kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жасыл" технология. ЭКСПО-2017

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Отанымыздың тарихи-мәдени мұрасын жалғастыратын, еліне, жеріне деген мақтаныш пен патриоттық сезімдері бар ұл мен қыз тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жасыл" технология. ЭКСПО-2017»















«Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектеп»КММ

10 «Ә» сыныбының ашық тәрбие сағаты

Сынып жетекшісі: Чакакова Бақыт Турсунмаметовна

Алматы қаласы Түріксіб ауданы



сағат:10-00

Тақырыбы: «Жасыл» технологиялар

ЭКСПО-2017













Чакакова Бақыт Турсунмаметовнаның

«Жасыл» технологиялар. ЭКСПО-2017 тақырыбына

өткізген ашық тәрбие сағатының жоспары.





Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Жасыл»

технологиялар. ЭКСПО-2017

Мақсаты: Отанымыздың тарихи-мәдени мұрасын жалғастыратын, еліне, жеріне деген мақтаныш пен патриоттық сезімдері бар ұл мен қыз тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайдтар«: «Жасыл» технологиялар. ЭКСПО-2017,

интерактивті тақта,ақын-жазушылардың көрме туралы ойлары,оқушылар жасаған көрме «Мәңгілік Ел» аясында.

Хор. «Егемен Ел,Қазақстан» әні оқушылар айтады

Мұғалім сөзі:

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар және ұстаздар! Бүгін өткізгелі отырған «Жасыл» технологиялар. «ЭКСПО -2017» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі ЕҚЫҰ-ның саммиті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды. ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу Қазақстан үшін халықаралық деңгейдегі үлкен қадам ғана емес, бұл шара өзін әлем алдында мойындатудағы үлкен сын болмақ. Мұндай ірі көрме мақтан үшін емес, ел экономикасын, халықтың әлеуетін жоғарылатып, білім мен ғылымды ел игілігіне жарату мақсатында ұйымдастырылатыны тарихтан белгілі. Елімізге «ЭКСПО» деп ағылып келген қонақтардың ең алдымен назарына ілігетіні, көрменің ұйымдастыру жұмыстарының сауатты жүргізілгені. Өйткені, елдерді достастыру, ауызбірлікке шақыру, инфрақұрылымдарды лайықты деңгейде дамыту – жоғары дәрежеде өтетін кез келген іс-шараның мақтанышы.
Осыдан кейін «ЭКСПО» көрмесі­нің заманға сай тақырып таңдауы жұртшылықтың назарын аударары талассыз. Қазақстан әлемдік қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынып отыр. Бүгінде елімізде баламалы көздерден қуат алу мәселесі әлі де болса шешілмегені жасырын емес. Ал, әлем дамудың жаңа, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жолдарын қажетсінеді. Міне, сондықтан да, Қазақстан «Жасыл экономикаға» бет б

- Көрмеде біз не көрсете аламыз?

Қазіргі таңда еліміздің өнертап­қыштары мен ғалымдарының жұмыс­тарын жоғарыда айтып өткеніміздей телеарналар мен әлеуметтік желілер барынша жиі насихаттауға тырысып, үздіктерін таңдауға атсалысуда. Көрменің басты тақырыбына қатысты жұмыс авторларының бірі атыраулық өнертапқыш «ЭКСПО-2017» көрмесіне «Күн ағашын» ұсынуға ниетті екен.
Атырау тұрғыны Ержан Нұриденов Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне «Саманея» инновациялық зерттемесін ұсынбақ. Автор өзі ұсынып отырған «Күн ағашы» жобасы жаяужолдар, тіпті, жақын маңдағы үйлерді жылытып, жарықтандыра алатынына сенімді. Сонымен қатар, құрылғы ауа температурасы мен ылғалдылығын, желдің жылдамдығын өлшейтін тетіктермен жабдықталған. Қалалықтар бұл құрылғы арқылы гаджеттерінің аккумуляторларын зарядтап, Wi-Fi жүйесіне қосыла алады.

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы еліміздің 50-ге жуық турагенттігімен келісімге қол қойды. Бұл туралы халықаралық көрме аясында қазақстандық туризмді дамытудың жай-жапсарын талқылаған жиында айтылды. Демек, туристерді тартып, ішкі туризмді дамытудың сәті туды. Бұл ретте отандық туроператорлар белсенді жұмыс істеуге әзір. Жан-жақтан келген туристердің Қазақстаннан сапалы, ұлттық кәдесыйлар ала кетуі үшін бүгінде еліміздің әр аймақтарында, жер-жерлерде қолөнер шеберлері кәдесыйлар әзірлеумен айналысып жатыр. Оларға жергілікті әкімдіктер жалақы тағайындап, жұмыс істеулеріне жағдай жасап отыр. Солардың бірі – Қарағандыдағы «Достық» үйінде орналасқан шағын орталықтың шеберлері. Олар «ЕХРО-2017» көрмесіне келушілерге арнап кәдесыйлар жасауды қолға алды. 50-ден астам қолөнер шебері теріден, ағаштан, жүннен және басқа да табиғи таза шикізаттардан түрлі бұйымдар дайындауда.

Айтолқын: Әлі есімде, бала кезімізде ата-әжелеріміз: «жарыққа төлеген ақша адал, үйдің самаладай жарық болғанына не жетсін, осы жарықты кім ойлап тапса да, екі дүниенің рахатын көрсін», – деп отыратын. Өйткені, біздің ата-бабаларымыз сығырайған шамның жарығымен іс тігіп, май шамның жарығымен кітап оқып, сауатын ашты. Сондықтан да, олар ғылымның жетістіктерін жоғары бағалайды, қадірін біледі. Заманның көші ілгерілеген сайын білім мен ғылым да бір орнында тұрмайды екен. Бүгінде міне, жарық түгілі, адам жанына қажеттінің бәрі бар. Күні кеше алғаш үй телефондары шыққанда таңғалған жұртшылық ертегідей көрінген сымсыз телефонға да үйренді. Ол аз десеңіз, жаңа туған баладан еңкейген кәріге дейін сенсорлы смартфонның бетін сипап отырады.

1-оқушы ( Диляра ағылшынша): Бірнеше ғасырлық тарихы бар бұл көрме оған мүше елдердің тарихын, дәстүрі мен мәдениетін көрсету үшін, сонымен қатар техникалық және технологиялық жетістіктерді халыққа таныстыру үшін ұйымдастырылады.Бүкіләлемдік көрмелер өткізу әсемдігі мен мерекелігімен, ұйымдастырушылар және қатысушылардың құрған кешендер мен павильондардың өзгешелігімен, экспонаттардың және идеялардың бірегейлігімен ерекшеленіп отырады.

2-оқушы (Б.Динара- орысша ):ЭКСПО көрмелері жалпы саяси және экономикалық мәнділігі, ауқымы бойынша теңдесі жоқ оқиға деп те айтуға болады. Бүкіләлемдік көрмелер көбіне халықаралық экономикалық және ғылыми байланыстардың алға жылжып, кеңеюіне ықпалдасады. Көрмелер түрлі мемлекетте өмір сүретін, алайда бір құндылыққа, мүдде мен мақсатқа біріккен адамдардың араласып, бас қосуының мүмкіндігін туғызады.

3-оқушы (Жандос-қазақша): Қазірдің өзінде бүкіләлемдік 63 көрме өткізілді. Ел ішінде ХКБ-нің өзіне тән мұрасы бар: Лондондағы Хрусталь сарайы; Париждегі Эйфель мұнарасы; Париждегі Александр III көпірі; Венадағы Ротонда – дүниежүзіндегі ең үлкен күмбез астындағы павильон; Мельбурндегі патшалық көрме павильоны.

4-оқушы (Гаухар-орысша): ЭКСПО сөзі «экспонат» деген сөзден шыққан. Оны қазақшаға аударатын болсақ, «жәдігер» деген мағына білдіреді. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, дүние жүзіндегі барлық халықтың әр түрлі саладағы жеткен жетістіктері мен жәдігерлерін ұсынатын алаң. Аталмыш алаңда ЭКСПО-ның таңдалып отырған тақырыбына қарай адамзаттың қол жеткізген жетістіктері баршаның назарына ұсынылады.

5-оқушы (Жанель-қазақша ): Келген адамдар көрмеге тек білім алып, ғылыми сабақ алу үшін емес, жаңа ғажайып заттарды көруге және көңіл көтеруге үлкен ықыласпен келеді. Осылайша XIX ғасырдың соңғы үшінші бөлігінде бүгінгі күнгі аттрациондардың алғашқы нұсқасы пайда бола бастады. ЭКСПО көрмелерінің пайда болып, дамуы қарқынды ғылыми-техникалық прогресс кезеңімен қатар келді. Нәтижесінде әртүрлі жаңа механизмдер,қазіргі адамға қарапайым лайықтандырылған жабдықтар,яғни лифтер, транспортерлер, тігін машинкалары, сондай-ақ телеграф, электр жарығы, тоңазытқыш қондырғылар, роботтар әр көрме болған сайын халыққа ұсынылып отырды.

6-оқушы (Айша-ағылшынша): Сонымен қатар, ЭКСПО көрмелері әлемдік деңгейдегі проблемаларға көңіл аударатын жұмыс және пікірталас алаңы болып келеді. Көрмелерде технологиялық прогресстің өмірмен және тұрақты дамумен бірігуге деген талпынысы екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақытта байқала бастады.

Әр мемлекеттерден суретшілер, дарынды ақындар мен мүсіншілер ЭКСПО көрмелеріне қатысуға шақырылды, мысалы Вагнер, Штраус, Верди көрмелерге арнайы музыкалық шығармалар жазды. Мане 1867 ж Париждағы көрменің суреттерін салды, ал Дали 1939ж Нью-Йоркте сюрреализм павильонын рәсімдеді, Пикассо 1937ж Париждегі Бүкіләлемдік көрмеде XX ғасырдың сиволына айналған «Герниканы» ұсынды. Көрме тек академиялық мәнердегі суретшілер қатысатын қана емес, өз еңбектерін көрсететін батыл авангардистердің галереясына айналды.

7-оқушы (Диас-орысша): ЭКСПО көрмесі – индустриализация , техникалық және технологиялық жетістіктерінің символына айналды. Сондықтан да болар, қабылдаушы қалалар үшін Бүкіләлемдік көрмелер – болашаққа қадам жасаудың тамаша мүмкіндігі. Көрмелер қалалардың өздері және аймақ үшін алып экономикалық әлеует болатын: жаңа технологиялар, құрал-жабдықтар, көлікпен тасымалдау жүйелері және қызмет көрсету,қалақұрылысы және сәулет салаларындағы алдыңғы қатарлы өнертабыстар. Бұлардың барлығы қала тарихында осында өткен Бүкіләлемдік көрме туралы өшпес із қалдырады.

8-оқушы(Шерхан-қазақша): Бүкіләлемдік көрмелер – белгілі бір деңгейде ұлттық формалардағы шоғырланған түрде бейнеленген адамзат дамуының тарихи ретроспективасы деп пайымдауға болады. 1928ж Париж қаласында көрме қызметін реттеу үшін Халықаралық көрме Бюросы (ХКБ) құрылды. Бүгінгі күні ол ең ежелгі және өкілдік халықаралық құрылым (оның құрамында 168 мемлекет бар). Халықаралық көрме Бюросы Әлемдік көрмелердің принциптері мен міндеттерін қадағалайды. Халықаралық серіктестік шеңберінде білім беру саласында, жаңартпа саласында, пікір алмасуға арналған кездесулер мен жалпы адамзаттық мәселелер жөніндегі диалогтың дамуы үшін іс-шаралар өткізіледі.

9-оқушы (Жасмина-ағылшынша): Оның мүшесі болып мүше-мемлекеттердің Үкіметтері болып табылады. ХКБ штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан. Бюроның құрамына Бас Ассамблея, Президент, Атқарушы комитет, Мамандандырылған комитеттер кіреді (Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенцияның 25 бабы). Аталмыш Конвенция,1928 жылдың 22 қарашасы, Париж қаласында қабылданды. ХКБ-ның көрмені өткізу жөніндегі өтінімді қарау мерзімдері мен рәсімдері туралы ережелері мен ХКБ ұйымына қатысушы елдерінің тізімі жөніндегі негізгі құжат болып табылады .

10-оқушы (Лала -қазақша): Қазақстан ХКБ ұйымы қатарына 1997 жылы қабылданды . EXPO көрмелері (экспозициялары ) екі түрде өткізіледі: Бүкіләлемдік әмбебап көрмелері (International Registered Exhibition) жарты жылға созылады және әр бес жыл сайын өтеді, мұнда олардың ауданы мен тақырыбы шектелмейді. Халықаралық мамандырылған көрмелер (International Recognised Exhibition) екі Бүкіләлемдік әмбебап көрме арасында өтеді және үш айға созылады. Мұнда көрме ауданы 25 гектардан аспауы тиіс және тақырыбы міндетті түрде ұйымдастырушылармен белгіленіп алады. Әдетте, тақырыптары нақты саладағы, гуманитарық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерді қоса, ғылыми, технологиялық және экономикалық жетістіктердің көрінісі болады. Мұнда көрме тақырыбы міндетті түрде тек Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ғана емес, басқа да бүкіләлемдік ұйымдармен, соның ішінде БҰҰ-мен келісілуі тиіс . Дүниежүзілік көрменің өту аймағы мен оның тақырыбы саяси, экономикалық, географиялық және мәдени мән-мәтінін ескере отырып, анықталады.

Көрме көрсету.Оқушылардың қол-өнерлерінен

Мұғалім сөзі: Бүкіләлемдік көрмелерде көрсетілген ең танымал деген 10 жаңалықты есімізге түсірейік:

11-оқушы (Арайлым-қазақша): Телефон аппараты. Тұңғыш телефон аппараты 1876 жылы Филадельфиядағы Бүкіләлемдік көрмені таңқалдырған дүниеге айналды. Өнертапқыш Александр Белл «сөйлейтін телеграф» қалай жұмыс жасайтынын көрсетті. Өнертапқыштың басқа бөлмеде тұрып Дат ханзадасының «Болу, я болмау» деген монологын оқығанын телефон тұтқасынан естіген кезде, көрме қазылар алқасының таңданысында шек болмады. Жүз жылдан астам уақыт ішінде, әрине, телефонның сыртқы түрі қатты өзгеріске ұшырады, алайда оның қызмет ету қағидасы бәз-баяғынша қалды;

12-оқушы(Зарина-орысша): Фонограф. 1878 жылы Париждегі Бүкіләлемдік көрме кезінде фонографты (дыбысты жазуға және жаңғыртуға арналған құрылғы) таныстырғаннан кейін, оны ойлап тапқан Томас Эдисон үлкен танымалдыққа ие болды. Көптеген көрерменге фонографтың адам дауысын қайталауы таңғажайып сиқырдай көрінді, сөйтіп Эдисонға «Менло Парктың сиқыршысы» (Нью-Джерсидегі зертханасы солай аталатын) деген ат тағылды. Кейінірек фонограф идеясы граммофон, патефон және тіпті магнитофонда қолданыс тапты;

13-оқушы (Ақерке-ағылшынша): Айналаны шолу дөңгелегі.Тұңғыш айналаны шолу дөңгелегі 1893 жылы Чикагода өткен Бүкіләлемдік көрмеде таныстырылды. Атағы жер жарған аттракционды Кіші Джордж Вашингтон Гейл Феррис жобалап шыққан. Дөңгелектің биіктігі 80 метрден асатын, ал оның салмағы 2 мың тоннаға дейін жететін. Американдықтар оны осының алдында Парижде өткен Бүкіләлемдік көрмеге орай салынған Эйфель мұнарасына жауап ретінде ойлап тапты. Ағылшын тілінде айналаны шолу дөңгелегі осы күнге шейін ferris wheel, яғни «Феррис дөңгелегі» деген атпен аталып келеді;

14-оқушы(Перизат-ағылшынша): Сыдырма ілгек. Алғашқы сыдырма ілгек аяқ киімге арналған болатын. Оны 1893 жылы Чикагодағы Бүкіләлемдік көрмеде Уитком Лео Джадсон көрсетті. Ілгектің түрі қазіргі нұсқасына қарағанда өзгеше болатын: оның бір қапталында ілгек, екінші жағында «кілт-тілшік» көмегімен ілінетін ілмек қатары болатын. Джадсонның өнертабысы аяқ киімді түймелеуді айтарлықтай тездететін, сондықтан ол осындай атауға ие болды. Алғашқыда жаңа өнертабыс бірден көпшіліктің көңілінен шыға қойған жоқ, өйткені оны пайдалану үшін екі бетті алатын нұсқаулықты оқу керек болатын. Тек 20 жылдан кейін ғана сыдырма ілгек үлкен танымалдыққа ие болды;

15-оқушы(Медина-қазақша):Рентген аппараты. Жұртшылыққа рентген сәулелерінің қасиеттері 1901 жылы Буффалодағы Бүкіләлемдік көрмеде таныстырылды. Бұл өнертабыс АҚШ президенті Уильям Мак-Кинлидің өмірін сақтап қалар ма еді. Көрме кезінде ол ауыр жарақат алды, себебі президентке оқ атылды. Дәрігерлер оның денесінен оқты табу үшін рентгенді пайдалануына болар еді, алайда олар бұдан бас тартты. 8 күннен кейін Мак-Кинли көз жұмды. Бірақ кейінірек рентген аппараты медицинада кең қолданысқа ие болды;

16-оқушы (Мәди-орысша): Балмұздаққа арналған вафлядан жасалған стақан. Балмұздаққа арналған жеуге болатын стақан 1904 жылы Сент-Луистегі Бүкіләлемдік көрме кезінде таныстырылды. Бұған дейін балмұздақты тек қағаздан жасалған стақанда сататын. Вафлядан жасалған қауыз бен балмұздақты бірге үйлестіру көрмеге келушілердің көңілінен шыққаны соншалықты,балмұздақтар дереу сатылып кетті. Алғашқыда вафлялық стақандар қолдан жасалынатын, тек 1921 жылы ғана балмұздақ қауызын жасауға арналған машина пайда болды;

17-оқушы (Камила-ағылшынша): Нейлон.Кез келген матаны берік әрі созылғыш ететін жаңа синтетикалық материал – нейлонның таныстырылымы 1939 жылы Нью-Йорктегі Бүкіләлемдік көрмеде өтті. Жаңалықты "Дюпон" химиялық компаниясы таныстырды. Көрмеде өте күшті жарнама өткізілді: нейлоннан жасалынған шұлықтар төңкеріс жасаған киім ретінде танылды. Бұл өнертабыс әйелдер жағынан тез өз бағасын тапты – нейлоннан жасалған бұйымдардың сатылымы күннен күнге дейін артты. Қазіргі күні нейлон киім өндірісінде ғана емес, сонымен бірге, төлке, пленка және жұқа жабындарды дайындауда қолданылады;

18-оқушы(Арнұр-орысша): Телехабар тарату. 1939 жылы Нью-Йорктегі Бүкіләлемдік көрменің көрермендерін тікелей эфирде телехабар тарату қатты таңдандырды – ол кездің өзінде телевизор әлі таңсық дүние болатын. Көрме өтіп жатқан уақытта АҚШ президенті Франклин Рузвельттің ЭКСПО-ны ашып жатқанын тікелей эфирде көрсетті. Көрмеге келушілерді теледидардың техникалық ерекшеліктері айрықша әсерде қалдырды. Тіпті көбісі трансляцияны иллюзионистің фокусы деп те ойлады. Ал бүгінгі күні тікелей эфирде хабар тарату үйреншікті іске айналған;

19-оқушы (Маржан-қазақша): Ұялы телефон.Тұңғыш ұялы телефонның алғашқы нұсқасы және ұялы байланыс технологиясы 1970 жылы Жапонияның Осака қаласындағы Бүкіләлемдік көрмеде таныстырылды. Бұл нағыз төңкеріс болатын: бұған дейін қолданыста болған телефондардың барлығы розетка қосылмаса жұмыс жасамайтын. Алғашқы ұялы телефондар Осакадағы таныстырылымнан кейін бірнеше жылда кейін-ақ қолданыста пайда болды. Қазіргі ұялы телефондармен салыстырғанда олардың пішіні үлкен және ыңғайсыз болатын, оларды қалтаға салып жүру мүмкін емес-тін;

20- оқушы(М.Динара-орысша) : Сенсорлық экран. Саусақтың басқанын сезетін экран алғашқы рет жұртшылыққа 1982 жылы Ноксвилдегі Бүкіләлемдік көрмеде таныстырылды. Көрмеге келген әрбір адам сенсорлық экранды жеке өзі пайдаланып, байқап көре алды. 30 жылдан кейін бұл өнертабыс өте танымал бола бастады. Бүгінгі күні сенсорлық экрандар төлем терминалдары, ақпараттық дүңгіршектерде, қалта компьютерлерінде және ұялы телефондарда қолданылады.

1-жүргізуші: ЭКСПО-да тұңғыш рет таныстырылған ең танымал деген өнертабыстардың тарихы туралы айтылып, мыңдаған өнертабыстар таныстырылған болатын. Әртүрлі Бүкіләлемдік көрмелерде жұртшылыққа жоғарыда аталғандарға қоса, Singer тігін машинасы, дизель моторы, электр розеткасы, Попов радиосы, Люмьер ағайындыларының киноқондырғысы, Ладыгиннің қыздыру шамы, алғашқы сериялық телевизор, IMAX жүйесі және тіпті IBM компьютерлері таныстырылған. Өзімізге үйреншікті болып кеткен осы заттардың барлығы әлемнің мойындауына жетіп, Бүкіләлемдік көрмедегі көрсетілімінен кейін коммерциялық қолданысқа түсті.

2-жүргізуші: Кейде Дүниежүзілік көрмемен бірге салтанатты күндер атап өтіледі. Көрмелер, өз тарапынан, өткен уақыттың, қазіргі уақыт пен болашақты байланыстырушы бөлік ретінде болады. Мысалы, Француз революциясының бір ғасырлығы Парижде 1889жылы , Филадельфияда 1876жылы АҚШ тәуелсіздігінің жүз жылдығы атап өтілді.

1-жүргізуші: Дүниежүзілік көрме тарихы 1851 жылы Лондонда болған «барлық ұлттың әлемдік өнеркәсіптік жұмыс көрмесінен» басталып, қазіргі күнге дейін өтіп келеді. 1851 жылы БІР ҒИМАРАТТА бар эскпонатар кіретін Лондонның орталығында алғашқы рет өткізілген болатын. Арнайы Хрусталь сарайы салынып, сол уақытта жаңалық ретінде көрініс тапты.Уақыт өте келе бүкіләлемдік көрмені бір ғимаратта өткізу концепциясы ескіріп, көрме алаңдары, яғни көрменің алаңын құрудың жаңа нысаны 1855 жылы басталды. Нәтижесінде халықаралық көрменің қалашықтары пайда бола бастады. Ең алғашқы аталмыш қалашық 1893 жылғы Чикагодағы “Ақ қала” болып табылады.

2-жүргізуші: Қазіргі таңда ЭКСПО көрмелері әлемдік дегейдегі театр сахнасы іспетті түрлі тарихи, мәдени оқиғалар орын алатын бір спектакль ретінде десек болады. Келген көрермендерге Бүкіәлемдік көрмелердің мұралары мен тарихы көрсетіледі. Көрермендер жаңаша көңіл көтеру объектлерінің шығуына байланысты мерекелік ерекшеліктерге бай ауа шарын, дирижабльмен саяхат және кинематографиядағы жаңа қадамдарға куә бола алады.

1-жүргізуші: Бүкіләлемдік көрмелер – өзінің масштабы, заманауилығы мен көрермендер ағымына байланысты да ерекшеленеді. Қазіргі таңда ХКБ – ға 168 мемлекет мүше , әр қайсысы ЭКСПО-ны қабылдап, отанында өткізуге атсалысады. Алдағы уақыттағы ЭКСПО көрмесін өткізу құқығына ие болған мемлекеттерге тоқталсақ, Бүкіләлемдік әмбебап көрме 2015 жыл Милан – «Планетаны тамақтандыру, өмірге арналған энергия»; Халықаралық мамандандырылған көрме 2017 жыл Астана – «Болашақ энергиясы».

2-жүргізуші: Айчидегі Бүкіләлемдік Көрме 2005

2005 жылдың 25 наурызынан 25 қыркүйекке дейін «Табиғат даналығы» тақырыбында кезекті бүкіләлемдік көрме Жапонияда өткен болатын.

1-жүргізуші: Сарагосадағы Бүкіләлемдік Көрме 2008

2008 жылдың 14 маусынан 14 қыркүйекке дейін Испанияның маңызды қалаларының бірі Сарагоса кезекті бүкіләлемдік көрмені қабылдады, оның тақырыбы «Су және тұрақты даму» болып таңдалған еді.

Сарагосадағы 2008 жылғы EXPO-да, 104 қатысушы елдер арасында Қазақтанның «С» санатындағы павильоны қола марапатты иемденді, ол рәсімдеудің ішкі және сыртқы критерийлеріне сәйкес бағаланды. Дәл осы Сарогосадағы көрмеге Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, ЭКСПО көрмесін елордамызда өткізу жөнінде айты.

2-жүргізуші: Шанхайдағы Бүкіләлемдік Көрме 2010

2010 жылы 11 мамырдан 31 қарашаға дейін, яғни 184 күн бойы Қытай Халық Республикасында Бүкіләлемдік көрме өткен болатын. «Жақсы қала – жақсы өмір» атты тақырыбында өткізілді. Көрменің жұмысына 198 ел мен 27 халықаралық ұйымдар қатысқан болатын, ал көрмені тамашалауға 70 млн. жуық адам келген.

Қазақстан павильоны «Азия» аймағында Жапония мен Оңтүстік Кореямен көршілес болған. Ондағы Қазақстан павильонының негізгі көздегені – Астананы әлемдегі ең жас сонымен қатар жақсы дамып келе жатқан елорда ретінде халықаралық деңгейде таныстыру. 1 млн.жуық адам келген павильон салынды, «Астана – Еуразия жүрегі» - Қазақстан ұлттық экспозициясының тақырыбы болды.

1-жүргізуші: Ёсудегі Бүкіләлемдік Көрме 2012

2012 жылғы 12 мамырдан 12 тамызға дейінгі кезеңде кезекті халықарарлық мамандардырылған көрме «Жанды мұхит және жағалау» тақырыбында Оңтүстік Кореяның Ёсу қаласы өтті . Қазақстан төрт рет ЭКСПО Бүкіләлемдік әмбебап көрмесінде өз павильонын орнатты. Оны мәдениет пен ғылымдағы, бизнес пен туризмдегі ұстаным мен инновацияларға бейімдеп құрған еді. Қазақстанның павльоны алты аймақтан құралды, онда көрермендер интерактивті шоу-бағдарламалады тамашалап, өздері де қатысты. Мемлекетіміз сол уақытта «Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша ЭКСПО-2017 қабылдауға үміткер болғандықтан, елордамызға ерекше көңіл бөлді.

2-жүргізуші: 2011 жылдың 10 маусымда Париж қаласындағы Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске ресми түрде Қазақстанның өтінімі тапсырылған болатын. Осы кезден бастап Қазақстан Республикасы Астана қаласында экспо — 2017 көрмесін өткізу құқығы үшін сайлау кезі науқанына ресми түрде кіріскен болатын.

1-жүргізуші: Экспо — 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астана қаласында өткізу туралы – Қазақстан Республикасының басты ірі жобаларының бірі болып тұр. Осындай көлемді шараны Қазақстанның астанасы Астана қаласында ұжымдасқан туралы бастама Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.

2-жүргізуші: Экспо-2017 10 маусымда басталып, 10 қыркүйекте аяқталады. ... Жалпы, халықаралық көрмені ұйымдастыру үшін мол қаражат емес, үлкен ... Көрмеде болашақтың қаласын қалыптастыру туралы сөз болды, қылмысты азайту және қоршаған ортаның ластануын шектеудің шешімі айтылды.

Бүгінгі күні жасыл технология өміріміздің барлық саласына дендеп ене бастады. Әлем ақырын-ақырын осыған көшіп те жатыр.

Слайд «Болашақтың энергиясы- ЭКСПО 2017»






.

Елімізде EXPO көрмесіне дайындық жұмыстары бас­талып кетті. 2017 жылға белгіленген халықаралық көрмені ұйымдастыру үшін арнайы ұлттық компания да құрылды.

Елбасы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өткізілетін Қа­зақс­танның елордасы таза, энергия тұтыну жағынан ти­імді, «жасыл» қалаға айналуы керектігін атап өтті.

Жалпы 2017 жылы халықаралық «ЭКСПО» көр­ме­сін өткізетін орын ретінде Астананың таңдалуы – елімізге үлкен абырой әкелді. Қазақ елінің тәу­ел­­сіз­­дік­ жыл­да­рын­да­ғы­ ең үлкен жетістігі ретінде ба­­ға­­ла­нып­ отыр.



1-ж «ЭКСПО– 2017» көрмесінің елі­міз­ге әкелетін пай­да­сы­ да қомақты болмақ. Бұл ту­­ра­­лы­­ Мемлекет бас­шы­сы­ өз сөзінде: «Біріншіден, әлем­­нің­ осыншама елі­н­ің­ Қазақстанды «ең лайықты» деп­­ тануының өзі өте­ маңызды.

2-ж.Екіншіден, 100-ден ас­­там­­ ел Астанада өз па­в­и­ль­он­да­рын­ салу үшін келеді.

1-жүр.Үшін­­ші­ден, «ЭКСПО – 2017»­ көрмесіне біз ұсынған «Бо­ла­­шақтың энергиясы» ұра­ны­ негізінде елордамызға жа­һан­дағы мемлекеттер өз­де­р­і­нің­ жаңа технологияла­рын­­ жеткізеді.

2-жүр. Іс жүзінде ІІІ индустриялық революция «жасыл экономикадан» басталмақ. Бұл ретте қай елде­­ «жасыл экономика» болса,­ соның қолында жаңа тех­но­­ло­гия­лар бар. Ал жаңа­­­ технологияларсыз енді да­му­ жоқ.­ Яғни «ЭКСПО – 2017» Қазақстан үшін эко­н­о­ми­­ка­­лық­­ дамудың тү­бе­гей­лі жаңа бетін ашудағы бет­бұ­рыс бе­кетіне айналмақ».

1-жүр.Қазақ елі 2017 жылы өтетін көрменің тақырыбын энер­гияның баламалы көздері мен «жасыл» экономика­ ­мә­се­лелеріне арнап отыр. Бұл жоба таза экологиялық тех­­но­ло­гияға және жаңғыртылған энергетикаға не­гіз­де­­ле­ді.­ Индустриялық-инновациялық дамуды жедел­де­­­ту­­­ жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, елі­­­­­міз­­­­­ 2015-2020 жылдар аралығында ЖІӨ энергия шы­­­­ғ­ы­­­­нын­­­­ ти­ісін­ше­ 25 пайыздан 10 пайызға азайтуды көз­­­­деп­­­­ отыр.­ Осыған орай, «жасыл технологияға» не­­­г­із­­­­дел­­ген,­­ жарықты барынша үнемдейтін диодты энер­­­­гия­­лық­­ қуат көздері мен құрылыс материалдарын шы­­­­ға­­­­ра­­тын өндірістерді дамытуға күш сала бас­та­ды.­­ Мы­­­са­­лы,­ жа­қ­ын­да­ ашылған күн батареяларын өн­ді­ретін зау­ыт­ та­ – осы­ жобаның жүзеге асырыла бас­тауының нақты айғағы.

2-жүрҚазіргі таңда әлем елдерінде энергия көзінің тап­шы­лы­ғы байқалуда. Сондықтан дүниежүзі энергияны­ күн,­ жел сияқты табиғи көздерден алуға кө­ше­ бастады. Елбасы атап өткендей, болашақта бү­кіл­ әлем «жасыл» технологиямен алға жылжитын бо­ла­­ды.­ Сондықтан күллі әлемнің ғылымы мен техни­ка­ са­ла­сын­да­ғы­ ең үздік жетістіктері сараланатын көрме­ Астанаға ға­на­ емес, еліміздің өзге өңірлеріне де­ ай­тар­лық­тай­ пай­да әкеледі деуге негіз бар. Қа­зақ­ елі таң­даған­ «Болашақтың энергиясы» әлемдік эко­но­ми­ка­­лық­ да­му­дың басты кілтіне айналмақ.


1-жүр., мұндай халықаралық деңгейдегі үлкен ша­ра­ны­ тиісті деңгейде алып шығу – оңай емес. Ха­л­ық­ара­лық­ көрмелер бюросының талаптары да жоғары. Мы­са­­лы,­ көрме өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қа­ласы әлемнің 100 мемлекетінен 5 миллионға жуық адамды қабылдауға қауқарлы болуы керек. Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017» көрмесінің ин­новациялық экономиканы дамытудың аса маңызды катализаторына айналуы қажеттігін атап көрсетті. «Біз Астананы таза, энергияны тұтыну жағынан тиімді, «жасыл» қалаға айналдыруға тиіспіз. Елордамыз өзге өңі­р­лерге үлгі болуға тиіс.


Мұғалім сөзі:

Қорытынды:

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, жалпы алғанда дайындығымыз жаман емес. Енді тек 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтетін «ЭКСПО» көрмесі елімізге абырой бергей деп тілей отыра,

«Көк тудың желбірегені» әнімен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

























                             












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Жасыл" технология. ЭКСПО-2017

Автор: Чакакова Бакыт Турсунмаметовна

Дата: 06.12.2016

Номер свидетельства: 366395

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) ""Біздің еліміздегі ғажайып көрме""
    ["seo_title"] => string(37) "bizdin_ielimizdieghi_g_azhaiyp_kormie"
    ["file_id"] => string(6) "420301"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1496508997"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Microsoft Word суреттер кірістіру, жазуларды пішімдеу "
    ["seo_title"] => string(57) "microsoft-word-suriettier-kiristiru-zhazulardy-pishimdieu"
    ["file_id"] => string(6) "211005"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431528755"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Өскелең ұрпақ –мемлекет болашағы!"
    ["seo_title"] => string(32) "oskelen_urpak_memleket_bolashagy"
    ["file_id"] => string(6) "480509"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1539404064"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства