Дарынды балалармен жұмыс тақырыбында кочинг жоспары әзірленді. Ең басты мақсаты мұғалімдердің дарынды балалармен жұмыс жасау әдіс тәсілдер тәжірибесін алмасу. Мұғалімдер бұл коучингтен өздерінің тәжірибелерінде қолданатын формалар, әдіс тәсілдерімен бөлісті.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Дарындыды балалармен жұмыс (коучинг)»
Коучинг тақырыбы: Дарынды балалармен жұмыс.
Мақсаты: дарынды балалармен жұмыс барысында қолданылатын әдіс тәсілдері туралы тәжірибе алмасу.
Барысы:
Психологиялық ахуал:
«Сатамын және сатып аламын» әдісі.
Мұғалімдер шеңберге тұрады. Көрші тұрған мұғалімдер бір - бірлеріне өздерінің бойындағы жақсы қасиеттерді сатады және басқа адамның жақсы қасиетін сатып алады.
Теңгелермен бөлінеді (3 топқа)
Топ ережесін құрастыру (1 мин.)
Тақырыпты ашу.
Ребус шешу.
Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.
Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету –мұғалімнің басты міндеті.
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», -деп Абай атамыз айтқандай, озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
1-тапсырма. Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындау үшін кез келген әдісті таңдайды. Сол әдіс арқылы ортаға шығып жеткізесіздер.
І топ: «Дарындылар»
Тапсырма: Дарынды және талантты балалармен жұмыс істейтін мұғалімдердің портретін құру.
ІІ топ: “Зерттеушілер”
Тапсырма : Талантты және дарынды балалардың портретін құру.
ІІІ топ: “Зияткерлер»
Тапсырма: Дарынды және талантты балаларға арналған мектеп сайтын құру.
Кері байланыс.
«Бір сөзбен айтқанда...» әдісі.
2-тапсырма.
Дарынды балаларға арналған тапсырма.
№1 тапсырмалар жинағының түсініктемесі мен мысалдары Сізге екі сөз беріледі. Олардың арасындағы ортақ түсінікті табу керек. Екі сөзге лайықты жалпы қасиетті әр жағдайда іздеу керек. Жауабыңызды берілген қос сөздің қасына жазыңыз. Мысалы: Шырша – Қарағай. Дұрыс жауабы – «Қылқан жапырақтылар». Келесі мысал: Жаңбыр –Бұршақ. Дұрыс жауабы – «жауын-шашын». Бұл сөзді жазу керек. №1 А тапсырмалар жинағы 1. Азия – Африка 2. өсімдіктану – жануартану 3. Феодализм – капитализм 4. Ертегі – жырау 5. Газ – сұйықтық 6. Жүрек – күре жол 7. Копенгаген – Манагуа 8. Атом – молекула 9. Майлар – белоктар 10.Ғылым - өнер №2 тапсырмалар жинағының түсініктемесі және мысалдары Бланкінің сол шетіндегі сөзге берілген төрт сөздің біреуінен мағынасы жағынан бірдей, яғни, синоним сөзді табу керек. Сол сөзді белгілеу керек. Бір ғана сөзді таңтауға болады. Мысалы: Ғасыр – а) тарих; ә) жүз жылдық; б) оқиға; в) прогресс. Дұрыс жауап – «жүз жылдық». Сондықтан осы сөз белгіленеді. Келесі мысал: Болжау – а) ауа райы; ә) хабарлама; б) алдын ала айту; в) себеп. Бұл жердегі дұрыс жауап – «алдын ала айту». Сондықтан жауап белгілену керек. №2 А тапсырмалар жинағы 1. Прогресшіл – а) интеллектілік (білікті); ә) алдыңғы; б) оңтайлы; в) артта қалған. 2. Жою - а) қол қою; ә) алып тастау; б) хабар; в) кейінге қалдыру. 3. Идеал - а) қиял; ә) келешек; б) хабар; в) кейінге қалдыру. 4. Аргумент – а) дәлел; ә)келісушілік; б) талас; в) фраза. 5. Миф – а) ескілік; ә) шығармашылық; б) аңыз; в) ғылым. 6. Бейморалдық – а) тұрақты; ә) қиық; б) жағымсыз; в) азғын (адамгершіліксіз). 7. Талдау – а) фактілер; ә) талқылау; б) сын; в) ептілік. 8. Эталон – а) көшірме; ә) форма; б) негіз; в) үлгі. 9. Сфералық – а) сопақша; ә) шар тәрізді; б) бос; в) көлемді. 10. Әлеуметтік – а) сүйкімді; ә) ерікті; б) жоспарланған; в) қоғамдық.
РЕФЛЕКСИЯ. 1.Бүгінгі коучинг сабағы сізге түсінікті болды ма? 2.Не жақсы өтті?
3.Не жақсы өтпеді? 4.Өзіңіз сабақта нені қолдана аласыз? 5.Нені өзгерткіңіз келеді? 6.Сізге не ерекше қызық болды?----------- 7.Сізге ең пайдалысы не болды?----------
Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№2 орта мектебі» КММ