Әбіш Кекілбаев-дәуірдің кемеңгер қаламгері әдебиет атты мұхиттың буырқанған жағасына өлеңмен келіп, кейіннен әлемнің назарын өзіне аудартқан шебер жазушы.
Әбіш Кекілбаев табиғи талантынан бастау алған әлемдік әдебиеттің не бір інжу-маржанынан сыр арқауын тартқан шығармасымен, елінің ертеңіне сарабдал ой тастап, бүгінгісіне шеберлікпен талдау жасаған саясаткерлік, қайраткерлік, азаматтық парызы биік, телегей талант иесі екендігімен де мәлім.
Қай адамның да кісілік келбеті мен тағдырының қалыптасуы оның балалық шағының қалай өткеніне байланысты болса керек. Әкесі соғыстан оралмаған Әбіш Кекілбайұлы анасы Айсәуленің тәрбиесін көрді Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Әбіш кекілбаев туралы ғылыми жоба»
Әбіш Кекілбаев-дәуірдің кемеңгер қаламгері әдебиет атты мұхиттың буырқанған жағасына өлеңмен келіп, кейіннен әлемнің назарын өзіне аудартқан шебер жазушы.
Әбіш Кекілбаев табиғи талантынан бастау алған әлемдік әдебиеттің не бір інжу-маржанынан сыр арқауын тартқан шығармасымен, елінің ертеңіне сарабдал ой тастап, бүгінгісіне шеберлікпен талдау жасаған саясаткерлік, қайраткерлік, азаматтық парызы биік, телегей талант иесі екендігімен де мәлім.
Қай адамның да кісілік келбеті мен тағдырының қалыптасуы оның балалық шағының қалай өткеніне байланысты болса керек. Әкесі соғыстан оралмаған Әбіш Кекілбайұлы анасы Айсәуленің тәрбиесін көрді Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген.
«Алып анадан» деп пайымдаған халқымыз Әбіштің әлем таныған талант, келісті қаламгер толысқан тұлға, ел таныған қайраткер санатына жетуінің түптіні, алтын арқауы, асылтекті анадан болса керек деп Айсәуле анаға арнап туған жеріне ескерткіш орнатқан болатын.
Ақынды дүниеге әкелген ару-анасына арнаған, газет беттерінде алғаш жарияланған өлеңіне зер салсақ.
Жолатпай қыс боранын, жаз аптабын,
Мен үшін қанша өзіңді азаптадың.
Арманның аспанында шықтым шырқап,
Қатайып құшағыңда қанаттарым.
Күндердің өтер менсіз құр күбінтіп,
Хат бармай көңіліңді мың құбылтып.
Ондайда отырмайсың тағат тауып,
Кетеді сағыныштың бұлты бүркіп.
Ойлайтын жаның ылғи бала қамын,
Сағынтты мені қамқор алақаның.
Күтебер жоғалтпай тек тынышыңды,
Оралар қыран болып балапаның.
Оқып отырсаңыз Әбіш анасының бейнесін көресіз.Азап көре жүріп балаларын өсіріп, алысқа кеткен баласынан хат хабар келмей жатқан кезде тыныштық көрмейтін, бала қамын ғана ойлайтын қамқор ананың баласы да қыран ғана болуға міндетті сияқты.
Ұл бала үшін асқар тау әкенің де орны бөлек. Зұлмат заманның ауыртпалығын бір көріп, соғыстың ауыр күндерін басынан тағы кешкен әкесінің тағдыры кішкентай Әбіш үшін үлгі боларлықтай еді. Жасы ұлғайған кезде де сол әке құшағына ұмтылуымен болды. «Түс» өлеңінде:
Көңілімде бір-ақ алаң бар.
Тағдырға деймін:
"Тапшы емін!"
Кенет сол, көктен,
Көрінбей кеткен
Көкешім келіп,
Кенезем кеуіп,
Кеңкілдей бір ұмтылдым.
Сағыныш. Әкеге деген ұлы сағыныш. Ақын, жазушы шығармаларынан кей кездерде көрініп тұратын суреттер.
Маңғаз Маңғыстаудан шыққан текті ұл майдан даласында бір төмпешік болып қалған әкесінің аманатын ақтағандай ержетті. Әбіш Кекілбаев кішкентайынан соғыстың залалын көріп өскен ұрпақтың өкілі. Ел басына түскен сындарлы шақта ол әкесінен айырылды. Талайдын
тұлымдысын жыққан сұрапыл соғыстың жалыны балаларды да шарпымай өткен жоқ. Сондықтан олар ерте есейді.
Ұлылық адамға кіндік қаны тамған туған жерімен де келеді ғой. Әбіштің өз көзімен туған жеріне қарап көрейікші
Шытыра аппақ шыңдары
Шыр айнала қоршаған.
Бытыра сусыл құмдары
Бұлтия шөккен ортадан,
Мырзайыр деген жер бар-ды,
Мен үшін жердің кіндігі.
"Екпінді" деген ел бар-ды,
Желпілдеген түндігі.
Міне, осы үштік дүниеге әкелген Әбіш Кекілбайұлы қазақ әдебиетіндегі дархан дарын иесіне, туған жерінің киесіне айналды. Бала күнінде көргендерінің бәрі Әбіш Кекілбаевтың адам болып қалыптасуына әсер етті. Ал, қалың оқырман қауым жақсы біледі: қазақ сөзінің қайраткері, халық жазушысы әдебиетке ақын болып келген қаламгердің 23 жасында 1962 жылы «Алтын шуақ» деген атпен өлеңдер жинағы жарық көрді. Әдебиет әлемінің жеті асқар биігіне жеткен ұлы қаламгерді қазақ жұрты ақын ретінде қабылдаған. Бұл жинаққа «Арғымақ», «Абайла, бауырым,абайла», «Айым сен деп жүр едім», «Археология», «Айдай аузы, күндей көзі — шын сұлу»,«Ай да бір сәт қалжырап», «Адам қолы талай жауды жайратқан», «Аласарып кетердей көп қой қауіп», «Іңір сембей іргеге кеп құлаған» атты өлеңдері енген. Жалпы поэзияда ең бірінші жинақта жарқ етіп көзге түсіп, ауызға ілігу үрдісі көп емес. Санамалап қарасақ, бұлардың қатарында Төлеген Айбергенов пен Жұмекен Нәжімеденов, Тұманбай Молдағалиев пен Қадыр Мырзалиев, Сағи Жиенбаев пен Мұқағали Мақатаев секілді қазақ поэзиясының ерен жүйріктері бар. Кекілбаев жырлары осы көшке заңды қосылған сыбаға еді. Ақын боп туған жаратылыс ешқашан жоғалып та, жойылып та кетпейді. Қайта ол проза жазса да, тіпті әдебиеттанудың теориясы мен сынына қалам тартса да жарқырап көрініп жатады. Ақындықтан прозаға келудің жақсы жақтарын Әбіш Кекілбаев шығармашылығынан үнемі көріп, сезініп отыратынымыз сондықтан.
Жазушының көркем прозасындағы шұрайлы тіл, шырайлы теңеулер мен шынайы бейнелеулер алғаусыз ақындықтың айқын белгісі. Сондықтан да Әбіш Кекілбаев прозасы өлеңдей оқылып, тереңдей сіңіп, адамның сезім айлақтарын шарпып кететінін жұртымыз жақсы біледі.
Көзім бар күнді құйып алатындай,
Сөзім бар өткен күшке өңгерілмей.
Нәп-нәзік көбелектің қанатындай,
Қап-қатты қаршығаның шеңгеліндей.
Аспанның көкірегін түртіп тұрған
Асқар тау – асқақтаған менің басым.
Күз болса күнде ертемен бүркіп тұрған
Мөлдір шық – мөлтеңдеген менің жасым. Поэзия зерттеліп бітпейтін дүние. Халық барда тіл бар, тіл бар да әр халықтың өзіндік әдебиеті бар. Ал әдебиет бар да поэзия ешқашан өлмек емес. Қазақ поэзиясында Әбіш Кекілбаевтың ақындық орны қандай? Қай тақырыпқа қалам тартты? Қандай шығармалар жазылды? Қандай келелі мәселелер көтеріп отыр? Осы сұрақтарға толыққанды жауап іздеп бағамыз. Әйтсе де, бір сұрақтардың артынан бір сұрақтың жалғасып кете беруі заңдылық. Әдебиеттегі әскери тақырып көбіне майдангер жазушылардың үлесінде екені белгілі. Әбіш Кекілбаевтың жастық шағы, бозбала кезеңі бүкіл халықтың басына түскен сұрапыл соғыспен тұспа –тұс келді. Оны көзімен көрген, басынан өткерген, қаны мен терін төккен, от пен оқтың ортасында қан кешкен ұрпақтан артық білетін жанды табу қиын. Сондықтан өзегіне соғыстың сұрапыл шындығын арқау еткен шынайы шығарма жазуға екінің бірінің тәуекелі жете бермейді. Бүгінде бұл тақырыпта үлкен эпикалық шығарма жазуды айтпағанда, шағын өлең шығарудың өзіне үлкен батылдық керек. Қаламгер өзін толғандырған қай тақырыпты да бостекі жырлай салмай, алған нысанына тереңдеп еніп, биіктен ой айтады: «Тажал табан ну шалғынды жайпады, Алда-майдан , алда – қаза, алда мұң» Шойын дене жердің тәнін жаншыды Сездіргендей қасіреттің салмағын.
Қара жердің таспа тіліп жонынан Бара жатыр бауырымен қамшы өріп, Жатыр окоп қызыл қанға шомылған, Жайрап қалды , қанша ғұмыр… қанша өлік?
Осылайша екі шумақ өлеңмен, көз алдымызға соғыстың суретін салып берді. Ол соғысты буыны бекіп бұғанасы қатқан, қару асынған ересек боп көрген жоқ, балалық шақта, сәби күнінде көрді. Соғыс ақынның дүниетанымын, сезім серпілісін, рухани дидарын қалыптастырды. Өмір жолын ащы шындықтардың бетпебет айқасында бастаған ол өлең жолдарын да ащы шындыққа құрды. Өлеңнен әдемі теңеу, әсем тіркес, артық әшекей кездестірмейміз. Мына біздер конфет таңдап бір ауық, Үлкендердің алған жоқпыз азасын, Біздер емес,ерке бала жылауық, Көкесінен тартқан талай жазасын. — Осы бір шумақ өлеңде жазушының әкесінен ерте айрылып, ерке өспегенін байқасақ: Дей алмаймыз: Күні бойы доп қуып, Көк қойнына күміс шарлар самғаттым. Онда елдің омырауын от жуып, Жетпеді ұлтан етігіне солдаттың. Мұндағы «Ұлтан» қазіргі түсінігімізде — аяқ киімнің табанына салатын қалың, қатты былғары. Осыншама сұмдықты көріп өскен ақынның өмірдегі щын мен жалғанның арасына шек шекара қоймай, немкетті қарауға, көзі көріп,
басынан өткенді айтпай қалуға қақысы жоқ сияқты. «Төбемізге талай қатер төнген-ді, Жатқанда ажал ат ойнатып, дауыл сап. Түсімізге қоса қабат енген-ді Көкеміз бен күрең қызыл бауырсақ.
Бұл да бір сол балалық шақтың әлі де бояуы ескірмеген бір көрінісі болса керек. Соғыс зардабы тым қымбатқа түсті . «Түсімізге қоса қабат енген-ді Көкеміз бен күрең қызыл бауырсақ» — деп, әке мейiрiмiне жарымаған, балалығын соғыс жалмаған балалар тағдырын суреттеп берді. Қаламгер үшін өзі өмір сүріп жүрген дәуірдің суретін салудан өткен жетістік болуы мүмкін емес. Әбіш Кекілбаев өлеңдерінен соғыс
тақырыбына жазылған өлеңдерді жиі кездестіреміз. «Жүректе әлі жатыр мұң», «Танктер» , «Қарындасым Нұрайша» өлеңдері.
Қуантты бізді сол күні Сәбидің тұңғыш ащы үні. Жылатты бізді сол күні Почташының қапшығы. Көңілді көктем құшып қап Ажыратты қыс қайта, Түске дейін құттықтап, Бата оқыды ел түс қайта, Көз көргендер шын айтса, Көкесінен аумайды. Аумайды ма менен деп, Мазалап жүр талайды, Көкешімді көрем деп, Айнаға көп қарайды.
Әкесіз қалған әрбір ұрпақтың жүрегінде әкеге деген ұлы сағыныш жатты. Әкенің жоқтығы қалай болатынын зұлматты жылдардағы әр бала жан-тәнімен сезінді. Бұл соғыс жылдарындағы әр отбасында кездесетін жағдай болғаны анық. Ақынның осы соғыс зардабынан әкесіз өскенін ескерсек, бұл өлең қарындасы Нұрайшаның емес, өз басынан да кешкен жағдай сияқты. Осы бір өлеңнің жалғасы ретінде 1985 жазылған « Әкемді аңсап» өлеңі: Әкемді аңсап, Баламды тостым, Жадырар жаңа заманды тостым, Бақ күттім. Көл-көсір көктем Көз ілмей күткен Кергіді ме Келмеді. Бала кезінен танып біліп үлгермеген әкесін осылай аңсайды, үмітін өшіруге қауһарсыз күйге түсіп, күтеді. Суалды суым, Көз алмай жатып, құм басып Қуарды талым, Көк алмай жатып сор шалып. Аяусыз арман, арбай да арбай Алдап кеттің, келмедің Қайырсыз жалған, Қақсал боп алған Қайтып алды бергенін. Осы ой, осы сарын, осы бір мұң мен ширыға торығу қаламгер жырларында тіптен молая түскендей. Бір жалт ете қалған сезімнің оты өшпей жүрегіңе мәңгі шырақ жағып кеткендей, өзек тілген өкініш, әкеге деген құштарлық махаббат құдіретін, оның тылсым сырын жан түкпірінде оятқандай әсер етеді. Өлең оқырманның болмысымен қабысып, айтылар ой жүрекке сәуле болып құйылғанда ғана нағыз көркемдігі жоғары шығарма болмақ. Бізге осы өлеңдегі интонация, ырғақтың өзі сөзбен сурет салып тұрғандай көрінеді.
«Аяусыз арман, арбай да арбай Алдап кеттің,келмедің» - деген жолдардың өзінде қаншама ой, сағыныш, үміт,өкініш жатыр. Сөздің құдіреттілігін көрсету үшін «қақсал» сөзін пайдаланған. Көп оқырманға түсініксіз сөз болуы да мұмкін. Тiс қаққан, қу, залым деген мағынаны береді. Ауыз әдебиетімізде кездесетін ұлттық сипаты мол осындай сөздерді өлеңдеріне жиі енгізеді. Соғыс тақырыбына жазылған өлеңдердің соңғы нүктесі ретінде жазылған
«Жүректе әлі жатырмұң» өлеңі соғыс біткеннен кейінгі қазақ даласындағы бейбіт, бірақ мұңлы өмірді бейнелейді: Күндерде өтті әлемнен Өлімнің селін бүріккен. Үндер де өшті әлемнен Көңілден күлкі үріккен. Қайғыға жұрттың еті өліп, Күлкіге енді үйренді. Сол жылғы бала есейіп, Сол жылғы қызға үйленді. Өмірдің шалқып бастауы Тасыды тағы кенеле, Бақшаға бара бастады Атасыз өскен немере. Құлпырып қайта сан арман, Иықтан батпан түсті мұз. Иін босап жамаудан, Бүтінделді үстіміз, Жүректе бірақ , жатыр мұң, Жатыр сол бір кесір күн Тыртығында батырдың, Әжімінде жесірдің. Ақын осылайша жүректегі мұңын соғыстын суығынан қалған батырдың тыртығы мен жесірдің әжімінен іздейді. «Жақсы шығарма тек мұңнан туады» дейді қазақтың Қадыры. Ол мұң – қайғы-қасірет емес, мұң – ойланта отырып, санаңды селт еткізер жыр тудыратын сезім. Соғыс жылдарында еліміз 30 млн-ға жуық халқынан айырылғаны белгілі, одан да көп болуы мүмкін. Ұлттың басына түскен зобалаңды жеткізе білген ақын өлеңдері соғыс жылдарындағы нәубет кезеңді көз алдыңа әкеледі. Халықтың зарына бір сәт құлақ түріп, соғыстың аяқталғанына қуанышын да жасырып қалмаған. Соғыстың елге тиген зардабын жан жақты аша білген. Бұл сарынның Ақтабан шұбырынды алқакөл сұлама жылдарындағы туған «Елім — ай» әнімен ұқсастығын аңғару қиын емес, Әз Тәуке заманында өмір сүрген Қожаберген жырау жазған «Елім-ай» жырымен Әбіш Кекілбайдың «Жүректе әлі жатыр мұң» өлеңі өзектес. Екеуінің де мұраты –қамы, жұрт тыныштығы. Бұл ұқсастық ұрпақтар сабақтастығының бір көрінісі іспеттес.Соғысты көрмесе де, соғысты көргендердің мұң-қайғысын естіп, Кеңшілік Мырзабеков, Ұлықбек Есдәулеттердің буыны да лирикаға жақын болды Бізге әдебиет шежіресі осылай жетеді. Әбіш Кекілбаев соғыстың ауыр зардабы туғызған лириктердің ішінде. Лирика қай кезде де адам баласының жан дүниесіне үңілген таза сезім болып келеді.Лирика дегенде тек қана үйлесімділік емес, адам жанының, қоғамның қайшылықтары да көрініс табуы керек. Әбіш Кекілбаевтың соғыс тақырыбына жазылған өлеңдері жас ұрпақ санасын соғыстың қасіреті мен жеңістің тәттілігін сездіретін тамаша лирика!
Ә.Кекілбаевтың өмірінен тағы бір ойып орын алар тұлға-асыл жары. Ақын көңіліндегі ғашығының суреті де керемет. Жаздың самалындай, бір өзі көктем сұлу қыздың портреті көз алдымызда.
Келісті екен, келісті екен ғашығың. Айтып жібер біз де естиік, аты кім? Білем шашын, білем қасын, көзін де, Бірақ, атын әлі білмен өзім де. - Қандай екен сүйіктіңнің жанары? - Бір қараса соғар жаздың самалы. - Қандай екен кескіні мен мінезі? Көктем болып жадыратар бір өзі. Келісті екен, келісті екен ғашығың. Айтып жібер біз де естиік, аты кім? Білем шашын, білем қасын, көзін де, Бірақ, атын әлі білмен өзім де.
Әбіш поэзиядан қарағанда прозаға көбірек қалам тартты. Жазушылық қырымен танылып кеткен кезінде 60 жасқа арнап өлең жазды. Ол да бір ақынның өмірінің қыры емес пе?!
"Алпыс, алпыс" дегені осы ма еді,
Қалтаңдаған талтақ бұт мосы ма еді.
"Бір кең сарай" деп жүрген дүние шіркін,
Құлазыған қойшының қосы ма еді?...
Бәрі қалсын тірліктің, бәрі қалсын,
Барар жерге алдымен кәрі барсын.
Жаратқанның жарлығын екі етпейтін –
Жарық күнді қимаған әні қалсын!
Ойымыздың қорытындысы ретінде айтарымыз Әбіш Кекілбаев поэзиясындағы ақынның өз өмірі мен шығармашылығы туралы аса көп мәлімет алмасақ та, лирикамен берілген соң жүректің қылын шертіп өтері анық. Жүректен шыққан соң жүрекке жеткен шығар. Лирика лүп еткен сезімнің көрінісі болса, өмірі өлеңмен өрілген Әбіш Кекілбаев қазақ әдебиетіндегі дара тұлға екені де ақиқат.
Маңғыстау білсең кешегі, Әулиелердің төсегі. Кекілбайұлы Әбішің, Қазақтың асқан шешені. Атадан асыл ұл туса, Белгілі бақыт деседі, — деп ақын Сайын Назарбекұлы айтқандай, сөзге шешен көркемдеп сөйлеудің зергері, киелі топырақта қанат қаққан, халқымыздың біртуар перзенті Әбіш Кекілбайұлының қалыптасу, толысу, кемелдену жолдарының өзі өзгеге еш ұқсамаған өз ауқым, әлемі барлығымен де ерекшеленеді.
Зайсан ауданының әкімдігінің «Жарсу орта мектебі» КММ
Зерделеу жоба жұмысының тақырыбы: «Ә.Кекілбаев поэзиясындағы ақынның өз өмірі мен шығармашылығы туралы»
Бағыты: тұлға
Орындаушы: Анкенов Жасұлан, 9-сынып,Жарсу орта мектебі,Зайсан ауданы
Негізгі бөлім................................................................................2-8-бет
Қорытынды бөлім.......................................................................9-бет
Абстракт
Зерттеу жұмысында орындаушы Әбіш Кекілбаев өлеңдерін оқи отырып, ақын өмірінің тұстарын байланыстыра талдаған. Өзіндік ой қорытып, өлеңдерінің тіліне талдау жасап, әдебиеттің көрнекті өкілдерімен байланыстырды. Жекелеген өлеңдеріне талдау жасау барысында ақынның өмірінің кейбір сәттерін көруге болады. Ізденісі, талдау жүйесі оқушының зерттеу жасауға талпынысының зор екендігін көрсетеді. Ақынды заманынан, өскен ортасынан бөліп алмай, тұтастықта суреттеуге жұмыс жүргізген. Тарих, поэзия, көркемдік. Осы үш ұғымды бір-бірімен байланыстыра отырып зерделеген. Ақындар шығармашылығымен байланыстыра сабақтастыра отырып, салыстырып та кетеді. Зерделеу жұмысына оқушының өзіндік ізденісі бар.
Жетекшісі: Назарбекова Ж.К., қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі