Ортада қораптар тұрады.Ұлдар шығады. Музыка ойнайды.Ұлдардың флешмобынан басталады.
Музыка: Сахнаға 2 жүргізуші шығады.
Ж: Кеш жарық! Бүгінгі өтетін Жаңа Жылдық мерекеге жиналған қауым!
Н: Армысыздар, бармысыздар, замандастар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен шабытты шәкірттер!
Ж: Аппақ бүгін қыр далам, Ақ мақтаны жапқандай! Бүкіл әлем – бір ғалам, Қонақ күтіп жатқандай.
Н: Көңілде көп қуаныш, Әр көңілде - әр қылық. Кетер жылға мың алғыс, Әкелген көп жақсылық.
Жансая: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан Мешін жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешімізді бастаймыз.Өз шәкірттерін құттықтау үшін қымбатты да , ардақты Нұргүл Жұмаділқызын ортаға шақырамыз
Назерке: Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар,
Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар.
Әнші қызың ән салғанда, беу, шіркін,
Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар! – деп, кезекті әсем әнге берсек. Зибагульдің құттықтауын қабыл алыңыздар! Ән орындалады (4 минут)
Жансая: Ал енді кезекті ойынға береміз. Бұл ойын «Менің арманымдағы биім» деп аталады. Ортаға 6 қыз және 6 ұл шығу керек. Біріншіден, қыздар мына тұрған себеттің ішінен бір-бір парақшадан таңдап, тізіліп тұрады. Содан кейін ұлдар да парақшаларды таңдайды да, қыздарға қарама-қарсы тұрады.
Бірінші қыз парағын дауыстап оқиды:«Біздің мектебіміздің ең үздік бишісімен билегенді армандаймын.» «Ең үздік биші» жазылған парақшасы бар жігіт бірінші қызбен тұрады.
Қалғандары оқи бастайды. Барлығы жұпқа бөлінген соң, би басталады, қалғандары қосылады.
Музыка ойналады
Қыздарға арналған парақшалар:
Мен біздің мектебіміздің ең үздік бишісімен билегенді армандаймын
Мен біздің мектебіміздің ең сүйкімді жігітімен билегенді армандаймын
Мен атақты кино актерімен билегенді армандаймын
Мен ең мықты жігітпен билегенді армандаймын
Мен шеф-повармен билегенді армандаймын
Мен ауыр атлеткика чемпионымен билегенді армандаймын
Ұлдарда: ең үздік биші, ең сүйкімді жігіт, кино актерімен,ең мықты жігіт, шеф-повар,ауыр атлеткика чемпионы.
Қатысушылар сыйлықты шыршадан алады. (6 сыйлық)
Фанфары 2-жүргізуші шығады.
Аруна: Жаңа жыл, жаңа жыл. Қалауын тап, қар үстіне қада гүл, Зибагуль: Жаңа жыл, жаңа жыл. Сан тілектің бастамасы ғана бұл. Аруна: Кел жаңа жыл, игілік боп, иба боп Жер бетіне кереметті жина көп. Зибагуль: Ақ қауырсын қанатына қайғы емес Түтін емес, рауан нұры жинап от. екеуі айтады:Жаңа жылдарың құтты болсын!
Аруна:Олай болса, кешіміз одан әрі жалғасын табады. Ортаға 10 «А» сыныбының жас таланттарын шақырамыз! (Әзіл)
Зибагуль: «Ең сұлу қыз» ойыны. Ортамызға 6 қызды шақырамыз. Қыздар жұпқа бөлініп, залдан бір жігітті таңдап алып шығуы тиіс. Жігіттер мына орындықтарда отырады, қыздар сендердің мақсаттарыңыз оларды сәндеп сұлу қызға айналдырып, ұлдар көрермендердің алдында подиумда жүргендей, жүріп өтуі тиіс.
Қатысушылар сыйлықты шыршадан алады. (3 сыйлық)
Аруна: Зибагуль! Біздің биылғы жылымыз жылдағыдан ерекше, үлкен мерейтойлар аталып өтілді. Сен білесің бе қандай?
Зибагуль: Ия, әрине. Бұны білу әр Қазақстан азаматының парызы ғой.
Аруна: Ал біздің көрермендеріміз біледі ме?
Зибагуль: өздерінен сұрап көрейік. Биылғы жылы қандай үлкен мерейтойлар атап өтілді? Сендер білесіңдер бе?......(Қазақстан халқы ассамблеясы-20жыл; Ұлы Жеңіске -70жыл; Қазақ хандығына -550жыл) Ия, дұрыс.
Аруна: Қой жылы елімізге талай белестерді бағындырды. Сонымен қатар алтын ұя мектебіміз де өз тарихындағы үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Біздің мектеп аттестациядан өтіп, өзінің мықты екенін тағы да дәлелдеді.
Аруна: Осындай көңіл-күймен ойын ойнап жіберейік .
Ортаға 5 ұлды шақырамыз. Қатысушылар орындыққа отырыңыздар, мен айтқан дене мүшелерімен билейсіңдер. Осы сәтте аталған мүшеден басқасы қозғалмауы тиіс. Бұл талапты орындаған ойыншы жеңіске жетеді. Музыка қосылады Ал кеттік 1-ші көзбен, 2 қасымен, 3 ауызбен, 4 құлақпен, 5 саусақтармен, 6 қолмен, 7 аяқпен
Соңында бүкіл дене мүшелерімен билейміз.
Қатысушылар сыйлықты шыршадан алады. (5 сыйлық)
Зибагуль:Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй, - деп Алаш жұртына есімі мәшһүр болған ғасырлар тоғысындағы ұлы тұлға Абай атамыз айтқандай, әнді Абайша сүйіп бүгінде үлкен сахналарда өз өнерін халқына паш етіп жүрген 8 ә сынып оқушысы Кеңшілік Бақытжамалды ортаға шақырамыз!
(Мерекелік ән орындалады)
Зибагуль: Келесі кезекті ойынға берейік, ортаға 6 ұлды шақырамыз.
Ойынның шарты: көзі байланып, орындықтан тұру керек, жүргізушінің айтуымен 4 қадам алға, 4 қадам оңға, 4 қадам солға жүру керек, сосын артпен артқа қайтып оралып орындыққа отыру керек.
Жеңімпаздар сыйлықты шыршадан алады (1,2 сыйлық)
Жансая: - Назерке білемісің Жаңа жыл ешқашын да Аяз атасыз өтпейді. Өкінішке орай Аяз ата биыл біздің кешімізге келе алмайтын болды
Назерке: негееее? Бұл қалай болғалы?
Жансая: Пенсияға шығып кетіпті. Сіздердің көңіл-күйлеріңізді түсірмеу үшін біз санта клаусты шақыратын болдық.
Назерке: олай болса санта клаустың бізге қалай асығып дайындалып жатқаның тамашалайық.
Сантанының көрінісі:
С: Қане жұмыс істейміз! Жаңа 2016 жылға 1 сағат қалды. Не істеп тұрыңдар? Белоснежка маған тезірек қай жерге қанша сыйлық апару керек екенін соның отчетын әкеп бер.
Б: қазір істеп әкелемін.
С: Ал сендер не істеп тұрысыңдар? Жұмыс істеңдер. Жұмыс істеғдер. Маған әлі сыйлықтарды тарату керек. Белоснежка бәрі дайын ба?
Б: Қәзір міне сіздің отчетыңыз.
С: Жарайды. Тезірек жұмыс істейміз. (өзі оқып тұрады). Тоқта! Мынауын не? Неге жоғарғы сынып оқушыларына сыйлық жоқ?
Б: Олар 18-ге келіп қалған жоқ па..Баяғыда балалық шақтан өтіп кеткен емес пе?
С: Қарсыласпа! Оларға осы жылы қиын түспек: емтихан тапсырады, оқуға түседі. Қане сен тырысып көр, оларға көп нәрсе керек емес. Қане сиқырынды қолдан. Ата-анасы үйді босатып берсің.Оларға одан әрі бақыт жоқ қой.
Б: Жарайды, қәзір бәрі дайын болады.
С: Ал бәрі дайын, енді Ғ.Жұмабаев мектебіне барамын!
(Музыка кока-кола ойнайды (Праздник к нам притходит))
Санта: Амансыңдар ма, балаларым! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4-пен 5-ке оқыңыздар! Біз сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық. Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар. Санта: Біздің сендерге дайындаған сыйлықтарымыз бар. Қабыл алыңыздар! (Санта клаус, кішкентай санталар және ақшақар сыныптарға сыйлықтарды таратып, шырша жанында орындыққа отырады)
Жансая: Қош келдіңіз Санта клаус, Қарсы аламыз орын беріп. Ән салыңыз бізбен бірге, Би билеңіз бізге еріп. Санта Клаус, Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар.
Назерке:
Олай болса ортаға 11-сынып оқушыларының жаңа жылға деген тілектерін қабыл алыңыздар (Саз әлемі)
Жансая: Келесі кезекті Санта клаустың өткізетін лотореясына кезекті береміз.
Санта лоторея өткізеді ( 15 минут )
Зибагуль:Жаңа жыл мерекесіне 9 А сыныбы дайындаған әсем әнін тамашалаңыздар!
Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық.
Ортаға 6 ұл және 6 қызды шақырамыз. Бір-біріңізбен жұптасып тұруларыңызды сұраймыз.
Ойының шарты мынадай: Сіздерге әр жұпқа қағаздан жасалған газеттер таратылады. Сіздердің мақсатыңыз осы кілемше үстінде жұп болып би билеулеріңізді сұраймыз, ән тоқталған соң газеттерді бір бүктеп, биді жалғастырасыздар. Газеттерден шығып кеткен жұп ойыннан шығады.
Жеңімпаздарға сыйлық шыршадан алады (1,2 сыйлық)
Аруна: Барлық жандар бір тілекке қосқан үн Бақытты боп бастады жыл дастанын Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл Құтты болсын Жаңа бақыт достарым! деген тілекпен 9 «ә» сыныбының құттықтауын қабыл алыңыздар!(Флешмоб).
Зибагуль: Рахмет достар! Кешімізді одан әрі жалғастырамыз, келесі ойынымыз "Бірнешесағыз шайнап Жаңа жылға тілек айту" деп аталады. Бізге екі қатысушы керек.
Қатысушылар сыйлықты шыршадан алады. (2 сыйлық)
Қорытынды: Музыка ойналады 8 «а», 10 «ә» оқушылары шығады, Аружан және Зибагуль Happy new year! өленін айтып, қайырмасына бәрі қосылады. Аруна: Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын.
Жансая: Ар бол Жаңа Жыл, бар бол Жаңа Жыл! Қадамың Құтты болсын, Жаңа Жыл!
Назерке: Бейбітшілік жылы бол, Жаңа Жыл! Құт береке жылы бол, Жаңа Жыл!
Зибагуль: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!
«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы
Боровской орта мектебі»ММ
8-11 сыныптар аралығындағы жаңа жыл мерекесіне арналған