Просмотр содержимого документа
«Бейнелеу ?нерін о?ытуды? инновациялы? ?діс т?сілдері »
Бейнелеу өнері сабағында оқытудың инновациялық әдіс тәсілдері. “Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың биылғы жылғы Жолдауында оқыту үрдісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор делінген. Осы Жолдауды қолдай отыра, оқушыларға білім берудегі басты мақсат жеке ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан-жақты жеке дамыған тұлға қалыптастыруға міндеттіміз.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат міндеттердің ең- бастысы- өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Ойлы пайымды, білімді, мәдениетті іскер азамат тәрбиелеуді, азаматтық ақыл- ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып және оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы жүзеге асыруға болады.
Қазіргі заман талабы ұстаздардан жаңа ідісті, шығармашылық ізденістерді талап етеді. Менің негізгі міндетім- оқушыларға терең де тиянақты, сапалы білім беруде жаңа технологияның әдіс- тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Олардың ойлау қабілеттерін жетілдіре отырып, санасын қалыптастыру. Тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыратын жаңа технологияларды қолдану арқылы тәрбиелеу.
Сабақ- оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы. Ендеше сабақтың мәнді өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Инновация- оны жеке түсініп, оқу үрдісіне енгізу- оқушылардың саналы да сапалы білім алудың бірден бір шарты.
Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді.
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. ” Масырова Р.Линчевская Т – “Жаңару” дегенімізді былай деп түсіндіреді: “Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.
Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады.
Осы міндеттерді басшылыққа ала отырып өз сабағымда оқу- тәрбие үрдісіндегі оқытудың инновациялық әдіс тәсілдерінің мынадай түрлерін қолданып жүрмін:
- саралап деңгейлеп оқыту- технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс -әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.
- ақпаратты бағдарламалап оқыту- оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру.
- иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам- қоғам- табиғат» үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптастырады.
- Ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде «бала- субъект», «бала- объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер «оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс- әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады.
Сурет сабағында жобалау әдісін қолдану
Жоба - әр түрлі бөлімдерден арнайы сызбалардан, суреттерден, жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымдарды жасаған кезде есеп, экономикалық немесе экологиялық дәлелді түсінік хаттар да пайдаланылады.
Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін.
Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны бірнеше оқушы бірлесіп орындаса, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды .
Жобаны қорғау барысында қолданатын бұйымның ішінен қандай затты таңдап алу, ол бұйым қоғамға, өзіне достарына және ата-анасына қандай пайда келтіретіне ескеріледі.
Жобалау әдістемесінің талабы:
1. Міндетті түрде шешілетін мәселенің зерттемелік, ақпараттық, тәжірибелік болуы.
2. Жобаны орындау іс-әрекетті жобалаудан басталады
3. Әр жоба оқушыдан зерттеушілік жұмысы талап етеді. Сонымен, жобалау іс-әрекетінің ерекшелігі - ақпаратты іздеу болып табылады.
4. Жобаның шығуының ең соңғы сатысы - нәтиже:
5. Дайындалған жоба тапсырыс берушіге немесе қоғамдық өкілдікке көз жеткізуі керек.
Жобаның түрлері:
Шығармашылық жоба
Ақпараттық жоба
Рөлдік жоба
Тәжірибелі бағдарланған жоба
Зерттеу жобасы
Жобаның негізгі бөліктері:
1. Міндеттің қысқаша анықтамасы
а)берілген бұйым кімге арналған
б)арналған бұйымның қажеттілігі
2. Бұйымды дайындауға кіріспес бұрын
- нені міндетті түрде жобалау керек
- кімге арналған киім жобалау керек
3) Бұйымның дайындалуы. Кез-келген жағдайда жұмыстың мақсат, міндеттері оның басты бағытымен анықталады.
4) Бұйымды байқау және бағалау
Жобаның орындалу бірізділігі
1. Іздену кезеңі
2. Жобаның тақырыбын таңдау және жаңашылдыққа бет бұру
3. Жоба тақырыбы туралы ақпарат жинау
4. Жоба идеясы мен тақырыбы туралы сыныптастарымен және мұғалімдермен бірге талқылау
5. Жобаның тақырыбы мен идеясын бекіту
Сызбаны және технологиялық картаны дайындау
Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл сайын мұғалімнің көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, сурет пәні бойынша жүргізілген шығармашылық жұмыс.
Шығармашылық жобаның сурет пәнінде алатын орны өте зор. Шығармашылық жоба арқылы оқушының ұлттық дүниетанымы, эстетикалық талғамы дамиды.
Оқытудың осындай идеяларын ұстанған сабақтарда оқушылар өз ойларын еркін айтатын болғандықтан, оларда түрлі пікірлер пайда болады.
Технология, сызу, бейнелеу өнері пәндерінің маманы ретінде өнердің қыр-сырын игертуде оқушылардың ұлттық дүниетанымы мен тұлғалық ұстанымын қалыптастыруды өзіме міндет етіп келемін.
Шығармашылық жоспарымды төмендегідей үлгіде жасақтадым.
Ұлы педагог ғалымдардың әдістемелік мұраларын меңгеріп, оны сабақтарымда негізге алу.
Отандық, шетелдік педагог ғалымдардың технологиясын тиімді қолдану (сын тұрғыдан ойлау, жасап көрсету, топпен оқыту тәсілі, сарамандық дағдыны қалыптастыру).
Өзіндік жұмыс бағытымды айқындап, әдіс-тәсілдерімді жүзеге асыру (ашық сабақтар беру, семинарларға қатысу, басылымдарға жариялау).
Түрлі байқауларға, көрмелерге оқушыларды сапалы дайындау.
Ұлттық өріммен зерленген тәрбие үлгілерін қолдану.
Қазақ даласы ғұламалары еңбектеріндегі тағылымдық ойларды негізге алу.
Күтілетін нәтиже: Ұстаздан: сапалы білім беру тәсілдерін меңгеремін;
шеберлігімді шыңдаймын;
ізденіске бет бұрамын;
жұмысым жүйелі қалыптасып, нығаяды.
Оқушыдан: пәнге қызығушылығы артады;
білім теориясын, сарамандық жұмыстар жасауды
игереді;
байқауға қатынасу дайындығы күшейеді;
Ұлттық өнер сатыларын меңгереді.
Үздіксіз іздену, өз біліктілігін арттырып отыру - мұғалім алдындағы басты міндеттерінің бірі. Осы бағытта өз пәнім бойынша 2007ж. білім көтеру курсында «Графикалық кескіндерді орындаудың техникалық тәсілдері мен әдістері» тақырыбында облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру институты, өз білімімді жетілдіріп қайттым.
Бейнелеу өнері – пластикалық өнер бөлігі, қоршаған ортаны бейнелеуді мақсат еткен көркем өнер түрі. Бұл түсінік жан-жақты кескіндеме, графика және де мүсін ұғымын біріктіреді.
Бейнелеу өнері, шығармашылықтың көркем өнер, техникалық құралдар және де тарихи шығармашылық біріктірулерінің қосымша нысандарымен:
- сурет;
- кескіндеме;
- мүсін;
- керамика;
- графика;
- қолданбалы сәндік өнер;
- фотоөнер.
Қосымша білім беру жүйесінде сурет өнерімен айналысу, әр түрлі жастағы, деңгейі де әр түрлі балаларға өз мүмкіндіктерін кеңінен ашып, шығармашылық сұраныстарын қанағаттандырып жеке тұлға болып қалыптасуына зор мүмкіндік береді. Әсіресе, біздің өмір сүріп жатқан, ғаламторлық-технологиялар дамыған, балалардың қоршаған ортамен байланысы азайып, қол өнердің тынысы тарылып, көркем әдебиеттер оқуы азайған және т.б. қоғам — XXI ғасырда.
Бейнелеу өнері бөлімінің негізгі мақсаты мен міндеттері:
- дарынды балалар арасынан жаңа таланттар мен шығармашылық деңгейлерін анықтау;
- балалардың шығармашылық дамуына әсер ету;
- жаңа басталған суретшілердің мүмкіндік деңгейін кәсіби дәрежеге дейін жеткізу.
Қорыта айтқанда, балалармен жұмыс — ең ауырда, қызығушылығы мен қиындығы қатар жүретін, сабырлықты талап ететін жұмыс. Қазіргі таңда біз, жаңа технологиялар дамыған әлемде өмір сүрудеміз, сондықтан да сабақты жоспарға негіздеп, жаңашыл әдістермен жүргізу тиімді, яғни сабақты бір тип бойынша қалыптастыруға болмайды, оған заман талабына сай технологиялық әдістерді пйдаланып қызықты және жан- жақты тәсілмен өткізе алсақ, болашақ ұрпақтың білімді болатынына сенемін.
Шығармашылық жолымдағы іс- тәжірибемді қорыта келе, «Баға құнды емес, бала құнды» деген қағиданы негізге ала отырып, өзіме берілетін баға үшін емес, болашақтың негізі-бала үшін еңбектеніп келемін, әлі осы жолда еңбектене беремін деп есептеймін.