарсаңында патшалыққа бір себет толы бәйшешек әкелсе, сол адамды бір сандық сыйлықпен марапаттаймын!

Қызметші: әміріңе құлдық, ұлы мәртебелі ханшайымым. Бұйрығыңызды қара халыққа жеткізейін....

Хабаршы:

Тыңдаңыздар-тыңдаңыздар!Біздің мәртебелі ханшайымның бұйрығын орындауға шақырамын .Жаңа-жыл қарсаңында кім патша сарайына бір себет толы бәйшешек гүлдерін әкелсе, сол адамға бір сандық алтын береміз!!! Алтын береміз! Асығыңдар, асығыңдар!!!

Кемпірдің туған қызы: Анашым, жаңалықты естідің бе,анау біздің Настяны жіберсек қайтеді, орманға барып бір себет

толған бәйшешек әкелсін.

(Алмасын, пирожкиін жеп еркелеп отырады)

Кемпір : Дұрыс айтасың жіберсек, жіберейік.Ақылдым менің,қандай ақылдысың...

Әр мәселенің шешімін оңай таба аласың...

(бетінен сүйіп, маңдайынан иіскейді)

Бір құшақ отынын (ағаштарын) арқалап Настя келеді.

Кемпір: Настя, жаңалықты естідің бе ?Біздің Ханшайым бір себет гүл әкелген адамға бір сандық сыйлық беретінін айтыпты .Енді сен орманға барып, бір себет бәйшешек әкел!

Настя: Мәссаған!!! Қыс ортасында ненің бәйшешегі. Ол сәуір айында ғана шығады емес пе ?

Туған қызы : Әңгімені қой! Мә, себет, зымыра!!!

Настя: Мүмкін , мен ...таң атқасын барармын?Қазір түн болды, оның үстіне боран соғып тұрғаны!!!

Кемпір: Бар кет, және бәйшешектерсіз келуші болма!

Егер көршілердің үйінде болғаныңды білсем, менен жақсылық күтпе, ұқтың ба?

Настя: Сендер мені түк те аямайсыңдар! Орманнан тірі оралмайтыным анық!!!

(жылап шығып бара жатады, боран, желдің дыбысы)

1-жүргізуші: Ал балалар,біз осылай қарап тұра береміз бе?Қанеки

Настяның көңілін көтеріп бір ән шырқап бермейміз бе?

Әр жерден балалардан дауыстары шығады:

- «Иә,иә,әрине, шырқаймыз!Настя, жабырқама, біз саған көмектесеміз!!!

Настя: Рахмет, балалар!

(2-хоровод «Зырлайды шанамыз» айтылады; боранның, желдің, дыбысы естіледі. Қараңғы, Настя шыршаның жануын өтініп, жол көрсетуін сұрайды, балалар да оған қосылып сұрайды. Сол сәтте шырша жанып, барлығы қуанады)

Настя: Шырша, шырша, жасыл шырша

Жаңа жылдың мәнісің,

Әрбір үйдің сәнісің!

Сұлу шырша, ғажап шырша,

Қараңғы түнде жанып сен,

Қане маған жол көрсет...!

Шамдарыңды жарқыратшы,

Балаларды таңырқатшы.....!


Настя алаңға шығып 12-айды көреді:

-Кеш жарық!Аталарым, ағаларым! Егер сіздердің әңгімелеріңізге

кедергі болмасам, алауларыңыздың қасына жылынып алуыма рұқсат па?

Желтоқсан: Саған да кеш жарық болсын, Настя! Кел жылынып ал , бірақ абайла, күйіп қалма!

Қаңтар: Қызым, бұл не қолыңдағы , себет пе?Сен осындай боран күні

жаңғақ жинауға келіп пе ең!

Настя: Жоқ ата, мен бәйшешекке келдім!

Қаңтар: Қандай бәйшешек? Қарағым ау,қазір бәйшешек гүлдемейді.

Сәуір айын күтуің керек қой!

Настя: Мен өзімде жақсы білемін ғой,ата!Бірақ амалым жоқ,өгей шешем қуып жіберді....... Ендеше, рахмет сіздерге! Алауларыңыздың жылуы жүрегіме дейін жетті...Сау болыңыздар!

Сәуір:Тоқта сұлуым,асықпа!Мәртебелі ағаларым,балалар!

Барлығымыз бір ауыздан бірігіп Настяға көмектеспейміз бе?Ағаларым,

бір сағат уақыт беріңіздерші, Настяға бәйшешек сыйлайын.

Қаңтар: Мен қарсы емеспін! Сендер не айтасыңдар Ақпан, Наурыз айлары?

Наурыз: Біз де келісеміз, солай емес пе ақпан айы?

Ақпан: Иә, келісемін. Бірақ балалар біздің әр қайсымыздың шарттарымызды орындау керек. Балалар не дейді екен?

-Балалар: Біз де келісеміз! Шарттардың барлығын орындаймыз.

Әр ай өз шарттарын қояды, балалар орындайды.

(Ән, би, ойын, жұмбақ жасыру, 3-хоровод «Жаңа жыл»).

Қаңтар: Барлық жерде жел соғып,

Қар жауып, дала борасын,

Түнге қарай күшейіп,

Барлық аймақ ақ мамыққа орансын!

Ендеше, шартым менің, балалар,

Түрлі-түрлі әсем әндер шырқалсын!!!

«Мерекем» әні. Орындайтындар 5 «в», «г» қыздары

Ендігі кезек сенде, Ақпан інім.

Ақпан: Жел тоқтасын, боран соқпасын!

Аяз күшейіп, уақытты ақпан қолға алсын!

Ал менің шартым, балалар,

Думан отын оятар

Би биленсін ортада!!!

«Кавказ» биі. 6 «г» сынып оқушылары.

Кезек сенде, Наурыз інім.


Наурыз: Кең далада қар түсін өзгертеді

Өзендегі мұз сынып,жылғалардан су жүріп,

Жер беті тіріледі...

Менің шартым орындалар,

Бізде әлі билер бар

Би Буги –буги 5в

Настяның қиын жағдайдан шығуына көмектесу үшін Аяз ата мен Ақшақар да келеді.

Қарға залды айналып аяз атаның келе жатқанын хабарлайды:

Қаррррр, қарррр, қарррсалыңдар Аяз ата мен Ақшақар келе жатыр. Қарррсалыңдар!!!

«Қош келдің, Жаңа жыл» ән. 6 «г» сынып оқушылары

Барлығы бірігіп аяз атаның келуін тамашалайды.

2- жүргізуші:
-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.


1-жүргізуші:
* Қуаныңдар, балалар, тамсаныңдар.
* Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
* Аяз ата келеді Ақшақармен,
* Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
/осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./
Аяз ата:
Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
1-жүргізуші:
Ассалаумағалейкум, Ата!
Аяз ата:
Уағалейкумассалаум, балам!
2-жүргізуші:
Армысыз Ата! Армысың Ақша қар.
Аяз ата:
Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым? 
1-жүргізуші:
- көлі шалқып тулаған, Баласы қойдай шулаған, талай батыр мекені қарт Шалқарға келдіңіз.
Аяз ата:
- Бәрекелді, балам! Шалқар ән мен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?
2-жүргізуші:
- Әрине, ата! Шығыстың шырайын кіргізер мың бұралған бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды.
Аяз ата:
-Рұқсат шырақтарым, рұқсат. «Үнді» биі биленеді. 5 «в», «г» оқушылары

1-жүргізуші: Аяз ата, біздің бір қиындығымыз бар. Сіз бізге көмектесе аласыз ба?

Аяз ата: Әрине мен көмектесемін, мен үшін шешімін таппайтын мәселе бар ма? Қанеки, қиындықтарыңды айтыңдар.
2-жүргізуші: Атажан, біз барлығымыз бірігіп Настяға көмектесу үшін он екі айдың шарттарын орындап жатырмыз. Сіздің көмегіңіз бізге ауадай қажет.

Аяз ата: Ендеше мен де немереммен бірге бұл мәртебелі айларымыздың бір шартын орындап берейн.

4- хоровод «Қош келдің, Жаңа жыл»

Қарға залды айналып ескі жыл мен жаңа жылдың келе жатқанын хабарлайды: Қаррррр, қарррр, қарррсалыңдарррр Қой жылы келе жатыр. Қарррсалыңдар!!!

1-жүргізуші:
-Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “қой” жылы келе жатқан көрінеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көртеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?
Аяз ата:
- Бәрекелді қарақтарым! Келсін,қой келсін...
/қой жылы шығады./

Қой жылы: Ассалаумагалейкум, ағайын! Армысыздар, Аяз ата Ақша қар!.
Аяз ата:
Иә, қой, қайда тарттың? 
Қой жылы:
- Тарих қойнауына. Осы жерде мешін бауырыма жолығып кетейін деп келдім. Иә Ата жылдардың алмасу кезеңі де таяп қалыпты.

«Тик-так» ән. 5 «г» сынып оқушылары

/осы кезде мешін жылы келеді./
Жаңа жыл:
- Ассалаумагалейкум, ағайын! Ассалаумагалейкум Аяз ата! Ассалаумагалейкум, қой аға! Армысың, Ақша қар.
Аяз ата:
- Бар бол балам.

Қой : Ал, мешін інім, жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсың. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырам, қарағым.
Жаңа жыл:
- Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант етемін.
Қой жылы:
- Ал, мен жылжиын, ағайын! Келген жылдарың құт береке сыйласын!
1-жүргізуші:
Қош, өткен жыл! 
Қош келдің Жаңа жыл.

Аяз ата : Ал, балалар, Настяжан, он екі ай, бүгін біз барлығымыз бірігіп үлкен шаруа атқардық, қыс ортасында көктемнің келуі ол бір ғажайып құбылыс, қане Сәуір достым, гүлдеріңді сыйлай ғой Настяға, ал мен болсам басқа елдерге қарай жылжиын.

Наурыз: иә, Сәуір бауырым, барлық шарттар орындалды, ендігі кезек өзіңде...

Сәуір: Көктем келді ортаға,

Құстар ән сап маңайға,

Көптен күткен бәйшешек

Толып шықты қырларға...

Барлық шарттар орындалғаннан кейін көктем басталады.(Әсем әуен, тамшылардың дыбысы, құстардың сайрағаны естіледі)

-Сәуір: Настя, неғып тұрсың жылдам гүлдеріңді жина сенің бір-ақ сағат уақытың бар! (Сәуір бәйшешектерді шашып жүріп айтады)

Настя таңырқап тұрып:

-Мен үшін қыстың ортасында көктем басталды ма?Өз көзіме өзім сенбей тұрмын!Қандай ғажап!

(гүл теруге кіріседі; интерактивті тақтада көктемнің және бәйшешектердің суреті көрсетіледі)

-Настя: Көп рахмет сіздерге 12-ай,көп рахмет сендерге балалар, Аяз ата сізге де мың алғыс!!!Сіздерді ешқашан ұмытпаймын!!!

2-жүргізуші:
Ал, Аяз ата, Ақша қар! Сіздердің әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.
1-жүргізуші:
-Иә, ата мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.
Аяз ата:
Болар, болар... 
Уа!!!
Мен батамды берейін,
Үстем болсын мерейің
Әрқашанда бұл елге,
Қуанышқа келейін.
Жақсылық елден кетпесін,
Жамандық, келіп жетпесін..
Бейбітшілік заман болсын.
Ел іргесі аман болсын.

5- хоровод «Жаңа жыл»

Настя залға қайта оралып: ұлы мәртебелі патшайым, сіздің тілегіңіз орындалды , бұл бұйрығыңызды орындауға маған көп мейірімді жандардың көмегі тиді.

Ханшайым: тамаша, алақай, менің бәйшешектерім! Қызметшісіне қарап : уәделескен бір сандық сыйлығын беріңдер!

Настя: Балар, мен бүгін сіздердің арқаларыңызда тірі қалып, осындай сыйлыққа ие болдым , енді осы сыйлығыммен сіздермен бөлісейін. Барлығыңызға мың алгыс!

Настя еліне қайтып, патшалыққа гүл әкеледі, ал патшалық Настяға сандық толы сыйлықтар береді. Бірақ Настя ол сыйлықтарды өзіне алмай, балаларға алғыс ретінде таратады. Ал кемпір мен оның туған қызын «12-ай» жазалағаны туралы хабар келеді.

«Бағала» ән , орындайтын Дәулен Е.

Настяның үйіне аман-есен жетіп, бақытты өмір сүруіне орай оқушылар, жалпы зал, барлық карнавалға қатысушылар болып флэш-моб билейді.

Назарларыңызға рахмет!!!


































5 орта мектеп











«Ертегімде сан қилы,

қызық-қызық сырлар бар ...»


« Он екі ай» орыс халқының ертегісі

желісімен құрылған жаңа жылдық сценарий

(5в,5г,6г сыныптары )






Әзірлеген: сынып жетекшілері Сальменова Гүлия Темирбековна

Жангельдина Мерует Хасеновна

Сағынбаева Мария Жайбергеновна























2015-2016 оқу жылы


Қатысушылар:


Р/с

Рөлі

Аты-жөні

Сыныбы

1

Ертегіші


Сағынбаева Мария Жайбергеновна


2

Кемпір


Сальменова Гүлия Темирбековна


3

Настя


Жангельдина Мерует Хасеновна


4

Кемпірдің туған қызы


Рамазанов Азамат

6 «Г»

5

Ханшайым


Қарымсақова Диляра

6 «Г»

6

Хабаршы қарға


Өмірбаева Жанерке

6 «Г»

7

Желтоқсан


Жанғожин Ұлан

5 «Г»

8

Қаңтар


Ұзақбай Исламбек

5 «Г»

9

Ақпан


Жалғасбай Амир

5 «Г»

10

Наурыз


Айтуғанов Рамазан

5 «В»

11

Сәуір


Нұрғали Азамат

5 «В»

12

Мамыр

Қудайбергенов Бекзат

5 «В»

13

Маусым

Мырзатай Мирамбек

5 «В»

14

Шілде

Жарылғапов Санат

6 «Г»

15

Тамыз

Науанов Камшатбек

6 «Г»

16

Қыркүйек

Амантаев Амантөре

5 «Г»

17

Қазан

Елубаев Ерхан

5 «В»

18

Қараша

Рахметов Санжар

5 «В»

19

Аяз ата


Қашауов Рустем


20

Ақшақар


Ақшолақова Тоғжан

5 «В»

21

Қой жылы


Болатбекова Мейірім

5 «Г»

22

Мешін жылы


Тайжан Назерке

5 «Г»

23

Ханшайымның қызметшісі


Өмірзақов Бисұлтан

5 «В»









Сценарий барысында орындалатын музыкалық жолдаулар



Р/с

Сыныбы


Тақырыбы

Түрі

Орындаушылар

1

5 «В»

«Ертегілер»

Ән

Балғабаева Айым


2


«Жаңа жыл кеші»

Ән

Өмірзақов Бисұлтан


3

«Ұлпалар»

Би

«Қыздар» тобы


4

5 «Г»

«Мереке»

Ән

Тайжан Назерке

Түменова Бибіханым


5


«Тик-так»

Ән

Баекешова Әмина

Болатбекова Мейірім


6

«Үнді»

Би

Боранбаева Мерует

Тайжан Назерке


7

6 «Г»

«Бағала»

Ән

Дәулен Ернұр


8


«Қош келдің, Жаңа жыл»

Ән

Қарымсақова Диляра


9

«Кавказ»

Би

«Қыздар» тобы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Ертегімде сан ?илы, ?ызы?-?ызы? сырлар бар ...»

Автор: Сальменова Г?лия Темирбековна Жангельдина Мерует Хасеновна Са?ынбаева Мария Жайбергеновна

Дата: 08.01.2016

Номер свидетельства: 273870


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства