Просмотр содержимого документа
««Бір ел- бір кітап» Республикалы? акция аясында Сайын М?ратбековті? «Ж?пар иісі» ??гімесі бойынша тілдер к?ніне арнал?ан ?деби кеш »
З.Б.Қаппасова.,М.Қ.Теміржанова., Г.А.Оразалина Ақсу қаласының №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
«Бір ел- бір кітап» Республикалық акция аясында
Сайын Мұратбековтің «Жұпар иісі» әңгімесі бойынша тілдер күніне арналған әдеби кеш
Тақырыбы: «Жусан иісі». С. Мұратбеков Мақсаты: 1) Оқушылар әңгіменің мазмұнымен танысу, әңгімеге талдау жасау, тақырыптың мәнін ашу. 2) Оқушының танымдылығы арттыру, ақыл - ойын, өзіндік талдауын, болжауын дамыту. 3) Шығарма мазмұны арқылы адамгершілікке, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Өз ойын ортаға салып, басқалардың пікірін тыңдауға үйрету. Әдіс- тәсілдері: әңгімелеу, талдау, сұрақ - жауап, көрнекілік. СТО жобасының стратегиялары: Болжау, аялдамамен оқу, ой қозғау, автор орындығы. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, жусан шөбі, кітап көрмесі.
Ұйымдастыру. Оқушылардың зейіндерін аудару.
Алдымен Сайын Мұратбеков жайлы дайындаған мәліметпен кітапханашы Денисова М.С. таныстырады.
1. Қызығушылықты ояту. - Алдарыңдағы конвертті ашып көріңдер. - Бұл қандай шөп?(Жусан) Ой қозғау: - Жусан деген қандай шөп? - Бұрын жусан туралы естігендерің бар ма? - Жусан шөбі туралы Валиуллина Вераның дайындап келген мағлұматымен танысайық. - Бүгін біз С. Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесімен танысамыз.(Слайд) - Мәтіннің авторы С. Мұратбеков туралы мағлұмат беру.(Слайд) Болжау: - «Жусан иісі» әңгімесі не туралы деп ойлайсыңдар? Оқушылар топта ақылдасып, сыныпқа болжауларын айтады. 2. Мағынаны ажырату. Қазір мәтіннің бірінші бөлімі жөнінде әңгіме қозғайық. Сендердің болжамдарың сәйкес келді ме, байқап көрейік. Сұрақ: Болжағандарың сәйкес келді ме? - Әңгімеде қай кездегі оқиға баяндалады? - Соғыс не үшін болды деп ойлайсың?
- Қаралы қағаз деген не? (Сөздік жұмысын интерактивті тақтадан көрсету) 3. Ой толғаныс: Болжау. - Ары қарай не болады деп ойлайсыңдар? (Жеке, топқа, сыныпқа айту) ІІ бөлімге көңіл аударыңдар . Оқушылар іштей оқиды, болжауларымен салыстырады. - Келген қара қағаздың басқалардан айырмашылығы неде? - Аян қалай қабылдады? Қалай әсер етті деп ойлайсың?
- Аян жылай білмей ме? (Соғыс кезіндегі балалар өмірі туралы слайд көрсете отырып мұғалімнің әңгімелеуі) Болжау. Сеніңше ары қарай мәтінде не айтылуы мүмкін? Жусан иісі туралы айтыла ма? Оқушылар жауабы.(Топта талқылап, ойларын айтады) ІІІ бөлімді оқушылар оқып, танысады, болжауларымен салыстырады. - Ат қораның іші қандай?
– Ол неге қараңғы қораға келіп жылады?
- Кімнен жасырынды? Неге жасырынып жылады? - Аянның қандай бала екенін байқадың? (Соғыс салған қиыншылық жалғыз Аянның басында ғана болған жоқ, сол кездегі мыңдаған бала басынан өткерген тағдыр екендігін айту.) (Слайд) Болжау. - Мәтіннің жалғасында жусан иісі туралы айтыла ма? Әкесінен айырылған Аян енді не істеуі мүмкін? .(Топта талқылайды) ІҮ бөлім таратылады. - Аян кімнің үйінде тұрушы еді? - Аян қайда жиналып жатты? - Есікбай кім, оның көңіл - күйі неге өзгерді? (Интернат, балалар үйлері туралы айту, слайд көрсету.) - Мәтін қалай аяқталады деп ойлайсыңдар? Оқушылар болжауы. Ү бөлім бойынша әңгіме қозғау. - Болжауларың сәйкес келді ме? - Балалар Аянды қалай естеріне алушы еді? - Әңгімені айтып отырған балаға жусанның иісі кімді есіне түсіреді? - Жусан иісі арқылы автор қандай ой тастайды? Қорытындылау. - Аян бұл күні қайда болуы мүмкін? - Әңгіме неліктен «Жусан иісі» деп аталған? - Мәтінді оқығаннан кейінгі көңіл - күйлерің қандай? (Смайлик) . Біздің елімізде бүгінгі күнде жетім балаларға қандай қамқорлық жасалуда?