Кітапханашы: Армысыздар, ардақты қонақтар мен оқырмандар, жыр сүйер қауым!
Екі өмірдің көпірі - өр өткелі,
Өлеңде өзге тұлға, бөлек демі.
Жүз жасаған Жамбылдың әруағы
Қолдасын аруағымен демеп мені – деп ақын
Шөмішбай Сариевтың шығармашылығына арналған Нұрлыбаев атындағы жасөспірімдер апталығында «Жырлары жүректі жаулаған» атты әдеби-сазды поэзия кешімізге қош келдіңіздер!
Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кенде емес. Солардың бірі - өлең өлкесінде өзіндік өрнегімен ерекшеленетін, жүректерді жан жылуымен ерітіп, қиялға қанат сермеген қазақ ақындарының бірі - Шөмішбай Сариев.
Саят «Бәйге»
1-жүргізуші: Ақын Сариев Шөмішбай (15.04.1946 ж.т., Қызылорда облысы, Арал ауданы Шөміш темір станциясында туған) Қамбаш орта мектебін бітірген. Ақын, ғалым, сазгер, филолог ғылым кандидаты. Қазалы аудандық «Ленин туы» және Арал аудандық «Толқын» газеттерінде қызмет істеген. 1965-1971 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінде оқып, журналистика факультетін бітірген .
1970 – 1974 жылдары «Қазақстан» баспасында редактор, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметпен шұғылданады..
«ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдардағы поэзиясы» атты монографиясын жазған. «Ғашықтар жыры»,«Бозжорға» атты авторлық бейнетаспасы жарық көрді. Грузин ақындары Г.Гулиа, И.Абашидзе, орыс ақындары О.Берггольц, С.Викулов, А. Дементьев, Р.Рождественский, авар ақыны Ф.Алиев, молдова ақыны М.Эминеску, т.б. ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Алғашқы «Арайлы көктем» атты ғылыми сын шығармалары 1974 жылы жарық көрді.
1-сынып оқырмандарының орындауында «Жау жау жаңбыр»
2- жүргізуші: Ақынның алғашқы жыр жинағы «Балдәурен» 1974 жылы жарияланған. «Арайлы көктем» (1975), «Теңізден соққан жел» (1975), «Тағдыр» (1976), «Заула, тұлпар» (1979), «Уақыт» (1979), «Өң мен түс» (1980), «Үш өлшем» (1982), «Тағдыр жыры» (1984), «Біздің ғасыр» (1989), «Тамаша, Тамаша, Тамаша» (1989), «Сағынышым - теңіз» (1994) жыр жинақтары басылып шыққан.1996 жылы «Қазіргі қазақ лирикасының ізденістері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.
«Салем саған туған ел»,«Домбыра»,«Қарағым-ай»,«Сарыарқа»,«Аралдан ұшқан аққулар»,«Атамекен-ай»,«Аққу сенім»,«Жер-Ана»,«Ән жүрегім туған ел»,«Үкілі домбыра»,«Дос керек»,«Бозжорға», атты бірнеше ән-өлеңдердің авторы. 1994 жылы «Жазушы» баспасынан таңдамалы өлеңдер томдығы, 1992 жылы «Сүйінші» деген атпен ән өлеңдері жеке жинақ болып басылған. Қызылорда облысының әкімшілігі (2006) екі томдық таңдамалы шығармаларын жариялады. Орыс және әлем классиктерінен, бүгінгі ақындардан бірталай шығармаларды қазақ тіліне аударған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медаль сыйлығының лауреаты (2003), «Тарлан» сыйлығының иегері (2004).
Назым «Орман жыры»
жүргізуші: Осынау сағынышпен Елге еліктім
Киелі топырағын төр көріппін.
Шалғай бір Шөміш атты станцияда
Іңгәлап дүниеге мен келіппін.
Бір адам аян беріп жат көлікті
Түсінде киелі адам бақ көріпті,
Ақбай ағам шешесі түсін жорып,
Шөміш деп маған алғаш ат беріпті.
«Салем саған туған ел» әні Орындайтын Тұрғанбек Бану
2- жүргізуші: Түсімде әжем еніп қуатына,
Мінгізді ақ боз тұлпар жыр атына.
Сол атпен келем шауып кең дүниеде,
Жетсем деп ертегідей мұратыма.
« Әр күнім менің - мүшәйра» - дейді ақын. «Мүшайра» – жүйрік ақын көңілін уақытпен жарыстырған бәйге. Ақынның пайымдауынша, дүниедегі ең жүйрік - өмірдің өзі. Шөмішбай Сариев - жаңа замандағы соны да, жаңа сезімдерін де, ой-пікірлерін де, философиялық ой-толғамдарын да жаңалықтар бар. Жаңалық бар жерде - өмір бар. Өмір бар жерде поэзия бар екендігі ақиқат екендігін дәлелдейді.
«Өмір деген өзі алып өз бәйгесін,
Адамның ғұмырынан алға озады» -деп атап көрсетеді.
Шөмішбай Сариев армандары мен қиялында қазақтың, ұлт ақыны сезімі айрықша күшті. Ол қонағын жыр дастарханымен қарсы алады, оған қымыз орнына жырын, шұбат, жал-жая орнына өлеңін ұсынып сыйлайды.
«Ақын, ең алдымен, адам, сонан соң өз жерінің азаматы, өз заманының ұлы»,- деген еді ұлы В.Белинский. Ақынның адамгершілігі, өмірге көзқарасы, ойы мен сезімі жалпы адамды тануынан, оны бағалауынан бастау алады.
Адамды тану, онымен сыйласу - адамдықтың басты парызы. Өмір –керуенінің жолында ара қатынасын «бұзып алып, қайта жөндеп», «жүктері ауып қалған» «ата-аналарын қайта теңдеп, артып» жүрген («Керуен сарай») адам –сол өмірдің иесі де.
Жанарыс « Дала мен тау»
жүргізуші: Зулайды күндер,
Тулайды жүрек бұлқынып.
Өзімде менің,
Көзімде менің мұң тұнып:
Қалады – ау жастық,
Барады – ау өмір ұмтылып.
Зулайды күндер,
Тулайды жүрек бұлқынып.
Орындайтын Сапархал Бақберген «Қарағым -ай»
2- жүргізуші: Толғанамын,
Тебіренем,
Көңілі - әуен, өмір - өлең,
Елжірейді жан жүрегім.
Аққу құстай – ұясынан,
Қыран құстай – қиясынан,
Самғай ұшқан ән жүрегім
Туған ел!
Ән орындайтын Рүстембек Аружан Бастар Ақнұр «Аралдан ұшқан аққулар»,
Ақын - қазақ табиғатының тамаша жыршысы. Оның өлеңдерінде табиғат пен оның құбылыстары ойлы әрі жанды қалпында суреттеліп, ақын мен оның тікелей тілдесуі, сырласуы күйінде көрінеді.
Табиғаттың әсем, көрікті жағдайларынан жылы әсерленген ақынның өмірдің қайғылы сәттерінен еске алғанда әдемі көріністердің ар жағында жатқан трагедия іздерін танитыны бар. Жұмбағы көп табиғаттың көрер көзге қызғалдағын ұсынуына, қайғының ізін жуып бұлақ ағызғанша күдікпен қарайды. Қызғалдақты боздақтардың қаны ма деп қалса, бұлақ суынан адамның көз жасын көреді. «Мен аунап жатқан мынау жасыл белдер, бабалар денесі ме деп қаламын» дейтіні де бар. Мұның бәрі - табиғат әсемдігіне тамсана бермей, оның бойындағы күрделі шындықты да көре, сол жайлы ойлана білетінін байқатады.
Аружан «Саған айтам домбырам»
1- жүргізуші: Жанардың отын жаулаған,
Жыл сайын өсіп қаулаған,
Жусаның қандай, туған жер,
Балалық шағым аунаған.
Далам боп құшақ айқарар,
Желбіреп желмен жайқалар,
Жарықтық иісі-ай жусанның,
Жаның бір толқып жай табар.
Адам көңілінің күрделілігін, бұралаң-қалтарыстарын ақын «Көңіл көшесі» өлеңінде әдемі аша білген. Ол адам көңілін көшеге теңейді. Кәдімгі өзінің күнде жүріп өтетін көшесі. Екі қанаты самсаған гүл, ойларының бұтағы толы құс. Қиял кезіп жүрген кездесулер мен қоштасулар. Көңілдің бағдар шамы жол сілтеп, көңіл көшесінде зулап аққан машиналар. Осы тіршілік ортасында ой баққан, сыр аңдыған ақын жер үстіндегідей ала көңіл қалпында көрінеді.
Бағдаулет «Ар мен Намыс»
2- жүргізуші: Өмірдің ең ғажайып ұлы күші,
Қарапайым, құпия құбылысы.
Қаланың көшесіндей көп екен – ау,
Көңілдің көшесінің бұрылысы.
Еркіндік болмаса егер несі көктем?
Албырттық жастық па әлде есі кеткен.
Көңілдің светофоры қызыл жанып,
Тұрса да, талай жолды кесіп өткем.
Ақын шығармаларындағы азаматтық үн оның Отан, туған жермен бірге ана тілі туралы жырлары да мұңдалайды. «Ана тілі», «Менің ана тілім ғой», «Ана тілін сүйем ғой» әнінде ананың ақ сүтінен ақын «Қайт, райдан!» өлеңінде ХХI ғасырда халі мүшкіл болып отырған Ана тілін жырға қосты. Атадан балаға мирас болып келе жатқан ана тілінің тағдыры талқыға түскен заманда қазақ тілінің болашағына алаң болған ақын оның жоғын жоқтап, күйін күйттейді.
би «Сағындың ба»
1- жүргіуші: Белгілі ақын Ғ.Қайырбековтың Ш.Сариевті «Қос қанатты ақын» деп атауы да тегін емес. Шөмішбай Сариев – поэзиямызға 70-ші жылдары келген бір топ талантты ақындардың ортасында өз өлең өрнегі, өз дауысы «ә» дегенде белгілі болған ақындардың бірі. Талант жолы деген күрделі.
Үлкен аға, өлең шеберлері, сыншылар - Әбділда Тәжібаев, Мұхаметжан Қаратаев, Әбу Сарсенбаев, Сағи Жиенбаев ақын шығармашылығы туралы пікірлерінде ақынның азаматтық дауысын әлеуметтік кең тыныстағы толғауларынан, публицистикалық өлеңдерінен танитындарын айтады. Қоғамдық әлеуметтік маңызды оқиғаларға, өз тұсындағы саясатқа үн қатып отыру - әрбір тұлғалы ақынның борышы.
Орындайтын Сапархал Бақберген «Үкілі домбыра» әні
Ақынның поэзиядағы екінші қанаты - ән-өлеңдері. Оның жиырмаға тарта өлеңдер кітабына енген үш жүзден астам ән-өлеңдерін Е.Хасанғалиев, Ә.Дінішев, С.Тыныштығұлова, Р.Рымбаева, Н.Есқалиева, М.Жүнісова сынды қазақтың майталман әншілері орындап, ән сүйер қауымға кеңінен танытып келеді. Ақын осы салада қайрат көрсетіп келе жатқан белді таланттарымыздың бірі. Қазіргі таңда ақындық шеберлігі кемеліне келген, ел туралы жан-жүрегімен мол толғап, салмақты жыр жазған ақын.
«Қазағымның күйлері- ай», «Салем саған туған ел», «Домбыра», «Қарағым-ай», «Сарыарқа», «Аралдан ұшқан аққулар», «Атамекен-ай», «Аққу сенім», «Жер-Ана», «Ән жүрегім туған ел», «Үкілі домбыра», «Дос керек», «Бозжорға», «Өзің куә Алматым», «Ойлан, балам», «Еркеледін сен», «Дала гүлі» - атты бірнеше ән-өлеңдердің авторы.
Дариға «Соңғы күн»
жүргізуші: Ақынның әдебиетке байланысты, өнерге байланысты
«Орман жыры» деген өлеңінің мазмұнына тоқтала кетсек, орман сыртынан қарасаң керемет, ғажайып, сұлу. Сол орманды араласам екен деп ойлайсың! Соған сені тастап жіберсе, әдебиетке енесің ғой, сол сәттен бастап ол өте үрейлі, қорқынышты. Өйткені оның арыстандары бар, шайнап тастайтын жолбарыстары бар, қасқырлары бар, түлкілері бар, қорқақ қояндары бар, жыландары бар. Бастапқыдағы таңғалып, құмар болған орман сол мезетте тым басқа. Соған ену, алпауыттарын мойындатудан барып еркін әдебиетке енесің.
«Біздің алдымызда Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Әбділдә Тәжібаев, Қалижан Бекқожин, Хамит Ерғалиев, Сырбай Мәуленов, Жұбан Молдағалиев, Әбу Қайырбеков, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев, Сағи Жиенбаев сынды алыптар болды. Біз ақын боламыз деп келгенде, ол бір қытайдың қабырғасы сияқты еді»,- деп ақын еске алады. Олардың барлығынан өту, өзіңнің ақын екеніңді мойындату үлкен бір күрестен тұрады. Жазушылар Одағына өту, бізге үлкен күш, жетістік болды.
Жұлдыз «Табиғат»
жүргізуші: Ақын ағамыз Шөмішбай Сариевтың Бақытжан, Шолпан,
Байсал есімді балалары бар.Үшеуі де кішкентай күнінде өлең, әңгіме жазған. Ақын бір сөзінде, негізінде ақын-жазушылардың балалары жазса, оны «әкесі жазып берген ғой» дейтіні бар. Нашар жазса әкесіне сөз келеді. Сондықтан балаларына, бір үйге бір жын-ойнақ жетеді деген. Айшабибі деген немере қызым 3-сыныпта оқып жүргенде өлең жаза бастады. Менің өзім 5- сыныпта жазғанмын.Содан «Ұлан» газетіне өлеңдері шықты.
Қазірде сиясы кеппеген жырларын, өлеңдерін маған Астанадан жіберіп тұрады деп еске алады ақын ағамыз.
Бүгінде, ақын ұрпақтары барлығы өмірде өз орнын тапқан жандар - заңгер, мұнай саласында қызмет атқарады. Тағы бір еске ала отырып анасы кіші ұлы Бақтыбайдың қолында тұрған, сонда айтады екен: «Ей, Бақтыбай сені қойшы, мен әлі талай тойға барамын, талай жерге барамын сонда соттың шешесі келді деп айтпайды, ақынның шешесі келді деп айтады»,- депті. Айтайын дегенім, ана – құдірет қой. Менің өлең жазғаныма қуанатын бір адам болса, ол – анам еді. Ақын - «Ана» атты тақырыппен ұлы өмірдің негізі, түп-тамыры
«Әйел», «Ана» деген ұлағатты есімде екенін, өмір өркені әйелде екендігін тебірене толқып жыр етеді.
Балалығым жан анам, қалды ұяда!...
Ойың тарап отыр ма әр қияға?
Бірде кетіп қалғың кеп Алматыға,
Бірде кетіп қалғың кеп «армияға» .
Шақтарда хаттар бізден баяулаған,
Тартып кеткің келеді-ау жаяу маған...
Ұл-қызыңның бәрін де жинап алып,
Түс көріп жүр ме екенсің, аяулы анам?!
Ұлдана «Болашаққа хат»
2 жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқырмандар!
« Жырлары жүректі жаулаған.» - аттыәдеби- сазды поэзия кешімізде ақын шығармашылығын оқырмандарға насихаттай отырып, Шөмішбай ақынның ең таңдаулы туындылары осы пафос биігінде отырған тұсында туғаны даусыз. Оның ақындық туралы ойлары кең, шабытты шағындағы көңіл күйі дарқан, қиялы үлкен. Ол «Найзағайға темекісін тұтатып», «Көкірегіне бұлт жинап нөсерлетуді» ұнатады. «Қолын күнге созып», «жер қойны тамырынан мықтап ұстайды». Сөйтіп өзін «дауыл соқса да елемей, тастап жатса толқын жырың телегей, ұлы мұхит қақ жарылып жол беріп, келе жатсаң алып атом кемедей» сезінеді.
Аружан «Керуен сарай»
Ақын ағамызға шығармашылық табыстар тілей отырып мынандай өлең жолдарымен аяқтағымыз келеді.