kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жол журу наша?ор

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты :1.О?ушыларды жол ж?ру ережесімен таныстыру.

                                      2. Жол ?ауіпсіздігін есте са?тау?а, білуге жол ережесін  ?йрету.

                               3.О?ушыларды к?шеде д?рыс ж?ріп, жол ережесін са?тау?а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жол журу наша?ор»

Сабақтың тақырыбы :Ұлы сөзді тыңдаймыз , жол тәртібін сақтаймыз!

Сабақтың мақсаты :1.Оқушыларды жол жүру ережесімен таныстыру .

2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесін үйрету.

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі : Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , жол ережесіне арналған кітаптар , буклет.

Сабақтың мақсаты: 1. Ұйымдастыру кезеңі :

Кіріспе : " Ұлы сөзді тыңдаймыз , жол тәртібін сақтаймыз ! " атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.

Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын " Жолда жүру ережесі " мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін ,заңын бұзбайды.

Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды ?

Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .

Мұғалім : Ал енді " Ұлы сөзді тыңдаймыз, жол тәртібін сақтаймыз ! " атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын .

Тақтада

Жұмбақтар

  1. Ала таяқ ұстаған, 2. Көше бойлап аяңдайды,

Жол тәртібін нұсқаған. Адам тасып аялайды.

Өміріңді күзеткен, Автобус

Ысқырығы күзеткен.

Милиционер

  1. Көліктің қаншасын жанынан өткізген ,

Іргеден басталып , алысқа жеткізген. Жол

  1. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. Бағдаршам.

Мұғалім : Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын біліп , тіліп алу баршамызға керек.

  • Неге ?

Біздің қаламызда , сол сияқты біздің еліміздің қала , ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни барлық жүргізушілер , көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

  • Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен , көрейік . Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.

  1. Жиек жол деген не ?

  • Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол .

  1. Жаяуға қай жермен жүруге болмайды ?

  • Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.

Жаяу адамдардың міндеттері туралы не білесіңдер ?

  1. Жаяу тротуардың немесе жаяу жолдың оң жағымен , ал олар болмаса , жол жиегімен немесе велосипед жолымен жүруге тиіс.

Елді - мекеннен тыс жерлерде жолдың шетімен немесе жиегімен жүріп келе жатқан көліктің жүрісіне қарама - қарсы жүру керек.

  1. Жолдан өтіп бара жатқан жаяулап себепсіз кедергі немесе тоқтап қалмауы тиіс . Көшеден өтпес бұрын алдымен сол жаққа , ал көшенің ортасына жеткенде оң жаққа қарау керек.

  2. Жарқылдақ маягі және арнаулы дыбыс белгісі қосылған көлік жақындағанда жаяулар жолдан өтпей тоса тұруы тиіс.

  3. Қараңғыда жүргізушілер көлік айдап бара жатқанда ,жаяу адамдар үстіне жарық қайтарғыш тағып алу керек.

Жолаушылардың міндеттері туралы не білесіңдер ?

  1. Көліктерді тек қана отырғызу алаңдары ал жоқ болса тротуарда немесе жол жиегіне күтіп тұруға рұқсат етіледі.

  2. Жүргізушілерді себепсіз алаңдатпау керек.

  3. Жүк көліктердің кузовында тұруға , борт қырына отыруына тыйым салынады.

3.Көшеде жүру тәртібін кім басқарады ?

Тақтада

Қызыл - Тоқта !

Сары - Сақтан !

Жасыл - Жол ашық!

  1. оқушы : Қызыл көзін ашқанда ,

Сынық сүйем баспа алға !

  1. оқушы : Сары көзін ашқанда ,

Қарап қалма аспанға !

3 - оқушы : Жасыл көзін ашқанда ,

Өте бергін , жасқанба !

Оқушылар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап , кезегі келгенде көрсетіп тұрады.

Ән: Бағдаршам

  1. Көшеде біз сақ болайық ,

Қаймықпасын ата - ана .

Жолда сен бол лайық,

Жас ұлан деген атыңа

Қ- сы :

Әрқашан күн сөнбесін,

Аспаннан бұлт төнбесін .

Қасымда болсын мамам,

Болайын мен де аман !

2.Жолда жүру әліппесін

Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре аласың ,

Сен өзіңді сау сақтап


Сахналық көрініс: Айболит атаның үйі. Музыка ойналады

Инспектор :

Айболит атамыз бәрімізді емдейді ,

Ауырса адамды, аңды да емдейді .

Отырған мынау Айболит атаға

Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?

Осы кезде басын ақ шүберекпен таңған , сыртынан қан шып - шып шыққан аю өкіріп келе жатады .

Инспектор :

Ата , қараңыз мына сұмдықты ,

Маймақты кім қыңжылтты ?

Айболит .

Маймағым, не болған өзіңе,

Көкпеңбек ісінген бас - өзіңе ?

Аю.

Айтайын мен жасырмай шынымды - ай,

Сақтап қал , ата, жанымды шыбындай.

Жарасып бал тасыр машина үстіне

Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.

Айболит

Бір асар тәтті бал үшін,

Тәртіпті бұздың қарынның қамы үшін.

Міне, енді еңіреп тұрғаның ұят - ақ,

Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !

Аю.

Айболит ата, инспектор жолдас , енді тәртіпті бұзбаймын.


Мұғалім : Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады ?

1 -оқушы : Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл сигналы жанған кезде өтуге болады.

Мұғалім : - Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз ?

2-оқушы : Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде , оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса , өтіп кеткенше , сол орында күте тұрамыз.

Оқушы қалай өтетінін көр сетеді.

Инспектор :

Көше ортасын айналдырып футбол тебер алаңға ,

Көрдіңдер ғой ұмытқанды ережені далаңдап.

Ал, канеки , үйренейік біз де жүру тәртібін,

Ережені жақсы білер , жатқа білер бар кімің ?

Кім айтар жол белгісі неше топтан тұрады ?

Өздеріңе қойылатын бұл алғашқы сұрағым.

Сахнаға шығу

Бағдаршам :

Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

Қашпаймын мүдіріп , ешқандай сұрақтан.

Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,

Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

Сақтандыру , ескерту белгісі :

Қып - қызыл үшбұрыш,

Қауіптен сақ бол деп сәт - сапар жолдаған.

Аман - сау жүреді жаяу да , көлік те ,

Мен берген белгіні сақтаған , қолдаған.

Тыйым салу белгісі :

Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,

Тыйымшыл белгімін , қаталмын салмақты .

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

Қауіп бар , бағдарла көз салып жан - жақты.

Міндеттеу белгісі :

Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,

Міндетті бұрылыс , әйтпесе қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол , шартыңды міндетті орында !

Ңұсқау белгісі :

Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,

Үн - түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де , түнде де от болып жанады,

Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.

Мұғалім : Біз ауылда тұрғандықтан , ауыл арасында да белгілер болады. Жалпы жол беттері өздерінің атқаратын қызметіне қарай 7 топқа бөлінеді .

Тақтада

  1. Ақпараттық - көрсеткіштік белгілер.

  2. Ескерту белгілер

  3. Тыйым салатын белгілер

  4. Сервис белгілері

  5. Алдын ала қиылатын белгілер

  6. Басымдылық белгілері

  7. Жол таңбалары

Тақпақ тыңдау

Балалар , сендер Тұманбай Молдағалиевтің " Болар бала еді ол " деген өлеңін тыңдап көріңдерші.

Мұғалім : Арман не себепті қаза болды ?

Қорытындылау :






















Талшық мектеп-интернаты










Тәрбие сағаты


Тақырыбы :









Өткізген : Адилева Д.М









«Денсаулық – зор байлық» атты сынып сағаты

Мақсаты: Оқушыларға шылым шегудің, алкогольдің және есірткінің адам ағзасына тигізетін әсері туралы жеткізу. Оқушылардың өздері салауатты өмір салтын қадағалап, өзіндік жеке өмір сүру тәжірибесін меңгерту. Салауатты өмір салты пропагандасын жүргізу.

Көрнекілік: денсаулық туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, суреттер, көрме.

Әдісі: ертегі-көрініс

Көрініске қатысушы кейіпкерлер:

бауырсақ – Алжан Қ, шал – Тлеулес М, кемпір – Өнерхан Б,

темекі шегушілер: түлкі – МухамеджанД, қасқыр – Тлеулес М А.,

арақ ішушілер: бақа-ханша – Бештаева Е, орман перісі – Өнерхан Б, қызыл телпек – Мухамеджан Д,

нашақорлар: кощей – Мухамеджан Д, жалмауыз кемпір – Бештаева Е, аю – Тлеулес М.


Жоспары:

  1. Жүргізушінің бастаушы сөзі.

2. Көріністер:

1-көрініс «Бауырсақтың үйінен кетуі»

2-көрініс «Бауырсақтың шылым шегушілерді кездестіруі»

Темекінің зияны туралы әңгімелеу

викториналық сұрақтар

3-көрініс «Бауырсақтың арақ ішушілермен кедесуі»

Викториналық сұрақтар

Арақтың адам ағзасына тигізетін әсері

4-көрініс «Бауырсақтың нашақорлармен кездесуі»

Викториналық сұрақтар

Есірткінің зияны мен салдарлары

5-көрініс «Бауырсақтың үйіне қайтып оралуы»

3. Қорытындылау.



















Барысы:

Жүргізуші: Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді осы жиналған қауым арасына келгендеріңізге алғыс білдіреміз.

Жалпы біздің бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы «Салауатты өмір салты»

: Әр қайсымыз кішкентай кезімізде ертегілерді көп қарап қызықтағамыз. Енді сол ертегілерге қайта оралайық.


1-көрініс «Бауырсақтың үйінен кетуі»

Бауырсақ шал мен кемпірден кетпекші болады.

Бауырсақ: Апа, ата! Осы біздің ауылда ешқандай қызықты оқиға болмайды.

Шал: саған қандай қызықты оқиға керек.

Бауырсақ: Менің ауылда отыра бергім келмейді.

Кемпір: Енді не істемек ойың бар?

Бауырсақ: Ата, апа! Мен кеттім. Сау болыңдар.

Кемпір: Қайда кеттің?

Бауырсақ: Кеттім, мен қайтып келмеймін. Мен барлық жасөспірімдер сияқты қыдырып, өмірдің қызығын көргім келеді.

Шал: Бауырсағым, бұл айтып тұрғаның не сандырақ? Қайт кері.

Бауырсақ сахнадан шығып кетеді.

Кемпір: Жарайды, барсын, көрсін, оның түбі жақсылыққа әкелмейді.

Сахнадан шал мен кемпір де шығып кетеді.


1-жүргізуші: Бауырсақ жол жүріп кетеді.

2-жүргізуші: Қазіргі жасөспірімдердің ойынша, өмірдің барлық қызығы тек қыдыру мен шылым шегу, арақ ішіп, есіртке қабылдау деп ойлайды.

1-жүргізуші: Бауырсақ келе датып жолында мынадай оқиға болады.


2-көрініс «Бауырсақтың шылым шегушілерді кездестіруі»

сахнаға шылым шегушілер, яғни түлкі, қасқыр, қоян шығады.

Түлкі: әй, сенде темекі, сіріңке бар ма?

Қасқыр: жоқ.

Түлкі: енді не істесек екен. Құлағым ісіп бара жатыр.

Сол уақытта бауырсақты көреді.

Түлкі: ананы қара, біреу келе жатыр.

Қасқыр: қазір жақындасын, содан сұрап көрейік.

Түлкі: әй мында кел.

Қасқыр: Сен кімсің?

Бауырсақ: мен бауырсақпын, мен атамнан да, апамнан да кеттім. Мен блатной болғым келеді. Маған өмірдің ызығын көрсетіңдерші.

Түлкі: Ә, солай де, сенде темекі бар ма?

Бауырсақ: жоқ.

Қасқыр: ендеше бізге 5катя бер.

Бауырсақ: қайдағы 5 катя? Біздің ауылда бір ғана катя бар. Мен сендерге қайдан 5 катяны табамын.

Түлкі: О-о, колхозник, біз сенен катя сұрап тұрған жоқпыз. Ақша сұрадық. 500 тенге гони сюда.

Бауырсақ: менде 500тенге жоқ, тек 200тенге ғана бар.

Түлкі: әкел соны. әй, қоян, мә, мынаны ал да, тез бізге шылым әкеп бер.

Түлкі: сен мынаны аузыңа сал да, түтінді өзіңе қарай тарт.

Бауырсақ жөтеле кетеді.

Қасқыр: алғашында солай болады. Үйреніп кетесің.

Түлкі: енді біз сияқты блатной боласың.

Қасқыр: жүр саған басқа да қызықтарды көрсетейік.

Солай деп бауырсақты құшақтап, сахнадан шығып кетеді.

2-жүргізуші: бауырсақ солай темекі шегуді үйренді.

Еуропаға темекі тартуды Колумбтың 11 экспидициясына қатысушылар (1496ж) Америкадан оралғаннан кейін ,15 ғасырд үндістер «кохоба» деп атайтын өсімдік тұқымын испан монахы Рома Паноға әкелген.Алғашқы кезде темекі өсімдік ретінде Испанияда өсірілген деген болжам бар.

Өкінішке орай адам ағзасына өте зиянды өсімдіктің әлемге қалай тез таралғанын ешкім көз алдына елестете алмайды. Шын мәнінде темекі зиянды ма? Темекі түтінінің құрамында организмге зиянды 1200 –дей зат бар. Оның ең зияндысы- никотин.Темекі тартатындардың темекі тартпайтындарға қарағанда өмірі 7-15 жылға қысқа келеді.

Өкпе рагінің-90, өкпе ауруының 75, жүрек ауруының 25 пайызы темекіден болады. Әрбір 100грамм темекі түтінінен 5-7 грамм қара күйе шығады. Құрамында рак ауруын тудыратын улы заттар бар. Демек, күніне бір қорап темекі тартқан адам жылына 700-800 грамм қара күйе жұтады. Ғылыми зерттеулер улы түтін адамның ми, сезім, тыныс жолдар ,ас қорыту, жүрек, қан тамырлары қызметін бұзады.


3-көрініс «Бауырсақтың арақ ішушілермен кездесуі»

сахнаға бақа-ханша мен қызыл телпек шығады. Олардың алдынан орман перісі шығады.

Орман перісі: жүр бақа-ханша мынаны бітіріп тастайық. (қолындағы бөтелкесін көрсетеді)

Қызыл телпек: мынау не?

Орман перісі: бұл водяра. Ішіп көремісің?

Қызыл телпек: жоқ, ондайды мен ешқашан аузыма алмағанмын. Бақа-ханша мұны сіз ішесіз бе?

Бақа-ханша: әрине, ішпегенде ше. Ол жақсы емес пе? Организмдегі микроптарды өлтіреді.

қызыл телпек: ол зиянды ғой, оны ішпеңіз.

Орман перісі: әй, кетші әрі.

Сол кезде алдынан бауырсақ шығады.

Орман перісі: әй, сен кімсің?

Бауырсақ: мен бауырсақпын, мен атамнан да, апамнан да қашып кеттім. Ал сендер кім боласыңдар?

Бақа-ханша: мен бақа-ханшамын.

Орман перісі: мен орман перісімін.

Қызыл телпек: мен қызыл телпекпін. Ал жай жүрсің бе?

Бауырсақ: мен өмірдің қызығын көргім келеді. Мен ұзақ жол жүріп келемін, сендерде шөл қандыратын сусын табылмай ма екен?

Бақа-ханша: әрине бар. Біз саған қазір шөліңді қандыратын күшті сусын береміз.

Бауырсаққа арақ құйып береді. Бауырсақ оны ішіп көреді.

Бауырсақ: маған не бердіңдер, ап-ащы ғой?

Үшеуі күліп тұрады.

Орман перісі: сен өмірдің қызығын көргім келеді дейсің, жүр саған басқа жолдастарымызбен таныстырайық.

Бауырсақты құшақтап, сахнадан алып шығып кетеді.

1-жүргізуші: Бауырсақ алғаш арақ ішуді де көрді.

Алкоголизм- тұқым қуалайтын ауру.Оның көп белгілері елге белгілі.Ең алдымен науқастың мінез-құлқы өзгеріп,интелектісі төмендейді,ауру азып-тозады.Егер әке-шешсі жағынан алкоголизммен ауырған адам болса онда ұрпақтары да сондай сырқатқа бейім келеді.

Кейбір адамдардың қанында миды қоздыратын заттар,мысалы адреналин көбірек болады.Мұндай жағдайда адам есін білмегенмен тыныш таппай әртүрлі қимыл-қозғалысқа еркінен тыс көп түсіп қалады (көп сөйлеу төбелес.)т.б Ал тынышсыз мас басқалар үшін әсіресе балалар мен әйелдер үшін қауіпті.Қылмыстар өкінішті оқиғалар содан болады.

Ұзақ уақыт спирттік ішімдіктерді қабылдаған адамдардың бауыры шыдамай үлкен өзгеріске ұшырап, ақырында емі жоқ цирроз ауруына шалдығады.Егер адам арақты бауыр аурулары кезінде ,мысалы вирустық гепатит кезінде ішсе ,онда бауыры 2-3 күнде езіліп кетеді.


4-көрініс «Бауырсақтың нашақорлармен кездесуі»

Сахнаға Кощей мен жалмауыз кемпір шығады.

Кощей: әй сенде доза бар ма?

Жалмауыз кемпір: жоға, қайдан келсін.

Кощей: ендеше анаған взвякни. әкеп берсін бізге.

Жалмауыз кемпір: (телефонмен звондайды) әй, сен тез мында дозаны әкеп бер, тез дуй сюда.

Оларға аю шприц пен есірткі әкеледі.

Кощей: о, давай сюда.

Сол уақытта бауырсақты көреді.

Жалмауыз кемпір: оу, мынау кім?

Кощей: әй, сен кімсің?

Бауырсақ: мен бауырсақпын, мен өмірдің қызығын көргім келіп, атамнан да, апамнан да қашып кеттім.ал сендер кімсіңдер?

Кощей: мен кощеймін, мынау жалмауыз кемпір.

Бауырсақ: айтпақшы сендерде темекі бар ма?

Жалмауыз: қайдағы темекі? Бізде саған одан да күшті нәрсе бар. Кел көрсетейік.

Олар бауырсаққа есірткіні береді. Содан бауырсақтың басы айналады.

1-жүргізуші: басқа сөзбен айтқанда «ақ өлім». Американ журналисі Род Христофсы былай деген: «мен өмірімде 30жастан асқан адамдарды нашақоршы деп көрген жоқпын. өйткені 19-20жасында ғана өмір сүреді және қолданады»

2-жүргізуші: Осы кезде бауырсақтың ойына барлық жол бойы кездестірген жамандықтары келеді. Одан қорыққан бауырсақ айқайлай бастайды.

Бауырсақ: құтқарыңдар. Мені құтқарыңдар.

Періште: мен періштемін. Қандай көмек керек саған?

Бауырсақ: мені құтқар мыналардан?

Періште таяқшасымен сілкіп қалғанда, олар қашып кетеді.

Бауырсақ: мен үйге апам мен атамның жанына барғым келеді.

Солай бауырсақ үйіне қайтып кетеді.



5-көрініс «Бауырсақтың үйге қайтып оралуы»

Шал мен кемпір үйінде жүреді. Сол кезде кемпір бауырсақты байқап қалып, шалына жүгіріп барады.

Кемпір: әй шал ананы қара, бауырсақ келді.

Бауырсақ: «шал мен кемпірді құшақтап» мен енді сендерді ешқайда тастамаймын, ешқайда қашпаймын. Сендерді тыңдап жүретін боламын.

Сахнадан шығып кетеді.

Сынып жетекшінің сөзі: Қазіргі кезде көптеген жасөспірімдер жеке өміріндегі сәтсіздіктерден, ата-аналарымен шиеленіскен қарым-қатынастан, жолдастарына сеніп, олардың айтқанына көнгеннен темекі шегіп, арақ ішіп және есірткі қабылдаудың керегі жоқ. Әрбір адам таңдауға құқылы, және ол өз денсаулығы үшін, өз өмірі ұшін өзі жауап тартады. Сондықтан қазірден бастап өмірдің шынайы қызығын көріңдер. Ол үшін салауатты өмір салтын қадағалау керек. Оның негізгі компоненттерін өздерің де білесіңдер: дұрыс дем алу, дұрыс және рационды тамақтану, қозғалу белсенділігі, жақсы эмоциялар, шынығу, табиғатқа деген сүйіспеншілік, жаман әдеттердің қалыптасуынан арылу. Сендер қазір Қазақстан Республикасының азаматтарысыңдар, сендерге болашақта сәтілік тілеймін!

1-жүргізуші: салауатты өмір салытна арналған әнімізді қошеметтеңіздер.

Супер-старт әніне келтіріп, салауатты өмір салтына арналған әндерін айтады. Барлық кейіпкерлер сахнаға шығып өлең айтады.

2-жүргізуші: осымен сынып сағатымыз аяқталды, келгендеріңізге көп рақмет. Қош сау болыңыздар.
























Салауатты өмір салтына арналған ашық сынып сағаты


Кл жет: Нуршанова А К






Павлодар



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Жол журу наша?ор

Автор: Адилева Динар Маратовна

Дата: 17.05.2016

Номер свидетельства: 327622


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства