kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жапсыру саба?ы: "?арша ?ыз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

А?ыл-есі кем балалар?а арнал?ан интернат ?йінде ?тілген ашы? саба?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жапсыру саба?ы: "?арша ?ыз"»

Ашық сабақ: Жапсыру сабағы.

Тақырыбы: «Қарша қыз».

Өткізілген күні: 28.01.2016ж.

Сабақ уақыты: 35 минут.

Сабаққа қатысатын балалар:

Волоскова Кристина (4-ші деңгей)

Мукажадинова Асем (2-ші деңгей)

Калинин Виктор (2-ші деңгей)

Шакен Жамбыл (2-ші деңгей)

Мақсаты: Балалрдың саусақ моторикасын жетілдіру, бейнелерді қағаз бетіне дұрыс орналастыра білу, сөздік қорларын дамыту.

Қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту.

Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, ертегі айту, ойын, сұрақ- жауап.

Көрнекіліктері: ертегі кейіпкерлерінің атрибуттары, суреттер, қағаз түрлері, мата , ойыншықтар.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

Келген қонақтармен сәлемдесу. Сәлеметсіздер ме апйлар мен ағайлар!

Қош келдіңіздер!

Тәрбиеші: Балалар менің қолымда қандай затты көріп тұрсыңдар? (Балалардың жауабы)

Тәрбиеші:Бұл жай доп емес, бұл сиқырлы доп. Осы сиқырлы доп арқылы бір-бірімізге жылы лебізімізді, тілегімізді білдірейік.

Тәрбиеші: Деніміз сау болсын!

Кристина: Аспанымыз ашық болсын!

Виктор: Ауырмайық!

Асем: Адамдар мейіріміді болсын!

Жамбыл: Ақылды бодайық!

Тәрбиеші: Айтқан тілектерің қабыл болсын!

Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде неше ай бар?

Балалар: Қыс мезгілі. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Тәрбиеші: Қыс мезгілі екенін қайдан білдіңдер?

Балалар: Далада күн суытады, аяз болады, қар жауады.

Тәрбиеші: Қане, кім қыс мезгілі туралы тақпақ біледі?

Кристина: Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады, қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

Тәрбиеші: Жарайсың , Кристина! Енді мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Жұмбақ: Мамықтай ұлпа,

Қанттай аппақ,

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады. (қар)

Тәрбиеші: Мына тақтада тұрған суреттер бойынша әңгімелейміз (қыс туралы әңгіме жүргізу).

Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз жапссыру сабағын өтеміз. Сабақтың тақырыбы: Қарша қыз. Сабақты бастамас бұрын мен сендерге Қарша қыз туралы ертегі айтып беремін.

Ертеде шал мен кемпір болыпты, олардың балалары болмапты. Олар күндіз түні қызымыз болса екен деп армандапты. Бір күні терезенің алдында далаға қарап отырса, далада қар жауып тұр екен. Олар осы қардан қыз жасап алсақ қалай болар екен – деп, қардан мүсін жасапты. Әбден шаршап, қолдары тоңғаннан соң, үйге кіріп дем алыпты. Таңертең тұрып терезеге қараса, мүсінге жан бітіпті. Кемпір мен шал қуанып, оған «Қарша қыз» деп ат қойыпты. Ол әдемі, ақылды, мейірімді қыз болыпты.

  • Міне, балалар ертегі сендерге ұнады ма? Қарша қыз қалай пайда болыпты?

Балалар, сендер шаршаған боларсыңдар. Қане, сергіту жаттығуын жасайықшы.

Сергіту сәті: Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан,

Қар лақтырып ойнасақ,

Су болады қолғаптар.

Тәрбиеші: Енді балалар жапсыру сабағын бастаймыз. Тақтада ілулі тұрған Қарша қыздың суретімен таныстыру. Оған киімдерді жапсыру жолдарын көрсету, түсіндіру. Әр баламен жеке жұмыстар.

(осы кезде Қарша қыз кіреді)

Қарша қыз: Сәлеметсіңдер ме? Мен сендерге алыстан келдім. Сендер мен туралы сабақ өтіп жатқандарыңды білдім. Соны көрейін деп келдім.

Тәрбиеші: Иә, Қарша қыз, біздің балалар саған арнап қысқы киімдерді жапсырды. Міне балалар өз жұмыстарыңды көрсетеміз.

Қарша қыз: Қандай тамаша! Сендердің жапсырған суреттерің маған ұнады. Менің сендерге арнаған сыйлығым бар. Ол үшін мен сендермен ойын ойнап жіберейін. Қ.О. «Қатырмақ» (ойын ойналады).

Қарша қыз: Жарайсыңдар, балалар сендер өте жақсы балалар екенсіңдер. Мен сендерге алып келген сыйлығымды берейін.

Тәрбиеші: Рахмет саған, Қарша қыз! Ал, балалар біз Қарша қызға рахмет айтып қоштасайық (Қарша қыз кетеді).

Тәрбиеші: Балалар біз бүгін кім туралы ертегіні тыңдадық? Қарша қыз неден жасалған? Т.б.

Сабақты қорытындылау, пысықтау, балаларды мадақтау, бағалау.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Жапсыру саба?ы: "?арша ?ыз"

Автор: Тастанбекова Гульжахан Рахметтулаевна

Дата: 15.06.2016

Номер свидетельства: 334668


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства