kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жа?а жылды? сыйлы?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалар Аяз ата бізге келем дегенше к?п к?н бар, базар аралап сыйлы?тар алып ж?р екен бізге мына бір кішкене ?алтасын беріп жіберіпті. Ішінде сыйлы?тар бар, ?йымдастырыл?ан о?у іс ?рекетіне жа?сы ?атыс?ан балалар?а таратып берем.
- Сыйлы? ал?ылары? келеме?
Олай болса ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетіне жа?сы ?атысы?дар.
С?ра??а жауап берейік.

?ысты?, ?р ?йді? ауласыны? с?нін келтіретін, ?ардан жасалатын не н?рсе бар?
А??ала ?ардан домаланып жасалады. Негізгі ?ш б?лігін біріні? ?стіне бірін ?ояды. К?зін тастан, м?рнын с?бізден, ?олына сыпыр?ыш ілгегін тастан, аузын а?аштан басына шелек кигізу ар?ылы жасайды. Балалар шаршады? па, шаршаса? ?олымыз?а сергіту с?тін жасайы?.


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жа?а жылды? сыйлы?»

Технологиялық карта №

Айы______________ аптасы__________________ күні________________________

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: «Жаңа жылдық сыйлық»

Мақсаты:

Білімділігі: қайшымен жұмыс істеу дағдыларын арттыру, домалақ және сопақ пішіндерді қағаздан қиып үйрену; бөліктерді ретімен дұрыс желімдеуге дағдыландыру; балаларды қайшымен ұқыпты жұмыс жасауға үйрету.

Дамытушылығы: Балалардың табиғат әлеміне деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық іскерліктерін дамыту, сұраққа жауап беруін эмоционалды сөйлеуін қолдау.

Тәрбиелігі: Ұжымдық жұмыс кезінде бір-біріне кедергі жасамауға, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,көрсету

Қос тілдік компонент: күз-осень,көкөніс-овощи,жемістер-фрукты

Көрнекіліктер мен құралдар:

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырам, шешуін табайықшы.

Тікен – тікен тік пісті, Қысы – жазы бір түсті. Ол не?

-Дұрыс айтасыңдар, шырша қандай өсімдікке жатады?

-Шыршаны біз қай уақытта қолданамыз?

Арайлы таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Жарқырайды қаламыз

Қайырлы күн достарым!

-Шырша.


Іздену-құрастыру


Балалар Аяз ата бізге келем дегенше көп күн бар, базар аралап сыйлықтар алып жүр екен бізге мына бір кішкене қалтасын беріп жіберіпті. Ішінде сыйлықтар бар, ұйымдастырылған оқу іс әрекетіне жақсы қатысқан балаларға таратып берем.
- Сыйлық алғыларың келеме?
Олай болса ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне жақсы қатысыңдар.
Сұраққа жауап берейік.

Қыстың, әр үйдің ауласының сәнін келтіретін, қардан жасалатын не нәрсе бар?
Аққала қардан домаланып жасалады. Негізгі үш бөлігін бірінің үстіне бірін қояды. Көзін тастан, мұрнын сәбізден, қолына сыпырғыш ілгегін тастан, аузын ағаштан басына шелек кигізу арқылы жасайды. Балалар шаршадық па, шаршасақ қолымызға сергіту сәтін жасайық.

Ал енді аққаланы жапсырайық.
Аққаланы барлығымыз жапсырып болдық па?
Олай болса аққала туралы қандай өлең білетін едік айтып жіберейік

1. қыс
2. жаңа жыл
3. Аяз ата
4. сыйлық

- аққала
Сергіту сәті.
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.




Керекті заттармен танысады.






аққала













Балалар қызығушылық білдіреді, ішінде не бар екенін білгісі келеді.Аққаланы жапсырады.
Аула сырты, бақта да
Тұрғызамыз аққала
Аққаланы айналып,
Ойнаймыз біз шаттанып.
Аққала, аққала
Сені жасап мақтана.
Қорғауменен жүреміз,
Бұздырмастан басқаға.

Рефлексивті- түзетушілік

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма

Аяз атаның сыйлығын бағалау ретінде таратып беріледі.

Қоштасу шеңбері

- Иә

Орнымыздан тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.

Балалар бір-бірінің жасаған жұмыстарын қарап, өз жетістіктеріне қуанып, кемшіліктерін түзетуге тырысады.



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек


қыс мезгілі туралы, аққала туралы білді.

Қандай түсініктерді игерді:


аққаланың қардан жасалатындығын, мұрнының сәбізден аузының ағаштан, көзінің, ілгегінің тастан жасалатындығын, қолына сыпырғыш ұстатып қоятындығын, басына шелек кигізетіндігін меңгерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктерін қолдана алады

Берілген тапсырманы ұқыпты, тиянақты орындауға дағдыланды.




Картаны толтырған тәрбиеші: Темиртасова Б





Айы______________ аптасы__________________ күні________________________

Білім беру саласы: Вариативтік компанент

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қол еңбегі

Тақырыбы: «Көңілді шеберхана»

Мақсаты:

Қажетсіз заттардан ойыншықтар жасауды үйрету. Баланың ой-қиялын дамыту шығармашылықпен әркет етуге баулу,бастаған жұмыстарын аяғына дейін жеткізе білуге дағдыландыру.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,,әңгімелесу

Көрнекіліктер мен құралдар: қайшы,жіп,бояу, әр түрлі қағаздан жасалған пакеттер, пластмаса қасық,қағаз

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Тәрбиеші өлең жолдарын оқиды.

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау –басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау –менің оң қолым,

Мынау-менің сол қолым.

Барлық істі атқарған.

Қайырлы таң, балалар!

Сендерді көргеніме қуанамын.




Іздену-құрастыру

тәрбиеші балаларды түрлі-түсті қағаздармен таныстыра отырып,қажеттсіз заттардан қуыршақтар жасайды.

«Пакеттен жасалған қуыршақ»

Қағаз пакетке қуыршақтың бет әлпетін салғызады. Қағазды ойып,мұрынын жасап,ойылған жерге сұқ саусақтарын өткізіп, үлкен және ортаңғы саусақтарын қол болады.

«қағаз тарелкеден қуыршақ жасау»

Қағаз тарелкаға қуыршақтың бет-әлпетін салып, келесі бетіне жапсырғышпен таяқшаны жапсыру.

Шұлықтан жасалған қуыршақ»

Шұлықты шүберекпен немесе мақтамен толтыру, ішіне сызғышты тігінен қойып,резинкамен немесе жіппен байлап бекіту.

Көз орнына түйме қадау

Қағаздан мұрынын,құлағын жасау.





Керекті заттармен танысады.










Балалар өз беттерінше жұмыстанады.





Рефлексивті- түзетушілік

Балалардың талабын ұштап,ұқыпты жұмыс істей білу іскерліктерін машықтандырып,болашақта жұмыс істеу іскерліктерін дамыта түседі.

Балалар бір-бірінің жасаған жұмыстарын қарап, өз жетістіктеріне қуанып, кемшіліктерін түзетуге тырысады.



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек


 Қағазбен жұмыс істеуді білуі керек: Кері қайту

Қандай түсініктерді игерді:


Қалдық заттардан алуан түрлі ойыншықтар жасауды.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктерін қолдана алады:


Ұйымшылдықпен жұмыс істей алады



Картаны толтырған тәрбиеші: Темиртасова Б







Технологиялық карта № 2 Бекітемін:____________

Айы______________ аптасы__________________ күні________________________

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: «Ақ тиін мен қасқыр»

Мақсаты:

Білімділігі: шығарманы тыңдауға,мағынасын түсініп,қайта айтып беруге үйрету.

Дамытушылығы: есте сақтау қабілетін дамыту

Тәрбиелігі: ұқыптылыққа,достыққа тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,ойын

Көрнекіліктер мен құралдар: фотосуретер

Қос тілді компонент: тиін-белка,қасқыр-волк

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Жылулық шеңбері.Балалар топқа келеді,шеңберге дөңгеленіп тұрады. Тәрбиеші балаларға тоқыма жіпті көрсетеді де айтады: «Мынау жіп бізде дәнекер жіп, қазір осы жіпті бір-бірімізге шеңбер бойынша беріп отырып,жылы лебіздерімізді білдіреміз». Балалар бір-біріне жіпті бере отырып,жылы лебіздерін айтып шығады. Тәрбиеші: «Балалар, біз осы дәнекер жіп сияқты біртұтас,татулықта болайық!» дейді. 



балалар шеңберге тұрады.

Бір-біріне жылы лебіздерін айтады.


Балалар жіптің ұшын тұйықтап «Біз татумыз, біз біргеміз!» дейді.


Қатыгез, залым сөздерін қайталау. Бір-екі бала жаңа сөздердің мағынасын қалай түсінетінің өз түсінігі бойынша айтады.

Іздену-құрастыру


Тәрбиеші «Ақ тиін мен қасқыр» ертегісін мәнерлеп бір рет оқып шығалы,екінші рет тағыда әңгімелеп береді. Тәрбиеші: «Балалар мұқият болыңдар,мен теледидардан осы ертегінің бір желісін көрсетемін,ал сендер мына оқиға желісінің қай жері екенін тауып, сол жерге қоясыңдар.»

Тәрбиеші балаларға тақтадағы ертегі желісін ретімен қойып, әңгімелеп беруін ұсынады.

Келесі тапсырманы түсіндіреді. «Алдарыңда жатқан қызыл дөңгелек белгісі бар жолақшаны алып, ертегіде кездесетін кейіпкерлердің қиынды суреттерін салуын және төменгі жағына осы кейіпкерлердің мінез-құлқын бейнелейтін түстермен белгілеуін ұсынады . 

Сергіту сәті.

«Мен тиінмін, тиінмін,

Қысқа жылы киіндім.

Қоймам толы жаңғаққа,

Іші жылы үйімнің».

Тәрбиеші : «Балалар, менде сиқырлы таяқша бар,мен осы сиқырлы таяқшаны сермеген кезде,екі топ бір-бірімен орнын ауыстырады. (үнтаспадан «сиқырлы таяқшаның» дыбысы естіледі.)







Балалар конверттен ертегі бөліктерін алып, ретімен қоя отырып, әңгімелейді.


Қызыл дөңгелек бейнеленген жолақшаны алып, ертегіде кездесетін кейіпкерлердің қиынды суреттерін қойып және төменгі жағына осы кейіпкерлердің мінез-құлқын бейнелейтін түстермен белгілейді.


Балалардың қимылы.



Балалар орталықтар бойынша ауысады.

Рефлексивті- түзетушілік

Тәрбиеші: «Балалар бізге деген тиіннің сыйлықтары бар екен» деп себетті үстел үстіне қояды. Тәрбиеші: «Егерде кім ертегіні түсіндім, тиіннің баласын жақсы мүсіндедім деп ойласа, үлкен жаңғақтарды, ал егерде ертегіні түсінбей қалдым, тиіннің баласын мүсіндей алмадым деген балалар кішкентай жаңғақ алады.

Мақтау,мадақтау,марапаттау.

Кейбір балалар үлкен жаңғақтарды алады,кейбір балалар кішкентай жаңғақтарды алады.


Өз еңбектерін бағалайды.




Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек


Берілген шығармашылыққа байланысты көп варианттар ішінен белгілерін таңдау, аталған бөлікті мәтіннен табу,

Қандай түсініктерді игерді:


Жаңа сөздердің мағынасын түсініп,күнделікті өмір мен қоршаған ортаны сәйкестендіруді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктерін қолдана алады:



берілген тапсырманы орындау, аталған сызбаның кеңістігін өз бетінше бағдарлау, бейнелі сөздер мен




Картаны толтырған тәрбиеші: Темиртасова Б




Технологиялық карта №6 Бекітемін:____________

Айы______________ аптасы__________________ күні________________________


Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: « Мөлдіреген аппақ қыс»

Мақсаты:

Білімділігі: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейтіп, сөздік қорын байыту. Сұраққа нақты жауап беріп, сурет мазмұнына сай әңгіме құрап айтуға үйрету. Қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу.

Дамытушылығы: табиғаттағы ,ауа райындағы өзгерістерді байқауға талпындыру.

Тәрбиелігі: Бір - біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: серуен

Қос тілдік компонент: жапырақ- лист,орман-лес,күз-осень

Көрнекіліктер мен құралдар: орман макеті,шырша, емен бұталары, қоян,түлкінің суреттері,жапырақтар

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Балалар, маған қараңдаршы менің қолымдағы не?

-  қардың түсі қандай  ?

- қар қатты ма, әлде жұмсақ па?

-балалар бүгінгі көңіл – күйлерің осы қардай аппақ болсын.(балалар бір – бірлеріне ақ тілектерін ұлпа қарды беріп тұрып айтады) Көрдіңдер ме балалар?


Жылы сөздер айтып едік қолымыздың жылуынан қарда еріп кетті.Енді бізге қонаққа апайлар келіп жатыр, барлығымыз амандасайық.

қар


- аппақ

-қар жұмсақ


-Денсаулығымыз мықты болсын


- заманымыз тыныш болсын


- білімді болайық


- аспанымыз ашық болсын


- барлығымыз тату – тәтті болайық

Іздену-құрастыру

Балалар жылдың неше мезгілі бар?

Жыл мезгілдерін атайық?

Қазір жылдың қай мезгілі?

Желтоқсан қыс айларының бірі, осы айда қандай мерекелерді тойлаймыз?

-Жаңа жылда бізге кім келеді?

-  не әкеліп береді?

- қыста қандай өзгерістер болады, қандай ойындар ойнаймыз?

 

- балалар қыста біздер қалай киініп жүреміз?

- сырт киімдерді атайық?

Ойын: « Сыңарын тап»

қыс жыл  мезгілдерінің ішіндегі суық мезгіл, қыста барлық дала құстары жылы жаққа ұшып Енді қолымзыда неше жапырақ бар екенін санаймыз.

кетпейді, кейбір суыққа төзімді құстар қыстап қалады.Бұлар сауысқан,қарға, торғай.Қыста құстардысуықтан қорғануға сыртқы жүндері де көмектеседі.

-балалар қыс мезгілі сендерге ұнай ма?

-қыс туралы қандай тақпақтар білеміз?


Енді мен сендерге жұмбақтар жасырайын.

1.Қыста ғана болады,

  Ұстасаң қолың тоңады.

      2. Көсеуді бесеуге тықтым.

     3.Шелек қалпақ басында,

       Сәбіз екен танауы

       Қыста қардан тұрады,

      Танып көрші сен оны

   4.Қысы- жазы бір түсте

 «Қар жинау» ойыны.

Ойын шарты: Қар ерімей тұрып, шелекке тез жинау.

Енді барлығымыз бірге сергіту сәтін орындап, бір серігіп қалайық:


Шынығамыз бәріміз,

Иіліп, бүгіліп, денеміз.

Хоккейді де ойнаймыз,

Шаңғыны да тебеміз.

Әрлі - берлі жол салып,

Қар лақтырып, ойнаймыз.

Қорықпаймыз аяздан

Спортшы болмай қоймаймыз.



жылдың төрт мезгілі бар

қыс, көктем, жаз, күз

қыс мезгілі

-Тәуелсіздігіміздің 24 –жылдығы, Жаңа жыл мерекесін тойлаймыз.

- Аяз ата келеді

- сыйлық әкеледі

- қар жауып жердің беті ақ болады, шанамен сырғанаймыз,шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз.

- жылы киініп жүреміз

- малақай,тон, етік, қолқап, шәлі.

- балалар ойын барысында қолқаптың ,етіктің  түр – түсіне, ондағы өрнектердің орналасуына қарай сыңарын табады.

 

 

 

 

 

- сұрақтарға жауап беріп, өздері білетін тақпақтарын айтады.

 


Рефлексивті- түзетушілік

Балалар, бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік?


Қыс мезгілі

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек


қыс мезгілінің ерекшеліктерін, қысқы ойын түрлерін

Қандай түсініктерді игерді:


Жаңа сөздердің мағынасын түсінуді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктерін қолдана алады::



Барлық дыбыстарды естіп,дұрыс,анық айтуды.





Технологиялық карта №5 Бекітемін:____________

Айы______________ аптасы__________________ күні_________

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Қоршаған ортамен таныстыру»

Тақырыбы: «Менің елім-Қазақстан»

Мақсаты:

Білімділігі: қазақстан республикасының қазіргі жағдайы туралы әңгімелеп беруге үйреу.

Дамытушылығы: қойылған сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту

Тәрбиелігі: туған жерін ,елін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: сөздік,көрнекілік,ойын

Көрнекіліктер мен құралдар: Ыдыс-аяқтарын бейнеленген суреттер. Қуыршақтын ыдыстары. Асханадағы ыдыстар.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Ен даласын егін жапқан,

Бар баласы бақыт тапқан.

Менің жерім, туған елім - 

Күн сәулелі Қазақстан.

 

Көкке тиген асқар тауы,

Жасыл киген бақша бауы.

Менің жерім, Туған елім- 

Күн сәулелі Қазақстан.

- Бұл өлең не туралы?









(Қазақстан туралы).

Іздену-құрастыру


 Балалар,біздің мемлекетіміз қалай аталады?

Сендер қандай ауылда тұрасыңдар?

Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Тәрбиеші сұрақтар қоя отырып Отан деген сөзінің мағынасын түсіндіреді.

Қазақстан Республикасы үлкен мемлекет екен.сол мемлекетте көптеген үлкен,кіші қалалар мен ауылдар бар. Онда бірнеше ұлт өкілдері тұрады. Ол ұлттардың өздерінің сөйлейтін тілі мен мәдениеті,салт-дәстүрлері болады. Дегенмен бәрімізге ортақ мемлекет тіл –қазақ тілі. Ал сендер қандай тілмен сөйлсіп отырмыз.қазақ тілін қандай тіл деп айтамыз?

Енді балалар, ҚР-ның осыған дейінгі кезеңдеріне дейін көз жүгіртейік.(слайд арқылы көрсету)


Балалар, әр мемлекеттің өз президенті  және мақтан ететін рәміздері бар, ал біздің елбасымыз кім?

Елбасы жайында қысқаша мәлмет беру.(елбасы жайында тақпақ айту)


Елімде бейбіт тыныш заман болсын,

Тілеймін  әр адамға бақыт қонсын,

Елімнің ел ағасы, елбасшысы

Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!


Ал, еліміздің мемлекттік рәміздерін кім айтады?

Дұрыс,  мемлекеттің рәміздері:  елтаңба, ту, әнұран  жатады.  Осы рәміздер туралы жеке түсінік берейін. Мынау Қазақстан Республикасының туы. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды – көк, ортасында күн шуағы. Астында қыран құс  ұшып келе жатыр.  Қазақстанда тұратын барлық  халықтардың  өмірі күндей  жарқырап, қырандай  самғай берсін дегені.  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  туының авторы: суретші Шәкен Ниязбеков.

         Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  елтаңбасы.  Елтаңбаның орталық элементі – шаңырақ.  Шаңырақ  бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар – мәңгілік өмір, болашақ үміт артар жасұрпақтың арманы, самғау  биігі.  Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  елтаңбасының  авторлары сәулетшілер:  Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлибеков.

           Ал Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік әнұранының сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев,  әнін жазған  Шәмші Қалдаяқов.


-Қазақстан Республикасы


-отан –менің үйім,елім,жерім,

Отан –отбасымыз мемлекетіміз.



Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.





Ту, Елтаңба, Әнұран.















Сергіту сәті.

Көк жалау желбіре (екі қолмен екі жаққа сермеу )

Асқақтап аспанда, (екі қолмен жоғары созылу)

Жас ұлан,  ел бірге

Сап түзе, жасқанба. (бір орында сап түзеп жүру)

Рефлексивті- түзетушілік

Балалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін,  мемлекеттік тілін кұрметтеп, өз еліңді, жеріңді қорғап, халқына адал еңбек ету керек.  Сондағана  адал азамат, азаматша болып ер жетесіңдер

 Қазақстаның әрі қарай бұданда жақсы көркейуі үшін сендер мына салынған картаға  өз тілектеріңді тілеп, қолдарыңның ізін қалдырасыңдар.

(Балалар дайын бояуға қолдарын батырып, карта ортасына алақандарын қойып тілектерін білдіреді)




Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек


ҚР-ның қазіргі жағдайы,өздері тұратын ауылдары туралы әңгімелеп береді.

Қандай түсініктерді игерді:

Мемлекеттік рәміздер туралы

Меңгерген дағдылары мен іскерліктерін қолдана алады:




Картаны толтырған тәрбиеші: Темиртасова Б







Технологиялық карта №21 Бекітемін:____________

Айы______________ аптасы__________________ күні________________________



Білім беру саласы: «Денсаулық »

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Дене»

Тақырыбы: «Армысың қонақ қыс»

Мақсаты:

Білімділігі: балаларды тіреу ауданы кішірек жермен жүру кезіндегі тепе-теңдікті сақтаудыүйрету;

Дамытушылығы: кедергілерден секіругежаттықтыру

Тәрбиелігі: ойында жолдастық сезімге тәрбиелеу

Көрнекіліктер мен құралдар: балалардың санына қарай беторамал ,екі арқан

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Үш қыз келді ызалы,

Түсі суық ызғарлы.

Сермеп еді қолдарын,

Ақ қар жапты жолдарын.

Бүрсең қаққан адамдар

Киіп алды тондарын.

Бұл өлең жолдары қай жыл мезгілдері туралы?

Айналамыздың барлығы қар деп ойлайықшы. Сол қармен тізені жоғары көтере жүреміз.

Түзулектірін сақтап,бір қатарға тұрудыұсынады.


Өлеңжолдарын қызыға тыңдайды.




Сұрақтарға жауап береді.

Іздену-құрастыру

Залдың бұрыштарынан бұрылып бір қатармен жүруді ұсынады. Шашаыраңқы жүру мен жүгіруді ұйымдастырады. Қатардағы өз орындарын табуға белгі берді.

Мынадай белгілер:

*Беторамалдарлы жоғары көтеру

*Беторамалды төменге түсіру

*Шашыраңқы жүгіру

*Бір қатарға тұру

Жүру мен жүгіру жаттығулары кезектестіріледі.

Беторамалдармен жасалатын жалпы дамыту жаттығуларын көрсетуге және түсіндіруге көшеді.

Негізгі қозғалыс түрлеріне көшеді:

-қыста жолдар тайғақ болады,сондықтан олардан жүргенде тепе-теңдікті сақтап жүру керек.

Тепе-теңдік жаттығулары

3-4 арқанды қойып,жаттығудыңқалай жасалатынын көрсетеді-бас пен арқаны тік ұстау,қол белде,асықпайарқанның соңына дейін жүріп барып,қатардың соңына тұру.

Ал,жолдар әрқашан түзу бола бермейді.

Білеушелерден секіру жаттығуы балалардың барлығы арқанның үстімен екі рет жүріп өткен соң барып бірақ басталады.

Балаларды мадақтайды және оларға керек болса көмектеседі.

«Мұзды айналмақ» қимылды ойыны

Залдың бұрыштарынан бұрылыстар жасап,бір қатармен жүреді, шашыраңқы жүреді жәнежүгіреді. Белгі бойынша қатардағы өздерінің орындарын табады.қолдарын бастан жоғары көтереді,төмен түсіреді.

Бір қатарға тұрады.

Беторамалдармен жалпы дамыту жаттығуларын жасайды.

Көріп болған соң,түзу қойылған арқанның үстімен соңына дейін жүреді де қатардың соңына барып тұрады. Қолды белге қрйып,арқа мен басты тік ұстайды.

Қолдарын серпіп көмектесіп,білеушелерден секіреді.

Ойын барысында өздерін мұқияттылыққа тексереді.


Рефлексивті- түзетушілік

«Балапанды табайық» аз қимылды ойынын ойнауда өздерінің бақылағыштықтары мен мұқиятылықтарын тексеруді ұсынады.

Сұрақтар қойып,ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінбекітеді.

-біз бүгін қандай жаттығулар жасадық?

-нені жаңадан үйрендік?

Ойыншықты кімбірінші табады деп, жарысып тұрып ойнайды.

Негізіг қозғалыс түрлеріе айтады.тәрбиешімен бірге ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін бекітеді.



Күтілетін нәтиже:


Нені білу керек


Қыста тайғанақ болатынын және байқап жүру керектігін,шынығы жаттығуларының пайдасы туралы

Қандай түсініктерді игерді:

Тіреу ауданы кішкентай жермент жүру және бір қатарға тұру дағдысын

Меңгерген дағдылары мен іскерліктерін қолдана алады:

Тепе-теңдікті сақтауды, кедергілер арқылы секіруді.












Технологиялық карта №4 Бекітемін:____________


Айы______________ аптасы__________________ күні________________________

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Құрастыру

Тақырыбы: «бәйтерек»

Мақсаты:Білімділігі: қағаздарды дұрыс қолдана отырып,бәйтеректі құрастыру

Дамытушылығы: қол икемділігін дамыту

Тәрбиелігі: туған жерін сүйе білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,көрсету

Көрнекіліктер мен құралдар: қатты,жұмсақ,жылтыр қағаздар,пошташы ағай, үлкен қорапша,ҚР туы, бәйтерек суреті

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Балаларды пошташы әкелген қорапшаны көрсетіп,ішінде не бар екенін білу үшін жұмбақ шешуді ұсынады.

Түсі көк

биікте желбірейді(ту)



Сұрақтарға жауап береді.


Іздену-құрастыру

Бәйтерек Астана қаласында 2012 жылы 30 тамызда ашылды. Оның биіктігі 105 метр, оның төбесіне шығу үшін екі лифт орнатылған. «Бәйтерек»бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.

Жұмыс барысын көрсетіп түсіндіреді. Қағаздыалып бүктеу, бұрыштарын беттестіреміз,екіге бүктейміз, қолмен сипаймыз. Желімдейміз.

Сергіту сәті

Қәне,балалар тұрамыз

Үлкен шеңбер құрамыз

Қолды алға созамыз

Отырып,бір тұрамыз

дербес жұмыс барысында тәрбиеші балаларға көмек көрсетіледі.сүлгіні пайдаланып,желім жағуды үйретеді


Тәрбиешінің көмегімен құрастыру жұмысын жасайды.








Қимылдарын жасайды.

Рефлексивті- түзетушілік

Жасаған жұмыстарына талдау жасау, мадақтау. Балалар бүгін біз не туралы өттік. 

Балалар бір-бірінің жасаған жұмыстарын қарап, өз жетістіктеріне қуанып, кемшіліктерін түзетуге тырысады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

 Құрылыс материалдарымен жұмыс істеуді білуі керек: Кері қайту

Қандай түсініктерді игерді:

жиһаз аттарын;


Меңгерген дағдылары мен іскерліктерін қолдана алады:

Ұйымшылдықпен жұмыс істей алады

Картаны толтырған тәрбиеші: Темиртасова Б




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Жа?а жылды? сыйлы?

Автор: Темиртасова Бакытгуль Байжановна

Дата: 02.02.2016

Номер свидетельства: 287109

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Жа?а жылды? сыйлы?тар "
    ["seo_title"] => string(25) "zhan-a-zhyldyk-syilyk-tar"
    ["file_id"] => string(6) "153990"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421084414"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) ""Жа?а жылды? сыйлы?тар" атты 2014 жа?а жылды ?арсы алу ерте?гілігі "
    ["seo_title"] => string(77) "zhan-a-zhyldyk-syilyk-tar-atty-2014-zhan-a-zhyldy-k-arsy-alu-iertien-ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "154573"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421167967"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Тақырыбы: Жаңа жылдық сыйлық"
    ["seo_title"] => string(31) "tak_yryby_zhan_a_zhyldyk_syilyk"
    ["file_id"] => string(6) "459914"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1519714274"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "«Мұзды өлке»ертегісі желісі бойынша жаңажылдық сценарий"
    ["seo_title"] => string(61) "muzdy_olke_ertegisi_zhelisi_boiynsha_zhanazhyldyk_stsenarii_1"
    ["file_id"] => string(6) "634291"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1687465290"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "?ош келді?, Жа?а жыл!!!"
    ["seo_title"] => string(21) "koshkieldinzhanazhyl4"
    ["file_id"] => string(6) "290381"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454947978"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства