Просмотр содержимого документа
«Жаңаша оқыту-заман талабы»
Шымкент қаласы
В.Терешкова №93 жалпы орта мектебі
Физика пәні мұғалімі
Молдабекова Акбопе Оразбековна
Жаңаша оқыту заман талабы.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі педагог
мамандығының беделін көтеру . Ұлы ғұлама ғалым Әл - Фараби
« Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді» дегендей –ұстаз мамандығын таңдаған адам қазір партада отырған оқушылар біздің болашағымыз екенін ұмытпауы керек. Оларды тәрбиелеу білім беру үдерісінде үнемі ізденіс жолында болуды талап етеді. Ұстаздардың біліктілігін арттыру мақсатында Деңгейлік курстарда оқытылуда. Себебі бүгінгі таңда оқыту үдерісі жаңа әдіс- тәсілдерді, жаңаша идеяларды талап етуде.Сабақты түрлендіре ету оқушы біріншіден қызығушылығын арттырса, өтілген тақырыпты өмірмен байланыстыратын сұрақтар қою арқылы оқушыларды сыни ойлануға пікірлесуге, талдауға жетелейміз .Бұдан шығатын нәтиже болашақта алған білімдерін өмірде пайдалана алатын тұлға тәрбиелеп шығамыз.
Сабақтың мақсаты: Үйкеліс күшінің күнделікті өмірдегі маңыздылығын білу.Техникада үйкеліс әрекетін қай жерде пайдаланатындығы жайлы мағлұмат алу.Есеп шығарып формула түрлендіру.
Күтілетін нәтиже: : Үйкеліс күшінің күнделікті өмірдегі маңыздылығын біледі.Техникада үйкеліс әрекетін қай жерде пайдаланатындығы жайлы мағлұмат алады.Есеп шығарып формуланы түрлендіреді.
Кіріктірілген модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, ОүБ және ОБ, Оқуды басқару және көшбасшылық, Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Негізгі дерек көздер: Қырқылған қағаз қиындылары, карта, атлас, кескін карта, А4 қағазы, үлестірмелі қағаз қиындылары, стикерлер, маркер, флипчарт.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Блум таксономиясы, психологиялық дайындық, «Ассоциациялар қатары» , «Жол жетпеген жерге ой жетеді», «Кім біледі», Ойланайық әдісі, кері байланыс.
Сабақтың кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
Өзін-өзі реттеу
Топқа бөлу
Сыныппен амандасу, оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, түгелдеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда
Сәлемдеседі. Оқушыларда психологиялық дайындық орын алады. Ынтымақтастық атмосфера қалыптасады. . Зейіндері сабаққа ауады.
Үй тапсырмасын сұрау
Білу.
Бүкіл әлемдік тартылыс дегеніміз не?
Қандай күш ауырлық күші деп аталады?
Денеге әрекет ететін ауырлық күші мен оның массасының арасындағы қатынасы қандай?
Берілген сұрақтарға жауап береді.
Жаңа сабақ
Түсіну.
«Ассоциациялар қатары» Тақтаға жазылған тақырып бойынша әр оқушы білгенін жазады.
Нәтижесінде сол тақырыптың структуралық сызбасы сызылады.
Оқушылар тақырып бойынша ассоциациялар жазады. Орындарынан тұрып оқыды.
Оқушылар берген тапсырма бойынша біргелесіп жұппен жұмыс жасайды. Топта әр оқушының пікірі құнды деген топтық ережені естеріне түсіреді.
Талқылайды, сипаттайды топтан бір оқушы шығып қорғайды, біртіндеп талдап береді.
Сергіту сәті
Тропикалық жаңбыр.Ортада мұғалім басқарады. Бірінші – қолын қолына үйкейді, екінші саусақтарын щытырлатады, үшінші сандарын соғады, төртінші аяқтарын соққылайды т.с.с
Оқушылардың барлығы жаттығу жасайды, серігіп қалады.
Сабақты бекіту
Талдау.
Бүгінгі сабаққа қорытындылауда «Ойланайық»
Есеп шығару. № 18 жаттығу.
Тақтаға есеп талдайды шығарады. Дәптерлеріне жазып . .
Жинақтау.
Үйкеліс күшін техникада қай жерлерде
пайдаланады.
Үйкеліс күші тақырыбына және формуласына кластер құру.
Оқушылар бүгінгі өтілген тақырып бойынша кластер құрады.
Тақта ортасына шеңбер сызылып үйкеліс күші деп жазылады.Оның жан-жағына жазылып шеңберленеді.
Бағалау.
Үйге тапсырма
Үйкеліс күшінсіз өмірді елестетуге бола ма?
Топтық жұмыс постер қорғау.
Кері байланыс
Стикерге бүгінгі өтілген сабаққа кері байланыс жаздыру.
Оқушылар төмендегі кестедегі сұраққа кері байланыс жазады.
Сабақ ұнады ма, несімен
ұнады?
Қай орталықта қиын болды?
Ең қызықты орталық қандай
болды?
Түсінбеген жерлерің қай
тұстаболды?
Сабақтың қорытындылау: Бағалау критерийлеріне сүйене отырып оқушылар бағаланады.