Негізгі ма?саты: ?лы хакімні? мерейлі тойына байланысты а?ынны? шы?армаларын насихаттау, мектеп о?ушыларыны? ?лтымызды, салт д?ст?рімізді, рухани ??ндылы?тарымызды ?астерлеуге т?рбиелеу.
?лы а?ын, а?артушы, ?аза?ты? жазба ?дебиетіні? ж?не ?деби тіліні? негізін салушы – Абай (Ибрахим) ??нанбай?лы ?скенбай?лы Шы?ыс ?аза?стан облысы (б?рын?ы Семей уезі) Абай ауданында (б?рын?ы Шы??ыстау облысы) Шы??ыс тауыны? бауырында д?ниеге келді. Абай ата?ты Тобы?ты руыны? Ыр?ызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан о?ып ж?рген кішкентай кезінен-а? зеректігімен к?зге т?седі. Кейін ол Семей ?аласында 3 жылды? медресе т?рбиесін алады. Абай к?пті к?рген ?жесі Зерені? т?рбиесінде болды. Шешесі ?лжан да а?ылды ананы? бірі бол?ан. ?кесі ??нанбай ?скенбай?лы орта жас?а келгенде ат?а мініп, ел билеу ж?мысына аралас?ан заманы, Ресей патшалы?ыны? ?аза?станны? батысы мен орталы? айма?ын отарлап, ел билеу ж?йесін ?з т?ртібіне к?ндіре баста?ан кез. ??нанбай ?з заманында ел бас?ар?ан адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларыны? ішінде Абайды баулып, араластырды.Абайды о?удан ерте тартып, о?удан шы?арып алуы да сол билікке ?лын ?алдыру ма?сатында еді. ?ке еркімен ел ісіне жастай аралас?ан Абай тез есейіп, балалы?тан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі ??гіме, с?з ?нерін, билерді? шешендік ?неріне ??ла? салып, ?зіні? ерекше талантымен бойына сі?іре білді.Елі ?шін ?ділет жолын ?стан?ан Абайды? ?стінен арыз да жазылып, ?ш-т?рт ай тергеліп, а?талып шы?ты.?ке-шешесіні? ?асында ж?рсе де жас Абай о?удан ?ол ?збейді, бос уа?ытында ?аза?ты? м?дениетін, араб, парсы, ша?атай тілдерін ?йренеді. Шы?ыс ?дебиетіні? алыптары Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули т. б. а?ындарыны? ?ле?ін жаттап ?седі. Кейін ол орыс ?дебиеті мен тілін ?здігінен ?йреніп, орысты? ?лы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов т. б. шы?армаларымен танысады. Сонымен бірге а?ылшын ?алымы Дарвинні?, Шекспирді? шы?армаларын да о?иды. Соны? ар?асында д?ниетанымын ке?ітіп, білімін шы?дай береді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«“Адамзатты? б?рін с?й бауырым деп”»
“Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп”
“Асыл сөзді іздесең ,
Абайды оқы, ерінбе…”
(С. Торайғыров)
Мақсаты: Ұлы хакімнің мерейлі тойына байланысты ақынның шығармаларын насихаттау, мектеп оқушыларының ұлтымызды, салт дәстүрімізді, рухани құндылықтарымызды қастерлеуге тәрбиелеу.
Сахна. Абай үйінің ішкі бейнесі етіліп безендіріледі.
Ортаға жүргізушілер шығады
жүргізуші
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім.?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне –өзі орнатып ескерткішті
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?
жүргізуші
Ерте оянып, ойланып, ер жеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жан, құбақан құм, құла қырды
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
жүргізуші
Мына тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең-сөздің ұқсаған құдіретіне
Ақыл қайрат, білімді тең ұстаған
Өр Абайдың төтеген кім бетіне
жүргізуші
Шапағат боп-шым алтын шұғыладай
Махаббат боп мәңгілік тұнып арай
Өлең –жырға жөн сілтеп мәңгілікке,
Парасатын сыйлап тұр бүгін Абай
(Слайдта –Абай суреті, астына жазылатын сөз:
Жүрегімнің түбіне терең бойла
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма)
жүргізуші:
Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен, Абайы біреу –ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Абайы бар елдің мерейі үстем. Абай –қазақтың бар жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемел кемеңгер.
2-жүргізуші
Абай мерекесі-халық мерейі боп, Абай биіктеген сайын қазақ та биіктей береді. Сол биіктен көз жазбау - біздің парызымыз да қарызымыз.
1-жүргізуші
Ауыз әдебиеті, батыс әдебиеті, шығыс әдебиеті тәрізді үш түрлі мектептен дәріс алған Абай -классик ақын, сатирик, философ, аудармашы, ағартушы, шешендік өнердің иесі.
ІІ. Әдеби монтаж.
Сахнаға 2 оқушы мен 5 мұғалім шығады (Абай өлеңдерін жатқа оқиды)
Абай 1886 жылға дейін Абай бірнеше өлеңдер жазды. Бірақ барлық өлеңдерін Көкбай өлеңдері деп жүргізіледі. Тек 1986 жылы ел жайлауға шыққан уақытта Абай осы көшіп –қонып жатқан ауылды “Осы суретті өлең қып жаз ” деп Көкбайға ұсыныс жасады. Көкбайдың жазғанын ұнатпаған Абай бұны өзі жазбақшы болды. Өзі жазғы өлеңге сол жолы ғана қанағаттанып, Көкбайға “Сен соғымыңа бір ту бие ал мен енді өлеңімді өзім алайын” деген екен Көкбайға.
оқушы.
“Жаз” өлеңін жатқа оқу
оқушы.
“Өлең -сөздің патшасы”
4-оқушы.
“Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?”
5-оқушы.
“Болыс болдым ,мінекей”
Сахна жабылады да Берікжанов Бақытжан ортаға шығып өз шығармашылығынан “Абайға арнау” өлеңін оқиды.
ІІІ. Көрініс.
“Қараша желтоқсан мен сол бір екі ай.”
Абайдың ағасы Тәңірбергеннің аулы.Сырттан үйге жолаушылар кіреді..Бұлар Абай,Ербол т.б.
Тәңірберген:
-Иә, мал –жан, ауыл-аймақ аман ба? Қайдан келесіңдер?
Абай:
Жол жөнекей ауылдарды аралап, елдің қазіргі тірлігімен танысып келе жатқан жайым бар.
Сырттағы дауыс(әйел): -Жә, жетер! Әбден құтырайын деген екенсіңдер. Орта қаптан артық қи берме.
(Шара толы қымыз әкеле жатқан Қаражан үйге сөйлей кіреді)
-Мына кедейдің жаман қатындары әбден тойынайын деген екен. Бұл қидың керек емес жері бар ма? Малды солар үшін өсіріппіз бе?
( есіктен сығалап балалар қарайды. Ойынға Шөміщті шақырады.)
Қаражан:
-жә, отыр, бұл жетпегірлер балаға да тамақ ішкізбейді.
Тәкежан
: шешең дұрыс айтады. Далаға шықсаң ана жалаң аяқтар тартып жер. Отырып же.
Қаражан:
- Бұларды қуып жібермесем, тамақ та ішкізбес.(шығып кетеді.)
Абай:
-жә, біз де жолға шығайық. Шықпас бұрын бағанадан бері көргенім тілімнің ұшына келіп, қағазға түсіріп едім. Соны оқып кетейін. “Қараша желтоқсан мен сол бір екі ай” өлеңін оқиды.
Тәкежан:
-менің үйіме келіп жасаған бұл қай қысастығың, Абай?!
Абай:
- мен тек көзбен көргенімді жаздым аға, айып етпессіз, сыртта сөйлесейік.(шығып кетеді)
ІУ. жүргізушілер шығады.
1-жүргізуші
Абай өз заманының биік парасат иесі ғана емес, бүгінгі заман қайшылықтарын шешуге де оң бағыт берген тұлға. Ақылының гуманистік идеясы тек өлеңдерінде ғана емес, қара сөздерінде де терең философиялық көрініс тапқан.
2-жүргізуші
Абай қарасөздеріндегі басты тақырыптардың бірі мораль, тәрбие мәселесі. Бұл тақырыпқа 12, 27, 36, 44 сөздері кіреді.
Ақын: “тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын” деп бір толғанса, енді бірде
Егіннің ебін, сауданың тегін
Үйреніп ойлап, мал ізде,-дейді. Немесе “жаманшылыққа бір ілініп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қасиет қазақта кем болады.” деп халқының бетін жақсылыққа, адалдыққа бұрады.
(сахнаға әдемі киінген қыз бала кудесіне қызыл түспен жүрек бейнелеп алып шығады.)
Жүрек:
- мен адам баласын алаламаймын, жақсылыққа елжіреп еритұғын- мен, жамашылықтан жиреніп, тулап кететұғын да -мен. , әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбандылық деген нәрселердің бәрі менен тарайды (ақылға қарап)
-Ей, ақыл! Амал да айла да бәрі сенен шығады. Жақсының жаманның екеуінің де сүйгені сен, екеуінің де іздегенін тауып беріп жүресің- соның жаман.
-Ей, қайрат! Кейде жақсылықты берік үстап, кейде жаманшылықты берік ұстап кетесің-соның жаман. (ортаға “Білім” келеді..Басына шалма ораған, қолында кітап).
-сен үшеуіңнің басыңды қосу -менің ісім. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Осы үшеуің басыңды қос. Соның ішінде жүрекке билет.
Жүргізушілер шығады.
1-жүргізуші.
-Үш- ақ нәрсе- адамның қасиеті.
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Біреуінің бірі жоқ біреуінсіз
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.
жүргізуші
-Дүниенің бар асылы-өнер білім. Сол өнер орыста деп таныған Абай 1889 жылдан Пушкин, Лермонтов, Крылов сынды орыс аындарының шығармаларын қазақша сөйлетті. Ол Пушкиннің “Евгений Онегинінен сегіз өлең аударса, Лермонтовтан жалпы саны 27 шығарма аударған..Олардың ішінде «Демоннан», «Боярин Оршадан», «Вадимнен» үзінділер бар.Ал лирикаларынан ол «Теректің сыйы», «Тұтқындағы батыр», «Жалғыз жалау», «Жартас», «Дұға», «Альбомнан» , «Менің сырым жігіттер емес оңай», «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдері бар. Абай аудармалары түпнұсқамен дәлме-дәлдікті сақтар отырмайды.Шығарманың идеясын, айтар ойын арман-тілегін ақын қазақ оқушысына лайық ұғыммен еркін жеткізеді.Қазақ поэзиясында Абай Пушкинді аудару арқылы шалыс ұйқасты өлең түрін тапты.
(сахнада өлең жазып отырған Абай бейнесі.. Татьяна мен Онегиннің өтуі). Ибраева Жазираның орындауында “Татьянаның Онегинге жазған хаты” әні
Сахнада жүргізушілер:
-М.Әуезов: «Абай-қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп бағалайды.
Ұлылық үлгісі ,Мұхтар Әуезов Абай тақырыбын,Абай өмірі мен өнерінің мән мағынасын бар ынта ықыласымен,асқан сүйіспеншілікпен терең зерттеді.Данышпан ақынды әлем жұртшылығына танытқан «Абай жолы» эпопеясы барлығы 4 кітаптан тұрады.
-Мұнда Абайдай алыпты туғызған қазақ халқының өзгелермен қай жағынан да терезесі тең, дарынды,ақылды,ақжарқын,жомарт,сері,өнерпаз халық екендігі, ешкімге ұқсамайтын өзіндік мінезі ,ұлттық рухы,салт-дәстүрі бар екендігі жан-жақты суреттеледі.
-Сонымен бірге халықтың мәдени өмірінің тарихында «Тор жорға», «Май түні», «Абайдың желдірмесі» сынды күйлер ұлы ақынның туындысы ретінде танылса , «Әзім әңгімесі», «Масғұт», «Ескендір» сынды поэмалар халықтан оң бағасын алады.
Көрініс.
Қатысушылар: Ескендір, Аристотель, күзетші, Ескендірдің әскері
1-ж:
Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?
Македония шаһары оған мекен.
Филипп патша баласы, ер көңілді,
Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен.
2-ж:
Филипп өлгеннен кейін 21 жыл Ескендір патша болды. Өз жұрты аз көрініп, көршілеріне ауыз салады. Соғыс салып, қан судай ақты. Ескендірді хандардың ханы, патшалардың патшасы деп бәрі қорықты.
1-ж:
Жорықтарының бірінде қатты шөлдеп, не қыларын білмей ашуланып, қызметкерін өлтіруді ойлады. Сол мезгілде жарқырап бір бұлақ көрініпті. Патша су ішіп, сусынын қандырыпты. Балық жудырып жесе, балық дәмді, хош иісті болып көрініпті.
Ескендір әскерлерімен ортаға шығады. Қақпаны қатты қағады.
Ескендір:
Ей, кім болсаң да аш!
Күзетші:
Сені мұнда кіргізуге болмайды. Бұл есік құдай тағаланың тұрағына апарады.
Ескендір:
Бұл құдайдың жайы болса, мен жердің патшасымын. Мен адам жеңбеген Ескендірмін! Апыр-ау, маған да ашпай ма?!
Күзетші:
Біз мұндай, бәрін жеңдім деген адамды білмейміз. Бұл жай – әділ сопыларға тиісті.
Ескендір:
Сен білесің бе менің кім екенімді? Барша халықтың үстінен қарап тұрмын. Баршасы маған құлдық ұрып, хандардың ханы, патшалардың патшасы деп біледі. Есігіңді ашпасаң, белгі болар бірдеме бер!
Күзетші:
Алсаң ал, ақылсыз. Бұл саған пайдалы нәрсе. Жаныңның қайғы-қасіретін жазар.
Күзетші орамал лақтырады. Ескендір ашып қараса, ішіндегісі – қу сүйек.
Ескендір:
Бұл маған лайық сый емес! (ашуланып лақтырып жібереді)
Аристотель:
Ұлы патшамыз, бұл сыйды жек көрмеңіз. Сүйектің бұл жарықшағы қанша кішкене боп көрінсе де, ғажайып кереметі бар. Мұны алтын-күміспен таразыға тарттыруды бұйыр.
Ескендірдің бұйыруымен таразының бір басына алтын, күміс, қару-жарақ салынады. Сүйек басым болып түседі.
Ескендір:
Сүйектің жарықшағы да мұншалық ауыр нәрселерді басады екен. Апырым-ау, бұл сүйекті басатын бұл дүниеде не бар?
Аристотель:
Бар, патшам. Мұның амалы оңай.
Аристотель сүйек үстіне алақанымен бір уыс топырақ төгеді. Аткөпір алытн-күміске бой бермей, ауырлығы басым сүйек сопаң етіп жоғары көтеріледі.
Аристотель:
Бұл сүйекте ешқандай артықша қасиет жоқ. Бұл – адамның көз сүйегі.
Әлемді түгел көрсе де,
Алтын үйге кірсе де,
Аспанда жұлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мінсе де,
Қызыққа тоймас адамзат!
Әлемді түгел көрсе де,
Қызығын қолмен бөлсе де,
Қайғылы күні қабырып,
Қазалы күйге түссе де,
Өмірге тоймас адамзат! Адам тіршілікте алуға тоймақ емес. Ажал жеткенде, кісіні топырақ жапқанда ғана ештененің қажеті болмайды.
Ескендір ойланып қалады. Үндемей келген жағына жүре береді, әскерлері соңынан ереді.
Жүргізушілер шығады.
жүргізуші
Абай қазақ әнінің көркемдігін, адам сезіміне әсер күшін
“Шырқап, қалқап, сорғалып тамылжиды.
Жүрек тербеп,оятар баста миды ,
бұл дүниенің ләззаты-бәрі сонда
. Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды.” деп суреттейді. Ақындық, сазгерлік өнерінде Абай адамгершілікті, шынайы махаббатты жыр етті.
(сахнаға дуылдаған топ шығады)
-Биыл поэзия көгінің пайғамбары Абай сынды дана ақынға -170 жыл. Ендеше, бүгінгі бастаңғымызда тек Абай әндері оқылып, тек Абай әндері шырқалса қалай қарайсыңдар?
- халқымыздың мәдени тарихында Абайдың алатын орыны бөлек.
Әннің де естісі бар есері бар.
Тыңдаушының құлағын кесері бар
Ақылдының сөзіндей ойлы –күйлі
Тыңдағанда көңілдің өсері бар - деп Абай атамыз айтқандай, әсем әндерін тыңдап көңіл көтере отырайық.(Ортаға қыз бала шығады)
-Ендеше,
-------- айтқанын мен қостайын.
Бәріңізге жақсы бір ой тастайын.
Ақылдының сөзіндей ойлы-күйлі.
Бұрынғының жолымен ән бастайын. “Желсіз түнде жарық ай”