kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата-аналар?а тренинг «Ана-мейірім, ?ке-?ор?ан, бала-?міт»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Бала т?рбиесіндегі ата-ананы? басты рольде екенін бала т?рбиесіне к?п к??іл б?лу керектігін жауапкершілікті сезіндіру.Ата-ана?а ?зін-?зі тану?а баласыны? ?зіндік ерекшеліктерін сезіндіруге ба?ыт беру.

Барысы: Ше?берге т?рып,амандасып алайы?.Т?рі: ?ол алысып,бір-бірімен, иы?пен, ая?пен амандасады.

Топ?а б?ліну. К?лік т?рлерін та?дап,сол ?стелге отыры?ыздар.Отыр?асын к?лік бойынша мінездеме беріледі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата-аналар?а тренинг «Ана-мейірім, ?ке-?ор?ан, бала-?міт»»

Күні: 06.02.2016ж Сынып: 5-6-7 сын.ата-аналары.

Ата-аналарға тренинг «Ана-мейірім,әке-қорған,бала-үміт»

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың басты рольде екенін бала тәрбиесіне көп көңіл бөлу керектігін жауапкершілікті сезіндіру.Ата-анаға өзін-өзі тануға баласының өзіндік ерекшеліктерін сезіндіруге бағыт беру.

Барысы: Шеңберге тұрып,амандасып алайық.Түрі: қол алысып,бір-бірімен, иықпен, аяқпен амандасады.

Топқа бөліну. Көлік түрлерін таңдап,сол үстелге отырыңыздар.Отырғасын көлік бойынша мінездеме беріледі.

Автобус-көпшіл,адамдарға иланғыш,ақкөңіл шулы ортаның адамдары. Жеңіл машина-қандай жағдай болса да жеңіл жағын қарастыратын,шапшаңшыл,пысық адам.Жүк машина-жүкті арқалайтындай қабілеті бар,барлық ауыртпалықты көтере алатын қайратты да,жігерлі адам.Трактор-қажымай,талмай еңбек ететін қызметтің адамы.

  • Автобус (ана тобы)

  • Трактор (әке тобы)

  • Жеңіл машина (бала тобы)

  • Жүк көлігі (отбасы тобы)

Тыныштық сәті.

Көзімізді жұмып,ыңғайланып отырамыз.Терең тыныс аламыз,алға қарай жүргенде, әдемі баспалдақ көрінеді.Баспалдақ арқылы жоғары көтерілгенде еменнен жасалған есік көрінеді,есікті ашқан кезде біз өзімізге бағытталған күн жылуын,шапағын сезінеміз, айналамыз сондай шат-шадыман,нұрға толы,отбасыңызда қасыңызда,сіз еш уайымсыз, алаңсызсыз.Отбасыңызбен бірге әсем саябақта жүрсіз,саябақ іші әсем де,үлкен әдемі гүлдер,сайраған әсем құстардың даусына толы ну орман жайқалған жасыл шөп,сіз тыныштықта тұр едіңіз бір кезде оң жағыңыздан судың сылдырын естідіңіз.Балаңыз бен жолдасыңыз сізді суға қарай шақырды,сіз жақындап бардыңыз, шыныдай мөлдір таза екен.Бәріңіз суды тамашалап тұрғанда сіздерге алыстан қыран ұшып келді.Сіздердібірге серуендеуге шақырды.Отбасыңызбен бірге қыранның үстіне мініп саяхатқа аттандыңыздар, қыран бірде самғай ұшса,бірде су бетін таяп ұшады.Сіз самал желді сезінесіз қыран таудың басына келіп бірер минут тоқтайды.Сіз отбасыңызбен таудың ең биік шыңындасыз,бақыттысыздар.Қыран қайта ұшты,біраз уақытта өтіп кетті.Қыран сіздерді теңіздің бетімен ұшырып әкеле жатыр,самал жел,аяқтарыңыз суға тиіп келеді.Судың әсем даусы,бәрі тамаша,енді қыраннан түсіп бәріміз қош сау бол дейміз.Енді осы көңіл-күймен орнымызға қайта ораламыз.Осындай көңіл-күй күні бойы бізбен бірге болады.1,2,3,4,5 көзімізді ашамыз.

-Көз алдымызға не елестеттік?Не сезіндік? /өз ойлары түйінделеді/

Өсиет әңгіме.

«... Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды.Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді.Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді.Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді.Ал баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.

Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды.Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.

-Әке,ана!Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. /қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?/ Міне,ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес...»

Сурет,тірек-сызба арқылы ойды жеткізу.

  • Отбасындағы ананың ролі

  • Отбасындағы әкенің ролі

  • Отбасындағы баланың ролі

  • Әке,ана,бала үшін отбасының маңыздылығы

/ватман,маркерлер беріліп,өз ойларын қағаз бетіне түсіреді/

Анкеталар,сауалнамалар жүргізіледі.

Бейнеролик көрсетіледі. Мұнда басты мақсаты ата-ананың баласына деген назар аударуы керек. /ой-пікірлер айтылады/

Педагогикалық ойын.Кесте толтыру.

Мақтау

Ұрсу

Жарайсың балам!

Саған қанша рет айтамын?

Дәл осындай болсайшы!...

Басқа балалар сияқты неге болмайсың?...



Жүректен жүрекке.

Шеңберге тұрып,бір-біріне жүрекжарды тілектер айтып шығады.

Қорытынды: Құрметті ата-аналар!Зейін қойып,уақыттарыңызды бөліп,балаңыз үшін осында болғаныңызға көп-көп рахмет!Сіздерге өтініп сұрайтыным,балаларыңызға көбірек назар аударып,олармен өте жақын ,сүйіспеншіліктеріңізді жеткізе біліңіздер дегім келеді.Осымен тренинг аяқталды.Сау болыңыздар!





Шаған жалпы орта білім беретін мектебі.











Ата-аналарға тренинг

«Ана-мейірім,әке-қорған,бала-үміт»

/ 5-6-7 сыныптың ата-аналары үшін/









Дайындаған:

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі:

Куанышкалиева Ф.А.









06.02.2016ж


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Ата-аналар?а тренинг «Ана-мейірім, ?ке-?ор?ан, бала-?міт»

Автор: ?уаныш?алиева Фариза Абат?ызы

Дата: 08.03.2016

Номер свидетельства: 303216


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства