Просмотр содержимого документа
«Ж?мыс д?птерлері »
Алғы сөз
Қазақ тілі пәнінен ҰБТ-ға арналған оқушының жұмыс дәптері пәнді толығырақ, тереңірек оқу мақсатында және оқушылардың сұранысына орай дайындалды. Дәптерге енген тапсырмалардың барлығы ҚР Білім және ғылым министрлігінің бағдарламасына сәйкес жасалған.
Оқушы дәптерінде түрлі тестер, талдаулар, мәтінмен жұмыс, грамматикалық тұлғалар кесте түрінде берілген. Тіл білімінің ғылыми негіздерін, олардың заңдылықтары мен ерекшеліктерін меңгерте отырып, оқушының бойында лингвистикалық дүниетанымы, логикалық ойлауы қалыптасады, шығармашылық қабілеттері дамиды.
Мұғалім бұл дәптердің көмегімен оқушының білімін жүйелі түрде бақылай алады және оқушы өз білімін өзі бағалай алады.
Д.Айдарова
Жаңақорған аудандық білім бөлімінің әдіскері
1-тапсырма.Сызбаны үлгі бойынша толтыр.
№
Еркін сөз тіркестер
Тұрақты тіркестер
1
Тайға таңба басты.
Оның жазуы тайға таңба басқандай анық еді.
2
Ол көзін ашып, қайта жұмды.
Концерт көзді ашып -жұмғанша аяқталды.
3
4
5
6
2-тапсырма.Мына сөздердің фразеологиялық синонимдерін жаз.
1.Айнала көрінбейді, тек жын ойнағындай боран ызыңдайды. (С.Сейфуллин)
2.Сарыбала салы суға кеткендей тұнжырап сала берді. (Ғ.Мұстафин)
3.Өнердің көп салаларының ішіндегі ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі-көркем әдебиет. (З.Қабдолов)
4.Аталған жерлерге қонақ үйлер де тігілген екен. (М.Әуезов)
5.Үй иесі - қартаңдау келген татар әйелі еді. (С.Мұқанов)
3-тапсырма.Мәтіндегі сөздерді буын түрлеріне қарай талда.
Мен жастарға:«Алдарында таудай талап тұр.Өмір үшін талмай ізденіңдер?» -дер едім.Жастарға тоғышарлық,бойкүйездік дертінен аулақ, сергек,сезімтал болған жарасады. (Ғ.Мүсірепов)
Тапсырмалар бойынша бағалау
1-тапсырма.Қазақ тілінің грамматикасын жазған кім?Авторының өмірі туралы білетінінді жаз.........................................................................................
Бұл жайында не сен айтарсың, не мен жауап берермін.
7
Көмір де-осы,
Отын да-осы.
8
Біз саяхатқа бармай қоймаймыз:
бәрі жақсы
дайындалған.
Тапсырмалар бойынша бағалау
1-тапсырма.Кестені толтыр.
Қазақ тіл білімінің салалары
Нені зерттейді
2-тапсырма.Синтаксистік талдау жаса.
Абайдың мінез машықтары
(Тұрағұлдың естелігінен)
Мен әкемді танығанда әкемнің жүзі ашық, ажары сыртында,көзі үлкен,өткір,ашулануы да,қуануы да жылдам,ширақ адам еді.Мәжілісшіл, сауықшыл,дастарханы мол,қонақжай адам еді.Бір іспен айналысып,әр нәрсені қызықтамай өз шаруасын ғана істеп,салбырап отыра алмайтын. Малшылардың, қызметкер әйелдердің, жақын туыстардың бір тәуір мінезін, ұнамды қылықтарын тауып, сол адамды жақсы көріп,ойнап,қалжындасып отыратын.Әкем адамды жақындығына, байлығына, абырой-атағына қарап емес,оның адамгершілік ісіне,сөйлеген сөзіне,мінез-құлқына қарай бағалайтын.Бір адам сөз сөйлегенде оған бар ынтасын салып, көңілін қойып тындайтын.Әңгімеші сөйлеп болғанша бір ауыз сөз қоспайтын.
Тапсырмалар бойынша бағалау
1-тапсырма.Морфологиялық талдау жаса.
Абайдың сүйікті ұлы
Абайдың көңілі Әбдірахманның оқу бітіріп,үйленуі кезінде біраз жай табады.Алаңсыз өмірге,ақындыққа бүтіңдей берілген.Әбдірахманнан хат келеді.Мағауияны жіберіңіз.Абай Әбіш ауруына қатты алаңдайды.Үсті-үстіне хат жазып,хабарласып тұрады.1895 жылы қараша айында Әбіш қайтыс болады.Сүйегін уақытша Алматыда жерлеп,Мағауия елге келеді.Бірнеше ат даярлатып Майқан,Солтабаев Ысқақ,Байтуов Тәнеке дегендерді жібереді.Олар Әбсемет үйіне түсіп,Әбіштің сүйегін былғалары табытқа салып,қайта жолға шығады.Сүйек елге келген соң бетін ашып, Абай баласының маңдайынан иіскеп, шеше-бауырларына көрсетіп,қоштастырады.Ақшоқы қыстағындағы Құнанбай бейітіне жерлейді.Абай сүікті ұлы Әбішті осылай соңғы сапарға аттандырады.
2-тапсырма
Жай септе
Тәуелді септе
Қопара септе
А.
І.
Б.
Т.
Ж.
Ш.
К.
А.
І.
Б.
Т.
Ж.
Ш.
К.
А.
І.
Б.
Т.
Ж.
Ш.
К.
Тапсырмалар бойынша бағалау
1-тапсырма.Морфологиялық талдау жаса.
1.Өрістен қайтқан қоралы қой да су маңына шұбырып,бауырын сызға төсеп,бүйірін соғып жатыр.(М.Ә.)
2.Соңғы жылдарда қатты қартайған және ұзақ аурулы болған Ұлжан ана –ел анасы- көбінше ақырын,баяу,үнсіз өмір кешіпті.(М.Ә.)
3.Мен өзім Абайдың сөзінен оқудың жақсы екеніне ден қойған адаммын.(М.Ә.)
4.Әр бөлменің ұзынын,көлденеңін,ішкі қатынас есіктерін – бәрін де Абай өзі қағазға сызып, Әйгерімнің қолына табыс етіп кеткен.(М.Ә.)
5.Абай Оспанның тентектігінен мезі болды.(М.Ә.)
2-тапсырма.
Мына сөздердің құрамында қанша түбір бар, бұл сөздер қалай аталады?
Құрмалас сөйлемдердің тиісті тыныс белгісін қой және құрмаластың қай түрі екенін, жасалу жолын жаз.
Ералин жуынып шыққан соң қорасына ойлы көзбен қарап тұрғанда есіктен басын ғана қылтитып қарт анасы шықты.(Ғ.Мұстафин).
Мал,жан көп,бай ауыл осы орынды қыстауға лайықтап алғаннан әлі жаңа қыстау сала алмай ескілеу тар қораға сия алмай күннің көзі жылынысымен киіз үйге шығыпты.(М.Әуезов).
Тапсырмалар бойынша бағалау
Бұл кімнің сөзі?
1. Ұстазыңа бар ықылас-ниетіңмен қызмет қыл.
( )
2. Хан әділ болса-халық ынтымақты болады.
( )
3. Надандықтың белгісі-тілін алмау білгеннің.
( )
4. Сәлем-сөздің анасы.
( )
5. Сырт тазасы не керек, тазарт әуелі ішіңді.
( )
6. Мен ағайынды екеумін: біреуі-өзім, екіншісі- халқым.
( )
7. Ата-ананы, мейманды құрметтесең - Меккедей нұрға толар үйдің іші.
( )
8. Тіл-қай халықтың болсын басты белгісі.
( )
9. Жақсы жолдас сыр шашпас.
( )
10. Біліммен кемелденген тіл ешқашан мүдірмейді.
( )
11. Сөз қалай айтылса, жауабы да соған сай болар
( )
12. Шындықты қаласаң,тілді тыйма.
( )
13. Жан қимылын ишаралармен үстемелей білуі
( )
14. Ақын болып туады, шешен болып шығады
( )
15. Сөздердің мәнділігі - мәңгілігі
( )
16. Сөздің мағынасын ұқпаған жан, адамды тани алмайды
( )
Тапсырмалар бойынша бағалау
Бұл кімнің еңбегі?
1. «Риторика тәжірибелері»
( )
2. «Прозалық шығармалардың барлық түріне бағышталған шешендік теориясы»
( )
3. «Жеті данышпанның сауығы»
( )
4. «Риторика»
( )
5. «Диуани лұғат ат-түрік»
( )
6. «Құдатғу білік»
( )
7. «Ғабатум Хама»
( )
8. «Диуани хикмет»
( )
9. «Шешендік тәлім»
( )
10. «Шешендікке қысқаша басшылық»
( )
11. «Шешендік өнер»
( )
12. «Шешендер туралы»
( )
13. «Риторика» трактаты
( )
14. «Ақылдың мәні туралы трактат»
( )
15. «Қазақ әдебиеті тарихы» (1927)
( )
16. «Федр»
( )
17. «Кабуснама»
( )
Тапсырмалар бойынша бағалау
Талдау түрлерінің үлгілері
Талдау реті:
1.Сөзді буындарға бөл, буындардың түрін ата.
2.Сөз дауыссыз дыбыстарды тауып қатаң, ұяң, үнді дауыссыздың қайсысына ,құрамынан дауысты дыбыстарды тауып, оларды тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай талда.
3.Сөз құрамындағы жататынын аңықта.
4.Сөз құрамындағы дыбыс пен әріп санын анықта.
5.Сөзде
Бар болса, үндестік заңына сәйкес құбылыс бар ма?түсіндір.
Талдау үлгісі:
Құлыншақ – құ-лын-шақ, үш буынды: 1-ашық, 2,3 – бітеу буын.
қ – дауыссыз, қатаң
ұ – дауысты,жуан, қысаң, еріндік
л – дауыссыз, үнді
ы – дауысты, жуан,қысаң, езулік
н – дауыссыз, үнді
ш – дауыссыз, қатаң
а – дауысты, жуан, ашық, езулік
Сөзде 8 дыбыс, 8 әріп бар.
а) Сөздің 1-буынындағы ұ ерінді дауыстының әсерінен 2-буындағы ы дыбысы ұ болып айтылады: құ-лұн-шақ.
ә) Сөздің үш буынындағы да дауысты дыбыстардың жуан болуы үндестік заңына жатады.
Лексикалық талдау
Талдау реті:
1.Сөйлемді оқы, ондағы сөздің қандай мағынаны білдіріп тұрғанын анықта.
2.Сол сөздің сөйлемде қандай мағынада жұмсалып тұрғанын анықта (тура ма, әлде ауыспалы ма)
3.Мүмкіндігіне қарай, сөздің синонимін, антонимін, омонимін тап.
4.Сөздің қазақ тілі сөздік кұрамының қай тармағына жататынын дәлелде.
Талдау үлгісі:
Аманның жылы сөздері ерекше әсер етті
жылы – жағымды, мейірімге толы деген мағынада, ауыспалы мағынада.
жылы, шуақты, ыстық, мейірлі – синоним; жылы – суық – антоним: жылы - жалпылама қолданылатын сөз.
Сөз мағыналарының шартты белгілері:
омоним o«o
синоним o»o
антоним o® ¬o
Сөзді құрамына қарай талдау
Талдау реті:
1.Сөздің қай сөз табына жататынын анықта; сөздің түрленетін я түрленбейтінін дәлелде.
2.Түрленетін сөздегі негіз бен қосымшаны ажырат; түрленбейтін сөздердің бәрі де негізгі түбір болып есептеледі.
3.Сол сөз түбірінен тарайтын түбірлес сөздерді көрсет.
4.Сөздегі қосымшалардың түрін ажырат: жалғау мен жұрнақтың қай түріне жататынын дәлелде.
5.Сөз құрамындағы бөліктерді тиісті шартты белгілермен көрсет.