kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ата-ана махаббаты" тренинг-саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата-ана мен баланы? арасында?ы ?арым-?атынас?а арнал?ан тренинг-саба?

Ма?саты: Ата-ана мен баланы? арасында?ы ?арым-?атынасты? ерекшеліктерін психологиялы? жатты?улар ар?ылы к?рсету.

К?рнекіліктері: Та?ырып, ?а?аздар, шам, теледидар, си?ырлы тая?ша, альбом, газет, шар.

                                                       Тренинг ба?дарламасы:

  1. «?рмекші торы» тренингі
    2.Баяндама «Ата-ана махаббаты»
    3. «Біз біргеміз!» жатты?улар.
    4. Ситуациялы? с?ра?тар
    5. «?тінемін!» ойыны
    6. «Тілек шамы»
    7. Ой-тол?аныс

                                                      Тренинг барысы:

 Ата-аналарды тіркеу. Ба?дарламамен танысу.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ата-ана махаббаты" тренинг-саба?»

Ақсай қаласы № 4 жалпы орта білім беретін мектебі











Тақырыбы:
«Ата – ана махаббаты»
тренинг-сабақ







Өткізген:Жандосова.А.Ж
«өзін-өзі тану»
пәні мұғалімі









Ақсай – 2016 жыл

«Ата-ана махаббаты» 10.02.16

Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынасқа арналған тренинг-сабақ

Мақсаты: Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.

Көрнекіліктері: Тақырып, қағаздар, шам, теледидар, сиқырлы таяқша, альбом, газет, шар.

Тренинг бағдарламасы:

  1. «Өрмекші торы» тренингі
    2.Баяндама «Ата-ана махаббаты»
    3. «Біз біргеміз!» жаттығулар.
    4. Ситуациялық сұрақтар
    5. «Өтінемін!» ойыны
    6. «Тілек шамы»
    7. Ой-толғаныс

Тренинг барысы:

Ата-аналарды тіркеу. Бағдарламамен танысу.


  1. «Өрмекші торы»
    Мақсаты: Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.
    Шарты: Мен жіптің басын ұстап қалып, өзімнің аты-жөнімді және жақсы қасиеттерімді айтамын да, келесі адамға жіпті лақтырамын. Осылайша кезектесіп жіпті бір-біріңізге бересіздер. Бір-бірімізге жіпті беру арқылы өрмекшінің торы шығады. Енді сіз алдыңғы адамның аты мен жақсы қасиеттерін айта отырып, кері қайтарып бересіздер.

  2. Баяндама. «Ата-ана махаббаты»
    Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынастарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.
    Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
    Бала – ата-ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп жалынған.

Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.
Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында теқ қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.

Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтежиесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.
Видео «Теледидарға айналғым келеді»


  1. «Біз біргеміз!» жаттығулар
    Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата-аналар мен балаларға қолдау көмек көрсету.

    1. «Қолынан танып біл!»
    Көздері байлаулы ата-аналар балаларын тауып алулары керек.
    Талдау:
    1.Сізге балаңызды табуға не көмектесті?
    2.Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?

    2. «Біз бақытты жанұямыз!»
    Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар.
    Талдау:
    1.Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?
    2.Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?
    3.Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?

    3. «Мимика»
    Қажетті құралдар: жануарлар жазылған парақшалар
    Оқушылар ортағы шығып үстел үстінен парақ таңдайды, және сол парақтың ішінде жзулы тұраған жануардың бейнесін ым-ишарамен ата-анасына көрсетеді ата-анасы табуы керек.

    IV. Ситуациялық сұрақтар
    1. Балаңыздың өнері,қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса не істер едіңіз

  1. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды.Не істейсіз?Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
    3. Балаңыз қашып мектептен ерте келді,не істейсіз?

  2. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?

  3. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың,сен істей алмайсың»-деп айтып жататынын байқаймыз.Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?



  1. «Өтінемін» ойыны.
    Мақсаты: Ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету. Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.
    Құрметті ата-аналар, балалар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?
    - Рақмет, өтінемін т.б
    Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
    -өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңыздар
    -өтінемін, бір-біріңізді құшақтаңыздар.
    -өтінемін, балаларынызға алғыс айтыңыздар
    Ата-анаға кеңестер.
    Баламен қарым-қатынастағы қателіктер және оның алдын алу ережелері.


  2. «Тілек шамы».
    Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
    - Құрметті ана-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя-жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.


  3. Ой-толғаныс.
    Тренингтің басталуында сіздерге «Ашығын айтсам» сауалнамасы берілді. Сол сауалнаманың артында күн, гүл, жапырақ бейнесіндегі жапсырмалар бар.

    Осы белгілер бойынша ата-анаға, оқушыға, мұғалімге өз ұсыныстарыңызды немесе ой-пікірлеріңізді жазуыңызға болады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
"Ата-ана махаббаты" тренинг-саба?

Автор: Жандосова Айжан Жандос?ызы

Дата: 25.04.2016

Номер свидетельства: 322301


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства