kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жол, сапар ж?не ?атер

Нажмите, чтобы узнать подробности

?мірде к?тпеген о?и?алардан са?тану ?шін жол ережелеріне ба?ыну керек. «Са?танса? са?тармын» дегендей ережелерді тек білу ?ана шарт емес, оны б?лжытпай орындаса ?ана аман - есен ж?руге болады. К?ше т?ртібін са?тау- сені? міндеті?! Егер жол ережесін б?зса?, тек ?зі?е ?ауіп т?ндіріп ?оймай, бас?а адамдар?а да зияны?ды тигізесі?. Сонды?тан, жолда са? бол! К?ше т?ртібін есі?нен шы?арма

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жол, сапар ж?не ?атер »

Жол, сапар және қатер

Сабақтың тақырыбы: Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру.
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру
3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, интерактивті тақта, жол ережесіне арналған кітаптар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? 
Көктем мезгілі, сәуір айы. 
- Көшелерімізде қандай өзгерістер болып жатыр? 
Көшедегі жол бойын машиналар ерсілі-қарсылы жүруде, 
Кіріспе: Бүгінде қалада да, ауылда да үлкен көшелер мен жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады.. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді.Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдар көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде.
Міне сондықтан жол-көлік оқиғаларының зардабынан және жол тәртібін бұзбаудың алдын ала бағытында бүгінгі «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» атты тәрбие сағатымыз қош келдіңіздер!
Көрініс: «Үш көзді дәумен кездесу».
Көшеде арлы- берлі жүрген машиналар, ортада бағдаршам.
Ортаға жүгіріп бала шығады.
Бала: Қап, мына көшеден қалай өтіп кетсем екен а, жолда машиналар көп екен. «Тәуекел» көшені кесіп жүгіріп өтіп кетейін.
Бағдаршам: — Әй, тоқта! Қайда барасың?
Бала:- Сен кімсің?
Бағдаршам: — Мен бағдаршаммын, сен көше тәртібін бұздың.
Бала:- Қалай? Қашан?
Бағдаршам:- Сен қызыл көзім жанып тұрғанда көшені кесіп өтпек болдың ғой,сенің бұның дұрыс емес.
Бала:- Енді қалай өтуім керек еді.
Бағдаршам:- Сен мені жақсылап тыңдап айтқандарымды ұғып ал. Мына менің қызыл көзім жанғанда жолға қарай жүруге болмайды, ал сары көзім жанғанда жолдан өтуге дайындал- деген белгі берем, ал жасыл көзім жанғанда жолдан өтуге рүқсат, өте бер,- деген белгіні білдіремін.
Бала:- Жарайды айтқаныңызды ұқтым, енді сенің айтқаның бойынша жүретін боламын.
Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
Тақтаға 
Қызыл – Тоқта!
Сары – Сақтан!
Жасыл – Жол ашық!
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға

Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!

Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!

Жұмбақтар жасыру.
Жұмбақтар
1. Ала таяқ ұстаған, 
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен, 
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)

2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)

3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)

4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

Көшедегі жол бойын машиналар ерсілі-қарсылы жүруде, бағдаршам көздері кейде жыпылықтап өшіп қалуда. 
Жол жүруге қолайсыз. 
- Ал, осы жол қозғалысын реттейтін адамды кім дейміз? 
Реттеуші дейміз.

Реттеуші
Бақылап жол тәртібін,
Өткізетін әр күнін.
Реттеушіні көрдім мен.
Қиылыстан дәл бүгін.
Ала таяқ қолында
Айтары көп оның да.
Не істеу керек, тұрса да
Реттеуші жолыңда.

Тік көтерсе таяқты,
Баспа алға аяқты.
Бағдаршамның бұл белгі
Сары шамы сияқты.

Кеудесімен бұрылса,
Қарап саған бетпе-бет.
Тұрғаны оның, ұғынсаң,
Жолды жаптым, өпте деп.

Арқа жағын қаратса.
Өтіп кетпе аңғармай.
Бағдаршамның бұл белі-
Қызыл түсі жанғандай,

Оң иық, не сол иық,
Бұрылғанда сен жаққа.
Тұрып қалма мөлиіп,
Алға карай тез атта.

Реттеуші бұрылды.
Бір қырындап тік тұрып
Жасыл жанды дегенді
Жүргіншіге ұқтырып.

Реттеуші бар көшеге.
Тап болса егер кімде-кім.
Тек сол берген белгіге
Көну оның міндеті.

“Үйренейік білейік” әртүрлі жол белгілерін беремін. Қиындылардан жол белгісінің суретін құрау. Ол қандай белгі нені білдіреді?

Жаяу жүргіншілер өтпесі.

Балалар өтпесі.
Жол жұмыстары. 

Жаяу жүргіншілердің қозғалысына тыйым салады.


Сұрақ-жауап: Сайысы екі топқа бірдей қоямын. Кім бірінші жауап береді.
1.Бағдаршам деген не? Жарықпен белгі беру арқылы көшедегі автомобиль жолы мен темір жолдағы қозғалысты реттеуге арналған құрылғы. 
2. Автобус деген не? Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған, онда жүргізуші орнын қоспағанда сегізден астам отыратын орны бар автокөлік құралы.
3. Тыйым салу белгілері қандай түспен белгіленеді? Қызыл дөңгелек.
4. Бағдаршамның қызыл көзі жанып тұрғанда қандай көліктерге жүру рұқсат етіледі? Өрт сөндіру, жедел жәрдем, полиция.
5. Жолаушы деген кім? Көлік құралындағы(үстіндегі) және оны басқармайтын адам.
6. Жол қозғалысын реттейтін адам кім? Реттеуші.

Жол белгілерімен таныстыру.

• Ескерту белгілері

* Алдын ала жазылатын белгілер. Сервис белгілері

Қорытынды: 
Шуақты өміріміз күндей күліп, 
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт. 
Арманға сапар тарту мүмкін емес, 
Жол жүру ережесін білмей тұрып. 

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да, 
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да, 
Жол жүру ережесі заңды тәртіп, 
Ол ортақ үлкен кіші баршамызға. 
Басталар әр қадамың аттауменен, 
Жол жүру ережесін сақтауменен. 
Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады. Көше тәртібін сақтау- сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды тигізесің. Сондықтан, жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығарма




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Жол, сапар ж?не ?атер

Автор: Сарманова Айкерим Жандосовна

Дата: 15.04.2015

Номер свидетельства: 201779


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства