kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ылыми жоба «У?ЛИХАНОВ АУДАНЫНДА?Ы СЫРТ?Ы ЖАРНАМАНЫ? ?ОЛДАНУЫ МЕН ЖАНДАНУЫ»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мазм?ны

         Кіріспе..................4-

         Негізгі б?лім

          І б?лім

         Жарнама?а жалпы шолу

  1. Жарнаманы? тарихы..............8-
  2. Жарнаманы? р?лі, м?ні,ма?ынасы мен т?рлері......20-

ІІ б?лім

У?лиханов ауданында сырт?ы жарнаманы? жандануы мен ?олдануы

2.1.  У?лиханов ауданында сырт?ы жарнаманы? ?олданылуы...

2.2. У?лиханов ауданында сырт?ы жарнаманы? жандануы....

2.3. Сауалнама  н?тижелері........

?орытынды...........

Пайданыл?ан ?дебиеттер тізімі.......

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ылыми жоба «У?ЛИХАНОВ АУДАНЫНДА?Ы СЫРТ?Ы ЖАРНАМАНЫ? ?ОЛДАНУЫ МЕН ЖАНДАНУЫ» »

Чехов орта мектебі

















ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: «УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНДАҒЫ СЫРТҚЫ ЖАРНАМАНЫҢ ҚОЛДАНУЫ МЕН ЖАНДАНУЫ»



























2014-2015 оқу жылы











Ғылыми жұмыс авторы

Солтүстік Қазақстан облысы

Уәлиханов ауданы

Ақбұлақ ауылы

Чехов орта мектебінің

8 «ә» сынып оқушысы

Токимова Құндыз













Ғылыми жұмыс жетекшісі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Ескендирова

Улжан Еркебековна







2014-2015 оқу жылы





Мазмұны

Кіріспе............................................................................................................4-

Негізгі бөлім



І бөлім

Жарнамаға жалпы шолу

    1. Жарнаманың тарихы...............................................................................8-

    2. Жарнаманың рөлі, мәні,мағынасы мен түрлері................................20-



ІІ бөлім

Уәлиханов ауданында сыртқы жарнаманың жандануы мен қолдануы

2.1. Уәлиханов ауданында сыртқы жарнаманың қолданылуы..............

2.2. Уәлиханов ауданында сыртқы жарнаманың жандануы....................

2.3. Сауалнама нәтижелері.............................................



Қорытынды.............................................................

Пайданылған әдебиеттер тізімі...................................



















Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Ақбұлақ ауылы, Чехов орта мектебінің 8 «ә» сынып оқушысы Токимова Кундуздың «Уәлиханов ауданындағы сыртқы жарнаманың қолданылуы мен жандануы» тақырыбына жазылған ғылыми жұмысының

АННОТАЦИЯСЫ:

Зерттеудің мақсаты:

Жарнамалардың тілдік құрылымын, ерешеліктері мен қоғамдағы орнын анықтау;

Өз өлкемнің сыртқы жарнамасының қазіргі жағдайымен танысу, кемшіліктерін, қателерін анықтап, түзетуге ат салысу;

Уәлиханов ауданының жарнамаларының түрлерін, тиімді, тиімсіз, сәтті және сәтсіз жарнамаларды анықтап, тиісті органдарға хабарлау.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:

Тауарды нарыққа жылжыту жүйесіндегі маркетингтің классикалық тұжырымдамасында жарнаманы ең бірінші орынға қояды. Жарнаманың мәні оның қоғамдағы алатын қоғамдық, экономикалық, маркетингтік және коммуникациялық рөліне байланысты.

Жарнаманың қоғамдық рөлі оның адамдардың санасы, көзқарасы, пікірлері мен мінез-құлқының қалыптасуына әсерін тигізуінде.

Жарнама сұраныс пен ұсынысты қалыптастыруға, бәсекенің пайда болуына, инвестиция табуға, өткізу нарығының кеңеюіне, сайып келгенде осыған байланысты жалпы экономиканың және оның әр түрлі саласының дамуына әсерін тигізеді. Сондықтан жарнаманың экономикалық рөлі ерекше.

Жарнама тауар сұранысының, өткізу көлемінің және фирма пайдасының өсуіне әсер етеді. Бұл оның маркетингтік рөлін көрсетеді. Сондықтан бұл ғылыми жобам қазіргі маркетинг және сауданың жанданған заманында, менің туған өлкемде жарнаманың дұрыс жандануына әсерін тигізеді деп болжам жасаймын.

Зерттеу өзектілігі:

Жарнаманы жан- жақты зерттей отырып, оның қоғамдағы, Уәлиханов ауданындағы орны мен мәнін ашу. Жарнама тек өнім туралы ақпарат беріп қана қоймай, оның тұтынушы санасында әлдебір бейне ретінде қалыптасуына әсер етеді. Осыдан жарнаманың коммуникациялық рөлін, уәлихандықтардың жарнамаға деген көзқарасын білу. Өзім өмір сүріп отырған ортаға жарнаманың бүгінгі күнгі мәнін, маңызын, өзектілігін түсіндіру болып табылады.

Зерттеудің міндеттері:

  • Жарнаманы жалпы толық зерттеу;

  • Уәлихан ауданындағы жарнамалардың түрлерін классификациялау;

  • Өзім өмір сүріп жатқан ортама жарнаманы насихаттап, орфографиялық қатесіз, менталитетімізге сай жарнаманы жарнамалауды насихаттау.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері:

  • Тақырып бойынша ақпарат іздеу және жинау;

  • Жарнамаларды фотоға түсіріп, классификациялап, орфоргафиялық қателерін анықтау;

  • Тақырып бойынша нақты деректер жинап, қорытынды жасау.























І. Жарнамаға жалпы шолу

1.1. Жарнаманың тарихы.

Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo — жар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнама көпшілік ақпарат құралдары (теледидар, радио, газет, интернет, проспектілер, плакаттар, т.б.) арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның ақылы түрі болып табылады. Кез келген жарнама хабарламалық, болмаса назар аудартушылық сипатымен ерекшеленеді. Жарнаманың түрлері көп: сату орнындағы жарнама, институционалдық (жақсы пікір қалыптастыру мақсатындағы) жарнама, хабарламалық жарнама, сауда және көлік жүйесіндегі жарнама, көше жарнамасы (плакат, афиша), ауызша жарнама, баспалық жарнама т.б. Жарнаманың қарапайым түрлері б.з.б. пайда болды. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римде жарнама хабарландыруларын ағаш тақтайларға жазып, халық көп жиналатын алаңдарда айғайлап жар салатын болған. Баспаға басылған Жарнамалар Англия мен Францияда ХVII ғ-да пайда болды. Жарнама қазақ халқына да ежелден белгілі. Оның ауызша үлгілері фольклорлық әдебиетте “жарлық шашу”, “жар салу” ұғымдарымен берілген. Жарнама үлгілері “Қобыланды батыр”, “Мұңлық-Зарлық” және “Оғызнама” жырларында бар. 19 ғ-дың аяғында “Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты” газеттерінде саяси-экономикалық мәселелерге байланысты, оқу-ағарту, әдебиет және өнер-білім бойынша жарнамалар берілген. ХХ ғасырда жарнаманың мақсаты мен мазмұны кеңейіп, икемділігі артты, Жарнама тілінің ішкі құрылымы сараланды. Нарықтық экономиканың қанат жаюына орай Қазақстанда жарнамалық қызмет түрлері сан алуан болып дамуда. Жарнама стратегиясымен айналысатын Жарнама компаниялары пайда болды. Жарнаманың бір түрі — афиша (affіcher — хабарландыру, іліп қою). Театр афишалары — спектакльдер және басқа да көңіл көтеретін шаралар туралы хабарландырулар. Афишалар театрдың алдына, көшелерге, алаңдарға және басқа да көпшілік жүретін орындарға ілінеді. [1]

Жарнама - тауарларға сұранымды қалыптастырып, ұлғайту мақсатында олардың қасиеттері мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты тиімді бағытта тарату.[2]

Жарнаманың қарапайым нысандары біздің эрамызға дейін пайда болды. Біздің уақытымызға жеткен бірінші жарнамалық хабарландыру болып құл сату туралы жазылған египеттік папирус болып табылады. Онда келесідей сөздер жазылған: «ол екі құлағымен жақсы естиді, екі көзімен көреді. Оның тамақты шектеулі ішетініне, шыншылдығына, адалдығына кепілдеме бере аламын». Папирус Британ музейінде сақталған. Біздің заманымызға жеткен жазбаша тарих ескерткіштері Ежелгі Римде гладиаторлық шайқастар, құл саудасы, үй жануарлары туралы хабарландырулар жырларда жазылғанын куәландырады.

Бастапқыда жарнаманың даму ортылығы Ұлыбритания болды, кейіннен әлемдегі жарнама шығындарының жартысынан көбі АҚШ-қа ауысты.

Әлемнің ежелгі мемлекеттерінде ақпарат пен жарнама таратудың маңызды құралы болып глашатайлар табылады. Ең алғашқы баспада басылған жарнама 1472 жылы шықты.

Еуропада баспалық жарнаманың негізін салушы болып дәрігер Теофраста Реностно табылады. Ол 1630 жылы Парижде «Француздық газетте» жарнамалық хабарландырулар басып шығаратын анықтама кеңсесін ашты. Бұл газетте жарияланған алғашқы жарнамалық хабарландыру болып 12 ұрланған жылқының қай жерде екенін көрсеткен адамға сыйақы беру туралы хабарландыру табылады. Кейінірек газет, көтерме, бөлшек сауда мазмұнындағы хабарландырулармен толыға бастады.





























1.2.Жарнаманың рөлі, мәні, мағынасы мен түрлері.

Тауарды нарыққа жылжыту жүйесіндегі маркетингтің классикалық тұжырымдамасында жарнаманы ең бірінші орынға қояды. Жарнаманың мәні, оның қоғамдағы алатын қоғамдық, экономикалық, маркетингтік және коммуникациялық рөліне байланысты.

Жарнаманың қоғамдық рөлі оның адамдардың санасы, көзқарасы, пікірлері мен мінез-құлқының қалыптасуына әсерін тигізуінде.

Жарнама сұраныс пен ұсынысты қалыптастыруға, бәсекенің пайда болуына, инвестиция табуға, өткізу нарығының кеңеюіне, сайып келгенде осыған байланысты жалпы экономиканың және оның әр түрлі саласының дамуына әсерін тигізеді. Бұл жарнаманың экономикалық рөлін ерекшелейді.

Жарнама тек өнім туралы ақпарат беріп қана қоймай, оның тұтынушы санасында әлдебір бейне ретінде қалыптасуына әсер етеді. Осыдан жарнаманың коммуникациялық рөлін байқауға болады.

Жарнама тауар сұранысының, өткізу көлемінің және фирма пайдасының өсуіне әсер етеді. Бұл оның маркетингтік рөлін көрсетеді.

Жарнама дегеніміз – қаржыландыру көзі анық көрсетілген, БАҚ арқылы жүзеге асатын, жеке көрсетілмейтін, тауар мен қызметті жылжыту нысаны.

Әлемнің ең ірі жарнама берушілерінің тізімінде «Procter & Gamble» компаниясы бірінші орында.

Жергілікті өндірушілердің көбі ақшалай қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты жарнама агенттіктеріне жүгінбей-ақ, жұмысты өздері істегенді қалайды.

Жарнама берушілер – бұлар өндірушілер, бөлшек-көтерме саудагерлер, мемлекеттік емес ұйымдар және т.б.

Жарнама агенттіктері – жарнама қызметін ұсынатын делдалдар. Олардың көбі бұқаралық ақпарат құралдарын таңдау, жарнама орнын немесе уақытын сатып алу, жарнама науқанын шығармашылық өңдеу және жарнаманы жасау сияқты қызметтерді ұсынады.

Жарнама құралдары – жарнама таратушылардың жиынтығы. Бес түрлі бұқаралық ақпарат құралдары бар, оларға баспасөз, теледидар, афиша, радио, кино жатады.

60-шы жылдары Америка кинотеатрларында мынадай эксперимент жүргізілді. Кино көрсетілімі кезінде әрбір 24 кадрдан кейін, экранда «Поп-корн жеңіздер», «Соса-Сola ішіңіздер» деген сөздер жарқ етіп шығып тұрды. Өте қысқа уақытта көрсетілгеніне қарамастан, бұл ақпарат адам түйсігіне жетіп, содан кейін санасына әсер етіп, өз кезегінде тауардың сатып алу көлемінің ұлғаюына әкелді. Бұл эксперимент кейіннен «25-кадр тиімділігі» деп аталды. Нәтижесінде мұндай жарнама түйсікке әсер ететін, адам құқықтарын бұзатын жарнама деп танылып, оған тыйым салынды. Бірақ та ғылыми түрде оның адамға тигізетін кері әсерін ешкім дәлелдеген емес.

Алайда кейбір жекелеген фирмалар жарнама науқанын жүргізгенде заттың шынайы жағдайын бұрмалап, жалған хабар таратуы мүмкін. Тауар қасиеттерінің жағымды жағын арттырып, сатып алушыны алдау, тауар сапасына қатысты жалған ақпарат беруді теріс пиғылды жарнама деп атайды. Мұндай жарнама заң бойынша қудаланады. Қазақстанның «Теріс пиғылды бәсекелестік туралы» Заңы тұтынушыларды теріс пиғылды жарнамадан қорғауға бағытталған. Қазақстандағы жарнама қызметі «Жарнама туралы» Заңмен реттеледі.

Жарнаманың мақсаттары тауар туралы ақпараттандыру, еске салып тұру немесе сол тауарға тұтынушылардың сенімін арттыру болып табылады. Мақсаттарына қарай жарнаманы ақпараттандырушы, сендіруші, еске салушы деп бөлуге болады. Хабарлаудың стратегиясы мен тактикасын әзірлеу – компанияның өз хабарламаларында не айтылатындығын жоспарлауы.

Жарнама тиімділігін зерттеу өте қиын. Сату көлеміне жарнамадан басқа тауар сапасы, бағасы, оған қол жетімділік, имиджі әсер етеді.

Жарнамалық агенттіктердің қызметін күшті жеке жарнама бөлімдері бар фирмалар да пайдаланады. Агенттіктерде жарнамалық қызметтерді фирманың штаттағы қызметкерлеріне қарағанда неғұрлым жақсы және тиімдірек орындайтын шығармашылық және техникалық мамандар жұмыс істейді.

Жарнамалық агенттіктің негізін әдетте төрт бөлім құрайды: хабарландыруды жасаумен және өндірумен айналысатын шығармашылық бөлім; жарнама құралдарын таңдауға және хабарландыруларды орналастыруға жауапты жарнама құралдары бөлімі; тұрғындардың сұранысын және нарық конъюнктурасын зерттейтін зерттеу бөлімі; агенттік іс-қызметінің коммерциялық жағымен айналысатын коммерциялық бөлім.

Жарнама берушілер мен жарнамалық агенттіктердің қарым-қатынас бағыттары:

1) жарнама беруші агенттікке нені, қалай және қашан жасау керек екендігін айтады ;

2) жарнама беруші жарнама агенттігінің нені және қалай жасап жатырғандығына мүлдем араласпайды;

3) жарнама беруші мен агенттік ортақ шешімге келе отырып бірігіп жұмыс істейді.

Жарнамалық агенттіктердің атқаратын қызметтері:

БАҚ-рымен өзара қарым-қатынас орнатады, оларда өзінің тапсырыстарын орналастырады және олардың орындалуын бақылайды;

Жарнама берушілерден алынған тапсырыстар негізінде жарнамалық өнім жасайды, шығармашылық және техникалық мамандардың әлеуетін пайдалана отырып кешенді жарнамалық кампания жоспарын, басқа да жарнамалық шараларды жасайды;

Жарнама берушілермен және БАҚ-мен есеп айырысады;

Баспалармен, студиялармен, жарнамалық комбинаттармен, штаттан тыс мамандармен қызметтестік орнатады.

Халықаралық жарнама ассоциациясының көптеген елде жүргізген зерттеулері бойынша қазіргі қоғам экономикасы дамуындағы жарнаманың маңыздылығын Батыс Еуропа респонденттерінің 75%-ы, Азия Тынық мұхит аймағының 76%-ы, Балтық жағалауы мемлекеттерінің 71%-ы атап өтті. Осы аталған мемлекеттер респонденттерінің 70%-ға жуығы жарнаманың тауарлар мен қызметтер сапасын жақсартуға әсері бар екенін айтты.Сонымен қатар жарнама экономика, мәдениет және өнердің бір бөлігі болып табылады.

Журналистика, киноматография, графика, көркем сурет тәсілдерін және түс, көлем мен кеңістікті қолдануда композициялық шешімдерді пайдалана отырып, жарнаманың әр түрлі өзіндік идеялары мен жанрларын жасайды. Жоғары кәсіптік деңгейде орындалған жарнама туындылары адамдардың жақсы талғамын қалыптастырады, рухани және сезім әлеміне әсерін тигізеді, адамның нанымы мен құндылықтарының бағытына ықпал етеді. Жарнамалық үндеудің ең үздігі қолданбалы өнердің туындылары болып табылады. Пішіні, идеясы, көркемдігі, сәтті сценарийі, стилі тұрғысынан үйлесімді жарнама адамға ерекше псиологиялық және эмоциялық әсер етеді.

Жарнама – көптеген білім шеңберлерін қамтитын қоғамның күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылысы. Оны жасау үшін креаторлар, суретшілер, дизайнерлер редакторлар, мәтін жазушылар, психологтар, операторлар және т.б. жұмыс істейді.

Жарнама агенттіктері – жарнама қызметін ұсынатын делдалдар. Олардың көбі бұқаралық ақпарат құралдарын таңдау, жарнама орнын немесе уақытын сатып алу, жарнама науқанын шығармашылық өндеу және жарнаманы жасау сияқты қызметтерді ұсынады. Жарнама беруші оны шығаруға байланысты кейбір қызмет түрлерін өзі жасай алады. Жарнама агенттіктерін таңдаған кезде жарнама бағасын, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін, қызметінің сапасын талдау керек.

Көрсетілетін қызмет көлеміне байланысты жарнама агенттіктері әмбебап және мамандандырылған болып бөлінеді.

Әмбебап жарнама агенттігі ақпарат және жарнама қызметінің барлық аумағындағы қызметін ұсынады. Осындай агентіктерге «Стикс», «Триумф», «Бизнес Магазин» және басқалар жатады.

Мамандандырылған жарнама агенттігі жарнама қызметінің белгілі бір түрін ұсынады. Оларға шығармашылық шеберханалар, жарнама уақытына ие болатын фирмалар жатады.

Шығармашылық шеберханалар жарнаманың ерекше көркем тұжырымдамаларын жасап, ол туралы материалдарды дайындайды, бірақ жарнаманы өткізуде, ұйымдастыруда толық ауқымды қызметтер көрсетпейді. Мәселен, «Герона», «Гридан», «Киік» агенттіктері кең өрісті полиграфиялық қызметтерді, визуалды жарн ама жасайтын жаңа технологияларды ұсынады.

Жарнама уақытына ие болушы фирмалар алдын ала үлкен көлемде БАҚ-тан орын сатып алады, содан кейін оны жарнама берушілерге және жарнама агенттіктеріне сатады

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша жарнама қызметінің нарығында 546 жарнама агенттіктері тіркелген, ал оның саны Жапонияда 4000–ға жетеді.

Жарнама агенттіктердің барлық түрлері өздерінің пайдасын БАҚ-дарынан түсетін комиссиялық алым немесе көрсетілген қызметтері үшін үстеме баға қою арқылы тауып отырады.

Жарнама құралдары – жарнама таратушылардың жиынтығы. Алты түрлі бұқаралық ақпарат құралдары бар, оларға: баспасөз, теледидар, жарнама, радио, кино және интернет жатады.

Қазіргі қоғамда жарнама туралы адамдарда әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Жарнаманы сынаушылар оны адам санасына зиян келтіретін, тауарға қосымша құндылық дарытып, жалған қажеттіліктерді туғызатын айлалы әрекет деп жағымсыз жақтарын ғана көрсетеді.







































































ІІ. Уәлиханов ауданында сыртқы жарнаманың жандануы мен қолдануы

2.1. Уәлиханов ауданында сыртқы жарнаманың қолданылуы

Кез келген жарнама хабарламалық, болмаса назар аудартушылық сипатымен ерекшеленеді. Жарнаманың түрлері көп: сату орнындағы жарнама, институционалдық (жақсы пікір қалыптастыру мақсатындағы) жарнама, хабарламалық жарнама, сауда және көлік жүйесіндегі жарнама, көше жарнамасы (плакат, афиша), ауызша жарнама, баспалық жарнама т.б.

Уәлиханов ауданының орталығы Кішкенекөл селосының жарнамаларын жарнаманың түрлеріне қарай мынадай түрлерге бөлуге болады. Олар: сату орнындағы жарнама, хабарламалық жарнама, сауда, көлік жүйесіндегі жарнама, плакаттар мен баспалық жарнама деп бөліп қарастыруға болады.

Сату орнындарғы жарнамаларға :



















Хабарламалық жарнама:







Жергілікті өндірушілердің көбі ақшалай қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты жарнама агенттіктеріне жүгінбей-ақ, жұмысты өздері істегенді қалайды.

Жарнама берушілер – бұлар өндірушілер, бөлшек-көтерме саудагерлер, мемлекеттік емес ұйымдар және т.б.

















Қорытынды























Пайданылған әдебиеттер тізімі



  1. Дереккөздер[өңдеу]

  2. Жоғарыға көтеріліңіз ↑ "Қазақ Энциклопедиясы"






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
?ылыми жоба «У?ЛИХАНОВ АУДАНЫНДА?Ы СЫРТ?Ы ЖАРНАМАНЫ? ?ОЛДАНУЫ МЕН ЖАНДАНУЫ»

Автор: Ескендирова Улжан Еркебековна

Дата: 25.09.2015

Номер свидетельства: 233653


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства