Просмотр содержимого документа
«Елбасы кемеңгер көшбасшы туралы презентация.»
“ Тәуелсіз ел тірегі –
білімді ұрпақ»
Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан
Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасының туы
Елтаңба
Конституция
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны
сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
әні: Шәмші Қалдаяқов Алтын күн аспаны,Алтын дән даласы,Ерліктің дастаны,Еліме қарашы!Ежелден ер деген,Даңқымыз шықты ғой.Намысын бермеген,Қазағым мықты ғой!Қайырмасы:Менің елім, менің елім,Гүлің болып егілемін,Жырың болып төгілемін, елім!Туған жерім менің - Қазақстаным!Ұрпаққа жол ашқанКең байтақ жерім бар.Бірлігі жарасқанТәуелсіз елім бар.Қарсы алған уақыттыМәңгілік досындай.Біздің ел бақыттыБіздің ел осындай!
Қайырмасы:
Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев ( 6шілде1940жыл , Шамалған ауылы , Алматыоблысы ) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.
1-ші Қазақстан Республикасының Президенті
ҚазақстанКоммунистікпартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы 22маусым1989жыл — 28тамыз1991жыл Ізашары: ГеннадийКолбин Ізбасары:Лауазымы ыдыратылған
Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы 22наурыз1984жыл — 27шілде1989жыл
Партиясы: Нұр Отан Діні: ислам
Дүниеге келуі: 6 шілде1940 (72 жас) Шамалған ауылы, Қаскелең ауданы , Алматыоблысы , ҚазақКСР (қазіргі Қазақстан ), КСРО Жұбайы: СараАлпысқызы Балалары: қыздары:ДариғаНазарбаева , Динара Назарбаева және Әлия Назарбаева
4 маусым Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Жастық шағы
Жастық шағы
Теміртауға оралғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев өмірбаянының «жалынды» кезеңі басталды. 1960 жылы 3 шілдеде сол кезде Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы және бірден бір домна пеші іске қосылды. Бұл Қазақстан Магниткасы – Қарағанды металлургия зауытының өмірге келген күні болып саналады. Қазақстанның алғашқы шойынын қорытуға тәжірибелі шеберлермен бірге жас металлург Назарбаев та қатысты.
Ол «Қарметте» басқа да тектес мамандықтарды игеріп, құю машинасының шойыншысы, домна пешінің горновойы, домна цехының дипетчері, газшысы болып жұмыс істеді. Жұмыс өте ауыр еді, кейбіреулер алапат ыстық пен қиындықта шыдамай, есінен танып, мұрындарынан қан саулап жататын. Көптеген жастар осыған төзе алмай, кетіп қалды. Бірақ Назарбаев олардың қатарынан емес еді. Ол бәріне шыдауға ант берді және шыдай біліп, жұмысты дөңгелентіп әкетті. Онымен бірге қиындықтарға төтеп берген жолдастары Төлеген Юсупов пен Болат Кәрімов те жоғары білікті металлургтерге айналды.
Жиырма жастағы Нұрсұлтан өзінің қомақты жалақысының жартысын жас балаларының мұқтаждығына жұмсасын деп, әкесіне жолдап отырды.
Алдыңғы қатарлы жұмысшы қазақ, комсомол мүшесі ретінде Назарбаев БЛКЖО съездері мен жастар фестивальдеріне жиі жіберіліп тұрды. Ол танымал бола бастады, өндіріс үздігі Назарбаевтың суреті орталық баспасөзде де басылды. Жас металлург жұмыстастары арасында үлкен құрмет пен беделге ие болды. Сондықтан ол партияға өткеннен кейін цех парторгы болып сайланды.
Осы жылдарда оның өмірінде тағы бір маңызды оқиға болды. Нұрсұлтан Әбішұлы кейіннен былай деп жазды: «Ал сол жылдардың өмір бойы есте қалатын ең бір елеулі оқиғасы – болашақ келіншегім Сарамен алғашқы кездесуім. Ал бұл кездесу... бір апаттан кейін домна пешінің жанында болған еді. Әдетте апат болып, металл жерге төгіліп жатқанда түгел ауысым бар қалдықты жинап, теміржол қозғалысын қалпына келтіргенше ешкім ешқайда кетпейді. Бұл бір бұлжымас тәртіп еді. Күні бойы боласың ба, тәулік бойы боласың ба, өзің бүлдіргенді өзің ретке келтіруің тиіс. Осындай қолайсыз бір сәт еді – тәулік бойы дерлік табанымыздан тік тұрған кезіміз, тұла бойымыз қазанның түп күйесіндей қап-қара, тек көзіміз жылтырап, аппақ тісіміз ақсияды. Сол күні қосалқы электр станциясында кезекші болып, біздің пешіміздің түбінде не болып жатқанын көруге келген қызға кез бола кеттім. Көп ұзамай тойымыз болды. Өзім екпінділер мен белсенділер қатарында жүргендіктен коллективіміз оны комсомол-жастар үйлену тойы етіп өткізіп берді».
Бақытты жас отбасы тез жетіліп, өсіп-өніп келе жатты, шаңырақтарында үш қыз – Дариға, Динара және Әлия дүниеге келді.
Жас жұбайлардың өздері де кәсіби тұрғыдан өсе берді. Зауыттың жолдамасы бойынша Назарбаев өз цехындағы бірнеше жігітпен бірге Қарағанды политехникалық институтына түсті. Ол онда Теміртауда тұратын талапкерлерден жасақталған ЛП-62-2 (қара және түсті металл құйма өндірісі) тобына
Қызмет жолы:
1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистікпартиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
1990 ж. сәуірінен — ҚазақКСРпрезиденті.
1991 ж. желтоқсанның1-інде тұңғыш рет Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.
1995 ж. сәуірдің29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан РеспубликасыПрезиденті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
1999 ж. қаңтардың10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан РеспубликасыПрезиденті болып қайта сайланды.
2005 ж. желтоқсанның4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
Кітаптары
Кітаптары:
Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:
«Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),
«Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),
«Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),
«Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),
«Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),
«Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),
«Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),
«Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002),
«Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),
«Сындарлы он жыл» (А., 2002),
«Еуразия жүрегінде» (А., 2005).
Реформалары:
Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының (16.12.1991) – дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл-жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды. Экономикалық саясатты жәнедемократиялық өзгерістерді ойдағыдай жүзеге асыруға мемлекеттік құрылымның президенттік республика ретіндегі халық таңдаған үлгісі көп септігін тигізді. Түбегейлі экономикалық ырықтандыру мен саяси реформалар белгіленген өзгертулерді пәрменді жүргізуге асыруға көмектесті.[3]
1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады.
Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде макроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды, өнеркәсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты.
Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленген.
Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Республикада ауылды дамытуға, кедейлікпен күресуге, тұрғын үй құрылысын дамытуға және т.с.с. бағытталған ірі-ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру басталды. Назарбаев индустриалды-инновациялық даму стратегиясын әзірледі,инвестициялық және инновациялық қорлар құрылды. Дүниежүзілік сарапшыларарасында «қазақстандық үлгі» термині пайда болды. Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Оның көптеген бастамалары кең халықаралық жаңғырық тапты әрі мойындалды. Мәселен, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті қызмет, т.б. Назарбаев ТМД, ОАО, Кеденодағы,Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында құруды ұсынған Азиядағы өзара ықпалдастықпенсенімшараларыжөніндегі кеңес (АӨСШК) іс жүзінде жұмыс істей бастады. Назарбаев мәдениеттердің, діндердің, өркениеттердің жүйелі сұхбаттасуын жолға қоюға көп көңіл бөледі. 2003, 2006 жылдары Астанада әлемдік діндер көшбасшыларының съездері табысты өтті.
Нұрсұлтан Әбішұлының отбасы
Отбасылық жағдайы:
Жұбайы — СараАлпысқызы — Халықаралық«Бөбек»балаларқайырымдылық қорын басқарады.
Президенттің үш қызы бар:
Дариға — саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан РеспубликасыПарламентіМәжілісінің депутаты.
Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты 1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. ТимурҚұлыбаевтың жұбайы.[4]
Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.
Н. А. Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар.
Н.Ә.Назарбаев жұбайы Сара Назарбаева
Қызы Дариға Назарбаева
Нұр Отан
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беруде, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Қазақстандағы барлық ұлттар өкілдерінің бір кісінің баласындай, бір қолдың саласындай күш біріктіруіне мүдделіміз.
Астана
Көрікті біздің - Астана
Ақ Орда
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні деп жарияланды.
Елбасымыз шет елдермен достық,татулық,ынтымақтастық саясатын ұстанады
Н.Ә.Назарбаев Дж.Буш
Н.Ә.Назарбаев Д.Медведев
Д.Медведев Елбасымызбен
Б.Обама Елбасымызбен
Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен жаңа оқу орындары ашылды
Халықаралық ақпараттық технологияларуниверситеті
Қазақстанменеджмент институты
Экономикажәне болжауинституты
Қожа АхметЙассауиатындағы Қазақ-түрік университеті
Н. Гумилеватындағы Еуразияуниверситеті
Ұлттық Мемлекеттікзаң университеті
Назарбаев Университетi
НазарбаевЗияткерлікМектебі[3]
бірқатар лицейлер мен колледждер
Президенттік « Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр.
Аса талантты балалар үшін президенттік « Дарын» сыйлығы тағайындалған.
«БОЛАШАҚТА ЕҢБЕК ЕТІП,
ӨМІР СҮРЕТІНДЕР – БҮГІНГІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ, МҰҒАЛІМ ОЛАРДЫ