kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама "Махамбет ?ле?дерін орыс мектептерінде о?ыту ерекшеліктері."

Нажмите, чтобы узнать подробности

Махамбет ?теміс?лыны? ?мірімен шы?армашылы?ынан о?ушылар?а толы? м?лімет беру. Орыс сыныптарында Махамбет ?ле?дерін о?ытуда ?р т?рлі ?діс - т?сілдерді ?олданып, топпен ж?мыс, ж?ппен ж?мыс, диалог ??рау, жа?а с?здермен ж?мыс, ?аза? тіліне т?н дыбыстар?а дыбысты? талдау жасау,о?ушыларды? ?дебиетке деген ?ызы?ушылы?ын арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама "Махамбет ?ле?дерін орыс мектептерінде о?ыту ерекшеліктері."»

Махамбет өлеңдерін орыс мектептерінде оқыту ерекшеліктері.

Қазақ халқының XIX ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлы Ақын өлеңдерінің тарихи шындықтың салмағы басымдығы және тарихи мәні үлкен екендігі аңғарылады. Махамбет поэзиясының тарихи мәні зор, ол тарихи өлеңдер екендігіне шек келтіруге болмайды. Өзі мен Исатайдың алға қойған тілек- мақсаттарын өздерінің хан – сұлтандарға қарым- қатынастарын жай баяндау түрінде айта келіп, кей жерлерінде ішкі күйінішін сыртқа шығару мақсатымен айтылған лирикалық шумақтарда көп кездеседі.Ақынның бірқатар өлеңдерінде эпостық баяндау сарыны жалынды лирикамен аралас келеді

Кешегі Исатайдың барында,

Алақандай Нарынды

Басушы едік құлаштай!

Жәбір беріп, жапа етсең,

Былғанған басым ласқа-ай!

Махамбет өлеңдерінің негізгі көпшілігі лирикалық өлеңдерге жатады.Махамбет лирикасы өзіне шейінгі қазақ әдебиетіндегі болып келген лирикалық өлеңдерден анағұрлым айырмасы, өзіне тән ерекшелігі бар. Махамбет өлеңдері өз басынан кешірген ауыр халдерді сезіне отырып, терең толғап суреттеумен қатар, ол өз кезіндегі тарихи уақиғалармен байланысты туған қалың бұқараның көңіл күйін де көрсете білді.Оның өлеңдерінде өзінің көңіл –күйі мен ел күйі, халықтың жағдайымен ұштасып жатты. Сондықтан, оның лирикасын- әлеуметтік сарындағы саяси үгіттік лирика деп атауға тура келеді.Саяси үгіт поэзиясын жасаушы тарихта жалғыз Махамбет емес, басқалар да болды. Әйтсе де, олармен салыстырғанда Махамбеттің, оның жырларының өз ерекшелігі бар. Махамбет өлеңдері тек жалаң құрғақ үгіт емес, оның өлеңдерінде жалынды, саяси өткірлік пен терең ой, нәзік сезім әрдайым ұштасып, біте қайнасып жатады. Жалынды жырлары Махамбетті көтеріліс туын көтерген әрі жалынды үгітші, әрі ардақты ақыны етті. Оның: «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұңайма», «Тарланым», «Мен, мен едім, мен едім», « Арқаның қызыл изеңі», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны» деген өлеңдері жалынды үндеу сөздер.Ақынның досын мақтап, дұшпанын даттап шығарған өлеңдерінің мазмұнын күрес идеясын жыр ету болса, құрылысы шешендікке толы үгітке арналған отты сөздер болып келеді де, сөйлемдері қаратпалы, сұраулы сөйлемдер болып келеді, не жарлай арнау, не сұрай арнау немесе риторикалық сұрау болып отырады.Мысалы «Мұңайма» деген өлеңінде:

Ханның ісі қатайды,

Азамат ерден мал тайды.

Қанды көбік киініп,

Бір аллаға сыйынып,

Ұрандап жауға тигенде,

Кім жеңері талай-ды,

Жолдастарым, мұңайма!...-дейді ақын.Мұндағы «азамат, жолдастарым» деп, достарына қайрыла сөйлеу, сөйлемін риторикалық сұрау түрінде құру, өзінің айтайын деген пікіріне дәл, күреске үндеу тілегіне сай.

Махамбет жырларындағы Исатай бейнесі- батырлық пен ерліктің символы.Исатайдың өліміне арналған «Тарланым» деген өлеңін алсақ, жалпы жоқтаулардың әдісімен, батырдың өміріндегі әралуан іс, амал, қасиет мінездерін санап көрсетеді. Махамбет өлеңдерінде Исатайдың өмірін жалпы алмайды, оның өмірінің әлеуметтік- таптық жақтарын алып, батырлық езілуші халық, қара шаруалардың мүддесін қорғап, ақсүйектерге қарсы шыққан, шын мәніндегі халық қамқоры болған жақтарын айрықша көрсетеді. Ақынның «Исатай деген ағам бар», «Тарланым», « Тайманның ұлы Исатай», «Мұнар күн» атты өлеңдерінде елін ерлікке бастаған ердің бейнесі сомдалған.

Тайманның ұлы Исатай

Ағайынның басы еді,

Алтын ердің қасы еді,- деп Исатайдың басын алтынға баласа, «Исатай деген ағам бар» өлеңінде:

Мына тұрған Иса- екем,

Ханның бір тауын қайтарған.

Ат туар ма шұбардай,

Ер туар ма бұлардай?!- деп Исатайдай ағасының ерлігіне сүйсінді.

Махамбет өлеңдерін орыс мектептерінде оқытудың ерекшелігі қазақ әдебиеті сабағында алдымен жаңа сөздермен жұмыс жүргізіледі және шығармамен әр түрлі жұмыс түрлері жүргізіледі. Ақын жырларын оқытуда жаңа технология элементтерін қолдану және деңгейлік тапсырмаларды орындатудың берері мол.

  1. тапсырма Махамбет Өтемісұлы кім?

Махамбет

  1. тапсырма Кестені толтыр

Махамбеттің Исатайға арналған өлеңдері....

  1. тапсырма Қай өлеңнен үзінді?

Мына тұрған Иса-екем,

Ханның бір тауын қайтарған.

Ат туар ма шұбардай,

Ер туар ма бұлардай?! /..................../

  1. тапсырма Кестемен жұмыстаныңыз

    ...............................................................................

Ақындық тұлғасы

Махамбет

..........................................................................

Батырлық тұлғасы

..........................................................................

5-тапсырма Әдебиет теориясымен жұмыс

Теңеу дегеніміз- ....................................................................................................... .....................................................................................................................................

Махамбет «Тарланым» өлеңінде қандай теңеулерді қолданады?

..........................................................................................................................................................................................................................................................................

Эпитет дегеніміз- .....................................................................................................

.................................................................................................................................... Өздеріңе таныс шығармалардан эпитетке мысалдар келтіріңіз .....................................................................................................................................

.....................................................................................................................................

.....................................................................................................................................

  1. тапсырма Сөзмаржан /берілген сөздерге түсінік бер/

шежіре-

адырна-

фәни-

шұбар-

бұлар-

  1. тапсырма Сөздердің аудармасын жаз

мұнар-.....................

...............- богатство, достаток

................- сапсан

төбет- ....................

хас- .......................

..................- ошейник

..................- молодой верблюд

  1. тапсырма «Шашақты найза, шалқар күй» атты күйлер жинағына енген Махамбеттің күйлерін жаз

  1. ..........................................

  2. ...........................................

  3. ...........................................

  4. ...........................................

  5. ...........................................

  1. тапсырма Бес жолды өлең құрастыр

  1. Зат есім Махамбет

  2. Сын есім .............................................

  3. Етістік .................................................

  4. Сөйлем ...............................................

  5. Синоним ............................................

  1. тапсырма

« Махамбет бұрынғы- соңғы қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі саналуға тиіс... Махамбет жырлары өз заманындағы ең қанды, ең әсерлі сөз, көпшіліктің өз үні, өз тілі, өз арманы- талабы... Бүкіл ХІХ ғасыр әдебиетінде қимыл мен күрес жырын Махамбеттей ғып жырлаған ақын болған емес. Алды да, арты да бір өзі- деп айтқан Мұхтар Әуезовтың сөздерін қалай түсінесің? М.Әуезовтың сөздері қандай ой салды?

Өз ойыңды жаз ........................................................................................................... ....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

  1. тапсырма «Ер туады ел үшін» тақырыбында эссе жаз.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қазақ әдебиеті 10 сынып

Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Мұнар күн»

Сабақтың мақсаты:

Махамбеттің өмір мен ерлік рухты өлеңдерінің  мазмұнын тереңірек түсіндіру;

Негізгі мақсаттар:

Оқушыны өз бетімен ізденуге бағыттау;

Топтық жұмысқа жұмылдыру;

Өзін-өзі бағалауға немесе өзара бағалауға ынталандыру

Топтық жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың  шығармашылық ізденісін дамыту.

Диалогтік оқу әдісі арқылы оқушылардың оқуына, танымдық дамуына әсер ету.

Оқыту нәтижелері:

Шығарманың негізгі тақырыбы  мен  идеясын түсінеді;

Топтық жұмыс жүргізе отырып, өз бетімен ой қорытуға үйренеді;

Өз беттерімен бірін-бірі бағалауды үйренеді.

Түйінді идеялары:

Шығармадағы түйінді ойды анықтайды;

Шығармашылық, танымдық  белсенділігі артады;

Топпен бірлесе жұмыс жасауды меңгереді.

Оқытуда қолданылатын  әдіс-тәсілдер:Визуалды оқыту, жеке жұмыс, топтық жұмыс, Сыни тұрғысынан ойлау стратегиялары, бағалау.

Сабақ жоспары

Ұйымдастыру:  топқа бөлу (жұптастыру арқылы)

Сабақ барысы:  Блум таксономиясы бойынша

Сабақта қолданылатын ресурстар: АҚТ,маркер, қағаздар, оқулық.

Жайлы психологиялық ахуал қалыптастыру.

Топқа бөлу.

«Өзіңізге тілегенді, басқаларға да тілеңіз» тренингі арқылы жұп құрып, жылы лебіздерін білдіреді.

Жұп құрап, топқа бөліну

Оқушыларды топқа бөлу : Дулат, Махамбет, Еспембет, Шортанбай суреттері арқылы жұп құрап, топқа бөліну.

Білу

Үй тапсырмасын сұрау. «Кубизм»

  1. Д.Бабатайұлы қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

  2. Д.Бабатайұлының өлеңдерінің тақырыбы мен идеясы

  3. «Дулат-қазақтың ұлы ақыны» деген кімнің сөзі?

  4. Еспенбетке мінездеме бер.

  5. Ер Қосайдың арманы қандай еді?

  6. Мінездеу, суреттеу дегеніміз не?

  7. Еспенбет дастанының тақырыбы мен идеясы

  8. Поэманың мазмұнын ашатын мақал- мәтелдер айт.

Түсіну

Махамбеттің өмірбаяны туралы фильм жүреді.

«Абайдан кейінгі өлеңшілерді былай қойғанда, Абайға дейінгі қазақ

поэзиясында бұдан асқан ақын жоқ» З.Қабдолов.

Махамбет Өтемісұлы кім?

жалынды жыршы дауылпаз ақын

Махамбет

күйші

компазитор көтеріліс ұйымдастырушысы

Жаңа сөздер :

Мұнар-мгло,марево

Дәулет- богатство

Арлан-самец хищных животных

Лашын-сапсан

Хас-настоящий

Буыршын- молодой верблюд

Әдебиет теориясы

Аллитерация- Бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталануы.

Мысалы:

Түніменен түйіндік,

Таң атқанша тарандық.

Таң ағарып атқан соң,

Төңірек жаққа қарандық

(М.Өтемісұлы)

Ассонанс- Бірыңғай дауысты дыбыстардың қайталануы.

Мысалы:

Ашу деген-ағын су,

Алдын ашсаң,ақырар.

Ақыл деген- дария,

Алдын тоссаң, тоқырар.

(Қазыбек би)

Параллелизм- (грек. parallelismos- parallelos- «қатар жүруші», «симметрия»)- бір-біріне ұқсас құрылымды сөйлемдер мен сөз тіркестерінің, формалас сөйлем мүшелерінің қабаттаса қатар қолданылуы. Екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу.

Мысалы:

Ереуіл атқа ер салмай.

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай.

(М.Өтемісұлы)

Өлеңді аудиотаспадан тыңдау.

Талдау

І топ- «Махамбет- өлеңдеріндегі қайталанбас құдірет» /флипчарт қорғау/

ІІ топ- Өлеңдегі Исатай өлімін ақын суреттеуі /өлең құрылысына талдау/

ІІІ топ- Исатай сында ағасы өлген Махамбетті қалай жұбатар едіңдер?

Формативті бағалау / бағдаршам арқылы/

Жинақтау

Деңгейлік тапсырма

І деңгей – Махамбет жырларының тақырыптары туралы айтып беріңдер

ІІ деңгей –Махамбет өлеңдерінің көркемдік тәсілдерін анықтап, анықтамасын беріңдер.

Әдебиет теориясы

Анықтама

Өлеңнен үзінді

Абайламай айырылдым,

Ар жақтағы елімнен-

Анау Нарын деген жерімнен

Бойың жетпес биікпін

Бұлтқа жетпей шарт сынбан...

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,

Көл қорыған сен едің,

Сен де айрылдың көліңнен.

Қаптай соққан боранда

Қаптама киген тоңар ма?

ІІІ деңгей- Махамбет өлеңдерінен Исатай бейнесі суреттелген жолдарды табыңдар.

Формативті бағалау / саусақ арқылы/

Бағалау

«Бес жолды өлең» әдісі

1 . Зат есім –( 1сөз)
2 .Сын есім – (2 сөз)
3 .Етістік (3 сөз)
4 .Сөйлем
5 . мәнін ашатын синоним.

Үйге тапсырма:

  1. М.Өтемісұлының өмірі мен шығармаларын оқу.

  2. «Мұнар күн» өлеңін жаттау.

Оқушыларды жинаған балы бойынша қортындысын шығарып бағалау.

Ақын өлеңдерінің тарихи шындықтың салмағы басымдығы және Махамбет өлеңдерінің тарихи мәні үлкен екендігі аңғарылады. Махамбет поэзиясының тарихи мәні зор, ол тарихи өлеңдер екендігіне шек келтіруге болмайтыны ашық, талассыз. Біз жоғарыда Махамбеттің біркелкі өлеңдері лиро-эпикалық түрге жатады дедік. Бірақ бұл сөзден олардың ішінде лирика жоқ деген ұғым тумауы керек. Лиро-эпикалық деген сөздің өзінде сол түсінік бар. Өзі мен Исатайдың алға қойған тілек - мақсаттарын өздерінің хан - сұлтандарға қарым - қатынастарын жай баяндау түрінде айта келіп, кей жерлерінде, не лирикалық шегініс ретінде, не ішкі күйінішін сыртқа шығару мақсатымен айтылған лирикалық шумақтарда аз кездеспейді. Екінші сөзбен айтқанда, Махамбеттің бірқатар өлеңдерінде эпостық баяндау сарыны жалынды лирикамен аралас келеді: Кешегі Исатайдың барында, Алақандай Нарынды Басушы едік құлаштай! Жәбір беріп, жапа етсең, Былғанған басым ласқа-ай! Мен бір шарға ұстаған қара балта едім, Шабуын таппай кетілдім. Қайраса, тағы жетілдім… Көрмес, келмес деп едім, Өз еркіммен бетіңді-ай!. Жалпы алғанда Махамбетке тән нәрсе лирика. Махамбет өлеңдерінің негізгі көпшілігі лирикалық өлеңдерге жатады. Сонымен қатар, Махамбет лирикасы өзіне шейінгі қазақ әдебиетіндегі болып келген лирикалық өлеңдерден анағұрлым айырмасы, өзіне тән ерекшелігі де бар. Махамбет өлеңдері өз басынан кешірген ауыр халдерді сезіне отырып, терең толғап суреттеумен қатар, ол өз кезіндегі тарихи уақиғалармен байланысты туған қалың бұқараның көңіл күйін де көрсете білді. Оның өлеңдерінде өзінің көңіл күйі мен ел күйі ұштасып жатты.. Сондықтан, оның лирикасын - әлеуметтік сарындағы, саяси үгіттік лирика деп атауға тура келеді. Қоғамның тапқа бөлінуінің негізінде таптық күрес туады да, сол таптық күрес саяси-таптық жырларды туғызады. Бірақ бұл жаңа мотивтегі поэзия, көркем лирикаларға өзінен бұрынғы поэзияның әсері болуы да мүмкін. Әйтсе де олардың өзіне тән ерекшеліктерін де байқау қиын емес. Қоғамның тапқа бөлінуі және сол тапқа бөлінудің негізінде туған тап күресі қазақтың фольклорінде де айқын көрінеді. Соған қарағанда саяси лириканың бастамасы ауыз әдебиетінде жатыр деуге болады. Демек Махамбеттің саяси лирикалары ауыз әдебиетінде бір тамыры фольклор дәстүрімен байланысты. Жалпы саяси лириканың өзіне тән ерекшелігі - үгіт насихат істерді көпшілікке үндеу, белгілі бір топтың, не таптың алдында тұрған тілек, мүддесін көркем сөз арқылы көпшіліктің сана - сезіміне жеткізу, үгіт арқылы оларға әсер ету болса, Махамбет поэзиясында бұл бағыт қатты сақталады. Біз жоғарыда да Махамбеттің өмірімен байланысты ішкі Бөкей ордасының шаруашылық жағдайы әлеумет өмірінде тап тартысын күшейтті, сол қайшылықтармен байланысты шаруалар көтерілісі туды дедік. Ол көтеріліс өзінің қолбасы батырымен қатар, жалынды үгітшісін де туғызды. Бұл тәрізді тарихи жүкті мойнына артқан адамның бірі - Махамбет. Сондықтан да Махамбет поэзиясының басты қасиеттерінің бірі саяси үгіт болуы заңды. Бірақ саяси үгіт поэзиясын жасаушы тарихта жалғыз Махамбет емес, басқалар да болды. Әйтсе де, солармен салыстырғанда да, Махамбеттің тағы өз ерекшелігі бар. Бізше, Махамбеттің негізгі ерекшелігі оның бір сырлы, сегіз қырлылығында. Махамбет өлеңдері тек жалаң құрғақ үгіт емес, оның өлеңдерінде жалынды, саяси өткірлік пен терең ой, нәзік сезім әрдайым ұштасып, біте қайнасып жатады. Махамбет өлеңдерінде бұл үшеуінің жігін ашып, бөліп алуға болмайды. Осы қасиеті Махамбетті көтеріліс туын көтерген әрі жалынды үгітшісі, әрі ардақты ақыны етті. Бұл мазмұн Махамбет өлеңдерінің құрылысы мен түріне де әсер етті. Түр - мазмұнның түрі болуы қажет деген шартқа Махамбет поэзиясы толық жауап бере алады. Оның: "Ереулі атқа ер салмай", "Мұңайма", "Айныман" деген өлеңдері , мазмұнына түрі сай, жалынды үндеу сөздер. Махамбеттің досын мақтап, дұшпанын даттап шығарған өлеңдерінің мазмұны күрес идеясын жыр ету болса, құрылысы шешендікке толы үгітке арналған отты сөздер болып келеді де, сөйлемдері қаратпалы, сұраулы сөйлемдер болып келеді, не жарлай арнау, не сұрай арнау, немесе риторикалық сұрау болып отырады. Мысал үшін "Мұңайма" деген өлеңін алайық: Ханның ісі қатайды, Азамат ерден мал тайды. Қанды көбік киініп, Бір аллаға сыйынып, Ұрандап жауға тигенде, Кім жеңері талай - ды, Жолдастарым,мұңайма!…- дейді ақын. Мұндағы "азамат, жолдастарым" деп, достарына қайрыла сөйлеу, сөйлемін риторикалық сұрау түрінде құру, өзінің айтайын деген пікіріне дәл, күреске үндеу тілегіне сай. Махамбет өлеңдерінде бұл тәрізді үгіт өлеңдермен қатар, лириканың басқа да түрлері бар. Ақынның бірқатар өлеңдері үлгісінде құрылады. Қазақ фольклорінде дүние салған адамның тіршіліктегі іс-әрекеттерін әр жағынан алып, толық баяндап жырлайтын жоқтаулар, естіртулер көп. Махамбет өлеңдерінің кейбіреулері фольклорда кездесетін жоқтау өлеңдердің қысқа түріне жақындайды. ("Тарланым", "Тайманның ұлы Исатай"). Исатайдың өліміне арналған "Тарланым" деген өлеңін алсақ, жалпы жоқтаулардың әдісімен, батырдың өміріндегі әралуан іс, амал, қасиет мінездерін санап көрсетеді. Бірақ, мұнда да Махамбеттің өзіне тән кейбір ерекшеліктері бар. Махамбет өлеңдерінде Исатайдың өмірін жалпы алмайды, оның өмірінің әлеуметтік-таптық жақтарын алып, батырдың езілуші халық, қара шаруа, еңбекшілердің мүддесін қорғап феодал, ақсүйектерге қарсы шыққан, шын мәніндегі халық қамқоры болған жақтарын айрықша көрсетеді. Шернияз сықылды басқа жағына ақын тоқталмайды. Махамбеттің жоқтау тобына жақын келеді деген өлеңдері, оның басқа өлеңдеріне қарағанда фольклормен тығызырақ байланыста деуге болады. Өйткені эпитет, метафора теңеулерін алсақ, көбіне фольклордан алынған поэтикалық тілдер. Ал Махамбеттің кейбір өлеңдері философиялық бағытқа негізделген өлеңдер болып келеді. Қоғалы көлдер, құм сулар,

Кімдерге қоныс болмаған?

Саздауға біткен құба тал,

Кімдерге сайғақ болмаған? - деп, риторикалық сұрай арнау түрінде айта келіп, өмірге өзінше қорытынды жасайды. "Толғау" деген өлеңінде де осы тәрізді өмірді шолып келіп, өзінің одан түйгендерін баяндауға негізделеді. Бірінші шумағында ақын термелеп, тыңдаушыларының назарын ақыл кеңесіне аударады да, онан кейінгі шумақта ақындық шабыттың шарықтауы, ойдың серпінінен туған терең пікірлер айтылады, үшінші шумақта, хан-төренің тағдыры халықпен байланысты, былайша айтқанда, оларды жоқ ету халықтың қолында деп, халықтың зор күш екенін еске салады. Ең соңғы жолдарда ақын былай деп өзінше қорытынды жасайды: Батыр болмақ ойдан-ды: Айқайласып жауға ти, Тәңірім білер, жігіттер, Ажалымыз қайдан-ды? Махамбеттің бақыт пен тағдырдың айнымалы екендігін философиялық түрмен қорытқаным мына өлеңінен де көруге болады: Бұл дүниенің жүзінде, Айдан көркем нәрсе жоқ. Түнде бар да, күндіз жоқ. Күннен көркем нәрсе жоқ, Күндіз бар да, түнде жоқ. Мұсылманшылық кімде жоқ, Тілде бар да, дінде жоқ. Көшпелі дәулет кімде жоқ, Бірде бар да, бірде жоқ. Азамат ерлер кімде жоқ, Еріккен күні қолда жоқ. Заманым менің тар болды, Тура әділдік биде жоқ, Бәрін айт та, бірін айт. Қаумалаған қарындас. Қазақта бар да, менде жоқ. Бұл тәрізді эпифоралық ұйқас, синтаксистік параллелизмге құрып, образдарына философиялық мән беру, ақынды бұл дәуірде дұрыстық, әділдік жоқ деген қорытындыға әкеп тірейді де, сондықтан ақын жалғыздық көріп, қасіретке шомады. Мұнан кейін Махамбеттің кейбір өлеңдерін, әсіресе оның өмірінің соңғы кезіндегі шығармаларын - элегиялық өлең деуге болады. "Абайламай айрылдым", "Нарын " және басқа сол сияқты өлеңдер өткенді еске түсіруге арналған, жан қасіретін көрсететін, ақынның жалғыздық қайғысын, тарыққан көңілін білдіретін элегиялық мотивті өлеңдер, мұнда оның басында бір зұлым тағдырдың қара бұлты төніп тұрған сияқты. Мен тауда ойнаған қарт марал, Табаным тасқа тиер деп, Сақсынып шыққан қиядан, Қайыңның басын жел соқса, Қаршыға қуыс қайғырар: Балапаным суға кетер деп, Мамығын төккен ұядан, О дағы біздей болған сорлы екен, - дейді ол. Махамбеттің элегиялық өлеңдері аса суретті, тамаша көркем. Бұлар ақынның тек жалаң өз қайғыруының сәулесі емес, ол басқа түскен сол кездегі ауыр халдердің айнасы болды. Кейбір өлеңдерінде ақын туған елі бүгінгі Қазақстан жерінің табиғат байлығының әдемі көріністерін, ен даланың, асқар тау, шыңырау қиялардың айбатты пішінін суреттейді. Өлеңнің көп жерлерінде ақын көшпелі, мал баққан, ит жүгіртіп, құс салған аңшылық, өз елінің өмірінде орыны бар жан-жануар, аң, құстардың образын көрсетуге көбірек көңіл аударады. Бірақ, бұл ел, табиғат байлығын, жан-жануарлардың әлемін суреттегенде, олардың тек көркемдік сипатын ғана көрсету немесе тек сұлулық үшін ғана суреттелмейді. Мұнда да ақын ел тағдырымен байланысты, өз басынан кешірген қиын-қыстау кезеңдердегі ой сезімін оқушылары толық сезінгендей етіп ашығырақ көрсетуге құрал есебінде қолданады. Бұған мына төмендегі үзінді толық дәлел: Назары қайтқан күн болған Жібектен бауы көнеріп Ақ сұңқар ұшқан күн болған. Бағаналы боз орда Еңкейіңкі күн болған. Телегей-теңіз шалқыған Қоғалы көлдер суалып, Тізеге жетер-жетпес күн болған, Жапанға біткен бәйтерек, Жапырағынан айрылып. Қу түбір болған күн болған. Алқалаған жер болса, Азамат басы құралса, Мәшурат кеңес сұралса Мәшурат берер едік; Исатайдан айрылып Алқалай келген кеңесте Дем құрыған күн болған. Бұл тәрізді элегиялық өлеңдердегі көркем образдардың қайсысын алсақ та, ақынның айтайын деген негізгі идеясына бағыныңқы. Исатай өлгеннен кейін, күрес арқылы жетеміз деген мақсат орындалмай, көтеріліс жеңілгесін, хан, сұлтан, феодалдар халықты бұрынғыдан бетер езіп, ел басына ауырмалықты күшейте түсті. Бұл жағдай ақынның поэзиясынан орын алмауы мүмкін емес еді. Ақынның бірқатар өлеңдеріндегі қайғының элементі жоғарғы халмен байланысты болды десек, Махамбеттегі элегиялық өлеңдердің негізгі сол жағдайлар деуге болады. Бірақ бұл сарындағы ақын өлеңдерінде, жауына деген өшпенділік бар, сөнбес кек бар, жолдас-жорасына дем беріп, өмірден түңілмеуге шақырып болашаққа сенушіліктер бар. Міне осылардың жиынтығы келіп, Махамбет өлеңдерін сары уайымнан аулақ етеді. Мазмұнына түрі сай түрін отты жырларды суырып салып шығаруда да ақынның шеберлігі тым жоғары, оның мәдени-тарихи тамыры тереңде екенінде дау жоқ

Сөздік:

Мұнар да, мұнар, мұнар күн.

     Бұлттан шыққан шұбар күн.

Авторы:

Тақырыбы:

Жанр түбі:

Идеясы:

Шумағы:

Тармағы:

Бунақ:

Буын:

Ұйқас түрі:

Әдеби теориялық ұғымдар:

а) Элегиялық сарындағы туынды. Элегия – мүң мен өкінішке толы өлең.

ә) Ажарлау.

б) Ассонанс – бірыңғай дауысты дыбыстардың қайталануы.

Арқанын қиып алған күн

Алма мойын аруды

Ат артына салған күн

в)Аллитерация – бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталануы.

Бұлттан шыққан шұбар күн.

Буыршын мұзға тайған күн.

Бура атанға шөккен күн

Бұлықсап жүрген ерлерден

Бұрынғы бақыт тайған күн.

г) Айшықтау – жай қайталау.Мысалы:мұнар да, мұнар, мұнар күн.

ғ) Эпифора – өлең тармақтарында бір сөздің немесе сөз тіркесінің жол аяғында қайталануы.Мысалы: күн, күн.

д) Арнау.Зарлай арнау – қайтыс болғанда аһ ұрып, аза тұтып айтқан бір ауыз өлең. «Мұнар күн» ақынның Исатайды жоқтауы, аза тұту жыры.

11. Түсіндірме сөздік.

12. Тәрбиелік мәні, түйіні.

Сабақты қорытындылау мақсатында сұрақтар мен тапсырмаларға жауап береді.

Үйге тапсырма: Өлеңдімәнерлеп жатқа айту.

Білімді бағалау.

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік – Махамбеттің ерлік рухты өлеңдерінің  мазмұнын тереңірек түсіндіру;

 Ә) Тәрбиелік – Ерлікке,Отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, патриот екендіктерін дәлелдету;

Б) Дамытушылық  - Оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі: талдау сабағы.

Сабақтың түрі: үйрену сабағы.

Пәнаралық байланыс:

 1) Ұйымдастыру – амандасу, түгелдеу.

2) Үй тапсырмасын сұрау – сұрақтар мен тапсырмалар арқылы.

3) Жаңа сабақ  - «Мұнар күн» өлеңі. Өлеңді мәнерлеп оқытамын. Сатылай кешенді талдау жасайды.

     Мұнар да, мұнар, мұнар күн.

     Бұлттан шыққан шұбар күн.

Авторы:

Тақырыбы:

Жанр түбі:

Идеясы:

Шумағы:

Тармағы:

Бунақ:

Буын:

Ұйқас түрі:

Әдеби теориялық ұғымдар:

а) Элегиялық сарындағы туынды. Элегия – мүң мен өкінішке толы өлең.

ә) Ажарлау.

б) Ассонанс – бірыңғай дауысты дыбыстардың қайталануы.

Арқанын қиып алған күн

Алма мойын аруды

Ат артына салған күн

в)Аллитерация – бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталануы.

Бұлттан шыққан шұбар күн.

Буыршын мұзға тайған күн.

Бура атанға шөккен күн

Бұлықсап жүрген ерлерден

Бұрынғы бақыт тайған күн.

г) Айшықтау – жай қайталау.Мысалы:мұнар да, мұнар, мұнар күн.

ғ) Эпифора – өлең тармақтарында бір сөздің немесе сөз тіркесінің жол аяғында қайталануы.Мысалы: күн, күн.

д) Арнау.Зарлай арнау – қайтыс болғанда аһ ұрып, аза тұтып айтқан бір ауыз өлең. «Мұнар күн» ақынның Исатайды жоқтауы, аза тұту жыры.

11. Түсіндірме сөздік.

12. Тәрбиелік мәні, түйіні.

Сабақты қорытындылау мақсатында сұрақтар мен тапсырмаларға жауап береді.

Үйге тапсырма: Өлеңдімәнерлеп жатқа айту.

Білімді бағалау.

2

3

4

5

Сабақтың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасып, түгендеу.
2. Үй тапсырмасы 
Тест сұрақтары
1. «Зар заман ақындары» деген ақындарды анықтаңыз.
А. Асан Қайғы, Бұқар жырау 
В. Сәкен, Ілияс, Мағжан 
С. Махамбет, Шернияз, Алмажан
Д. Ақтамберді, Жиембет, Шалкиіз.
Е. Дулат, Шортанбай, Мұрат 
2. Дулат ақын туған жылды көрсетіңіз. 
А. 1728 жыл
В. 1810 жыл
С. 1802 жыл
Д. 1847 жыл
Е. 1683 жыл
3. Дулат Бабатайұлының шығармасын табыңыз.
А. «Ей, Абылай, Абылай» 
В. «Қараторғай» 
С. «Дала ақыны мен қала ақынының айтысы» 
Д. «Болыс болдым мінекей»
Е. «Еспембет»
4. Дулат Бабатайұлының туған жерін табыңыз
А. Семей облысы, Аягөз ауданы
В. Семей облысы, Абай ауданы
С. Атырау облысы, Махамбет ауданы
Д. Алматы облысы, Талғар ауданы
Е. Қызылорда облысы, Арал ауданы
5. Дулат Бабатайұлының өлеңін табыңыз.
А. «Өлсе, өлер табиғат адам өлмес»
В. «Жетісу суреттері»
С. «О, Ақтан жас, Ақтан жас»
Д. «Сөз жазып, өлең өлшемек»
Е. «Кәмшат қыз»
6. Шортанбай Қанайұлының туған жерін табыңыз.
А. Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданындағы Қаратау – Қарнақ өңірі 
В. Атырау облысы, Қызылқоға өңірі 
С. Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы
Д. Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы 
Е. Алматы облысы, Қарақыстақ ауылы
7. «Зар заман », «Бала зары», «Насихат» шығармаларының авторын табыңыз.
А. Шортанбай Қанайұлы 
В. Мұрат Мөңкеұлы 
С. Әбубәкір Шоқанұлы 
Д. Мағауия Абайұлы
Е. Дулат Бабатайұлы
8. Шортанбай Қанайұлының қай шығармасын белгілеңіз.
А. «Бала зар»
В. «Алдаушы жалған»
С. «Насихат»
Д. «Замана»
Е. «Зар заман»
3. Жаңа сабақ
І. Қызығушылықты ояту кезеңі
Жасырын сөзді тез тауып алу, әрбір сөзге анықтама беру. 
Апрвнылбатырнгоаркево
Орлпрарвақынрптибусай
Генпмркмахамбетдщшгг
Ракйчмисатайпгбдзэхера
Батыр – ел қорғаны. Ол – елі мен жері үшін жанын қиюға дайын тұлға.
Ақын – поэзия алыбы. Ақын –халқының талантты туған перзенті.
Махамбет – атадан туған ардақты ер. Махамбет – ханға қарсы шыққан сүңгі тілді ақын.
Исатай – Махамбеттің серігі. Исатай – батырлығы батпандай жалынды жауынгер.
ІІ. Мағынаны тану кезеңі
1. ББҮ стратегиясы
Білемін Білгім келеді Үйренгенім 

Оқушылар Махамбет туралы білетіндерін білемін деген бөліміне, білгісі келетіндерін білгім келеді бөліміне жазады.
2. Махамбеттің өмірбаяны туралы фильм жүреді.
3. Инсерт стратегиясы
Қолдарына Махамбеттің өмірбаяны туралы мәтін беремін, сол мәтінмен жұмыс жасайды.
Қазақ халқының XIX ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарайтын Бекетай құмы деген жерде туып, 1846 жылы қазан айының ішінде жалынды ақын жау қолынан қапыда қаза табады. 
Өтемістің он баласы болып, Махамбет Бекмағамбеттен кейінгі екінші бала болады. Жас кезінде хан ордасында тәрбиеленген ақын кейін бөлектеніп кетеді. Халықты, қарашаны қолдаған Махамбет 1829 жылы түрмеге қамалады.
1836 жылы 14 көкекте Исатай мен Жәңгір кездеседі. Ханның қайын атасы Қарауылқожаның ауылын шауып алады.
1837 жылы 2 қарашада хан ордасына қайта атттанады. 1838 жылы 12 шілдеде орыс әскерімен шайқаста, Исатай қаза табады. Ары қарай Махамбет ақынның азапты күндері туады. Орынбор түрмесіне қамалады.
1846 жылы өз үйінде қастандықпен қаза табады. Бейіті Атырау облысы, Махамбет ауданы, Қараой деген жерде.
Ақынның өлеңдері ерлікке, өрлікке арналады. Не үшін соғысып жүргенін айтады. Ел қандай болу керек деген сауалдарға жауап іздейді.
Исатай жолдасын мақтап нағыз ер бейнесін жасайды. Ақынның әр өлеңінде ел үшін, жұрт бақыты үшін қан төккен, сол мақсатқа бел буған ерлер бейнесі жасалса, Исатай ─ сол ерлерді бастаушы, халық үшін жанын қиған батыр, әрі соғыстағы ерліктің, жүректілік пен өрліктің символы да. «Исатай деген ағам бар», «Мұнар күн», «Тайманның ұлы Исатай», «Мінкен ер», «Тарланым», «Исатайдың сөзі», «Мінгені Исатайдың Ақтабаны ─ ай» өлеңдерінде тұтастай ел бастаған ер бейнесі сомдалады. 
Исатайдан, жерінен айрылып өкінеді, өксиді. Сол күндерін сағынады. Қызғыш құсқа зар айтады. Құсқа мұңданады.
1845 ж. ақпанда Махамбет баласы Нұрсұлтанды оқуға орналастырмақ ниетпен Орынборға келді. Шекарадан өтуіне байланысты генерал-губернатор істі қайта қозғады, Кіші жүздің батыс бөлігінің әкімі Б.Айшуақов та Махамбетті қудалауын қоймады. Ол ақынның басына 1000 сом тігіп, оны ұстау үшін арнайы адамдар дай (құрамында хорунжий Ықылас Төлейұлы, беріш руының биі Жанберген Боздақұлы, Табын Төрежан Тұрымұлы, беріш руының қазақтары Мұса Нұралыұлы, Жүсіп Өтеуліұлы бар) құралған қарулы жасақ жіберді. Махамбет хорунжий Тұрымұлының қолынан қаза тапты.

Білемін
Қайшы Жаңалық Түсінбейтін
V
− + ?
Махамбеттің «Бағаналы терек», «Мен едім» өлеңдері аудиожазбадан тыңдалады.
4. Сөздікпен жұмыс 
«Бағаналы терек» өлеңін бір оқушыға мәнерлеп оқытып, түсініксіз сөздерді теріп аламыз. 
Орай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?!
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?!
Туырлықсыз тұл үйге
Ту байласа тұрар ма?!
Бағаналы терек жарылса,
Бақыраш жамап болар ма?! 
Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,
Еменге иір бұтақ бітсейші,
Қыранға тұғыр қыларға.
Ханнан қырық туғанша,
Қарадан бір-ақ тусайшы,
Халықтың кегін қусайшы,
Артымыздан біздердің
Ақырып теңдік сұрарға.
Қаптама – суықта киетін тысталғпн қалың киім.
Туырлық – киіз үйдің түңлігі мен үзгінің арасын қосатын, уықтың орта тұсынан керегенің басына дейін жабатын киіз.
Бақыраш – қаңылтыр.
5. Шығармашылық тапсырма. 
Махамбеттің «Мен, мен едім, мен едім» атты өлеңі астарына үңіле отырып, мұндағы «МЕНнің» мағынасын ашу.
МЕН – мақсаты анық, мұраты айқын, ойы нық болмыс.
МЕН – елімді Еділдің бойы ен тоғайға ел қондырсам деген асыл арман иесі.
МЕН – кескілеспей басылмайтын, боз ағаштан биік батыр.
МЕН – ойшыл, дана. Елі мен жері үшін мазаланған тұлға.
МЕН –ғұмыры күйзеліспен, құсалықпен өткен жан.
Сергіту сәті
«Алтылық» ойыны
Оқушылар алты санын, алты саны бар сөзді айтпау керек.

ІІІ. Ой толғаныс кезеңі 
1. Кейіпкерге хат
Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйі ойнап тұрады, оқушылар «Ақын арманы» тақырыбына эссе жазады.
2. Топтастыру
4.Үйге тапсырма
Оқушыларды 4 топқа бөліп, әр топқа ат қойып, өздеріне тапсырма беремін.
1 – топ. Тарихшылар (Махамбет өмір сүрген дәуірді зерттеп келеді)
2 – топ. Әдебиетшілер (Махамбеттің өлеңдерін жатқа айтады)
3 – топ. Зерттеушілер (Махамбеттің өлеңдерін зерттейді)
4 – топ. Өнер иелері (Махамбеттің күйлері мен термелері туралы айтып, орындайды немесе тауып келеді)

5.Бағалау

Сынып

Қазақ әдебиеті   8-сынып

Сілтемелер:

Нұсқаулық. Қазақ әдебиеті оқулығы, С.Мақпырұлы, Г.Құрманбай.

Сабақтың тақырыбы:

М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

Негізгі мақсаттар:

Оқушыны өз бетімен ізденуге бағыттау;

Топтық жұмысқа жұмылдыру;

Өзін-өзі бағалауға немесе өзара бағалауға ынталандыру

Топтық жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың  шығармашылық ізденісін дамыту.

Диалогтік оқу әдісі арқылы оқушылардың оқуына, танымдық дамуына әсер ету.

Оқыту нәтижелері:

Шығарманың негізгі тақырыбы  мен  идеясын түсінеді;

Топтық жұмыс жүргізе отырып, өз бетімен ой қорытуға үйренеді;

Өз беттерімен бірін-бірі бағалауды үйренеді.

Түйінді идеялары:

Шығармадағы түйінді ойды анықтайды;

Шығармашылық, танымдық  белсенділігі артады;

Топпен бірлесе жұмыс жасауды меңгереді.

Оқытуда қолданылатын  әдіс-тәсілдер:

Визуалды оқыту, жке жұмыс, топтық жұмыс, Сыни тұрғысынан ойлау стратегиялары, бағалау.

Сабақ жоспары

Ұйымдастыру:  топқа бөлу (жұптастыру арқылы)

Сабақ барысы:  Блум таксономиясы бойынша

Ой түйін

Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

Сабақта қолданылатын ресурстар:

 маркер, қағаздар, оқулық.

Кезең

Тапсырмалар

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Білім

Жайлы психологиялық ахуал қалыптастыру.

Топқа бөлу.

«Өзіңізге тілегенді, басқаларға да тілеңіз» тренингі арқылы жұп құрып, жылы лебіздерін білдіреді.

Жұп құрап, топқа бөліну.

Түсіну

Кіріспе сұрақ

Ақын өмірі туралы түсінік.

Оқулықпен жұмыс.

-М.Мақатаев туралы не білесіңдер?

М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік қалыптастыру. Оқулықпен жұмыс. Мәтіндегі түсініксіз сөздерге  түсінік беру.

Ақынның шығармашылы-ғы туралы түсінік қалыптасады.«Кие» сөзінің мәнін түсінеді.

Қолдану

Топтастыру

 «Бес жолды өлең» әдісі

Топтастыру. «Аққу қандай құс, қандай қасиеттерге балаймыз?»

Өлең шумақтарынан шыққан «Аққу» сөзіне анықтама беру.

аққу

Талдау

Постермен жұмыс.

Топтық жұмыс, салыстыру кестесі, қос жазба күнделігі

Шығарма мәтінін бөліктерге бөліп, топтық тапсырмалар беру.

Әр топ өздеріне берілген бөліктерді түсіне оқып, салыстыру кестесін толтырады.

І топ.Поэманың көркемдік ерекшеліктерін табу.

ІІ топ.Композициялық құрылымына талдау.

ІІІ топ. Қос жазба күнделігі

Жинақтау

Кері байланыс

(сұрақ-жауап)

-Мұқағали қандай ақын?

-Поэманың негізгі идеясы неде? т.б.

- Шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне көзқарасың қандай? Шығарма кейіпкерлерін қалай бағалар едің?

Оқушылар сұраққа жауап береді, өз ойларын ашық жеткізе алады.

Бағалау

Формативтік бағалау

Ой түйін.

Топ басшысының бағасымен өз бағамды салыстыра отырып, бағалаймын.

Поэмадан түйгендерін ортаға салады.

Топ басшысы өз тобын критерия бойынша бағалап шығады.

Оқуға арналған тапсырма

Поэманы  мәнерлеп оқу. Поэмадан үзінді жаттау.

Тақырыбы: «Өр рухты ақын» М. Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты: Махамбет Өтемісұлының өмірі, шығармашылығынан мәлімет беру. Тарихи деректер мен тарихшы ғалымдардың пікірлерін оқушы санасына қалыптастыру.
Білімдік мақсаты: ақын өмірі, шығармашылығы, ерлік істері, тарихи жағдай туралы білімін актуалдандыру, ақпаратты қысқа да, нұсқа тұжырымдау;

Дамытушылық мақсаты: Қосымша деректерді дұрыс қолдана білуге, шығармашылық ізденіске жетелеу, көркем тілмен сөйлеуге дағдыландыру
Тәрбиелік мақсаты: елін, жерін сүйе білуге, ерлікке тәрбиелеу
Түрі: жаңа білімді игеру
Әдісі: ой қозғау, тыңдалым, мағынаны тану, сұрақ — жауап, рефлексия: бес жолды өлең.
Көрнекілік: интербелсенді тақта, суреттер, слайд, тірек — сызба
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
ІІ. “Қызығушылығын ояту” сабақты болжап табу.
ІІІ. Жаңа сабақ
Ақын өмірінен деректер “Өмір — дерек” видеоролик
ІҮ. Мағынаны тану
Ақпараттық (М. Өтемісұлының шығармашылығымен жұмыс)
Ү. Рефлекция
(Бес жолды өлең құрастыру)
ҮІ. Үйге тапсырма
ҮІІ. Бағалау
І. Ұйымдастыру
(Балалардың сабаққа қатысымын, дайындығын тексеру)
ІІ. Қызығушылығын ояту
Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйін тыңдату арқылы сабақ тақырыбын болжап табу. Оқушыларға қосымша көмектер беру:

Батыс Қазақстан тумасы
Көтеріліс басшысы, ақын.
Нарын құмында туған.

Сабақ тақырыбын анықтаған соң, күннің жадын, жаңа тақырыпты тақтаға жазу.

«Махамбет — қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі… Махамбет жырлары — өз заманындағы ең қанды, ең әсерлі сөз, көпшіліктің өз үні.”

• Мұхтар Әуезов
Үш бөлікке бөлінген графаны слайдпен көрсету.

Не білемін?

Білгім келеді…

Не білдім?

Балалар дәптерлеріне кестені сызады. Толтыру
Бүгін Махамбет Өтемісұлының өмірі және шығармашылығы туралы танысамыз. Махамбет ақын туралы біз төменгі сыныптардан білеміз. Қазір сендер сызған кестені толтырыңдар. Білемін деген бағанға батыр туралы өздерің білетін мәліметтерді толтырып жазыңдар. Білгім келеді деген бағанға нені білгілерің келетінін жазып шығыңдар. Не білдім? деген үшінші бағанды сабақтың соңында толтырасыңдар.

Не білгім келеді? Бойынша мұғалім келесі сабаққа қосымша дайындалып келеді.

Білемін деген бағанға оқушылар толтырады.Мысалы:
Туған жылы, жері. батыр, ақын
«Қызғыш құс» «Бағаналы терек
Ерлігі, күйшілігі туралы
ІІІ. Жаңа сабақ

«Атомдар мен малекулалар» ойыны бойынша сыныпты 2 топқа бөліп аламын. 
Ақын өмірінен деректер “Алып шаһар” видео ролигі көрсетіледі

Сынып 2 топта жұмыс жасайды. Тыңдалым материалдары бойынша әр топ бір-біріне 2-3 сұрақтан дайындайды.

ІҮ. Мағынаны тану
(Кітаппен жұмыс жасау)
1-топ: “Ереуіл атқа ер салмай…”
2-топ: ”Мұнар күн”

1-топқа тапсырма.
1) «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін мәнерлеп оқып,идеясын айт.
2) Өлеңнен сөз тіркестері мен көркемдегіш құралдарды тап.
Жауабы. 1.Мәнерлеп оқиды. Бұл өлеңде ақын тек халқына рух беріп,намысын қайрап, күреске шақырады.
2. Сөз тіркестері:ереуіл ат,егеулі найза,алты малта ас,тебінгі жер,түн қатып

2- топқа тапсырма.
1) «Мұнар күн» өлеңін мәнерлеп оқы.Өлеңде ақын не туралы айтқан?
2) Ақын өлеңдерінде жиі кездесетін сөздерді тап.
Жауабы. 1. Мәнерлеп оқиды.Ақынның Исатай өліміне арнаған мұң мен өкінішке толы элегиясы
2.Жиі кездесетін сөздер:мырза,ер,оқ,қылыш,дұшпан т.б

Қосымша мәлімет бере кету.

Махамбет Өтемісұлының шежіресі
Жаубасар  Құлмәлі Өтеміс Тоқтамыс Бекмағамбет Қожахмет Махамбет
Ысмайыл Досмайыл Сүлеймен Ыбырайым Әйіп Хасен

Махамбеттің күйлері
“Жайық асу” “Жауға шапқан” “Жұмыр қылыш” “Қайран нарын” “Өкініш”
Махамбеттің күйлерін орындап, халыққа жеткізіп жүрген күйші

Білім бекіту. Тексеруге арналған сұрақтар.
№1
1.Махамбет қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
2.Махамбет пен Жәңгірхан туралы не айтасың?

3.1828-1831ж. Не болды?
4.Хан жасағын кім бастаған?
5.Исатай жасағы кімнің ауылын шауып алып, кімнің ауылын ойрандайды?
6.Исатай қашан қайтыс болады?

7.1840ж. Махамбетті кімдер ұстап алғысы келеді?

Ү. Рефлекция «Бес жолды өлең»
1 — жол – тақырыптың атау
Зат есім –( 1сөз)
2 — жол – тақырыпты сипаттайтын сөз
Сын есім – (2 сөз)
3 — жол тақырып туралы қимылды білдіретін сөз
Етістік (3 сөз)
4 — жол — тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы
5 — жол — тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз бір сөз

Балалардың жазған бес жолды өлеңдерін оқыту

Сабақтың басындағы «не білдім?» графасын толтыру.

Мұғалім: Фариза Оңғарсынованың өлең жолымен сабағымды аяқтағым келеді.
Махамбет
Махамбет…
Білмеймін жел ме,сел ме
Жырда онымен бір тұлға теңесер ме?
Әділетсіз дүниенің қабырғасын
Махамбетше сөгер жан кездесер ме?

Сабық басында сызылған кестенің үшінші бөлімін толтырыу

ҮІ. Үйге тапсырма. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін жаттау. Өмірі мен шығармашылығын оқу

ҮІІ. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысып отқан топты ауызша бөліп айту және оқушыларды жеке-жеке бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов «Екі шыбын»
Жалпы мақсаты: 1. Оқушылар Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерімен және аудармаларымен танысады.
2. Ахмет Байтұрсыновтың қазақ әдебиетіне қосқан бай мұрасы туралы пікір алмасады.
3. «Екі шыбын» мысалының идеясын ашып, әдеби - теориялық талдау жасайды.
Оқу нәтижелері: Мәнерлеп оқу шеберлігі тереңдетіледі.
Тіл байлықтары дамиды, сөздік қорлары толығады..
Әдебиет теориясы туралы білімдері дамиды.
Түйінді идеялар: Адамгершілікке, қарапайымдылыққа, өз бойларына асыл қасиеттерді сіңіруге баулиды.
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Тренинг: «Ақ тілектер». Оқушылар ортаға шығып өз бойындағы бір жақсы қасиетті айтады.
2. 3 топқа бөлу: «Сатушы мен сатып алушы» ойыны. Көкөніс, жеміс - жидек және дәнді дақылдардың аттары жазылған қағаздарды суырып алып, 3 топқа бөлініп отырады.
3. Өткенді қайталау:
Үй тапсырмасын тексеру. Тақтада ілулі тұрған критерий шкаласы бойынша тексеріледі және бағаланады.
Ахмет Байтұрсынұлының «Ақын ініме» өлеңін мәнерлеп оқу.
1. Ахмет Байтұрсынұлы туралы мәлімет.
2. Өлеңді мәнерлеп оқу.
3. Өлең шумақтарынан түсінігін айту.
4. Өлең құрылысын талдау.
Қосымша сұраққа жауап бер.

азақ халқының XIX ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарайтын Бекетай құмы деген жерде туып, 1846 жылы қазан айының ішінде жалынды ақын жау қолынан қапыда қаза табады.  

Өтемістің он баласы болып, Махамбет Бекмағамбеттен кейінгі екінші бала болады. Жас кезінде хан ордасында тәрбиеленген ақын кейін бөлектеніп кетеді. Халықты, қарашаны қолдаған Махамбет 1829 жылы түрмеге қамалады.

1836 жылы 14 көкекте Исатай мен Жәңгір кездеседі. Ханның қайын атасы Қарауылқожаның ауылын шауып алады.

1837 жылы 2 қарашада хан ордасына қайта атттанады. 1838 жылы 12 шілдеде орыс әскерімен шайқаста, Исатай қаза табады. Ары қарай Махамбет ақынның азапты күндері туады. Орынбор түрмесіне қамалады.

1846 жылы өз үйінде қастандықпен қаза табады. Бейіті Атырау облысы, Махамбет ауданы, Қараой деген жерде.

Ақынның өлеңдері ерлікке, өрлікке арналады. Не үшін соғысып жүргенін айтады. Ел қандай болу керек деген сауалдарға жауап іздейді.

Азаматтың міндетін көрсетеді. Осыған ұқсас «Беркініп садақ асынбай ...» деп басталатын өлеңі де бар. Алғашқыда ерлер ісі жорық пен оның қиындығына шыдау туралы болса, соңғыда жауын жеңу, ерлікпен қасқая соғысу ерлер ісі деп толғайды.

Исатай жолдасын мақтап нағыз ер бейнесін жасайды. Ақынның әр өлеңінде ел үшін, жұрт бақыты үшін қан төккен, сол мақсатқа бел буған ерлер бейнесі жасалса, Исатай ─ сол ерлерді бастаушы, халық үшін жанын қиған батыр, әрі соғыстағы ерліктің, жүректілік пен өрліктің символы да. «Исатай деген  ағам бар», «Мұнар күн», «Тайманның ұлы Исатай», «Мінкен ер», «Тарланым», «Исатайдың сөзі», «Мінгені Исатайдың Ақтабаны ─ ай» өлеңдерінде тұтастай ел бастаған ер бейнесі сомдалады. Егер жыраулар поэзиясы XV ─ XVIII ғасырлар шежіресі, сол заман батырларының ерлік дастаны десек, Махамбеттің Исатай туралы өлеңдері ─ сол жыраулар дәстүрінің жалғасы. Үмбетей, Ақтамберді, Бұқар жыраулар Абылай, Бөгенбай, Қабанбай бейнелерін сомдаса, Махамбет Исатайдай ердің биік тұлғасын үлгі етті.

Исатайдан, жерінен айрылып өкінеді, өксиді. Сол күндерін сағынады.

Қызғыш құсқа зар айтады. Құсқа мұңданады.

Махамбет поэзиясы ─ ерліктің, өрліктің поэзиясы. Ақынның асыл сөзінің маржан ырлары ─ жыраулар поэзиясымен үндестігі. Арнау, ханға қасқая сын, мін айту, жауынгерлік рух, батыр бейнесі жаңа үлгіде көрінді.

Махамбет жас шағында Жәңгір ханның қолында болады, бірақ туысынан өр мінез, өжет жанды Махамбет хан сарайында әділетсіздік пен теңсіздіктің куәсі рөлінде ұзақ тұра алмайды, көп кешікпей өзі шыққан халықтың арасына оралады.

  Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісінің Махамбет ең белсенді ұйымдастырушыларының бірі, жалынды жаршысы болды. Трибун ақынның әлеуметтік өмірге қатынасуының өзі шаруалар көтерілісімен тығыз байланысты еді. Махамбеттің көтеріліске үндеген тамаша шығармаларын шектен тыс езушілік пен теңсіздікті қарсы шықан халық күші туғызды. Демек, ақын толғауларының барлығынан дерлік көтеріліс рухы, елді езгіші хан - сұлтандарға қарсы үндеушілік айқын сезіледі.  

Махамбеттің толғаулары түр жағынан алғанда ескі дәстүрді сақтады, дегенмен өзін мазмұны, жалынды пафосы, зор жігері секілді қасиеттерімен қазақ поэзиясына ерекше жаңалықтар әкелді. Кейін ұлы ақынның үлгісін Батыс Қазақстанды мекендеген ақындардың көпшілігі пайдаланды, үйренді.

"Дауылпаз ақын - ел мақтаны" Махамбет Өтемісұлының өмірі, шығармашылығы

Жарияланды 4-07-2013, 15:39 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті 

9 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Дауылпаз ақын - ел мақтаны»
Махамбет Өтемісұлының өмірі, шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:
1/ ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сұрапыл жырлармен халықты күреске шақырып үндеген Махамбеттің ақындық дарының өлеңдері арқылы оқушыларға түсіндіре отырып, өлеңмен ой салып, халық санасын оятуға күш салған ерекше қасиетін оқушы бойына дарыту
2/Өмірі мен өлеңдерінің ерекшелігін аша отырып, күйлері, термелері жөнінде түсінік беру. Ерлікке, Отанды қастерлеуге шақыру.
3/ Өршіл жырлары арқылы ерлікті ту еткен Махамбеттің ерлігін қастерлеуге баулу, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: Ашық журнал.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: баяндау, ойды жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, видео, үнтаспаға жазылған күй

Сабақтың эпиграфы:
Махамбет
Махамбет...
Білмеймін жел ме, сел ме
Жырда онымен бір тұлға теңесер ме?
Әділетсіз дүниенің қабырғасын
Махамбетше сөгер жан кездесер ме?

Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, сабаққа дайындығын бақылау.
2. Жаңа сабақ.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Оқушылар бүгін бізде ерекше сабақ. Ашық журнал түрінде өтетін сабағымызда Махамбеттің ақындық дарыны, күрескер ақындығы, айтулы күйшілігі жайында әңгімелеп, ой қозғамақпыз. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұқтар Әуезов Махамбеттің ақындық құдіретін жоғары бағалай келіп, былай деп жазды:

«… Махамбет бұрынғы, соңғы қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі деп саналуға тиіс. Махамбет жырлары өз заманындағы ең қанды, ең әсерлі сөз, көпшіліктің өз үні, өз тілі, өз арман талабы». Бұл классик ақынымыздың шығармашылығына берілген әділ баға деп білуіміз керек. Жауынгерлік рухтағы өршіл жырлардың інжу маржанын ұрпағына мұра еткен Махамбет – ерлік пен намыстың ақыны. Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді жыраулардың жалғасы Махамбет – сан ғасырлар бойғы тәуелсіздікке ұмтылған бабалар рухының нақты көрінісі. Олай болса Ашық журналымыздың бірінші бетін ашпастан бұрын «Республикалық Махамбет оқулары - 2012»оқуларының 2 - орын иегері, сонау Тасшағыл ауылынан келіп қатысып отырған қонағымыз - оқушы Русланұлы Расулдың орындауында Махамбеттің «Арыстан одан кім өткен?» өлеңіне кезек берейік. 1 - бет «Күреспен өткен ғұмыр» 1 - слайд.

/Интерактивті тақтадан интернет желісі бойынша Махамбет Өтемісұлы жөнінде деректі фильм көрсетіліп жатады./

Мұғалім сөзі: Қазақ халқы талай қиын кезеңді талай басынан кешірді. Елін, жерін көзінің қарашығындай қорғаған, оның мүддесі үшін қабырғасы қайысып, қасық қаны қалғанша қорғап болуды мақсат еткен дара – тұлға батырлары болған. Олар сабырдың тәуекел мен арманның түлегі. Міне осындай көрнекі өкілдердің бірі - Махамбет Өтемісұлы. Ол - тасқындаған қайраттың ғана емес, ең алдымен, кең толғап, кем пішер кемеңгер ақылдың көрінісі. Махамбет Нарын өлкесінде өмір сүріп, « қара қаза, сары бала қамы үшін» ашық қимылға шыққан, халықты соңына ерте білген. Ол ерлікті, өрлікті өзі ғана жасамай, бүкіл поэзиясына ерлікті ту етті, оны кейінгі ұрпаққа өлмес мұра етіп қалдырды. Олай болса берілген сызбаға назар аударайық
Сызба. 2 - слайд

Махамбет Өтемісұлы
1846 жылы Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданында дүниеге келген қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы.
Отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы көтеріліске шақырған алғашқы қазақ жыршысы
/Осы сызба арқылы ақын өмірінен мәлімет беремін./

Менің атым – Махамбет,
Жасқұстағы Жәңгір хан
Ісінен болдым құса - дерт.
Атасы өткен Айшуақ
Соны көзі көрді ғой:
Менің атам Өтеміс
Елдің қамын жеді ғой - деген жалынды отты сөздерін еске ала отырып мына көрініске назарымызды салайық.

Көрініс:
Сарайда отырған Жәңгір хан. Айналасында Баймағамбет сұлтан, сарайдың билері, уәзірлері, т. б.
Жәңгір хан Махамбетті шақырып: - Ау, Махамбет! Арамызда шыққан от ауызды, орақ тілді ақын емессің бе? Жырла мені мақтап мына жұртқа.

Махамбет: - Айтсам айтармын хан Жәңгір, жұртқа жасаған ісінді. Қарапайым халықтың ақысын жеп, табаныңа таптамадың ба мына жұртты?
- Хан емессің қасқырсың,
- Қас албасты басқырсың.
- Достарың келіп табалап,
- Дұшпаның келіп басқа ұрсын.
- Хан емессің аянсың,
- Айыр құйрық шаянсың.
- деп, айта бергенде Жәңгір хан: - Тоқтат! Жетеді енді.
- Оқушылар, Махамбеттің бойындағы ер жүрек, батырлығын, қайсар, тік мінездігілігін неге баласақ болады?
- Намысқа тырысқан жігерлі, күшті де көсем тұлғаға балаймыз./оқушы жауабы/
- Ендеше «Аудандық Махамбет оқулары - 2013» байқауының жүлдегері Мүрсәлім Дастанбек Махамбеттің «Мұнар күн» өлеңін оқып береді.

2 - бет. Махамбет – дауылпаз ақын! 3 - слайд
ӨЛЕҢДЕРІ
Ерлікке, елдікке шақыратын
«Мұнар күн»
«Ұлы арман»
«Біртіндеп садақ
асынбай»
«Ереуіл атқа ер
салмай»
«Жалғыз дүние»
«О, Нарын!»
Исатайға арналған
«Исатай деген ағам бар»
«Арғымаққа оқ тиді»
«Тарланым», «Соғыс»
«Мінген ер», «Мінгені
Исатайдың Ақтабан - ай»
«Исатай сөзі»
«Арыстан одан кім өткен?»

Мұғалім:
Махамбеттің өлеңдерінің бастан аяғына дейін жырлаған негізгі өзекті тақырыбы – жастарды елін, туып өскен жерін қорғау үшін «жалаулы найза қолға алып, жарақты жауды тоқтатып» есі үшін құрбан болған елдің арманы жоқ, туған халқы, елі үшін кездескен қиыншылықты жеңе білуге жас ұрпақты үгіттеді.
Махамбеттің:
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығуға
Қас үлектен туған катепті
Қара нар керек біздің бұл іске.
Қабырғасын қаусатып,
Біздің бүйткен бұл іске, - деп аталатын өлең жолдарында жастарды қандай ма болмасын қиындықты жеңе білуге туып өскен Отанын елін сүюге, елжандылыққа тәрбиелеуге жас ұрпақты үндеді. Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңінде де ақынның еліне деген сүйіспеншілігі тамаша өрнектелген. Ақын психологиялық параллелизмді шебер қолдана отырып, қызғыш пен өз тағдырын салыстырады. Махамбет көл қорыға қызғыштай елі үшін отқа түседі:

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Қанатың қатты, мойның бос.
Исатайдан айырылып,
Жалғыздықпен болдым дос.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Ел қорыған мен едім
Мен де айырылдым елімнен
Көл қорыған сен едің,
Сен де айырылдың көліңнен.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сұрапыл жырлармен халықты күреске шақырып үндеген Махамбеттің ақындық дарыны ерекше.
Өлең - тәрбие құралы. Көне заманнан бері халқымыз тәрбие құралы ретінде ертегі, аңыздарды, батырлар жырлары мен дастандарды, өлеңдер мен терме, баталарды, мақал - мәтелдерді, қанатты сөздер мен шешендік өнерді, ырым - тиым сөздерді тиімді пайдаланып, ұлттық дәстүрімізді жалғастырып отырды. Көтеріліс кезінде Исатай бастаған қолдың алдында тұрып, оларды Жеңіске жетелеп, ұран көтеріп, өлеңмен жігер берген Махамбет ақынның басты құралы - өршіл жырлары болды.

Көтеріліс жеңіліске ұшыраса да, ол өз рухын жоғалтпады. Халықты көтеріліске қайта шақырып, өлеңмен ой салып, халық санасын оятуға күш салады. Амал не, қараңғы халық ойын түсінбеді, оның өлеңінің құдіретіне бас исе де, ақын соңына ермеді. Патша әскерінің қаруынан сескенген халық ақынның өлеңмен шақырған үндеуіне құлақ аспады.

Мұғалім сөзі: Облыстық Махамбет оқулары - 2013» байқауының жүлдегері Мизамов Кенесары Махамбеттің «Мен, мен едім, мен едім»термесін орындап береді.

Журналдың 3 - беті. Махамбет – күйші 4 - слайд

«Жайық асу» «Қайран Нарын»
«Жауға шапқан» «Жұмыр қылыш»

«Өкініш» «Исатайдың Ақтабаны - ай» «Шілтерлі терезе»

Мұғалім сөзі: Махамбет ақын мен Махамбет батырдың осы қасиеттерін біз күйші Махамбеттен, композитор Махамбеттен де анық байқағандаймыз. Егер біз Махамбет тағдырын ел кегін жоқтаған кескекті ердің ереуіл ғұмыры деп танитын болсақ, оның жырларын сол ереуіл өмірдің поэтикалық шежіресі деп білеміз. Мынау жеті күй бізге сол асқақ ақын, асқаралы азаматтың жүрек соғысы мен жүрек тынысының үнмен жазылып қалған кардиограммасындай көп жайды аңғартып, көп нәрсені түсіндіріп тұр. Мұнда да Махамбеттің сол таныс даусы, таныс шабыты, Махамбет жүрегінің сол таныс дүрсілі.

«Исатайдың Ақтабаны - ай» баяғы ереуіл атқа ер салғандардың дегені болып, тастары өрге домалап тұрған қайран дәурендерін жарқылдатып көз алдыңа тосса, «Шілтерлі терезе» сол өктем көңіл, өр жүректің торға түскен торғайдай бұлқынған, бірақ қиянатшыл тағдырға көнбей тайталасқан арпалыс халынан зар төккендей. Онда да тауы шағылып, таусылған мүскіннің мүсәпір жылап - сықтауы емес, намысына қыл бұрау түсіп, бұлқынған арыстың арпалысып буырқанғаны естіледі. Біз осы хал, осы әуенді Махамбеттің «Өкініш» атты күйінен де жақсы аңғарамыз. Онда қалт жіберіп, қапы соққан кісінің ызасы тепсінгенімен, «мұны неге істедім» деп өкінген өксік жоқ. Күйдің әуен бітімі оның Исатайдан айырылып, көтерілістің дағдарысқа ұшыраған тұсында туғанын аңғартқан. Бірақ сондай жер жарылып, аспан шытынаған кездегі күйші жүрегі неткен сабырлы, күйші зары неткен мәнді, ұстамды!

Махамбет күйінің бір бояудан ғана тұрмайтынын қапысыз таныта алатын шығармалар санатына «Жұмыр, Қылыш» пен «Қайран Нарынды» жатқызуға болады. Орындаушылар «Жұмыр, Қылышты» Исатайдан айрылып, жалғыз жортқан Махамбетті Баймағамбет сұлтанның қанды қақпанынан құтқарып қалған байбақты батырлары Жұмыр мен Қылышқа арналған деседі. Осылай болуы ғажап емес. Күйде шалт қимылды батырлыққа лайық аршынды ырғақ, адуын серпін бар. Ол күмбірлей төгілген қоңыр сазбен ара жігі білінбей әдемі жымдасқан. Ал, «Қайран Нарын» Махамбеттің ақындық творчествосының басты арнасына айналдырған туған ел, туған елдің мүддесі мен мерейі жолындағы кес-кесте ұрыс тақырыбына арналған. Күйден «аһ» ұрған зар, қайнаған ыза, езілген мұң, серпілген арман, ашылған күндей шуақты қиял қатар білінеді.
Олай болса « Аудандық Махамбет оқулары - 2013» байқауының күй жанры бойынша жүлдегері Болатбекұлы Наурызбек Махамбеттің «Қайран Нарын»күйін орындап береді.

Ақыры жетті күн бүгін,
Ақырып теңдік сұраған.
Түнектің түріп түндігін,
Ат міндің сұлу құладан.
Парызың бүгін өтелген,
Әр ізің жатыр жаңғырып.
Азаттық туын көтерген,
Ақынның жыры мәңгілік!- дей отырып ашық журналымызды аяқтай отырып, Махамбет туралы алған білімдерімізді мына берілген кесте бойынша толтырып берейік..
Үнтаспадан «Жұмыр қылыш» күйі орындалады.

INSERT кестесі
Білемін Білдім Білгім келеді

Қорытынды. Топтастыру статегиясы
Үйге тапсырма: Махамбет «Тарланым». Өлең құрылысына талдау жасау

Махамбет өлеңдерін орыс сыныбында оқыту ерекшеліктері.

Қазақ халқының XIX ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлы .Махамбеттің кейбір өлеңдерін лиро-эпикалық түрге жатқызуға болады. Ол өлеңдерінде ақын өмір құбылыстарын Исатай бастаған шаруалар көтерілісімен байланысты тарихи шындық, өз қалпында суреттелсе, сонымен қатар оған өзінің көзқарасын, қатысын, ол жағдайды өзінің қалай сезінуін де көрсетеді. Лирикалық сезінуге бөлене отырып оқиғаны баяндау лиро-эпикалық жырларға тән нәрсе екендігі кімге де болса мәлім. Бұлай баяндау сарыны (мотив) Махамбеттің "Соғыс", "Мінкен ер", "Баймағамбет сұлтанға айтқаны", "Исатай сөзі" деген өлеңдерінде айқын сезіледі. "Соғыс" деген өлеңінде Махамбет көтерілістің әрбір кезеңдерін тарихи оқиғаның ізіне сәйкес етіп суреттейді. Кейбір көріністері баяндау, суреттеулері тарихи фактылармен тығыз байланысты болып отырады. Бір қарағанда осы "Соғыс" пен өрістес біркелкі өлеңдерді тіпті тарихи жар өлеңдер тобына жатқызуға да болатын тәрізді. Бірақ бұл өз алдына жеке тексеруді керек ететін мәселе. Өйткені, ауыз әдебиетіндегі белгілі бір түр саналатын тарихи өлеңдер (лиро-эпикалық жыр емес, қысқа өлеңдер) .Махамбеттің бұл тектес өлеңдерінің ауыз әдебиетіндегі қысқа тарихи өлеңдерімен байланысы барлығы айқын.

Ақын өлеңдерінің тарихи шындықтың салмағы басымдығы және Махамбет өлеңдерінің тарихи мәні үлкен екендігі аңғарылады. Махамбет поэзиясының тарихи мәні зор, ол тарихи өлеңдер екендігіне шек келтіруге болмайтыны ашық, талассыз. Біз жоғарыда Махамбеттің біркелкі өлеңдері лиро-эпикалық түрге жатады дедік. Бірақ бұл сөзден олардың ішінде лирика жоқ деген ұғым тумауы керек. Лиро-эпикалық деген сөздің өзінде сол түсінік бар. Өзі мен Исатайдың алға қойған тілек - мақсаттарын өздерінің хан - сұлтандарға қарым - қатынастарын жай баяндау түрінде айта келіп, кей жерлерінде, не лирикалық шегініс ретінде, не ішкі күйінішін сыртқа шығару мақсатымен айтылған лирикалық шумақтарда аз кездеспейді. Екінші сөзбен айтқанда, Махамбеттің бірқатар өлеңдерінде эпостық баяндау сарыны жалынды лирикамен аралас келеді: Кешегі Исатайдың барында, Алақандай Нарынды Басушы едік құлаштай! Жәбір беріп, жапа етсең, Былғанған басым ласқа-ай! Мен бір шарға ұстаған қара балта едім, Шабуын таппай кетілдім. Қайраса, тағы жетілдім… Көрмес, келмес деп едім, Өз еркіммен бетіңді-ай!. Жалпы алғанда Махамбетке тән нәрсе лирика. Махамбет өлеңдерінің негізгі көпшілігі лирикалық өлеңдерге жатады. Сонымен қатар, Махамбет лирикасы өзіне шейінгі қазақ әдебиетіндегі болып келген лирикалық өлеңдерден анағұрлым айырмасы, өзіне тән ерекшелігі де бар. Махамбет өлеңдері өз басынан кешірген ауыр халдерді сезіне отырып, терең толғап суреттеумен қатар, ол өз кезіндегі тарихи уақиғалармен байланысты туған қалың бұқараның көңіл күйін де көрсете білді. Оның өлеңдерінде өзінің көңіл күйі мен ел күйі ұштасып жатты.. Сондықтан, оның лирикасын - әлеуметтік сарындағы, саяси үгіттік лирика деп атауға тура келеді. Қоғамның тапқа бөлінуінің негізінде таптық күрес туады да, сол таптық күрес саяси-таптық жырларды туғызады. Бірақ бұл жаңа мотивтегі поэзия, көркем лирикаларға өзінен бұрынғы поэзияның әсері болуы да мүмкін. Әйтсе де олардың өзіне тән ерекшеліктерін де байқау қиын емес. Қоғамның тапқа бөлінуі және сол тапқа бөлінудің негізінде туған тап күресі қазақтың фольклорінде де айқын көрінеді. Соған қарағанда саяси лириканың бастамасы ауыз әдебиетінде жатыр деуге болады. Демек Махамбеттің саяси лирикалары ауыз әдебиетінде бір тамыры фольклор дәстүрімен байланысты. Жалпы саяси лириканың өзіне тән ерекшелігі - үгіт насихат істерді көпшілікке үндеу, белгілі бір топтың, не таптың алдында тұрған тілек, мүддесін көркем сөз арқылы көпшіліктің сана - сезіміне жеткізу, үгіт арқылы оларға әсер ету болса, Махамбет поэзиясында бұл бағыт қатты сақталады. Біз жоғарыда да Махамбеттің өмірімен байланысты ішкі Бөкей ордасының шаруашылық жағдайы әлеумет өмірінде тап тартысын күшейтті, сол қайшылықтармен байланысты шаруалар көтерілісі туды дедік. Ол көтеріліс өзінің қолбасы батырымен қатар, жалынды үгітшісін де туғызды. Бұл тәрізді тарихи жүкті мойнына артқан адамның бірі - Махамбет. Сондықтан да Махамбет поэзиясының басты қасиеттерінің бірі саяси үгіт болуы заңды. Бірақ саяси үгіт поэзиясын жасаушы тарихта жалғыз Махамбет емес, басқалар да болды. Әйтсе де, солармен салыстырғанда да, Махамбеттің тағы өз ерекшелігі бар. Бізше, Махамбеттің негізгі ерекшелігі оның бір сырлы, сегіз қырлылығында. Махамбет өлеңдері тек жалаң құрғақ үгіт емес, оның өлеңдерінде жалынды, саяси өткірлік пен терең ой, нәзік сезім әрдайым ұштасып, біте қайнасып жатады. Махамбет өлеңдерінде бұл үшеуінің жігін ашып, бөліп алуға болмайды. Осы қасиеті Махамбетті көтеріліс туын көтерген әрі жалынды үгітшісі, әрі ардақты ақыны етті. Бұл мазмұн Махамбет өлеңдерінің құрылысы мен түріне де әсер етті. Түр - мазмұнның түрі болуы қажет деген шартқа Махамбет поэзиясы толық жауап бере алады. Оның: "Ереулі атқа ер салмай", "Мұңайма", "Айныман" деген өлеңдері , мазмұнына түрі сай, жалынды үндеу сөздер. Махамбеттің досын мақтап, дұшпанын даттап шығарған өлеңдерінің мазмұны күрес идеясын жыр ету болса, құрылысы шешендікке толы үгітке арналған отты сөздер болып келеді де, сөйлемдері қаратпалы, сұраулы сөйлемдер болып келеді, не жарлай арнау, не сұрай арнау, немесе риторикалық сұрау болып отырады. Мысал үшін "Мұңайма" деген өлеңін алайық: Ханның ісі қатайды, Азамат ерден мал тайды. Қанды көбік киініп, Бір аллаға сыйынып, Ұрандап жауға тигенде, Кім жеңері талай - ды, Жолдастарым,мұңайма!…- дейді ақын. Мұндағы "азамат, жолдастарым" деп, достарына қайрыла сөйлеу, сөйлемін риторикалық сұрау түрінде құру, өзінің айтайын деген пікіріне дәл, күреске үндеу тілегіне сай. Махамбет өлеңдерінде бұл тәрізді үгіт өлеңдермен қатар, лириканың басқа да түрлері бар. Ақынның бірқатар өлеңдері үлгісінде құрылады. Қазақ фольклорінде дүние салған адамның тіршіліктегі іс-әрекеттерін әр жағынан алып, толық баяндап жырлайтын жоқтаулар, естіртулер көп. Махамбет өлеңдерінің кейбіреулері фольклорда кездесетін жоқтау өлеңдердің қысқа түріне жақындайды. ("Тарланым", "Тайманның ұлы Исатай"). Исатайдың өліміне арналған "Тарланым" деген өлеңін алсақ, жалпы жоқтаулардың әдісімен, батырдың өміріндегі әралуан іс, амал, қасиет мінездерін санап көрсетеді. Бірақ, мұнда да Махамбеттің өзіне тән кейбір ерекшеліктері бар. Махамбет өлеңдерінде Исатайдың өмірін жалпы алмайды, оның өмірінің әлеуметтік-таптық жақтарын алып, батырдың езілуші халық, қара шаруа, еңбекшілердің мүддесін қорғап феодал, ақсүйектерге қарсы шыққан, шын мәніндегі халық қамқоры болған жақтарын айрықша көрсетеді. Шернияз сықылды басқа жағына ақын тоқталмайды. Махамбеттің жоқтау тобына жақын келеді деген өлеңдері, оның басқа өлеңдеріне қарағанда фольклормен тығызырақ байланыста деуге болады. Өйткені эпитет, метафора теңеулерін алсақ, көбіне фольклордан алынған поэтикалық тілдер. Ал Махамбеттің кейбір өлеңдері философиялық бағытқа негізделген өлеңдер болып келеді. Қоғалы көлдер, құм сулар,

Кімдерге қоныс болмаған?

Саздауға біткен құба тал,

Кімдерге сайғақ болмаған? - деп, риторикалық сұрай арнау түрінде айта келіп, өмірге өзінше қорытынды жасайды. "Толғау" деген өлеңінде де осы тәрізді өмірді шолып келіп, өзінің одан түйгендерін баяндауға негізделеді. Бірінші шумағында ақын термелеп, тыңдаушыларының назарын ақыл кеңесіне аударады да, онан кейінгі шумақта ақындық шабыттың шарықтауы, ойдың серпінінен туған терең пікірлер айтылады, үшінші шумақта, хан-төренің тағдыры халықпен байланысты, былайша айтқанда, оларды жоқ ету халықтың қолында деп, халықтың зор күш екенін еске салады. Ең соңғы жолдарда ақын былай деп өзінше қорытынды жасайды: Батыр болмақ ойдан-ды: Айқайласып жауға ти, Тәңірім білер, жігіттер, Ажалымыз қайдан-ды? Махамбеттің бақыт пен тағдырдың айнымалы екендігін философиялық түрмен қорытқаным мына өлеңінен де көруге болады: Бұл дүниенің жүзінде, Айдан көркем нәрсе жоқ. Түнде бар да, күндіз жоқ. Күннен көркем нәрсе жоқ, Күндіз бар да, түнде жоқ. Мұсылманшылық кімде жоқ, Тілде бар да, дінде жоқ. Көшпелі дәулет кімде жоқ, Бірде бар да, бірде жоқ. Азамат ерлер кімде жоқ, Еріккен күні қолда жоқ. Заманым менің тар болды, Тура әділдік биде жоқ, Бәрін айт та, бірін айт. Қаумалаған қарындас. Қазақта бар да, менде жоқ. Бұл тәрізді эпифоралық ұйқас, синтаксистік параллелизмге құрып, образдарына философиялық мән беру, ақынды бұл дәуірде дұрыстық, әділдік жоқ деген қорытындыға әкеп тірейді де, сондықтан ақын жалғыздық көріп, қасіретке шомады. Мұнан кейін Махамбеттің кейбір өлеңдерін, әсіресе оның өмірінің соңғы кезіндегі шығармаларын - элегиялық өлең деуге болады. "Абайламай айрылдым", "Нарын " және басқа сол сияқты өлеңдер өткенді еске түсіруге арналған, жан қасіретін көрсететін, ақынның жалғыздық қайғысын, тарыққан көңілін білдіретін элегиялық мотивті өлеңдер, мұнда оның басында бір зұлым тағдырдың қара бұлты төніп тұрған сияқты. Мен тауда ойнаған қарт марал, Табаным тасқа тиер деп, Сақсынып шыққан қиядан, Қайыңның басын жел соқса, Қаршыға қуыс қайғырар: Балапаным суға кетер деп, Мамығын төккен ұядан, О дағы біздей болған сорлы екен, - дейді ол. Махамбеттің элегиялық өлеңдері аса суретті, тамаша көркем. Бұлар ақынның тек жалаң өз қайғыруының сәулесі емес, ол басқа түскен сол кездегі ауыр халдердің айнасы болды. Кейбір өлеңдерінде ақын туған елі бүгінгі Қазақстан жерінің табиғат байлығының әдемі көріністерін, ен даланың, асқар тау, шыңырау қиялардың айбатты пішінін суреттейді. Өлеңнің көп жерлерінде ақын көшпелі, мал баққан, ит жүгіртіп, құс салған аңшылық, өз елінің өмірінде орыны бар жан-жануар, аң, құстардың образын көрсетуге көбірек көңіл аударады. Бірақ, бұл ел, табиғат байлығын, жан-жануарлардың әлемін суреттегенде, олардың тек көркемдік сипатын ғана көрсету немесе тек сұлулық үшін ғана суреттелмейді. Мұнда да ақын ел тағдырымен байланысты, өз басынан кешірген қиын-қыстау кезеңдердегі ой сезімін оқушылары толық сезінгендей етіп ашығырақ көрсетуге құрал есебінде қолданады. Бұған мына төмендегі үзінді толық дәлел: Назары қайтқан күн болған Жібектен бауы көнеріп Ақ сұңқар ұшқан күн болған. Бағаналы боз орда Еңкейіңкі күн болған. Телегей-теңіз шалқыған Қоғалы көлдер суалып, Тізеге жетер-жетпес күн болған, Жапанға біткен бәйтерек, Жапырағынан айрылып. Қу түбір болған күн болған. Алқалаған жер болса, Азамат басы құралса, Мәшурат кеңес сұралса Мәшурат берер едік; Исатайдан айрылып Алқалай келген кеңесте Дем құрыған күн болған. Бұл тәрізді элегиялық өлеңдердегі көркем образдардың қайсысын алсақ та, ақынның айтайын деген негізгі идеясына бағыныңқы. Исатай өлгеннен кейін, күрес арқылы жетеміз деген мақсат орындалмай, көтеріліс жеңілгесін, хан, сұлтан, феодалдар халықты бұрынғыдан бетер езіп, ел басына ауырмалықты күшейте түсті. Бұл жағдай ақынның поэзиясынан орын алмауы мүмкін емес еді. Ақынның бірқатар өлеңдеріндегі қайғының элементі жоғарғы халмен байланысты болды десек, Махамбеттегі элегиялық өлеңдердің негізгі сол жағдайлар деуге болады. Бірақ бұл сарындағы ақын өлеңдерінде, жауына деген өшпенділік бар, сөнбес кек бар, жолдас-жорасына дем беріп, өмірден түңілмеуге шақырып болашаққа сенушіліктер бар. Міне осылардың жиынтығы келіп, Махамбет өлеңдерін сары уайымнан аулақ етеді. Мазмұнына түрі сай түрін отты жырларды суырып салып шығаруда да ақынның шеберлігі тым жоғары, оның мәдени-тарихи тамыры тереңде екенінде дау жоқ

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Баяндама "Махамбет ?ле?дерін орыс мектептерінде о?ыту ерекшеліктері."

Автор: Мергалиева Няйля Хамзиевна

Дата: 29.03.2016

Номер свидетельства: 311599

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства