kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Б?рымды ?ыз" ?ыздараралы? сайыс.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: ?ыз балаларды? жан д?ниесіндегі к?ркемдік тал?амын ?алыптастыру, ?аза? хал?ыны? ?ыз т?рбиелеу салт-д?ст?ріне байланысты ?дептілікке, инабаттылы??а, ізеттілікке т?рбиелеу.

   К?рнекілігі: «?ыз-елді? к?ркі» (?лтты? киімді ?ыздарды? суреттері), «?нер таусылмас азы?»(?ол?нер т?рлеріні? фотосуреттері), ма?ал-м?телдер, ?анатты с?здер, презентация.

                                    Барысы:

 1-ж?ргізуші. ?айырлы к?н, ??рметті, ?зтаздар, к?рермендер!

 2-ж?ргізуші. Б?гінгі 8-сыныптар арасында ?ткелі отыр?ан «Б?рымды ?ыз» атты ?ыздар сайысына хош келді?іздер!

1-ж?ргізуші.  «Г?л ?ссе - жерді? к?ркі, ?ыз ?ссе - елді? к?ркі» демекші,

                К?рінер ?ыздар с?лу шашбауымен,

                Б?рымын кейін серпіп тастауымен.

                Жарас?ан шашбауымен те?гелерім

                Те?гені? кім біліпті д??гелегін.

                ?ыз емес ?ызды? аты ?ызыл алтын,

                К?рінер тол?ан айдай ж?зі жар?ын.

                ?лкенні? алдын орап, с?з с?йлемес,

                Хал?ыны? са?тай білген ізгі салтын.

  ?ос б?рымды с?лулы?ты? белгісі деп таны?ан хал?ымыз ?ыздарды? шашын ?сіріп ?шына зергерді? ?олынан шы??ан шашбау, шолпы та?ып, с?лулы??а жастайынан баулы?ан, ?ыз бала?а керек ?асиет – тал?ам, жарасым, а?ыл, білім, іскерлік ?мір тіршілігінен н?р алып тамыр?а жайылады.

 2-ж?ргізуші. Мен ?аза? ?ыздарына ?айран ?алам

                         Жанары жаны жаздай жайра?да?ан.

                        «?ыз ?ссе - елді? к?ркі» деген с?зді,

                         ?апысыз ?алай айт?ан ?айран бабам.

1-ж?ргізуші. Пір т?т?ан махаббатты, адалды?ты,

                       К?ркімен та? ?алдыр?ан талай ж?ртты.

                       ?ыздарды? ?ылы?ымен ?мір ?ызы?,

                       ?ыздарды? ??мырымен заман ??тты.

2-ж?ргізуші. ?нер-білім тап?ырлы?ты? тарланы,

                       Е?бектегі ?ріптестер ма?таны.

                       ?нері?ді орта?а сал,сайыс?а

                       ?нер к?рсет, ??рбылармен жарыс та.

1-ж?ргізуші. Мы? б?рал?ан арулар билей басып,

                        Келеді міне орта?а тол?ып тасып.

                        Аруларын сыйла?ан хал?ым мені?,

                       К??ілді ?ошеметпен ?арсы алайы?!

2-ж?ргізуші.  Карина ?ыз ?нерлі                        

                        Бой?а ?нер жи?ан ?ыз.

                                  Валерия ?ыз білімді

                                  Ме?герген бар ілімді.

Мария ?ыз елгезек

Алады тез тілі?ді.

                             А?ша бетті Ирина

                             ??сайды хор ?ызына.

            Настя болса шырайлы

            ?зіне б?рі ?найды.

Пани ?ыз ?лбіреп

?ос жанары м?лдіреп

                              Зулляль ?ыз шы?ады

                              Б?рымдары желбіреп.

Нелуфар ?ыз жайдары

Желбіреген айдары.

             ?йгерім ?ыз керімдей

              Б?рін істер ерінбей.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Б?рымды ?ыз" ?ыздараралы? сайыс. »

№ 85 жалпы білім беретін мектеп














«Бұрымды қыз»

8-сыныптар арасындағы қыздар сайысы












Нуспекова Н.М.



















Алматы қаласы

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.


Көрнекілігі: «Қыз-елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық»(қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, презентация.


Барысы:

1-жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті, ұзтаздар, көрермендер!

2-жүргізуші. Бүгінгі 8-сыныптар арасында өткелі отырған «Бұрымды қыз» атты қыздар сайысына хош келдіңіздер!

1-жүргізуші. «Гүл өссе - жердің көркі, қыз өссе - елдің көркі» демекші,

Көрінер қыздар сұлу шашбауымен,

Бұрымын кейін серпіп тастауымен.

Жарасқан шашбауымен теңгелерім

Теңгенің кім біліпті дөңгелегін.

Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын.

Қос бұрымды сұлулықтың белгісі деп таныған халқымыз қыздардың шашын өсіріп ұшына зергердің қолынан шыққан шашбау, шолпы тағып, сұлулыққа жастайынан баулыған, қыз балаға керек қасиет – талғам, жарасым, ақыл, білім, іскерлік өмір тіршілігінен нәр алып тамырға жайылады.

2-жүргізуші. Мен қазақ қыздарына қайран қалам

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе - елдің көркі» деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

1-жүргізуші. Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,

Көркімен таң қалдырған талай жұртты.

Қыздардың қылығымен өмір қызық,

Қыздардың ғұмырымен заман құтты.

2-жүргізуші. Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,

Еңбектегі әріптестер мақтаны.

Өнеріңді ортаға сал,сайысқа

Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.

1-жүргізуші. Мың бұралған арулар билей басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

2-жүргізуші. Карина қыз өнерлі

Бойға өнер жиған қыз.

Валерия қыз білімді

Меңгерген бар ілімді.

Мария қыз елгезек

Алады тез тіліңді.

Ақша бетті Ирина

Ұқсайды хор қызына.

Настя болса шырайлы

Өзіне бәрі ұнайды.

Пани қыз үлбіреп

Қос жанары мөлдіреп

Зулляль қыз шығады

Бұрымдары желбіреп.

Нелуфар қыз жайдары

Желбіреген айдары.

Әйгерім қыз керімдей

Бәрін істер ерінбей.


1-жүргізуші. Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан

Әділқазы алқасымен танысайық.

Бақтыбаева Данагүл Арқабаевна

Андронова Нина Александровна

Еркибаева Нинель Гинаятовна

Шимирова Тамара Калдановна

2-жүргізуші. Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып, сол бойынша сайысқа түседі. Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

1. Өзін - өзі таныстыру

2.Үй жұмысы (ас мәзірін дайындау)

3. Өз өнері

4. Ою оя білу

5. Салт-дәстүрге байланысты сұрақ - жауап

6.Сәнді шаш, киім үлгісін көрсету

1-жүргізуші. Көңілге түй сен мұны,

Әр бүлдіршін – ел гүлі.

Бақытты елде туғаның

Есіміңнен белгілі.

2-жүргізуші. Жөн сұрасып отырады жүрген жерде,

Бабамыздың салты ғой ол бұл күнде

Арулардан бейхабар болмас үшін,

Өздерін таныстырады осы жерде – демекші, қыздар өздерін таныстырады. Әр бөлімде әділқазылар бағалау есебін көрсетіп отырады.

1-жүргізуші. Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі-қонақжайлылық. Қандай жағдайда да «құдайы қонақпын» деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып,қолдағы барымен дегендей,шамасы келгенше сый-құрмет көрсетіп, аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын.

Ендеше, екінші сайысымыз-ас мәзірін дайындау.

2-жүргізуші . Шаңырақтың жайылады дастарқаны,

Дастарқанның бір сәні бар – он тағамы.

Тәтті тағам әр адамды сүйсіндірер,

Аспаздыққа берейік бір бағаны -дей келе, арулар өз ас

дәмдерін ұсынады.

Әрбір қыз өздерінің жасаған торт не салат түрлерін түсіндіріп, жасалу жолдарын айтып береді.

1-жүргізуші. Үшінші сайыс-өнерліге өріс кең.

Өнерсізден қашып жүр,

Өнермен үлгі шашып жүр.

Өнерді көп білетін дана болар,

Өнерсіздің ісі шала болар.

2-жүргізуші . О, заманда ашқан қазақ өнер сырын

Шақырған сайыстарға бірін –бірін.

Тыңдайық тамашалап, көрермендер,

Көрсетеді арулар өз өнерін.

Әншілерді танимыз өлеңінен,

Бишілерді әсем ырғақ мәнерінен

Он саусағы алтындай шебер қызды

Танимыз қазір оны қолөнерінен - демекші ,қыздар өз өнерін ортаға салады.

1-жүргізуші. Келесі сайыс кезеңі-ою оя білу. Бұл жерде ою үлгісі көрсетіледі. Берілген қағазға сол оюды салып, әдемілеп қию керек. Бұл кезеңде қыздардың тиянақтылығы мен шапшандығы ескеріледі.

2-жүргізуші. Бесінші сайыс-қыз сұлу көрінеді білімімен.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

1-жүргізуші. Әдет-ғұрып, салт –дәстүрі қазақтың,

Жарасымды үйлесімді ғажап шын.

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттап, жаңартудан қашпайық.

2-жүргізуші. Қазақтың түрлі –түрлі дәстүрі бар

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар

Арулар біле ме екен дәстүрлерді?

Сол себепті қоятын сұрақтар бар.

Білімге құштар санаға

Ақылы мен дария

Біліктілік азықпен

Дайын олар қашанда. (Сұрақтарға жауап)

Бұл жерде әр қыз тақтада берілген тоғыз ұяшықтың біреуін таңдап, сол ұяшықта жасырылған сұраққа жауап береді.


1-жүргізуші. Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз-сәнді шаш, киім үлгісін көрсету кезеңі.

2-жүргізуші.Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше өнерпаздардың өнерін тамашалайық. Ортада 8-сынып оқушысы Кувшинова Аленаның биі.

1-жүргізуші. Енді әділ қазылар алқасы арулар ішінен ақылына көркі сай, инабатты да ізетті аруларды таңдау үшін сөз береміз. (Ұпайларын қорытқанда, қыздардың ұлттық киімін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп-тұрғанын- бәрін де есептеген жөн)

Қорытынды. Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша жүлде тағайындайды.

2-жүргізуші. Өнеріміз сайыста,

Жетелейді алысқа.

Бүгінгі күннің жеңісі,

Достық болып қалуда.

1-жүргізуші. Осымен бүгінгі «Бұрымды қыз» атты арулар сайысы аяқталды, көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Б?рымды ?ыз" ?ыздараралы? сайыс.

Автор: Нуспекова Назгул Муратбековна

Дата: 17.03.2015

Номер свидетельства: 187874


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства