kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Біздің көшбасшымыз конференция

Нажмите, чтобы узнать подробности

Н.Назарбаев туралы конференция Біздің көшбасшымыз

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Біздің көшбасшымыз конференция»

Оқырмандар конференциясы

Тақырыбы:Біздің көшбасшымыз

Мақсаты: 1.Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевты көшбасшы ретінде дәріптеу.

2.Оқушылардың танымдылық қабілеттерін дамыту.

3.Білімге,оқуға,көшбасшылыққа деген сүйіспеншілікті арттыра отырып,потриоттық тәрбие қалыптастыру.

Түрі:Конференция.

Көрнекіліктер:Буклет,Елбасы портреті,нақыл сөздер,интерактивті тақта,слайд.

Барысы:

Ұйымдастыру:

Кіріспе сөз:Сәлеметсіздер ме,құрметті оқушылар.Біздің бүгінгі конференциямыз тәуелсіз елдің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі,қызметі,еңбегі туралы болмақ.

1оқушы.

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.

1 оқушы. Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті.  Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.

3оқушы. . Нұрсұлтан жетінші сыныпты бітірісімен мектепті тастап, жұмыс істегісі келген. Бірақ ұлының уәждерін тыңдаған Әбіш қатты ашуланып, оны мұндай асығыс қадамға барудан бас тартқызып, оқуын жалғастыруға көндірген. Оның үстіне, осыдан аз ғана бұрын үздік оқу үлгерімі мен белсенді қоғамдық жұмысы үшін Нұрсұлтан Назарбаев алғашқылардың бірі болып БЛКЖО қатарына қабылданған болатын. Нұрсұлтан уақытша банкке күзетші болып орналасып, онда 3 ай жұмыс істейді. Алайда оған тән өжет мінез бен өзінің қадір-қасиетін сезіне білу талапты жасқа әлеуетін жұмсауға бұдан едәуір лайықты мүмкіндіктерді іздестіруге жетелейді. 1958 жылы Н.Ә. Назарбаев Қаскелең ауданы Абай атындағы орта мектепті медальмен аяқтайды. 


4 оқушы. 1958 жылдың жазында Алматыда ол Киев азаматтық авиация институтына түсуге емтихан тапсырды. Қазақ азаматтық авиация басқармасында конкурстық іріктеуден табысты өтіп, авиация жоғары оқу орнына түскен Нұрсұлтан осындай қуанышты хабармен туған ауылына оралды. Бірақ ол күтпеген жағдай болып, ру ақсақалдары да, шақырылған отбасылық кеңес те оның бұл бастамасын құптамай, алыс жерге аттануына қарсылық танытады. Жасы үлкендерді сыйлап өскен, ересектерге қарсы келіп үйренбеген әрі әке-шешесін ренжітпеуді де ойлаған Нұрсұлтан бұл шешімге мойынсынып, астанаға барып, құжаттарын қайтарып алады. Нұрсұлтанның басында бір жазда болған бас айналдырарлық жетістіктер мен жанын жеген осындай сәтсіздіктер тәлкегі оның жанына ауыр жара салды әрі оның алдынан нағыз кемелденудің алғашқы парақтарын ашты.

3оқушы. Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін.  Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.

4 оқушы. Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.



Тұңғыштары Нұрсұлтаннан кейін отбасында оның інісі Сатыбалды (1947 ж.т.), қарындасы Әнипа (1950 ж.т.), інісі Болат (1953 ж.т.) дүниеге келіп, өсті.



5оқушы. Жұбайы — Сара Алпысқызы — Бөбек қорын басқарады.

Президенттің үш қызы бар:

  • Дариға — саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініңдепутаты.

  • Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты 1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы.[4]

  • Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.

Н. А. Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар.

6оқушы. 1958 жылы Н.Ә. Назарбаев комсомолдық жолдамамен Теміртаудағы металлургиялық зауыттың құрылысына жіберіледі. 
1958 жылдың 20 қарашасы мен 1960 жылдың 26 сәуірі аралығында қазақтың бір топ жігіттерінің қатарында Н.Ә. Назарбаев Днепродзержинск қаласы (Украина) Днепр металлургиялық зауыты (қазіргі – «Днепр металлургиялық комбинаты» ААҚ) жанындағы № 8 техникалық училищеге оқуға түседі. 
1960 және 1969 жылдар аралығында Н.Ә. Назарбаев Қарағанды металлургиялық комбинатында жұмыс істейді. 
1967 жылы Қарағанды металлургиялық комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын (жтоо) бітіреді. 
7 оқушы. 1962 жылдың қарашасында Н.Ә. Назарбаев Кеңес Одағы Коммунистік партиясының қатарына қабылданады. 1962 және 1991 жж. КОКП мүшесі. 
1969–1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партиялық, комсомолдық жұмыстарда. 
1973 жылдың қазаны мен 1977 жылдың наурызында Қарағанды металлургиялық комбинатының партком хатшысы
1973–1976 жылдары Н.Ә. Назарбаев КОКП ОК жанындағы Жоғары партиялық мектепте сырттай оқиды. 
1977 жылдың наурызы мен желтоқсаны аралығында Н.Ә. Назарбаев Қарағанды обком партиясының хатшысы.
1977 жылдың желтоқсаны мен 1979 жылдың желтоқсаны аралығында Қарағанды обком партиясының екінші хатшысы.
1979 жылдың желтоқсанында Н.Ә. Назарбаев өнеркәсіп, көлік және байланыс бойынша Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланады. 
8 оқушы. 1981 және 1986 жылдар аралығында КОКП Орталық Ревизиялық комиссиясының мүшесі. . 1984 жылдың наурызы мен 1989 жылдың маусымы аралығында Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы.
1986 және 1991 жж. аралығында КОКП ОК-нің мүшесі. 
1989–1991 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы. 1990 жылдың ақпаны мен сәуірі аралығында бір уақытта – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы.
1989 жыл мен 1992 жылдың қаңтары аралығында КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесі 10-шы, 11-ші шақырылымдарының депутаты.
1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 12 шақырылымының бірінші сессиясында Н.Ә. Назарбаев Қазақ КСР-нің Президенті болып сайланады. 
1990–1991 жылдары КОКП ОК Саяси бюроның мүшесі.
1991 жылдың 28 тамызында Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысының міндетінен бас тартып, ОК қызметінің тоқтатылуы туралы сөз сөйледі. 
1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан тарихында алғашқы рет жалпыхалықтық Президент сайлауы өткізіліп, Н. Назарбаев сайлаушылардың 98,78 пайыздық дауысын жинап, Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. 
9 оқушы. 1992 жылдың 29 желтоқсанында Ресейдің басқару академиясында (Мәскеу қ.) Н.Ә. Назарбаев «Ресурстарды сақтау және нарыққа өтудің экономикалық стратегиясы» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғайды. Мамандығы 08.00.05 – «Экономика, жоспарлау, халық шаруашылығы мен оның салаларын басқаруды ұйымдастыру».
1995 ж. 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Президент Н. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды. (сайлауға қатысушылардың 91,26%-ның 95,46%-ы дауыс берді).
1999 ж. 10 қаңтарында өткен ҚР Президентінің кезекті сайлауының қорытындысы бойынша Н. Назарбаев 79,78% дауысқа ие болып, жеңіске қол жеткізді.
2005 ж. 4 желтоқсанында кезекті президенттік сайлау өткізілді. Кандидат Н. Назарбаевқа сайлаушылардың 91,15 пайызы дауыс берді. 
2010 жылдың 15 маусымында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қызметін қамтамасыз ету заңнамасын жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентіне Елбасы мәртебесі бекітілді. 
2011 жылдың 3 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Н.Ә. Назарбаевқа сайлаушылардың 95,5%-ы дауыс берді. 

10оқушы. Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:

«Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),

«Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),

«Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),

«Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),

«Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),

«Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),

«Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),

«Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),

«Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),

«Тарих толқынында» (А., 1997),

«О времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997),

«Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002),

«Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),

«Сындарлы он жыл» (А., 2002),

«Еуразия жүрегінде» (А., 2005).


Дәйексөздері

“Қазақстанның болашағы — Қазақ тілінде.”

“Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз.”

“Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде, ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, томаға-тұйықтықтан қашу керек.”

“Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.”

“Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауларды да, тілдің төл заңдылықтарын, табиғи үйлесімін бұзып тұрған атауларды да өзгерту керек.”


Нұрсұлтан Назарбаев атында

Нұрсұлтан Назарбаев есімін әртүрлі нысандарға беру туралы ұсыныстар Қазақ қоғамын жиі шулатып жатады. Алайда Елбасы барлық ұсыныстарға келісімін берген жоқ. Өз есімін білім және ғылыммен байланыстыруды дұрыс санаған Н.Назарбаев өз атындағы университеті пен зияткерлік мектептердің ашылуына келісімін берді. Аталған білім беру орталықтарын өз бақылауында ұстауға тырысады. Назарбаев атындағы білім беру мекемелері Назарбаев қоры мен Назарбаев Орталығының үйлестіруімен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы.
Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы.
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы.
КСРО мемлекеттік наградалары
– Еңбек Қызыл Ту ордені (1972 ж.);
– «Құрмет белгісі» ордені (1972 ж.).

Шет мемлекеттердің атақтары, титулдары мен наградалары
– тарихи әділеттілікті қалпына келтіру – православтік шіркеудің киесін қайтарудағы пайдалы қызметі үшін 1 дәрежелі әулие тақуа Мәскеулік князь Даниилдің ордені (Орыс православтік шіркеуі, 13 қараша 1996 ж.)
– «Италия Республикасына сіңірген еңбегі үшін» Үлкен лентамен көмкерілген Үлкен Крестің иегері ордені (Италия Республикасы, 5 мамыр 1997 ж.).
– Украина мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытуға қосқан аса зор үлесі үшін I дәрежелі князь Ярослав Мудрый ордені (Украина, 14 қазан 1997 ж.).
– «Буюк хизматлари учун» ордені (Өзбекстан Республикасы, 31 қазан 1998 ж.) Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен тиімді ынтымақтастық қарым-қатынастарды дамытуға, тарихи қалыптасқан өзбек-қазақ мәдени, рухани және экономикалық байланыстарды одан әрі тереңдетуге, екі елдің халықтары арасындағы татукөршілік дәнекерлікті нығайтуға қосқан аса зор үлесі үшін.
– Әулие Андрей Первозванный ордені (Ресей Федерациясы, 12 қазан 1998 ж.) – Ресей мен Қазақстан халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін.
– «Румыния жұлдызы» ордені («Стяуа Ромынией») (Румыния, 11 қараша 1999 ж.) – Румыния мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық пен бейбітшілікті, өзара түсіністікті дамытуға қосқан айрықша еңбегі үшін.
– «Австрия Республикасына сіңірген еңбегі үшін Үлкен құрмет жұлдызы» ордені (Австрия Республикасы, наурыз 2000 ж.) – Австрия мен Қазақстан арасындағы экономика, саясат және мәдениет салаларындағы достық байланыстарды нығайту ісіне сіңірген зор еңбегі үшін.
– «Ұлы Витаутас Үлкен Крест» ордені (Литва Республикасы, 11 мамыр, 2000 ж.) – Литва мен Қазақстан арасындағы мемлекетаралық қатынастарды дамыту ісіне қосқан жеке үлесі мен еңбегі үшін.
– Исмоили Сомони ордені (Тәжікстан Республикасы, 6 шілде 2000 ж.) – Тәжікстан мен Қазақстан халықтары арасындағы дәстүрлі туысқандық байланыстарды, достық пен өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге сіңірген үлкен еңбегі, Тәжікстанда бейбітшілік орнатуға қосқан маңызды үлесі, сондай-ақ Тәуелсіз мемлекеттер достастығының халықтарын жақындастыру жөніндегі қажымас күш-жігері үшін.
– Әулие Михаил мен Әулие Георгий орденінің Үлкен Кресі (Ұлыбритания, 15 қараша 2000 ж.) – ядролық қарусыздану ісіне қосқан зор үлес, үшін.
– Құтқарушы ордені (Грекия Республикасы, 16 шілде 2001 ж.).
– Үлкен жұлдызы бар лентадағы Томислав король ордені (Хорватия, 18 шілде 2001 ж.) – Хорватия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық байланыстарды дамытуға қосқан үлесі үшін.
– IX Пий ордені (Ватикан, 11 қазан 2001 ж.) – мемлекетті басқарудағы шеберлігі мен таланттығы үшін, сонымен бірге Астанадағы қабылдауда көрсетілген құрметке ризалық белгісі ретінде.
– Бостандық алтын ордені (Словения Республикасы, 22 мамыр 2002 ж.) – Словения Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтудағы сіңірген еңбегін мойындағаны үшін.
– Ақ қыран ордені (Польша Республикасы, 24 мамыр 2002 ж.) 
– Польша Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытуға қосқан аса зор үлесі үшін. 
– «Ұлы Бадр алқасы» ордені (Сауд Аравиясы Корольдігі, 3 наурыз 2004 ж.).
– I Леопольд ордені (Бельгия Корольдігі, 5 желтоқсан 2006 ж.).
– «Тәуелсіздік» ордені (Катар мемлекеті, 11 наурыз 2007 ж.).
– Ахмат Кадыров ордені (Шешенстан Республикасы, 4 маусым 2007 ж.)
– I дәрежелі Қосарлы ақ крест ордені (Словакия Республикасы, 21 қараша 2007 ж.).
– «Румыния Парламенті Сенатына 140 жыл» мерекелік медалі (Румыния, 22 қараша 2007 ж.).
– «Алқалы үлкен крест» ордені (Венгрия, 23 қараша 2007 ж.).
– «Ұлы Ніл» ордені (Мысыр, 17 мамыр 2008 ж.).
– Құрметті легион орденінің Үлкен Кресі (Франция Республикасы, 11 маусым 2008 ж.).
– «Үлкен лентадағы Хризантема» ордені (Жапония, 19 маусым 2008 ж.).
– «Емен тәжі» ордені (Люксембург Ұлы Герцогтігі, 27 маусым 2008 ж.).
– «Эрдэнэ Очир» ордені (Моңғолия, 6 тамыз 2008 ж.).
– «Үш жұлдыз» ордені (Латвия Республикасы, 3 қазан 2008 ж.).
– «Заид» ордені (Біріккен Араб Әмірліктері, 16 наурыз 2009 ж.).
– Финляндияның Ақ раушангүл ордені (Финляндия, 24 наурыз 2009 ж.).
– «Мугунхва» ордені (Мәңгі гүлдейтін раушангүл) (Корея Республикасы, 13 мамыр 2009 ж.).
– Бірінші дәрежелі Түркия Республикасының ордені (Түркия Республикасы, 22 қазан 2009 ж.).
– Атақ пен Абырой ордені (Орыс православтік шіркеуі, 18 қаңтар 2010 ж.) – діниаралық серіктестікті халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайту ісіне қосқан үлкен еңбегі үшін. 
– Бостандық ордені ()Украина, 6 шілде 2010 ж. – украиндық-қазақстандық серіктестікті дамытуға қосқан жеке үлесі үшін.
– Мария Жері Кресінің ордені (Эстония Республикасы, 18 сәуір 2011 ж.) – Эстония Республикасы алдындағы ереше еңбегі үшін.


Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар
  • Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

  • Қазақстан менеджмент институты

  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

  • Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті

  • Ұлттық мемлекеттік заң университеті

  • Назарбаев Университетi

  • Назарбаев Зияткерлік мектептері[6]

  • бірқатар лицейлер мен колледждер

  • Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр.

  • Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған.

Басқа лауазымдары мен мансаптары
  • Экономика ғылымдарының докторы (1993)

  • ҚР Ұлттық ғылым академиясының (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигі

  • Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы

  • Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы

  • Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы

  • Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы

  • Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы

  • Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы

  • ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы

  • Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.

Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер XX ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі.[6]

Қорытынды: Саяси көшбасшылық - саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл ұғым мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси көшбасшыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды жатқызып жүр. Қазір саяси көшбастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.



Ақыл-ойын қару қылып саптаған,

Демократия,парасатты жақтаған

Тұңғыш басшы-нұр тұлғалы Нұр ағам,

Есіл ер ғой ел үмітін ақтаған.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Біздің көшбасшымыз конференция

Автор: Маликова Жанат Сейткановна

Дата: 13.03.2017

Номер свидетельства: 399731


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства