kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жеті керемет" сынып са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данный классный час дается для изучения семи чудес Казахстана. Их всего семь: национальный инструмент -домбра, юрта, мавзолей Айша Биби, "Золотой человек",  монумент "Байтерек", петроглифы, национальный парк "Бурабай". Рассматривается каждый из семи чудес Казахстана по отдельности.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жеті керемет" сынып са?аты»

6 сынып оқушыларына арналған сыныптан тыс іс-шара

Тақырыбы: Қазақстанның жеті кереметі
Мақсаты:

1.оқушыларды Қазақстанның тарихи мұраларымен таныстырып, мәдениетке деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік тілімізді сүйюге, мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру.

2.оқушылардың дүниетанымын кеңейту, еркін ауыз екі сөйлеуге, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу , өнерге деген қабiлеттерiн дамытып,елге, жерге деген патриоттық сезiмдерін ояту

3.оқушыларды Отанын сүюге,байлығын қорғауға, елжандылыққа,әсемдiкке,жауапкершiлiкке,туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу

Көрнекілік: презентация, тақпақтар, әндер, бейнефильмдер

Сынып сағатының барысы:

1.Кіріспе

1 жүргізуші:

-Құрметті ұстаздар, оқушылар! Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел - өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды.

2 жүргізуші:

-Дүниедегі барлық халық ұлттық қадір – қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет тарихын құрметтеп, салт – дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Қазақстан Республикасында ана тілі – қазақ тіліне мемлекеттік статус берілген.

1жүргізуші:

- Ел егемендігінің көрінісі, құндылығының бірі болып саналатын мемлекеттік тілді – қазақ тілін меңгеру - баршамыздың міндетіміз.Тіл - ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы.

2 жүргізуші:

-Қазақ тілі - дүние жүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің бірі.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас, — деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз.

(«Абай.Тарих.Тұлға.» презентация)

1 оқушы:

Өлеңі – асыл, өзі – аңыз

Абай – біздің бабамыз!

Өсиетін сондықтан

Санамызға жазамыз!


Шалса да қырау самайды,

Үйретер саған талайды.

Оқы сен, оқы жалықпай,

Данышпан, дана Абайды!


Ашатын көңіл-сарайды,

Сазгер деп халқын санайды.

Тыңдасаң әрбір әндерін,

Таңисың ұлы Абайды!

(Абайдың әні «Көзімнің қарасы» )

2. Қазақстанның жеті кереметі

1жүргізуші:

-Бүгінгі сыныптан тыс іс-шарамыздың тақырыбы: «Қазақстанның 7 кереметі». Неге жетеу? Кездейсоқ алынды ма бұл сан? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін өткенді еске алған артық емес.
2жүргізуші:

- « Жеті» деген санды қадірлеу көне заманнан басталады,қасиетті сан болып есептеледі. Біздің ата-бабаларымыз жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды.

1жүргізуші:

- Қазақтардың таным - түсінігінде Жеті ата, Жеті қазына, Аптаның жеті күні, Жеті жарғы, Жеті жұт, Жеті нан, Жеті жетім, Жеті ғашық деген ұғымдар болған.

2жүргізуші:

- Қазақстандағы тарих, археология, сәулет және монументалды өнер ескерткіштерінің саны 25 мыңнан асады. Бұл салада Қазақстан Таяу Шығыс, Орта Азия, Қытай, Үнді және Жерорта теңізі бойындағы мемлекеттермен теңеседі.

1жүргізуші:

-Оқушылар өз Отанының тарихы мен мәдениетін мақтаныш етіп, сүйе білуі тиіс. «Қазақстанда ғажайыптар көп, соның ең керемет жетеуі қайсысы?» деген сауалға жауапты тамашалайық.

2жүргізуші:

-Осы кереметтерді сырттан барып тамашалағандар эстетикалық ләззат алады, ал жергілікті тұрғындардың кеудесін өз Отанының мәдени байлығына деген мақтаныш пен қуаныш сезімі кернейді.
(«Қазақстанның 7 кереметі» презентация)
1 слайд: «Тамғалы жартастар суреттері»

2 оқушы:

- Алматы обылысында Тамғалы жартастар суреттері – бүкіл әлемдік мәдени жәдігерлер қатарында.
Қола дәуірінің тасқа салынған суреттері көрген адамды таң қалдырады. Ертеде адамдар тау жартастарына суреттер қашап салды. Онда ежелгі адамдардың өмірі, көне тайпалардың салт-дәстүрі, діни нанымдары, аңшылық туралы салынды . Бұл туындылар аса маңызды деректер жиынтығы деп саналады.

2 слайд: «Қазақтың киіз үйі»

(«Киіз үй» бейнефильм )

3 слайд: «Алтын Адам»

3 оқушы:

-1960 жылда археолог ғалымдар Есік қаласына жақын жерде «Алтын киімді адамды» тапты. Ол мұнан 2500 жылдай бұрын жерленген жас жігіт екен. Бас киімде, етігінің қонышында алтыннан жасалған ұсақ бейнелер жапсырылған. Олардың саны төрт мыңдай. Есік қорғанынан табылған олжа бүгінде әлемге әйгілі. Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне де негіз болып отыр.

4 слайд: « Ахмет Иасауи кесенесі»

4 оқушы:

- Ахмет Иассауи бұрыңғы Испиджаб қаласында 1103 жылы дүниеге келген. Ежелден атағы жер жарған Түркістан қаласында орналасқан, орта ғасырдан қалған көгілдір күмбезді ғаламат ғимарат – Ахмет Иасауи кесенесі. Жылда 100-150 мыңнан астам адам келіп тамашалайды. Оларды мұнда сұлулық пен ұлылықтың тылсым сырын білуге деген құштарлық сезімдері жетелейді.
5 слайд: « Бурабай»
(«Бурабай» видеофильм)

6 слайд: «Бәйтерек»

1жүргізуші:

- Біздің туған өлкеміз - кең байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдерi, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы біздің ақ бесiгiміз.

2жүргізуші:

- Сондықтан да біз елімізді ардақтап, шексiз сүйемiз. Бәрімізге ортақ Отанымыз – Қазақстан. Еліміздің жүрегі – әсем де ғажайып Астана қаласы.

5 оқушы:

Бой көтерді бір қала,

Ол-біздің сұлу Астана.

Астанада бәрі бар,

Қараймыз соған шаттана.

Күміс күннің астында

Желбірейді туымыз,

Қазақ деген халықтың

Ұлы менен қызымыз.

Ардақтайтын Астанам

Мәртебелі бас қалам.

Көркейе бер күн сайын,

Алға қарай бас қадам!


(«Елімнің жүрегі - Астана» әні, презентация «Астана»)

7 слайд: «Домбыра»

(«Адай» күйі)

6 оқушы:

Домбыра ғана біліпті

Қазақтың бар қайғысын.

Кімің бар одан сүйікті,

Шаппай бер оның бәйгесін.

Домбыра ғана ұғыпты

Ананың зарын, ел мұның.

Ішіне бәрін тығыпты,

Тыңдап көр соны сен бүгін.


7 оқушы:

Тарт күйінді, домбыра!

Төгіл,төгіл тәтті күй,

Тау суындай сылдыра,

Желпін,желпін жел соқтыр!

Тауда тұман тұрмасын,

Көкке бұлт ыдыра!

Тыңдамаған қоймасын,

Ойды-қырды қыдыра,

Құлшына тарт, домбыра!


1жүргізуші:

- Отанымыз – кең-байтақ , ұлан-ғайыр Қазақстан. Біздің елде бір шанырақтың астында көп ұлттар тату-тәтті, достықта өмір сүреді. Бұл бірлігіміздің жеңісі.

2жүргізуші:

- Еліміздің бас қаласы –Астана қаласы. Сарыарқада орналасқан қаламыздың ғажап көріністерін Құрманғазының күйін тыңдап, тамашалайық.

(«Сарыарқа» күйі)

3.Қорытынды

1жүргізуші:

-Қазақстанның 7 кереметі – нағыз мақтаныш сезім ұялатады. Тарихын білген, елін сүйіп, құрметтейтін ұрпақтың болашағы жарқын болатына толық сенімдіміз.

2жүргізуші:

- Қазақ халқы ежелден – ақ, тарихты есте сақтап, тіл қадірін біліп, ақылды дұрыс сөзге бағына білген. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Өйткені халқымыз дәрежеге емес, дәстүрге бағынған.

8 оқушы:

Аударып жұрттың назарын,

Бардың да көрген базарын.

Жоқтың да көрген азабын,

Даладай дана қазағым.

(«Қазақстан! Отан!» бейнефильм)

1жүргізуші:

-Ана тілінде сөйлеу, оған деген көзқарас –адамның ең зор мәдениеттілік , тәрбиелік, әдептілік өлшемі болып табылады.

2жүргізуші:

-Мемлекеттік тілімізді Отанындай, туған халқындай, өз ата- анасындай сүйіп ардақтау бәріміздің міндетіміз. Тәуелсіз еліміз өркендеп, көк аспанда желбіресін байрағымыз!
(«Жаса, Қазақстан» әні)





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Жеті керемет" сынып са?аты

Автор: Жантлесова Мадина Хамзаевна

Дата: 31.03.2016

Номер свидетельства: 312748


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства